АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа елдері корпорацияларын басқаруды ұйымдастыру мәдениетінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 21:52, реферат

Описание работы

Дүниежүзілік қауымдастықтың айтарлықтай бір ерекшелігі оған кіретін ұлттардың әрқайсысы әлемдік өркениет қорына қосатын өз үлестерінің жан-жақтылығында. Ұлттардың өзіндік төл ерекшелігі мен бірегейлігі — жалпы мойындалған аксиома. Бірақ әр елдің ерекшелігін оқып-үйрену басқа елдердің өмірінің әр саладағы жинақталған тәжірибелерімен таныспай жүзеге аспайды.

Работа содержит 1 файл

АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа елдері корпорацияларын басқаруды ұйымдастыру мәдениетінің ерекшеліктері.doc

— 85.00 Кб (Скачать)

     Түрлі мәдениеттің синергетикасы (фр. — бір бағытта әсер ететін, немесе, қысқарта айтсақ, әрекеттестік) қазіргі компанияларға түрлі ұлттық мәдениетке байланысты қарама-қарсы жүйелік кұндылықтан шығатын дауды басып қана қоймайды, сонымен қоса басқарушылық мінез-құлық үлгісін әрдайым жетілдіреді.

     Қорыта келгенде, шетелдік компаниялардың ұйымдастыру мәдениеті ерекшеліктеріне шолу берудің себебі, кей мемлекеттердің әлеуметтік жүйе айырмашылығына қарамай-ақ, экономикалық процестердегі басқаруға көзқарастары әрқилы болса да жалпы шешімге келетіндіктері мәлім. Тіпті қаншама жетілген болса да, америкалық немесе жапондық тәжірибелерді көшіріп алып пайдалану экономикалық дамуда қателік туғызуы да мүмкін. Алайда оқулықта келтірілген басқару, өзін-өзі басқару проблемаларын оқып-үйрену келешекке жол сілтеуі күмәнсіз.

Информация о работе АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа елдері корпорацияларын басқаруды ұйымдастыру мәдениетінің ерекшеліктері