Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
І-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері ............6
1.1 Басқару құрылымы .............................................................................10
1.2 Басқарудағы әдістемелік тәсілдері ..................................................12
2-бөлім. Басқарудың заңдылығы мен принциптері ............................18
2.1. Басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі……………..…..20
2.2. Басқарудың принциптері жіктеу......................................................22
2.3. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері.................................24
Қорытынды .....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28

Работа содержит 1 файл

ЖОСПАР.doc

— 223.50 Кб (Скачать)

 

                                                             ЖОСПАР

 

  Кіріспе............................................................................................................3

І-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері ............6

    1.1 Басқару құрылымы .............................................................................10

    1.2 Басқарудағы әдістемелік тәсілдері ..................................................12

2-бөлім. Басқарудың заңдылығы мен принциптері ............................18

    2.1. Басқаруда заңдылықты  қамтамасыз ету  түсінігі……………..…..20

    2.2. Басқарудың  принциптері жіктеу......................................................22

    2.3. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері.................................24  

Қорытынды .....................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 КІРІСПЕ

 

  Қазақстан  экономикасында  ақырғы  он  жылда  өткізілген  нарықтық  реформалар    өндіріс  пен басқару үдіріміне қатысушылардың  арасындағы, мемлекеттік органдар  мен шаруашылық  субъектілердің  және  іскерлік  серіктестіктердің    арасындағы  өзара қатынастың  мәні  мен түрлерінде  елеулі  өзгерістерді  туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын  субъектілердің  жұмысын  бағалау  өлшімімен  бірге, осы  субъектілердің  өздері  үшін  іс-қимылдарының  негізгі  болып  табылатын  мақсаттарын  да  өзгертті.

   Бұның  бәрі  өндіріс  үдерімін  және  жұмыскерлер  ұжымын  басқару  ісін  ұйымдастыруға    қатысты  көзқарастың  өзгеруіне  әкелді.  Басқарудың  және  жұмыскерлер құрамын  еңбектің  өнімділігіне  ынталандырудың  жаңа нысаны  мен  түрлері  пайда  болды.  Басқару  сферасымен  айналысқан  қызметкерлерге  енді  кәсіпорындардың  іс-жұмысының нәтижесіне  ықпалын тікелей немесе  жанама  түрде тигізетін жаңа  сыртқа  және  сыртқы    факторлардың  пайда болғанын   ескеріп қана  қоймай, есепке  алып  отырулары керек.

    Басқару  ғылымының  эволюциясы  мен  оның  әрі  қарай  дамуы  және  бұл  орайдағы  отандық  шетелдік  зерттеулердің    жетістіктері,  менеджменттің  оқу  пәні  ретінде  жеке  бөлініп  шығуы  табиғи  қажеттілік  екені  байқалады.  Бұл  орайда  айта  кететін  жағдай,  басым  түрде  орталықтанған    жоспарлауға  негізделген  басқарудың  отандық  тәжірибесін  стихиялы  қалыптасып  жатқан  нарық  жағдайында  толық  қолдану  мүмкін  емес, бірақ  кәсіпорындарды  басқарудың  теориясы  мен практикасының   жекелеген  қағидаларын  бүгінгі  жағдайда  пайдалануға  болады.  Бұнымен  бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент  жүйесі    ұйымдастырудың  мақсатына жету  ептілікті қажет етсе  де,  адамдардың  жүріс тұрысының ынта-ықыласын,  интелектілігін,  еңбегін жұмылдыра алатын  болса да,  біздің  елдің экономикасында  ойламай, бірден  оның  көшірмесін  пайдалануға  және  ұлттық   менталитетті    ескермей,  бұл  жүйені  тиімді  түрде  жүзеге  асыруға  болмайды.  Соныдқтан, менеджментті  басқарудың  тәжірибесі  ретінде  өмірдің  барлық  жағдайына    жарамды  дайын рецепт  немесе  шешімдер  жиынтығы  түрінде  қарастыруға  болмайды.

     Менеджмент  іс-тәжірибенің  негізінде  қалыптасқан  постулаттар, принциптер  және  ережелер  арұылы  мақсаттар мен  міндеттерді  дұрыс  қою  мен  оларды  оңтайлы  шешуге  үйретеді. Бұл  орайда  шығармашылық  істің  ыңғайы  болмаса,  бүгінгі  таңдағы  менеджменттің    барлық  жаңалықтары  тосқан   нәтижені  оңай  бере  алмайды.  Шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  шарттары    өндірісті  ұйымдаструда  және  және  ұжымды  басқаруда    менеджердің  атқаратын  ролін  күшейте  түседі  және  оның  жеке  кәсіби  қабілетіне  қойылатын  талаптарды  қатаңдатады.  Басқарудың  тиімді  жүйесін  құру  үшін,  менеджер  кәсіпкерлік  білімнің   жиынтығын  толық  түрде   біле  отырып,  практикалық  іс-қызметте  оны  қолдануға қажетті тәжірибені   меңгеруі  керек,  бұныммен  бірге ұжыммен және   жеке  адамдармен  қалай жұмыс істей алатындығын да  білуі қажет.

    Менеджмент (ағылшынша манаге – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1] “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.

Нарықтық  экономикада менеджмент фирманы  басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.

Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.

Менеджер  деп акционерлердің пайда алуын  мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін  ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.

Өндірістің  тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік  тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.

  Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.

  Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:

нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;

өнімдік стратегия;

өндірістік  стратегия;

фирманы басқару  жүйесінің және меншіктің дамуы;

қаржылық (экономикалық) стратегия.

    Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын кебірек аударады.

    Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады.

   Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады

   Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

   Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психлогиялық аспект орын алады

    Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 1-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері 

 

    Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Бұл қызметтiң мәні –мазмұнын айқындау үшiн оның анықтамасын берейiк. Басқару –бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бiрлескен жұмыс процесiнде мақсатты жүйелi ықпал ету.

 Осы анықтамадан  бiрқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзi сол әрекетке билiк ету қажеттiгiн көрсетедi.

 «Мақсаттылық» анықтамасы  басқару мiндетiн-ұжымның алдына  қойған мақсатына жетуiн қамтамасыз  етудi көздейдi. Оның үстiне мақсат  қою да басқару мiндетi.

 «Жүйелiк» анықтамасы  дүркiн-дүркiн емес жүйелi, үздіксiз  жүзеге асыру қажеттiгiн көрсетедi. Әлеуметтік басқару, кең мағынасында, өзінің сапалық, дамуын камтамасыз етіп отыратын коғамдық, жүйеге тән құбылыс. Ал, тар мағынасында, бұл термин белгілі 6ip мақсатқа жету процесінде қоғамньң әлеуметтік қызметі жүйесін тәртіптеу, жетілдіру үшін саналы, орнықты, ұйымдасқан түрде әрекет ету ұғымын білдіреді.

    Әлеуметік басқару — ұйымдық, жағынан қалыпқа келтірілген құрылымдардың, олардың арасындағы басқару байланыстарының жиынтығы. Ол индивидтерге, әлеуметтік топтар мен қауымдарға, коғамньң саяси, әлеуметтік және басқа да институттарына басқару мақсатымен әсер етуді жүзеге асырады. Әлеуметтік басқару коғамның өмip cүpyi, әлеуметтік жүйе ретінде дамуы, адамдардың өмip cүpyi үшін маңызы бар барлық, объектілер мен процестерді қамтиды.

    Ол жекелеген, топтық, және қауымдық, мүдделердің арасындағы қайшылықтарды тәртіптеп шешіп отырады. Әлеуметтік басқару — қоғамдағы адамдардың, мүдделері мен ic-әрекеттерінің бағытын, оның мазмұны мен  реттеп, адамдардың коғамда алатын орны мен рөлін айқ- ындайтын әлеуметтік қатынастарды үйлестіріп отыру. Осындай басқару нәтижесінде коғамдағы мүдделердің (территориялық, ұлттьқ, ұжымдық, жекелеген, т.б.) үйлесімділігі камтамасыз етіліп, алға қойған мақсатқа, жалпы жетістіктерге жету үшін әлеуметтік әрекеттер ұйымдастырады. Әлеуметтік басқару, жүйесіне, мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты.

Қазақстанда жүргізілген  мемлекеттік басқару жүйесін  қайта кұру кезеңін негізгі екі кезеңге бөлуге болады.

     1991 жылдан басталған бірінші кезеңде Қазақстанның егемендігі жарияланды, Президенті сайланды, ұлттық теңге айналымға түсті, соған сәйкес өзіндік экономикалық саясаты қалыптаса бастады. Саяси және экономикалық салалардағы сапалық. өзгерістер басқару жүйесін жетілдіруде көрініс тауып, орталық және жергілікті басқару органдарында бірнеше кең көлемді шаралар жүзеге асты.

      Мұның негізгі мақсаты экономиканы басқарудың нарықтық, формалары мен әдістерін өмipre енгізу болатын. Бірақ та нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаның әлсіздігінен жүргізілген өзгepicrep айтарлықтай тиімді болып шықпады. Басқару кадрларын даярлауда, олардьң қызметін ынталандыруда, бақылау істерінде елеулі кемшіліктер жіберілді.

      Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік басқару жүйесі күрделі болып шықты. Саясатты жасап, жүзеге асыруға жауапты орталық атқару органдары — Қазақстан министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің рөлі мен кызметі нақтылы белгіленбейді.

     Осындай кемшіліктерді жою үшін 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесін реформалаудың кезекті міндеттері туралы» Жарлығы қабылданып, мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрудың екінші кезеңі басталды. Осы- ған сәйкес республика үкіметіне қарасты орталық атқару органдарының саны 50%-ке қысқарды. Қабылданған шаралар жекелеген мемлекеттік атқарушы органдар кызметінің қосарлануын, басқарудьң ортақ буындарын жойып, ұйымдық құрылымның жүмысын жеңілдетті. Бұл ауқымы жағынан соңғы жылдардағы мемлекеттік атқарушы органдарды ұйымдық жағынан қайта құрудағы ең үлкен шара болды.

     Дамыған шет елдердің тәжірибесі мемлекеттік аппаратқа неғұрлым мамандығы жоғары, идеялық жағынан тұрақты қызметкерлерді тарту қажеттілігін көрсетті. Республика Президентінің «Қазақстан — 2030″ стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының 6ipi «Қазақстан үшін нарықтық экономикаға оңтайлы келетін тиімді, қазіргі заманның мемлекеттік қызметі мен басқару құрылымын жасау» болып отыр.

    Әр ұйымның адамдар жасаған табиғаты бар. Ұйым өз құрылымын және технологияларын күрделендіруге ұмтылады. Ұйымның арнаулы органы оның мүшелерінің мақсаттарын қамтамасыз етіп, олардың ұмтылыстарын реттейді. Осы қызметті басқару деп атайды.

     Басқару ұйымның барлық бөліктерінің қызметінің бағытын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекеменің әр бөлімнің жұмыскерлерінің жұмыс уақытын, олардың жұмысының саны мен сапасын реттейтін мөлшерлері мен ережелерін жасайды. Бөлімнің басшысы басқару қызметін атқарып, осы мөлшерлер мен ережелердің орындалуын, бақылауды және мадақтау мен жазалау тәсілін қолданады.

    Ұйымды басқарудың алғашқы сипаттауларын Г. Файоль белгілеген. Жалпы сипаттамаларына әрекеттің жалпы бағытын жоспарлау және алдын ала көру; адамдық және материалдық қорларды ұйымдастыру; жұмыскерлердің іс-әрекетінің оңтайлы тәртібін сақтау үшін ұйғарымдар беру;ортақ мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттерді үйлестіру және бар ережелерге және қалыптарға сәйкес ұйым мүшелерінің жүріс-тұрысын бақылау.

Информация о работе Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері