АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа елдері корпорацияларын басқаруды ұйымдастыру мәдениетінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 21:52, реферат

Описание работы

Дүниежүзілік қауымдастықтың айтарлықтай бір ерекшелігі оған кіретін ұлттардың әрқайсысы әлемдік өркениет қорына қосатын өз үлестерінің жан-жақтылығында. Ұлттардың өзіндік төл ерекшелігі мен бірегейлігі — жалпы мойындалған аксиома. Бірақ әр елдің ерекшелігін оқып-үйрену басқа елдердің өмірінің әр саладағы жинақталған тәжірибелерімен таныспай жүзеге аспайды.

Работа содержит 1 файл

АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа елдері корпорацияларын басқаруды ұйымдастыру мәдениетінің ерекшеліктері.doc

— 85.00 Кб (Скачать)

     Соңғы уақытта Батыс фирмалары жұртшылықпен байланыстарға көп көңіл аударады. Фирманы басқару тиімділігінің қажетті шарты: корпорациялық құндылықты жұртшылыққа, болашақ тұтынушыларға және әлемдік қоғамдастыққа жеткізудің құралы "паблик рилейшнз" қызметін ұйымдастыру болып табылады. "Паблик рилейшнз" мәселелері бойынша директор, ақпарат қызметінің бастығы, "паблик рилейшнз" мәселелері бойынша кеңесші, қоғамдық қатынас мәселелері бойынша директор, ақпарат қызметінің бастығы, насихат бөлімінің меңгерушісі сияқты "паблик рилейшнз" бастығының көптеген лауазымдық аттары бар.

     АҚШ-та "паблик рилейшнз" қызметінің бастығы кейде компанияның вице-президент немесе сонымен теңестірілген қызмет міндетін атқарады. "Паблик рилейшнз" қызметінің директоры директорлар кеңесінің барлық отырыстарына қатысады, фирманың саясатын кәсіби түсіндіру үшін барлық ақпараттарды алады.

     Англияда көптеген өндірістік компаниялар, іскерлік және кәсіби бірлестіктер жұртшылықпен байланыс бойынша өздерінің ұйымдарында бөлімдер мен басқармалар кұрды. Бұл бөлімдер "паблик рилейшнз" қызметі әрекеттерінің түрлі баспамен байланыс, мақалалар жазу, фотоақпарат сияқты бағыттарын қамтиды. Қызмет секторы, баспада ұйымның жұмысын жариялаумен, кино және видеофильмдердің, көрменің көмегімен фирма ішіндегі құндылықты насихаттаумен, фирманың бейнесін жасаумен, айналысады да халықпен қатысты нығайтумен, қоғамдық, пікір туралы ақпараттар жинаумен шұғылданады. "Паблик рилейшнз" қызметі басшылары ақпараттармен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге жұртшылықтың мақсатына қарай оның әрекетін де бағыттайды.

     Қазіргі корпорациялар тар ұлттық шеңберден шығып, халықаралық ұйымға айналды, тіпті ұйымдастырушылық мәдениеттің интернационализациялануын қадағалауда. Шаруашылық әрекеттерінің бірлесу процестері осы уақытқа дейін көрмеген дәрежеге көтерілді.

     Интеграциялық процестер бүгін тек өндіріс өрісін ғана емес, сонымен қоса қаржы, жарнама, банктік және қамсыздандыру ісі, қонақ үй шаруашылығы, құрылыс сияқты қызмет өрісін, валюта рыногін қамтыды.

     Тар ұлттық шеңберді бұзып шығу, шаруашылық өмірді интернационализациялау, бірлескен кәсіпорындары, халықаралық және ұлтаралық корпорациялары шеңберінде пайда болатын проблемаларды шешеді, "мәдени айырмашылықты" интеграциялау жолын іздестіруді өзекті етеді. Халықаралық корпорациялар жаңа аймаққа кіргенде, өз әрекеттерін аймақтық рынокта жүргізе бастағанда, аймақтық және жергілікті мәдениеттердің қарсылығына тап болады. Мысалы, жұмыс орындарында жапондық және американдық мінез-құлық стилінің 120-ға жуық мәдени айырмашылықтары есепке алынған.

     320 млн. адамы бар еуропалық рынокта, ірі масштабты бірыңғай экономикалық кеңістік жасауға бағытталған ЕЭҚ елдерінде бүгін "мәдениаралық тосқауылдан" өту оңайшылыққа түсіп отырған жоқ.

     Әр елдегі мәдени мінез-құлық ережелерінің ерекшеліктерін халықаралық әрекетке ұмтылатын компаниялардың басқарушылары мойындауы және ұғынулары қажет. Бұл жағдайда ұлтаралық құндылықтың дауы: тілге, қалыптасқан дәстүрге, келген еліндегі басым саяси климатқа, кейбір ұғымдардың анықтамаларының бірдей болмауына байланысты факторларды түсіне білген жөн. Кейде былай қарағанда ештеңеге тұрмайтын мәдени айырмашылық жанжалдың ұшқыны болуы мүмкін.

     Менеджмент тарихында Латын Америкасында өз тауарын сатуда американдық фирманың шығынға ұшыраған себебі тек өнімнің аты испанша "мұнай есігінің" ұғымын беретіндігіне байланысты болған мысал белгілі. Шевроле "Нова" автомобиль зауытында жұмыс істейтін пуэрторикалық жұмыскерлердің өз міндеттеріне ынтасыз болуының бір-ақ себебі "Нова" деген ат, испанша айтқанда "Нова" болып естілгендіктен, "бұл түкке тұрмайды" деген ұғым берген.

     Франция территориясындағы екі ескірген зауытты біріктіруде американдық корпорацияның банкрот болғаны да белгілі. Фирма бұл елдің жұмысшыларының арасында социал-демократиялық құндылықтың басым екенін есепке алмаған. Жұмысшылар жолдың үстіне жатып алып, американдықтарға қарсы ұрандарды айғайлап, қондырғыларды зауыттың территориясынан шығармаған.

Информация о работе АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа елдері корпорацияларын басқаруды ұйымдастыру мәдениетінің ерекшеліктері