Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 13:53, курсовая работа
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.
Кіріспе............................................................................................................3
І-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері ............6
1.1 Басқару құрылымы .............................................................................10
1.2 Басқарудағы әдістемелік тәсілдері ..................................................12
2-бөлім. Басқарудың заңдылығы мен принциптері ............................18
2.1. Басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі……………..…..20
2.2. Басқарудың принциптері жіктеу......................................................22
2.3. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері.................................24
Қорытынды .....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28
Бұл – ХХ ғ. Басындағы басқару үдерісінің сипаттаулары. Қазіргі ұйымдардың құрылымы әлдеқайда күрделі, технологиясы аса күрделі, жұмысшы күшінің біліктілігі жоғары; оның үстіне ұйымдар қазіргі нарықтың күрделі құрылымында әрекет етеді. Сондықтан бүгінгі басқару – өнерге, ойынға, жоғары ғылымға тән. Қазіргі басқару жүйесінің нобайы мынадай: 1) ұйымдасқан бірлестіктің жетекшісі мен бастаушысы ретінде; 2) өзара әрекет-түйісулерді қалыптастыру және қолдау; 3) ақпаратты қабылдау, іріктеу және тарату; 4) қорларды үйлестіру; 5) жұмысшы кадрлардың ағымын және бұзушылықтардың алдын алу; 6) келісім жүргізу; 7) жаңалықтарды енгізулерді жүргізу; 8) жоспарла; 9) бағынушылардың іс-қимылдарын бақылау мен бағыттау.
Бұдан басқа да басқару әрекеттері бар: жарнамамен шұғылдану, қосымша қаражатты табу және т.т. Нағыз басқарушы жоғары білікті маман болуы керек. Басқару то Бұған дейін біз бизнесті тек “өзінің қара басына пайда табушылар», ал маркетингті — «жеке өзіне ғана пайда табу мақсатында өндірісті басқару мен тауар өткізу жүйесі» деп есептеп келдік.
Бұрын «менеджмент» және «менеджер» ұғымдары қанаушылық немесе қанаушы тап өкілі ретінде қолданылды. Ал қазір бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың әлеуметтік биік дәрежесін, олардың арнайы қызмет түріне жататындығын бейнелейді.
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, бөлігі.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шүғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. У. Гейлордың пікірінше менеджмент ережелер мен принциптерге негізделген іргелі дәл шынайы ғылым деп есептелсе, Ф. Друкердің түсіндіруінше — жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан кері, практикаға жуықтау. Ол менеджмент үғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік, кәсіпкерлікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент үғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік береді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада әлеуметтік тұрғыдан қарағанда менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалы ретінде үкіметті, алуан турлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді».
Басқарудың осындай
жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді
авторлар, адамдар топтарының алуан
түріне түрліше
1.Үкімет. Менеджмент
ұғымы үкімет қызметіне
2.Мемлекеттік менеджмент.
Көп мемлекеттік мекемелерді
ұйымдастыру және оларға
3.Әскери менеджмент.
Мемлекеттік менеджменттің
4.Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент.Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен
және мемлекеттіктен өзгеше
6.Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.
Жеке меншік іскерлік
кәсіпорын функциясына
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.бына кеңсешіл әкімшілік кіреді.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен дегін республикакамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және жыл сайын келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасында бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемелекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік- әміршіл басқару жүйесінен – пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Басқару құрылымы — басқару деңгейлерінің төменнен жоғары қарай рет-ретімен орналасуы.
Социология ғылымы классиктерінің бipi М.Вебер әкімшілік басқарудың «идеалдық, тиін», «бюрократия» теориясын жасады. Онын негізгі сипаттамалары мьнандай:
— белгілі бip ұйым
аддында тұрган мақсатқа жету
ушін қажетті барлық ic-әрекеттер
қарапайым амалдарға жіктеліп, оларды
атқарушы әр буынньң міндеті
қатаң, түрде ресми анықталуы
керек. Еңбектің барынша
— ұйым әкімшилік
иерархия принципі бойынша,
— ұйым қызметі
ережелер мен нұсқаулардың
— ұйымның жоғары
деңгейде қалыпты жұмыс жасауы
жеке ойлар мен көңіл-күйдің, симпатия
мен антипатиянъң жоқтығына
— басқару жүйесіндегі
қызметкерлердің біліктілігі
— ұйымның қызметкерлерді
жұмысқа алуы оған
Бұл басқарудың, типтік құрылымы. Басқару құрылымьн тігінен және көлденеңінен деп екіге бөлуге болады. Атқарушылардың аралығында сатылар көп болса, тігінен, ал аз болса, көлденеңінен болады. Мыңдаған жылдар бойы өмір cүpiп келе жатқан басқарудың дәстүрлі құрылымы желілік құрылым деп аталады. Ал басқару құрылымына көптеген қызмет салалары (кадр, конструкторлық, жарнама, жабдықтау, маркетинг бөлімі, бухгалтерия) кірсе, ол желілік-штабтық, құрылым болады.
1.2. Басқарудағы әдістемелік тәсілдері
Басқару жүйесі аса күрделі, әрі жауаптылықты қажет етеді. Сондықтанда бұл мәселені талдауда ең алдымен оның зерттеу тәсілдеріне ерекше мән беріледі. Отандық және шетел баспаларында көптеген ғалымдардың пікірі бойынша негізінен басқару жүйесінде үш тәсіл қолданылады: процестік, жүйелі және ситуациялық тәсілдер.
Процестік тәсіл: Бұл концепция басқару жүйесіндегі елеулі өзгеріс, жаңалық, бүгінде іс жүзінде кең қолданып жүр. Мұнда басқару процесс ретінде қаралады. Басқару үшін үздіксіз өзара байланысты болатын санқилы әрекет қажет болады. Бұл іс-әрекеттің әрқайсысы ұйым табысы үшін аса қажет. Мұның бәрі басқару функциясы деп аталады.
Бұл концепцияның алғашқы негізін қалаған Анри Файоль бес функцияны айрықша бөледі. Оның айтуынша басқару дегеніміз – жоспарлау, ұйымдастыру, билік жүргізу, координациялау және бақылау жасау. Ал, қазіргі заманғы баспада жарияланған туындыларды қорытып жинақтасақ, басқарудың мына функцияларын атауға болады: жоспарлау, ұйымдастыру, үкім жүргізу, мотивация(дәлелдеу), басшылық жасау, координациялау, бақылау, коммуникация, зерттеу, бағалау, шешім қабылдау, кадр іріктеу, өкілдік, келіссөз жүргізу не келісім жасау.
Әр автор өзінше басқару функциясының тізімін жасайды. Аталған функциялардың ішіндегі барлық ұйымға ортақ болатыны мыналар: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау.
Осы функцияларға қысқаша сипаттама бере кетелік:
Жоспарлау. Жоспарлау функциялық - ұйымның алдына қандай міндет- мақсат қоюға болатыны жайлы шешім белгілейді және ұйым мүшелері не істеуге тиіс, қандай мақсатқа жетуі тиіс екені жобаланады.
Жоспарлау функциясы мына негізгі үш сұраққа жауап бере алады:
Қазір біз қандай денгейде тұрмыз?
Біз қайда бара аламыз?
Мұны қалай орындауға болады?
Жоспарлау тәсілі арқылы басшылар ұйымның барлық мүшелерін белгіленген мақсатты орындауға жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру – деп, белгілі бір құрылмды құру. Басшы нақты жұмыс істейтін адамдарды тандап, оларға тапсырма беріп, ұйымның ресурсын пайдалануға рұқсат етеді не соны атқаруға делегат жідереді.
Делегат субъектісі сол міндетті орындауды өз жауапкершілігіне алады, бірақ ол сол басшыға бағынады.
Мотивация-функциясының міндеті ұйым мүшелері жұмысты делегат қойған талабына сай белгіленген жоспармен орындалуы керек екені дәлелденуі керек.
Бақылау жасау – басшылардың алғашқы белгіленген міндетінен күтпеген ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен ұйым негізгі бағыттан ауытқуы мүмкін. Сондықтан белгіленген тапсырманы орындау барысына бақылау жасау қажет болады. Бақылау деп – ұйымның өз мақсатына шын мәнінде жетуін қамтамасыз ету процесі.
Басқару тарапынан жүргізілетін бақылаудың 3 түрі болады:
1.Стандартты белгілеу
– бұл нақты мақсатты
белгілі бір мерзімде орындауды
анықтау. Бұл тек белгіленген
2.Белгілі бір мерзім ішінде нақты орындалған істі — өлшеу және қол жеткен нәтижені, алдағы орындалатын нәтижемен салыстыру.
3.Алғашқы белгіленген жоспардың орындалу брысында көп алшақтық болса, онда нақты шара қолданылады.
Жоғарыда аталған басқарудың 4 функциясы — жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау жасауға ортақ болатын екі сипаттама бар:оның барлығы да шешім қабылдауды қажет етеді және бәріне де коммуникация қажет болады.
Шешім қабылдау – ұйым жақсы жұмыс істеу үшін басшы әртүрлі альтернативті мнмкіндіктердің ішінен ең дұрыс дегенін таңдауы қажет. Альтернативтердің біреуін таңдау бұл шешім қабылдау деген сөз. Демек шешім қабылдау деп таңдау, іріктеу, былай айтқанда, қалай және нені жоспарлау керек, қалай және нені ұйымдастыру, мотивация жасау бақылау керек. Міне, жалпы алғарда басшы адамның қызметінің негізгі мәніне осылар жатады.
Информация о работе Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері