Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 13:53, курсовая работа
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.
Кіріспе............................................................................................................3
І-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері ............6
1.1 Басқару құрылымы .............................................................................10
1.2 Басқарудағы әдістемелік тәсілдері ..................................................12
2-бөлім. Басқарудың заңдылығы мен принциптері ............................18
2.1. Басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі……………..…..20
2.2. Басқарудың принциптері жіктеу......................................................22
2.3. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері.................................24
Қорытынды .....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28
Басқарудың принциптері – басқаруды ұйымдастыруға және оның құрылымына, жүйесіне қойылатын негізгі талаптары анықтайтын басшылықтың ережесі. Басқарудың заңдылығы сияқты оның принциптері де жеке және жалпы болып екіге бөлінеді.
Басқарудың жалпы принциптері әмбебап сипатта болатындығымен және басқарудың барлық сферасы мен халық шаруашылығының барлық салаларына ықпалын тигізетіндігімен сипатталады.
Басқарудың жалпы принциптеріне мақсаттылық, жоспарлылық, құзыреттілік, тәртіптілік, ынталандыру, иерархия.
Мақсаттылық принципі басқарудың бағдарламалы-мақсаттық мәнімен анықталады және әрбір кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің алдына айқын мақсатты қойғандығын ұйғарады. Бұл орайда мақсат нақты, жетуге болатын және деректі анықталған шекті болуы керек, сонда ғана бұл оның орындауға персоналдың күшін жұмылдырады және оның жұмысына дұрыс мағына береді.
Мақсаттылық принцип мақсаттарды қоюды ғана емес, онымен қатар олардың қажетті ресурстармен аралық қатынасына қатысты болғанын ұйғарады. Бұл орайда, мақсаттардың оларға жетуге қажетті басты ресурстармен байланысын қамтамасыз ету ғана емес, осы мақсаттарға жетуге кедергі жасайтын ең әлсіз буынға назарды аударған жөн.
Басқарудың жоспарлау принципі де бағдарламалы-мақсатты басқарумен байланысты және іс-қимылдың бағдарламасын жасауды, оны жүзеге асыруды алдын-ала қарастырады.
Құзыреттілік принцип пен жердің басқару объектісі бойынша білімнің болуынан немесе ең жоқ дегенде шешім қабылдаған уақытта маманның құзыретті консультациясын дұрыс ұғыну қабылетінен көрінеді. Құзыреттілік принцип басқарудың функциялары бойынша еңбектің жатық бөлінісімен байланысты.
Басқарудың ажырамайтын принципі тәртіптілік, бұл басқарудың қандай жүйесі қай сатыда болса да сақталуы керек. Тәртіптілік басшының нұсқауын, лауазымды қызметтің міндеттерін, инструкцияларды, бұйрықтарды және басқа директивтік құжаттарды сөзсіз орындағанды ұйғарады.
Ынталандыру принципі ең алдымен материалдық және моралдық стимулдарды пайдаланудың негізінде еңбекті іс-жұмысқа сылтауратуды ұйғарады. Материалдық ынталандыру жұммыскерлердің еңбек нәтижесіне қарасты жеке экономикалық мүдделігіне негізделсе, ол моралдық негізінен жұмыскерлерге психологиялық әсер көрсетуден тұрады.
Иерархия принципі басқару еңбектің тік бөлінісін көрсетеді, яғни басқарудың сатыларын бөлінуін және басқарудың төменгі сатылардың жоғарыдағыларға бағынғандығын көрсетеді.
2.1. Басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі
Басқарудағы заңдылық - бұл басқару қатынастарының барлық субъектілерінің ҚР Конституциясын және мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген басқа нормативті – құқықтық актілерін дәл, қатаң және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы. Оның мәні мемлекеттік басқару сферасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекіту және нақты іске асыруды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету — заңдылық — биліктік өкілеттілікке иеленген мемлекеттік құрылымдардың қызметі.
Олар мыналарға бағытталған:
1) мемлекеттік билік
органдарының қызметінде, олардың
лауазымды тұлғаларының
2) оларға себеп болатын жағдайларды іздестіру;
3) оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің пайда болуы;
4) табылған құқық бұзушылықтарды уақытында және оперативтік тұрғыда жолын кесу және жою;
5) заңдылық пен тәртіпті
бұзған кінәлілерді
6) заңдылық пен тәртіптің
бұзылуына себеп болатын жағдай
Заңдылық қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.
1) Заңның басымдылығы;
2) Заң алдындағы теңдік;
3) Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;
4) Заңдылықты бұзғаны үшін жазалаудың болмай қоймайтындығы;
5) Заңдылықтың кепілдіктері;
6) Заңдылықты қамтамасыз етудің жалпы шарттары
7) Заңдылықты қамтамасыз етудің арнайы құралдары;
Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның өкілетті органдарының тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар өздеріне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде және дәл орындауға тиіс.
Заңдылық пен тәртіпті қолдау және нығайту міндеті жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше жүйесі әрекет етеді. Олардың жүзеге асыратын әр түрлі құқықтық және ұйымдық қызметтерінің түрлері мен әдістері, қоланатын практикалық амал – тәсілдері, операциялары, жұмыс түрлері заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері деп аталады.
Бақылау – объектілердің белгіленген көрсеткіштерден (параметрлардан) ауытқуларын жою мақсатында оның қызмет ету процесін байқау және тексеру жүйесі.
Атқарушы билік сферасындағы бақылаудың мәні осыған өкілетті органның ұйымдық-құқықтық тәсілдерді және құралдарды пайдалана отырып атқарушы билік органның немесе лауазымды тұлғаның қызметінде заңдылықтан қандай – да бір ауытқулар бар ма, жоқ па соны айқындайды, ал егерде осындай ауытқулар болса, онда оларды өз уақытында жояды, бұл кезде бұзылған құқықтарды қалпына келтіреді, жауапкершілікке тартады, заңдылықты және тәртіпті бұзудың алдын алуға шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік басқару
заңдылық пен құқықтық
Заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері:
1)басқару субъектілері
бойынша бақылау –
2)Прокуратураның қадағалауы:
- Конституцияның, заң күшіндегі актілердің және Президент актілерін бұзуды анықтау және жою шараларын қабылдау;
- жедел-іздестіру
қызметінің, алдын — ала анықтау
және тергеудің, әкімшілік
- кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың актілерін қадағалау;
3) Заңдылықты қамтамасыз ету бойынша соттың қызметі:
а) әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қарау;
б) лауазымды тұлғалардың актілерін және әрекеттерінің заңсыздығын анықтау;
в) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша шешім қабылдау және оларды
жауапкершілікке тарту.
2.1 Басқарудың принциптерін жіктеу
Басқару принципі дегеніміз – менеджмент субъектісінің басқару функцияларын жүзеге асыруда жетекшілікке алатын негізгі идеялары мен ережелері.
Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Басқару принциптерін теориялық тұрғыдан айқындаған Ф.Тейлор, А.Файоль(20ғ.басы). Бұл ғалымдардың ұсынған принциптері: еңбек бөлінісі және мамандандыру, өкілеттіліктер, тәртіптілік, басқаруды орталықтандыру, іс-әрекеттер бірлігі, жеке мүдделердің ортаққа бағыныштылығы, еңбекке сыйақы төлеу, т.с.с.
Басқару теориясының өзгерістерге ұшырап, әлеуметтік менеджменттің
қалыптасу барысында (80-90 ж.ж.) жаңа принциптер пайда болды. Олар басқару ісіндегі негізгі бағытты әкімшілік ықпалдардан адамаралық қатынастарға ауыстырып, әлеуметтік-психологиялық тәсілдердің маңызын арттырды.
Аталған принциптерді негізгі ала отырып, ғалымдар педагогикалық менеджмент теориясында бірқатар принциптерді ажыратып көрсетеді: мақсат нақтылығы (жоспарлау, ұйымдасытру, бақылау істерінің негізі ретінде); басқаруды гуманизациялау және демократиялау; біртұтастық және жүйелілік; ғылыми негізділік, объективтілік; т.б.
Бұл принциптерді шартты түрде төрт үлкен топқа бөлуге болады:
1) Негізгі принциптер:
- жүйелілік – менеджменттің
жүйеқұрушы компоненттерінің
мақсат, коммуникация, мазмұндық-ұйымдастырушылық, талдау-жинақтау) және функционалдық (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) бірлігін қамтамасыз етуді көздейді; - мақсат нақтылығы – түпкілікті мақсаттың анық белгіленуін қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларының негізі болып табылады; (оны сақтамау оқыту процесіне үлкен әлеументік зиян келтіреді; «100 пайыздық үлгерім» лозунгтік мақсат пен нақты жағдай арасындағы қайшылық). Мақсат болжауда ескерілетін маңызды факторлар: тиімділік, шынайылық (ақиқатқа сәйкестік), әлеуметтік маңыздылық, перспективтілік. Принциптің аспектісі – басқару объектісінің нақты жағдайы туралы толық және объективті ақпараттың болуы; - ізгіліктік н/е гуманизм принципі – адамның тұлғалық құндылығын, оның құқығы мен бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеуді талап етеді (өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беру);
- кешенділік – басқару функцияларының (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау)
толық орындалуын қамтамасыз етеді; (практикада жоспар жақсы жазылып,
орындалуы ұйымдасытырылмайды н/е реттеу бақылау жүзеге асырылмайды);
- өзін-өзі жүйелі жетілдіру принципі – менеджменттің жаңа технологиялары мен озат тәжірибелерін пайдалану арқылы басқару жүйесін үнемі жетілдіруді көздейді (қазіргі кезде аса маңызды).
2) Басқарудың арнайы принциптері:
- Басқаруды орталықтандыру мен өкілеттендіруді тиімді үйлестіру принципі – басқару шешімдерін қабылдауда өкілеттіліктерді дұрыс (тиімді) бөліп белгілеу;
- Бірыңғай басқару мен алқалық басқаруды дұрыс қолдана білу – түрлі
деңгейдегі басшылардың пікірі негізінде ұжымдық шешім қабылдай білу;
- Ғылыми негізділік принципі – барлық басқару әрекеттері ғылыми бағыттар
(ғылыми бағыт - НОТ,
ғылыми фундамент, іріктеу;
жауапкершілігін арттыру, потенциалының дамуына жағдай жасап барып,пайдалану) мен әдістерді (әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық,
экономикалық) қолдану негізінде жүзеге асырылуы тиіс;
- Жоспарлылық принципі
– ұйымның келешекте даму
жету жолдарын, бағыттарын,
міндеттерді жоспарлау
- Құқықтар мен міндеттердің, жауапкершіліктің үйлесімділігі – ұйымдағы
әрбір қызметкердің атқаратын нақты іс-әрекеттері белгіліп, өз міндеттерінің
орындалуы үшін жауапты болуы тиіс;
- Ынталандыру принципі – менеджер тарапынан мадақтау және жазалау
жүйесі неғұрлым мұқият жүзеге асырылса, қызметкерлерді мақсатты іс-
әрекетке ынталандыру бағдарламасы соғұрлым нәтижелі болады:
- Басқаруды демократияландыру
принципі – басқару ісіне
қызметкерлерді қатыстыру.
2.3. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері
Басқару туралы қалыптасқан дәстүрлі түсінік:
Басқару субъектісінің басқарылатын жүйені (объектіні) жаңа сапалы дәрежеге көшіру, жаңа жағдайға икемдеу үшін осы жүйеге әсер етуі; педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру элементтерін енгізу, т.б.
Қазіргі кезде «әсер ету» философиясы «өзара әсер ету», «әрекеттестік», «рефлексивті басқару» философиясымен ауысып отыр. Менеджмент теориясы, ең алдымен, өзінің тұлғаға бағыттылығымен ерекшеленеді: менеджер қызметі шынайы құрметтеу, әріптестерге сенімділікпен қарау, оларды табысты еңбекке ынталандыру негізінде жүзеге асырылады.
Менеджмент үшін аса маңызды жағдайлар мыналар:
1. Ұйым – бұл ішкі
және сыртқы орта
2. Өнім мен қызметтің көлеміне емес, сапасына, тұтынушыларды қанағаттандыруға бағдарлану.
3. Басқаруға ситуациялық (жағдаяттық) көзқарас, сыртқы орта жағдайларынажылдам бейімделуді қамтамасыз ететін жедел және сәйкес әрекеттер басымдылығы.
4. Ұйым табыстылығының негізі көзі – қызметкерлердің білімі мен іскерліктері және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайлары.
Информация о работе Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері