Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
І-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері ............6
1.1 Басқару құрылымы .............................................................................10
1.2 Басқарудағы әдістемелік тәсілдері ..................................................12
2-бөлім. Басқарудың заңдылығы мен принциптері ............................18
2.1. Басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі……………..…..20
2.2. Басқарудың принциптері жіктеу......................................................22
2.3. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері.................................24
Қорытынды .....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28

Работа содержит 1 файл

ЖОСПАР.doc

— 223.50 Кб (Скачать)

   Коммуникация – бұл  информацияны  айырбастау  процесі , оның  мағынасы  бұл  екі не   одан да  көп адамдар  арасындағы  процесс. Басқару  тиімділігі  коммуникацияның  сапасына  байланысты. Мысалы , егер  жоспарды  басқа  орындай  алатын  адамға бермесе, онда  оны  орындауға  болмайды  не  егер  қызметкерлер  өзінің  алатын  көтерме силығына  толық хабардар  болмаса , онда  жұмысты жақсы орындауға ынтызар болмайды.    Сондай-ақ, коммуникация  байқау  жүргізу функциясы үшін  де  аса қажет.

   Жүйелі  тәсіл — бұл  қандай да  болмасын  басқару  жүйесіндегі  жинақталған  тәсіл  не  ол  меңгерушілер  орындайтын  міндеттер  емес, бұл  ұйым  жөнінде  және  басқару  жөніндегі  ойлау  тәсілі.

Жүйе – деп  бұл  өзара  тәуелді  бөлшектерден  құралған  бір  тұтастылық. Орың  әр  бөлігі  тұтас  жүйеге  өз  үлесін  қоса  алады.Барлық  ұйым  жиынтығы  бір  системаны  құрайды.

Системаның  негізгі  екі  түрі  бар : жабық  және  ашық  жүйе.  Жабық  жүйенің  қатаң  сақталатын  шекарасы  болады, ол  өзін  қоршаған  ортаға  және  жүйеге  тәуелсіз  әрекет  жасай  алады.Ал, ашық  жүйе  сыртқы  ортамен  өзара  тығыз  байланыста  болады. Мұндай   жүйе  өзін-өзі  қамтамасыз  етпейді, ол сырттан  келетін  энергияға , информацияға  жәек  материалға  тәуелді  болады.

   Алдымен, ұйым  өзін  қоршаған  ортадан: информация, капитал, адам  ресурстарын  және материалдар  алады. Бұл  компоненттердің  бәрі – алыну  деп  аталады.

   Ұйым  бұл  алынғандарды  өндеу  және  қайеа  өндеу  процесі  нәтижесінде  өнімге  айналдырады  не  қызмет  көрсеіледі, мұны  ұйым  еңбегінің  түпкі  нәтижесі  не  оның  сыртқы  ортаға  шығарылуы  деп  аталады.

   Егер  ұйым  тиімді  басқарылатын  болса, онда  қайта  өндеу  процесінде  алынғандарға  қосымша  күн  қосылады.Мұның  нәтижесінде  көптеген  қосымша  шығарылатын  мүмкіндіктер  болады:пайда, нарық  үлесінің  өсуі, сату  көлемінің  артуы, әлеуметтік  жауапкершілікті  жүзеге  асыру, қызметкерлерді  қамтамасыз  ету, тағы  басқа.

   Ситуациялық  тәсіл. Мұнда  ұйымға  белгілі  уақытта  әсер  ететін  нақты  жағдайлар  жиынтығы  алынады. Ситуациялық  тәсілде  ұйым  өз  мақсатына  тиімді   жетуі  үшін  нақты  ситуацияда  дұрыс  жол  тауып , әртүрлі  концепцияны  іріктей, талдай  білу  талап  етіледі.

   Ситуациялық  тәсілдің  методологиясы  мына  ережелерді  қамтиді:басшы  профессионалды  басқарудың  жолдарын, құралдарын  жақсы  білу  қажет;

Әрбір  басқару  концепциясы  мен  методикасының  жақсы  және  осал  жақтарыі  болады, нақты  ситуацияда  қолданғанда  оның  нәтижесін  басшы  адам  алдын  — ала  болжай  білу  қажет, оның  тигізетін  зиянында  және  пайдасында;

     Сонымен  қатар, басқарушы  нақты  ситуацияда  кемшіліктерді  неғұрлым  азайта  түсетін  жол  тауып, ұйымның  алға  қойған  мақсатын  орындауды  қамтамасыз  етуі  шарт.

    Басқару әдістері дегеніміз - басқару процесінің маңызды элементі. Басқару әдістері ұйымды тиімді басқарудың алғы шарты болып табылады. Яғни ұжым кызметінің тиімділігін жоғарылатып, олардың ынтымақты жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдасытру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Басқару әдісі - объективті заңдардың талаптарын іске асыру болып табылады.

Менеджменттің әдістері төмендегідей:

  1. Басқарудағы экономикалық әдістер
  2. Ұйымдық-әкімшілік әдістер
  3. Әлеуметтік-психологиялық әдістер

І.Басқарудың экономикалық әдістері

Экономикалық әдістер  өндірістің экономикалық заңдарын дұрыс қолдануға негізделеді. Бұл әдістің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.

Өндірістік ұйымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көмек) пайдалану жолымен ықпал ету зкономикалық әдістер деп түсініледі.

Басқарудың  экономикалық әдістерінің негізгі  мақсаты - кәсіпорынның, коллективтің және тұлғаларды белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.

Экономикалық әдістердің бірнеше топтары болады:

а) Шаруашылық механизмі

ә) Әяеуметтік-экономикалық дамытуды аймақтық басқару

б) Экономиканы дамытуда индикативті жоспарлауды пайдалану

в) ме.шекеттік реттеудің  әдістері

а) Шаруашылық механизм өндірістік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және коғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді. Яғии бұл механизм ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы коғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып әр түрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені бұның негізгі элементтері:

  • зиян шекпеу
  • өнімді пайдалану тілегі
  • өркендеу, өсу

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы ең алдымен жаңа шаруашылық механизмінің енгізілуіне байланысты. Олар:

1.   Кәсіпорындардың  залалсыз жұмыс істеуі

  1. Пайдасы жоқ дотацияның тоқтатылуына
  2. Ғылыми техникалык прогресті енгізуді ынталандыру
  3. Экономикалық мүдде категорияларын пайдалануға
    1. Мемлекет арқылы қоғамның экономикалық айқындамаларын 
      күшейтуге
  1. Кәсіпорындардың ахуалын жоғары көтеру.

Тұтынушы, өндіруші және қоғам арасындағы өзара іс-қимылдарды жүзеге асрыудың механизмі басқару құрылымынан тыс өмір сүре алмайды. Ал басқару кұрылымының элементтері былайша түсіндіріледі:

  • Басқару қызметкерлері (адамдар)
  • Басқару техникасы (еңбек құралдары)
  • Басқару органдары (қызметкерлер тобы)

 ә) Аймақтық басқару - аймақтық деңгейдегі шаруашылықтардың атқарушы және өкілетті органдарға берілетің орталық басқаруды айтамыз.

б) Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлау - басқарудың объектісі мен субъектісінің және өндіріс дамуының перспективасын, сонымен қатар олардың алдағы уақыттағы жағдайын көрсетеді. Жоспарлау — шешімдерді әзірлеу, негіздеу және қабылдау болып табылады.

, в) Мемлекеттік реттеу — басқарудың экономикалық әдісіне жатады. Нарықты қатынастарды дамытатын бірден-бір фактор мемлекет болып табылады. Мысалы несие беру арқылы күрделі кұрылысты, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Экономикалық әдістерге  жатады:

1. Аймақтық және республикалық (орталық) органдары 
арқылы іске асырылатын әдістер:

а) Мемлекеттін салық жүйелері;

б) Аймақтық (облыс) салық жүйелері;

и) Мемлекеттің  қаржы — несие механизмі;

г) Аймактық қаржы  — несие механизмі;

2. Фирма реттеуіндегі әдістер:

а) Фирманың  жұмыс жасауын қамтамасыз ететін экономикалық нормативтер:

0) Жұмыстардың  тиімділігіне және сапасына жауапты жүйелер;

»)  Ғылыми әдістердің қолдану (жүйелі талдау, болжамдау. ықшамдау).

 

Фирманың  жұмыс жасауындағы экономикалық нормативтер

  • нақты нарықтардағы бәсекелестік қабілеті өнімдердің үлесі;
  • нақты  өнім түрлері бойынша рентабельділік нормасы;
  • айналым қорларының айналысы;
  • еңбек өнімділігі;
  • ннвестициялардың капитал қайырымы;
  • Норма пайдасындағы салық үлесі;
  • еңбектің қормен қамтылуы;
  • фирманың жалпы жұмысшылар санында негізгі жұмысшылардың үлесі;
  • өндірістің және басқарудың автоматтандыру деңгейі;

Кәсіпкерлік есеп. Бұл  есеп ұжымды нақты қаржыландырудың  қажет екендігін білдіреді, яғни олардың күнделікті және күрделі шығындарын ұжымның өз қаражаттарынан қайыруды, шешім қабылдаудағы дербестіктерді, тиімді, ұтымды заттай ынталандыруды, ұжымның нәтижелі жұмысына нақты жауапкершілікті көздейді.

Кәсіпкерлік есеп принциптері:

 

1. Шаруашылық буындарының  дербестігі. Кез-келген шаруашылық, өзін-өзі басқаратын ұжым. Мемлекеттің басқару (атқару) органдары кәсіпорындардың тиімді, ұтымды жұмыс жасауына жағдай жасайды, жұмыс жағдайын тиімділік тұрғыдан реттейді: салық өлшемдері, амортизациялық норма, несие проценттері, ең теменгі еңбек ақы көлемі, т.б. арқылы.

 

2. Жоспарлы реттеу  мен кәсіпкерлік есептің байланысы,  сәйкес келуі. Экономиканың дамуын бағдарламалардың мемлекеттік жүйесі нарықтық экономиканы жоспарлы реттеудің тиімді түрі, тәсілі болып саналады, ол нарықтық бәсекелестікті жоққа шығармайды, керісінше оны толықтырады және оның жағымсыз жақтарын болдыртпауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарламалау жүйесі мемлекеттік бағдарламалардан тұрады. Бағдарламалар ұзақ мерзімді болжамдардан, мемлекеттік нысаналы бағдарламалардан тұрады, не болмаса осы құжаттр негізінде жасалынады.

 

3. Өнімдерді өткізу, сату  және заттар мен техникалық  құралдармен қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік  есеп өнімдерді өткізудің және  қажетті өндіріс заттармен техникалық  құралдармен өндірісті қамсыздандырудың  жаңа жүйесін қалыптастыруды қалайды. Бұл жүйе қалыптасқан өндірістік құралдар және көтерме сауда нарығына негізделген.

4.Өзін-өзі  құрметтеу жүйесі. Кәсіпкерлік есеп кәсіпорындарды орталықтан құрметтеуді емес, керісінше «өзін-өзі» өзінің пайдасы, түсімі арқылы құрметтеуді көздейді. Мемлекет, өзінің атқару органдары арқылы салық мөлшерін, проценттік мөлшерді, амортизациялық мөлшер деңгейін, т.б. заң құжаттары арқылы реттейді.

Кәсіпкерлік есеп, ұжым үшін өнім, өндіріс тиімділігін анықтау  құралы, көрсеткіші деп пайданы, түсімді есептейді.

5.Түсімдерді  бөлу тәртібі. Жеке, акционерлік,  шет елдер кәсіпорындары, кәсіпкерлік есеп негізінде жұмыс жасайтын, түсімді,  пайданы бөлуге орталықтандырылған араласуды қатыстырмайды, яғни мемлекеттік бюджетке және несиені кайырғаннан кейінгі пайданы өз еркімен, дербестігіне сай өзі бөледі.

Өз еркімен еңбек ақы бөлігін, девиденттер үлесін, өндірісті ұлғайту үлесін тағы баска бағыттар үлестерін өздері анықтайды.

Халық шаруашылығының негізгі буыны болып әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындар, ұйымдар есептелінеді. Сол себепті экономиколық ықпал жасау құралдары бір жағынан мемлекет баскару, реттеу, атқару органдары арқылы ұйымдарға, оның жұмысшыларына, екінші жағынан үйымның басқару органдары арқылы өзінің жұмысшыларына. басқа ұйымдарға арнап іске асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

                ІІ бөлім. Басқарудың заңдылығы мен принциптері.

 

    Басқару – белгілі бір бағыттағы іс-қимылды өзгерту мақсатында ақпарат арқылы бір жүенің келесі жүйеге  ықпал жасауы. Басқаратын  және  басқарарылатын  жүйелердің  басқарудың  объектісі мен субъектісінің салыстырмалық заңдылығы    басқару сферасының  басқару объектісінің  талабына  сәйкес  екенін  көрсетеді.  Солай, 70  жылдары  Қытайда  байқалған  эконгомиканың  дамуындағы  сапалы  өзгерістер  барлық  атарбасының  белгілі  бір  өзгеріске  ұшырауын талап етті, бұл  1975  жылы  жүзеге  аса  бастаған  кешенді  реформада  өзінің  көрінісін  тапты. Осының  нәтижесінде  Қытайдың  экономикасы  мен   оны  басқару  ғылыми-техникалық  прогресстің талабына  зерек болды,  тұрақты дамудың тенденциясын  алды,  реттелетін  нарықтық  қатынастарға    өту дағдарыссыз және  сілкініссіз жүрді.

     Егер  жалпы  заңдылық  басқаруға  тұтас  түрде  тән  болса,  ал  жеке  заңдылық  басқарудың  бөлек жақтарын    және  жүйесін    сипаттайды. Жеке  заңдылыққа   басқару функцияларывның    өзгеру  заңдылығын, басқару сатыларының   санын оңтайлау  заңдылығын  басқару функцияларын   шоғырландыру    заңдылығын  және  бақылаудың  өрістелу  заңдылығын  жатқызуға  болады.

   Басқару  функциялардың    өзгеру  заңдылығы    басқарудың    әртүрлі  иерархиялық  сталыраныда  белгілі  бір    функциялардың  артқанын      және  келесі  кейбіреулерінің    азайғанын  көрсетеді.

     Басқару  сатыларының  санын оңтайлау  заңдылығы    басқарудың  артық буындарын    қысқартуды  ұйғарды.  Бұл оның  дереулігін  және  икемділігін  көтереді.

     Басқару  функцияларын  шоғырландыру  заңдылығы    басқарудың  әрбір сатысы    функцияның    көбірек  шоғырланғанына  ұмтылады.  Яғни, басқару  персоналдың   сандарының  өсуіне  және   өсіруіне  бұл  заңдылықты    барлық  елдерде  байқалатын  бюрократтық  аппарат  санының  өсуі  туралы  деректер  көрнекі  суреттейді.

    Бақылаудың  өрістелу  заңдылығы    бағынғандардың  саны    мен және  олардың    мүмкіншілігінше    тиімді  басқару іс-қызметін,  іс-әрекетін  басшы жағынан    бақылау арасындағы  тәуелділікті    көрсетеді. Бұл басшының қол астында 7-10  бағынған  адамдар  болса  да  оңтайлы  деп есептелінеді.

   Басқарудың  жалпы  және  жеке  заңдылықтары    объективті  сипатта  болады және   адамдардың  басқару  іс-қызметтерін    үрдісінде  жүзеге  асады.

Информация о работе Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері