Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:17, дипломная работа
Жарасқан Әбдірашев – қазақ поэзиясынан алар өзіндік орны бар көрнекті ақын. Ол ХХ ғасырдың 70-жылдарында әдебиет табалдырығын батыл аттап, көп ұзамай-ақ әдебиеттегі өз орнын бірден белгілеп алған болатын.
Жарасқан Әбдірашев – қазақ әдебиетіндегі әзіл-оспақ, эпиграмма жанрын тың өріске шығарып, жаңа биіктерге көтерген ақын. Оны кәсіби әдеби орта ғана емес, көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Жарасқан Әбдірашев туралы пікір айтқан ғалымдар мен сыншылар, ақындар мен жазушылар оның қазақ әдебиетінде жаңа бетбұрыс әкелгендігін, арғы-бергі қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінен терең үйренгендігін, өзінің ақындық әлемін ашу арқылы әдеби құбылысқа айналғандығын ашық айтады.
КІРІСПЕ............................................................................................3
І ТАРАУ
Р.ТОҚТАРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ........................................6
ІІ ТАРАУ
«АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ» РОМАНЫ
2.1. Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі...........................23
2.2. Романдағы мінез бен тартыс.......................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................49
Осындай данаға зәрулік те, оның келер шағы жеткен заңдылық та кітаптың бас кезінде әркімнің-ақ аузынан естіледі. Алғаш айтқан – Кенесары. Арқадан аттанар алдында тебіреніп тұрып: «халық қасиетін жоймас үшін дана туу керек», - деген ол. Жақсы көретін інісі Наурызбайға ағынан жарылып тұрып, ол өзінің дана емес екенін мойындаған: «бұған дейін халқымның дана тумағаны – ел басқарған игі жақсыларының әйеншек болып келгені» деген өкініш білдірген. Өзінің және өзі сияқты елдердің хан кешіп, бастарын құрбандыққа тігіп жүрген арпалысының босқа кетпесін білген ол: «осының өзі-ақ қазақтың бір аяулы анасын даналыққа жүкті еткен шығар» деген сенімін де қоса айтқан. Осы ой Кенесары аттанып кеткенде жұртында қалған екі сарбаздың өзара әңгімесінде де қылаң береді. Біреу тұрып «Заманының өзі ақсаңдап, аузы-мұрнынан шығып толғатып тұрған жоқ па? Көк үрдістен соң ықылымда бір дана туады», - деген жорамалын құдай, құран, пайғамбар атымен ақиқат етіп айтады. Сонда оны екіншісі былай деп толықтыра түседі. «Әйел жалғыз көтермейді баланы. Ермен бірге толғатады... Ердің көкірегі жүкті болмай, әйел дана тумайды»[18,22]. Айтқандай-ақ тамыздың қысқа таңында Құнанбайдың көңілін күпті қылып, беймазақ қылған екі түрлі себеп бар еді. Бірі Кенесарыға астыртын жіберген жансызының бүгін күткен жауабы да, екіншісі – үйдегі кіші бәйбішесі Ұлжанның кешеден бері оқыс келіп тұрған толғағы.
Осындай дағдырыс үстінде көзі ілініп кеткен Құнанбайға түсінде әйгілі Әнет бабасы аян береді: «Күн шығар алдында, таң қараңғысында... Ібірахим пайғамбарымның... Бүгін емес ертең... Ер-т-ең ...» [18,31] - деп барып ғайып болды. Оны көріпкелі бар Шайхы ағасы былай деп жориды: «Әнет бабасының бейнесінде көрінген аруақ – Қыдыр ғалейіссалам! Оның Ыбырайым пайғамбарды ауызға алғаны – ертең, бәлки, таң қараңғысында ма екен, дүниеге Аяздай әділ, Аплотондай білімді, жүрегі жұмсақ құл – осы айналаңның біріне тартпаған шын мейірбанды перзент келеді» [18,40]. Жазушы Кенесарының Арқадан кетуі мен Абайдың дүниеге келуін шебер сюжетпен өріп, үйлесімділікпен берген. Ұлы дала қараң қалмайды екен. Бір арыстан аласұрып, заманамен күресте тауы шағылса, дүниеге келген екінші алып сол даланы мекендеген момын халықтың санасын сәулелендіріп, жаңаша күреске бастайды. Автордың айтпақ ойы, жеткізбек идеясы осы.
Дүниеге дабыл қаға келген дана Абайдың сәби шағын жазушы, әсіресе, дабырсыз, астарлы мән бере отырып, ерекше бір биязы сыпайылықпен суреттейді. Даналықтың табиғи тумасын, балғын балалықтың үш түрлі мінез-машығы арқылы көрсетеді. Біріншіден, жаңа туған шарана алғаш жөргекке оралғанда-ақ көзін ашып алып, жарық сәулеге таңырқай қараған. Сол мінезі бара-бара тұрақты әдетке айналады. Ол бесікке жатқанда да, киіз үйдің жабығындағы саңылаудан сонау алыс аспанға көз жіберіп, қимылсыз қарайтын да жататын. Бала болып өздігінен емшек те тілемейді. Қыңқ етіп ыңырсуды, шырылдап жылауды білмейді. Көз жанарын аспанның көк сеңгіріне қадап алып, жатады да қояды. Бала назарын аспан әлемінен өзіне қарай аударып алатын тағы бір таңғажайып нәрсе бар. ол дыбыссыз келіп, қасына жақындайтын ана дидары. Сәби енді бесікке асыла отырып, аузына кереметтей бір нәр беретін осы кісіге қарайды. Оған да ұзақ-ұзақ көз алмай тесіле қарайды. Кейінірек үй ішіндегі өзге адамдарға да осылай таңырқай қарайтын болды. Екіншіден, сегіз айында бесіктен шықты да, бір күннің ішінде сәл-пәл талпынып отырған күйі аяғынан тік тұрып жүріп кетті. Үшіншіден бір тосын мінезі – тілі шыға бастағаннан үй ішіндегі ересектердің, сырттан келген кісі-қараның сөзіне құлақ түреді де, олардың айтқанын табан жолда бір сөзін өзгертпестен қайталап береді. Бағзы бір сөзшең адамдардың ұзақ сонар әңгімесін де түп-түгел айтып шығады. Осы үш мінезіне үш түрлі жору айтуға болар еді. Ең әуелі, жас сәбидің жарық сәулеге құмарлығы - өмірге құштарлдығы. Өйткені, жарық сәуле - өмірдің нысаны. Ашық аспан да, оның зеңгір биігіндегі көк күмбезі де – табиғаттың бір бөлшегі. Дүниеге жаңа келген жас сәби есейе келе сол табиғаттың тылсым сырына үңіліп, жұмбағын шешуді өмірлік мақсат ететіндей, көзін ашып алған сайын қадалып, соған қарайды. Қараған сайын содан әзіре ақылмен біліп болмайтын бір ғажайып қызық көргендей өз-өзінен шалықтап еліге түседі. Сол еліккен сәби жанары енді бір сәт дәл өзінің үстіне төне түсіп, үнсіз мейіріммен баураған ана жүзіне қарай ауысады. Жаңағы аспан аясындағы, көк жүзіндегі алыстан елес берген сырдың жауабы енді сол ана дидарында тұрғандай, қадалып соған қарайды.
Екінші кітап «Жұлдыз құрбандық» деп аталған. Мұндағы негізгі желі Шоқан-Достевский-Құдайберді сияқты кейіпкерлерді алдыға шығара отырып өріледі. Оқиға көш үстіндегі көріністен басталған. Бала Абай әжесінің құшағында. Әже ақылынан ұққаны – қорғансыз, әлсіз тіршілік иелеріне пана болу. Күнделікті ауыл тірлігі, отбасындағы жағдай – осының бәріне Абай өзіндік түйсікпен қарап, баға береді. Әкесінің оқуға апармақ ниетін де жақсы қабылдайды. Ахмет Риза медресесіне білім іздеп келген жас өскіннің кітапқа деген құмарлығы ерекше болғанын жазушы сәтті суреттеулермен береді. Семей қаласында Абайдың шешесі Ұлжанның туысы Мауқайдың Достоевскиймен кездейсоқ таныс болуы, Абайдың Шоқанды көруі де роман мазмұнынан маңызды орын алған. «Шоқан, үстіндегі мундирі болмаса, Шыңғыстауда өздері көрген қалпынан көп өзгермепті. Тек жүріс-тұрысынан шабыт белгісіндей бір өткір уаз сезіледі. Күбі қарын жандарал-гүбірнатырдың қасында тұрған Шоқан айбатты арыстанға тартқан садақ жебесі құсап елес беріп кетіп еді Абайға. Бұл теңеу осыдан аз-ақ бұрын Фердоусидің «Шахнамасын» оқып тұрған тұста келген. Шығыстың ұлы шайыры Рүстем баһадүрдің сұлу сымбатын дәл осындай бір уытты теңеу-суретпен беріп кететін.
- Қарашы, Мауқай-аға! Анық сұр жебе ғой! – деді Абай ойына келген теңеуін айтып жіберіп [18,188].
Шоқанның Достоевскиймен әңгімесі, Құнанбайдың айналасындағы қым-қуыт тартыстар Абайға да әсер еткенімен, оның өз алдына мақсат етіп қойғаны да, құштарлықпен назар аударғаны да – оқу, білім. Жеткіншек Абайдың керек жерінде іркілмей үлкендер әңгімесіне араласуы түбі дана болар баланың бітісін аңғартқандай. Мәселен, ол әкесі Құнанбайды қағыта берлен ғұлама дін басы Мәуліт қажыға «Ақтық демі бітіп, үзілгелі жатқан адамнан иман сұралады. Сол дұрыс па?» [18,226] деп сұрақ қояды да, қажының жауабына көңілі толмай: «Бүкіл ғұмыр жолында иманын сақтарлық не ғылымы, не көңілінің беріктігі жоқ адам ақты қара, қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ішіп өтсе, оның ақырғы сәттегі инанбақтығы қай жөнге сияды?» [18,227] деп, өз ойын білдіреді. Мәуліт қажы бұл сауалға жауап бере алмай қалып, артынан Абайды «күпірлік сөз айтты. Мұсылман қауымын діннен шығарар» [18,227] деп қаралайды.
Абайдың алғашқы уайымы – Тоғжанға ғашықтық болса, наразылығы – үйлену мәселесіне қатысты еді, онысын ақылды ана Ұлжан сабырлылықпен тоқтатады. Тоғжанға ғашықтығы қасіретке айналған шақтағы жан күйзелісін терең түсінген жары Ділда болғаны романда нанымды көрсетілген. Ділда бейнесі Р.Тоқтаровта мүлде басқа сипатымен танылады. Ол – Абайға ұнаған, Абайды ұнатқан, жарының жанын түсіне білген жан. Абай-Тоғжан-Ділда арасындағы желі де Абай тұлғасын танытуда елеулі роль атқарған. Тоғжанмен соңғы кездесу сәтінде күйзеле ширыққан Абай жанына емді өлеңнен табады. Ширыққан жан-дүние тартысы енді өлең болып өрнектеледі. «Тоғжанның атастырған жеріне ұзатылып кеткенін естіген соң енді күндіз-түні үйден шықпай, отырып алып, өлең жазатынды шығарды. Онысы енді жан-дүниесін өртеген ғашықтық сөздері емес, бұрын-соңды өзі ойына алмаған мүлде бөлек, сабырлы аңғарға ойысқан.
Сап-сап көңілім, сап көңілім,
Саяламай, сай таппай.
Не күн туды басыңа,
Күні-түні жай таппай, -
дегенде айтқысы келгені не? Өзі ақырын, іштей ғана ұғынып, түсінеді. Мұның бойын дәл сырқаттай билеп, қалтыратып жеңген ашық-машықтық та емес, айналдырған аурудай ғып ақындық қонғалы жүр. Сол ғой оны нешеме күндер, айлар бойы Тоғжан бейнесінде торып, жан алқымнан алып келген. Өлең екен онысы» [18,241]. Абай жанындағы ғашықтық дертін автор осылайша шешіп, жаңаша көркемдік тұжырым жасайды.
Абайдың Шоқанмен кездесіп, тілдесуі де шығарма мазмұнының терең мәнін аңғартқандай. Даланың екі данасы сөйлескенде айтарлары – елдің болашағы, оқу-білім жайы. Шоқанның Абайға айтқан ақылы: «Басың жерге жеткенше әділет пен шындық жағында бол» [18,245]. Романдағы ширыққан тартыс осы кезесу сәтінен де көрініс береді – аға сұлтандыққа түскен Шоқан жеңіп шыққанымен, оны бекітпеген. Осы тұстағы әке шешімі де Абайға ұнамайды – ол Шыңғыс ауылымен ара қатынасты үзбек. Бұған Абай наразы. Бірақ, Құнанбай алыстан орағытар сақтығымен, сұңғылалығымен келіп отыр бұл шешімге. Енді сол әке Абайды болыстыққа сайламақшы. Абай қарсылығы белгілі. Тасаттық беріп жатқан әкесі шақырған Мәуліт қажымен екінші қайтара кездесіп, оны тағы да сөзден тосылдыруы роман оқиғасындағы тартысты тереңдете түседі. Әкенің өзіне ұнамас кейбір әрекеттерін таразылай отырып, Абайдың заманға деген наразылығы күшейеді. Тартыс атаулы отбасылық оқиғалардан да, ел арасындағы әңгімелерден де жүйелі көрініс тауып, шығарманы ширықтыра түскен. Құнанбай ауылына жеткен қаралы хабар – Шоқанның қазасы Абай жанына қатты батады. Даланың бір дана ұлының көз жұмуы күллі қазақ даласына қасірет болып жайылады. Абай бұл қаралы хабарды күйзеле отырып қабылдайды.
Арқадан келіп,
Семей топырағын қоныс еткен
Жәдік өлімі қарапайым халықтың
патша билеушілеріне деген ашу-
«Сөйтіп Абай жиырма екіден жиырма үшке қараған жасында елін ұлыққа қарсы көтерген бүлік басы атанып, оған қоса ойдан жамалған жиыны тағы да оннан астам қылмысты сойқан іспен қараланып, су түбіне кеткелі жатыр. Ақжелке ояз оны Семейдің «темір көзді сарайына» салып, көзіне көк шыбын үймелететін болып, түс ауып бара жатқан мезгілде пәуескесіне өзімен қатар теріс қаратып, отырғызып алып, салдыратып жөнеп кетті» [18,286] - деп аяқталады роман-хамсаның екінші кітабы. Халық басынан кешірген тарихи кезеңді суреттеген қаламгерден талап етілер басты нәрсе – сол заманның шындығын психологиялық-философиялық тұрғыда зерделеп, көркемдік шешім таба білу. Осы тұрғыдан келгенде Р. Тоқтаров замана толғатып тудырған ұлы перзенттің болмысын қым-қиғаш тартыс, күрделі оқиғалар арасынан көрсетуге бел буып, сол мақсатына жете алған. Әділет үшін жанын аямас күреске бет қойған Абай тұлғасы осындай күрделі тартыс арқылы ашыла түседі. Романдағы тартыстың сапалық көрінісі – драматизм екені белгілі. Драматизм - әдеби-эстетикалық категория. Сондықтан оған әр қаламгердің өзіндік қарым-қатынасы болатындығы түсінікті. Р.Тоқтаров романындағы драмалық сипат қаламгердің авторлық концепциясын танытудағы көркемдік ізденісінің бір көрінісі. Екінші кітаптың соңындағы Абайдың ұлыққа қарсы келіп, айыпты болуы – драматизмнің ширыққан тұсы деуге болады.
«Қызғаныш» атты үшінші кітапта Абай айналасында басты орынға Халиолла, Михаэлис және Шәкерім шығады. Кітаптың бастауында өлеңнен тиянақ тапқан Абайдың болмысы көрінеді. Әкемен арадағы әр сипаттағы әңгімелер Абайдың ерекше табиғатын айғақтай түседі. Құнанбайдың Абайға артар кінәсі – дін-мұсылман қауымына жат тірлікке ыңғай бергендігі екен. Ал, Абай болса, бұл кінәні мойындамайды. Халиолламен арадағы әңгіме де маңызды. Абай елдің ертеңіне қайғырып-қамығады. Абайдың Әйгеріммен кездесуі де сәтті суреттермен берілген. Оспан бейнесі де өзіне тән ерекшелікпен ашылған. Ұлы ақынның ең жақын досы Михаэлис те Абаймен достық ниеттегі қарым-қатынаста көрінген. Ақын шәкірті Шәкерім де өз аты, өз болмысымен орын алған. Өз жанындағы сезімдермен арпалыса жүріп, ақыры Әйгерімді екінші әйел етіп алады. Болыстықтан ауақтап, бір ғылымнан басқаны мойындамаған ұлы тұлға тек осы бағытпен жүрмек. Бұл жолға бет бұруына түсінде аян берген Шайхы атасы, өңінде дос болып кезіккен Михаэлис себеп те болды. Жазушы бұл оқиғаның бәрін әрекет үстінде, кейіпкер психологиясына үңілу барысында көрсетеді.
«Хақиқат мекен» атты төртінші кітапта алдыңғы кітаптардағы тарыс желісі жалғасын тауып, Абай айналасына жақын келетін Саққұлақ шешен, Мұса мырза, Долгополовтар оқиға ортасына шығады. Мұса Шорманов Абайдай алыпты қапысыз тереңнен таниды: «Адамның сырттаны, алтын тақта туған қас падиша осындай-ақ болар» деп ойлады Мұса мырза жон-арқасы әлдеқалай тітірей түсіп отырып» [18,464]. Даланың ойшылына, ұлдың мақтанышына айналған Абайды толғандыратын – қалың қазақтың тағдыры. Әбдірахман, Мағауия сияқты ұлдары, Шәкерімдей інісі, Қиясбайдай жақыны, барлық ақын шәкірттері Абай айналасына шоғырланып, ақындық өнерге ден қойғандығы суреттеулермен, мәнді оқиғалармен көрсетілген. Абай жанын күңіренткен үлкен қайғы – Оспан өлімі туралы кітаптың соңында айтылады. Төртінші кітап«Абайды қарақұстан ұрғандай қансырата есеңгіретіп кеткен тұңғыш ауыр соққының басы, тағдырдан оған келер зұлымдықтың алды да осы болғалы тұр» [18,282] деген жолдармен тәмамдалады. «Нұрсипат» аталатын бесінші кітап сол Оспан қазасының артымен басталады. Қазамен басталған бұл роман қазамен тәмамдалады. Оспан қазасы, Әбіш қазасы, Мағауия қазасы – осының бәрі жиылып келіп Абайдай алыпты жығады. Өз қасіреті аздай Сыман Бегімбетов дегеннің Абайды елді зар қақсатқан алпауыт етіп көрсетіп, арыз жазуы, Мағауия қазасымен қабат Абай басына төнген ауыр хал роман оқиғасының шарықтау шегі десе де болады. Туған-туыстың ортасында, Тәкежан ағаның, Шәкерім інінің алдында Абайдай алып бәйтерек құлайды. Абай арманын жалғастыратын тұлғалардың тарих сахнасына шығуы – ұлттық рухтың өлмейтіндігінің, өшпейтіндігінің белгісі тәрізді. «Ертеңінде күн жарқырап қайта шықты. Аспанда бір орнында тапжылмай қанат қағып, бозторғай шырылдады.. Ол:
- Уа, дариға, дүниеге Абай келді! – деп, әуелете жар салды» [18,743]. Роман-хамса осындай жолдармен аяқталады. Бұл шешімде М.Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясымен идеялық үндестік бар [23]. Жазушы Абайдай ұлы тұлғаның мәңгі өлмес рухын осындай бейнелеу тәсілімен көрсете білген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Суреткер М.Әуезов Абайдың бала шағынан қайтыс болған уақытына дейін бастан кешкенін қилы-қилы жағдайда көрсетіп, оның адамгершілік характерінің, әлеуметтік көзқарасының, ақындық талантының қалай дамып, қалай қалыптасқанын дәлелдеп, Абайды типтік бейнеге көтерген еді. Сонымен «Абай жолы» роман-эпопеясында психологизмнің шебер үлгісін жасап, әлем әдебиетінің қымбат қазынасына үлкен үлес қосты. Қазақ халқын күллі әлемге танытты. Осындай ұлы туындыдан кейін Абай тақырыбына қалам тарту кез келген суреткерден үлкен жауапкершілікті, айрықша дарын қуатын талап етеніні белгілі. Қазақ әдебиетіне 60 жылдары қадам басып, өзінің шығармашылық ғұмырында оннан астам роман жазған Р.Тоқтаров мұндай аса жауапты мәселеге қаймықпай барды. Ұлтының ұлы тұлғасы Абай туралы ұлы суректер М.Әуезовтен кейін бес кітаптан тұратын кесек роман жазу – Р.Тоқтаровтың әдебиетке деген ерекше ықыласынан, әсіресе Абайға деген сүйіспеншілігі мен М.Әуезовтей аға қаламгерге деген ілтипатынан туындады десек те болар. Абай әлемі – шексіз әлем. Оның күллі болмысын таныту үшін қаншама зерттеу еңбектері, қаншама көркем дүниелер жазылды. Жалпы, Абай туралы жазылған көркем дүниелердің бастауында ұлы туынды болып, «Абай жолы» роман-эпопеясы тұрса, бұдан кейін кемеңгер ақынның кейбір қырларына тереңдей үңілген «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасын атауымызға болады. Сондай-ақ, талантты ақындарымыздың бірі И.Оразбеков «Мен ішпеген у бар ма?» атты драмалық поэма жазып, ақыннның жан күйзелісін, заманына сыймаған қасіретті халін бейнеледі. Абай – ұлт тарихынан алар ерекше орны бар, күллі әдебиетімізді биік деңгейге көтерген мәңгілік өмір иесі. «Жай адамның өмір тірлігін біздің халық мүшелмен санайтын. Оның мүшелі он екі жыл еді. Ақындықтың Әбілхаят суын ішкен, өлімді жеңген, мәңгі тірлік тапқанАбайдай дана, даңғыл ақын тарихтағы өз мүшелін жүз жылдан қайырмақ. Алтайдан Алатауға аттап түсерлік ертегі тұлпардай сайлардан, сахаралардан ғана аттап өтпей, замандардың да талайынан аттап өте бермек. Өзінің қадір білмес ғасырынан бізге жеткенде, Абай солай жетіп отырған жоқ па? Өміріндегі қам-қайғысын халқының бағытына бағыстаған барлық дана ақынның өзіне өзі жазған «тағдыры» сол»[24,268] – деген М.Әуезов сөзі Абай тұлғасының қазақ халқы үшін қаншалықты қымбат екенін аңғарта түскендей. Осындай ұлы тұлғаға арналып қанша зерттеу, қанша көркем туынды жазылса да артық емес. Осы тұрғыдан келгенде Абай өмірін, Абай өмір сүрген ортаны бес кітаптан тұратын романға арқау етіп алған Р.Тоқтаров еңбегін жоғары бағалаймыз. Роман-хамсадағы кейіпкерлер жүйесі, тарихи тұлғалардың мүсінделуі, Абай характерінің сомдалуы, романның тілі мен бейнелілігі, жаңалық сипаты тұтастай алғанда үлкен бір зерттеуге жүк болмақ. Әдебиеттанушы ғалымдар мен сыншылар өз пікірлерінде айтқандай, бұ роман-хамса - әдебиетімізге келген үлкен олжа. Жоғарыда айтқанымыздай, «Абайдың жұмбағы» - өз алдына жекелей алып, зерделей зерттеуді қажет ететін туынды.
Информация о работе Жарасқан әбдірашев поэзиясының көркемдік қырлары