Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 21:52, реферат
Дүниежүзілік қауымдастықтың айтарлықтай бір ерекшелігі оған кіретін ұлттардың әрқайсысы әлемдік өркениет қорына қосатын өз үлестерінің жан-жақтылығында. Ұлттардың өзіндік төл ерекшелігі мен бірегейлігі — жалпы мойындалған аксиома. Бірақ әр елдің ерекшелігін оқып-үйрену басқа елдердің өмірінің әр саладағы жинақталған тәжірибелерімен таныспай жүзеге аспайды.
АҚШ,
Жапония және Батыс Еуропа елдері
корпорацияларын басқаруды ұйымдастыру мәдениетінің
ерекшеліктері
Дүниежүзілік қауымдастықтың айтарлықтай бір ерекшелігі оған кіретін ұлттардың әрқайсысы әлемдік өркениет қорына қосатын өз үлестерінің жан-жақтылығында. Ұлттардың өзіндік төл ерекшелігі мен бірегейлігі — жалпы мойындалған аксиома. Бірақ әр елдің ерекшелігін оқып-үйрену басқа елдердің өмірінің әр саладағы жинақталған тәжірибелерімен таныспай жүзеге аспайды.
Олай болса, қазіргі әлемдегі өзара тәуелділік, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың теориясы мен тәжірибесі проблемалар табиғатына толық жауап береді. Көптеген елдер өнеркәсіпті, сауданы, кооперацияны, ауыл шаруашылығын, т.б. басқаруда ерекше тәжірибелер жинады.
Өмірлік мүмкіншілігі ұйымдастырушылық мәдениет болып саналатын кез келген ұйым өте күрделі организм болғандықтан, онда: не үшін адамдар ұйымның мүшесі болды; олардың арасындағы қатынастар қалай қалыптасқан; олар қандай тұрақты нормалар мен өмір принципін және ұйымның әрекетін жақтайды; құндылықтар мен нормаларға қарасты пікірлердің қайсы жақсы, қайсы жаман деген мәселелер шешіледі. Бұл айтылғандардың барлығы ұйымдарды бірінен бірін ажыратып қана қоймайды, сонымен қоса олардың ұзақ мерзімді келешекте өмір сүре алатынын, қызметінің жетістігін алдын-ала анықтайды.
Ұйымдастырушылық мәдениеттің иелері адамдар. Ұйымның өмірінде ұйымдастырушылық мәдениет үлкен орын алатындықтан, қашанда басшылардың назарында болуы қажет. Менеджмент тек ұйымдастырушылық мәдениетке сәйкес келіп қоймайды, сонымен қоса оған өте күрделі ретте тәуелді. Ол өз жағынан ұйымдастырушылық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізеді. Ол үшін менеджерлер ұйымдастырушылық мәдениетті ұйымдастыруға, талдау жасай білуге, оның қалыптасуына және тілеген бағытта өзгеруіне ықпал жасауға міндетті.
Ұйымдастырушылық мәдениеттің анықтамалары мен түсіндірілуі түрліше болғанымен, олардың ортақ жақтары бар. Мысалы, ғалымдардың көпшілігі өз анықтамаларында өзінің мінез-құлқы мен әрекетінде қолдайтын ұйым мүшелерінің негізгі болжам үлгілеріне сілтеме жасайды.
Үлкен табысқа жеткен Батыс корпорацияларының ұйымдастырушылық мәдениетінің қалыптасуына әсерін тигізетін компоненттерінің бірін таңдап алу күрделі. Олар: "қатаң ұйымдастырушылық ережелер" ("Гейко" компаниясы, "Кәсіпкершілік" Атлантик ричфилд"), "Қаржы тәртібі" (ИТТ), "Қызмет көрсету философиясы" (ИБМ), "Құндылыққа, жаңалық енгізуге бәсекелестік және пайдалы қызмет атқаруға рыноктық бағыт" (АТТ).
Корпорациялық мәдениеттің күрделілігі мен жан-жақтылығын шетелдік зерттеушілер атап өтумен қоса, мына төменгідей ұйымдастырушылық мәдениет түрлерін баса көрсеткен болатын. Олар: бюрократиялық және қолдаушы инновациялық; формалданған және формалданбаған; функционалды және дисфункционалды (латынша дис., диз қосымшасы қазақша "емес" мағынасын береді); әлді және әлсіз; реттелетін және реттелмейтін; жалпы және фирманың субқұрылымдары; анықталған және жасырын. Ұйымның меншік түріне қарамастан онда пайда болған басқару стилі немесе корпоративтік мәдениет түрі қызметкерлердің белгілі бір мінез-құлқын, олардың құндылық пен сенімділік көзқарастарын қалыптастырады, олардың бірігіп әрекет жасауға қызығушылығын қолдайды.
Соңғы уақытта пайда болған белсенді интеграциялық прогресстерге қарамастан, ұлттық дәстүріне және саяси көзқарастарына байланысты америкалық, жапониялық және батыс-еуропалық компаниялардың ұйымдастырушылық мәдениетінде көптеген ерекшеліктері бар.
Сексенінші жылдардың қарсаңында ұйымдастырушылық мәдениет феномені америкалық мамандар мен кәсіпкерлердің назарынан шешуші орын алды. Кей сарапшылардың пікірінше, "үйренушілер ұйымдары" деп аталатын корпорацияларда соңғы жылдарда ең жоғарғы табысқа жету байқалады. Бұл жерде ойлау бостандығын алған және анықтап, оның шешім жолдарын іздейтін қызметкерлері бар, әрдайым жиі болып тұратын өзгерістерге жылдам икемделетін кәсіпорындары туралы сөз қозғап отырмыз. Мұндай басқарушылар жұмысты ұйымның әр қызметкері ағымдағы проблемалар бойынша ең қолайлы шешім қабылдай алатындай етіп ұйымдастырулары қажет. Қиындықтарға жолыққанда басқарушы шешімді тек кәсіпорынның мыңдаған қызметкерлері және сырттан тартылған мамандардан кеңес алған соң қабылдайды.