Жарасқан әбдірашев поэзиясының көркемдік қырлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:17, дипломная работа

Описание работы

Жарасқан Әбдірашев – қазақ поэзиясынан алар өзіндік орны бар көрнекті ақын. Ол ХХ ғасырдың 70-жылдарында әдебиет табалдырығын батыл аттап, көп ұзамай-ақ әдебиеттегі өз орнын бірден белгілеп алған болатын.
Жарасқан Әбдірашев – қазақ әдебиетіндегі әзіл-оспақ, эпиграмма жанрын тың өріске шығарып, жаңа биіктерге көтерген ақын. Оны кәсіби әдеби орта ғана емес, көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Жарасқан Әбдірашев туралы пікір айтқан ғалымдар мен сыншылар, ақындар мен жазушылар оның қазақ әдебиетінде жаңа бетбұрыс әкелгендігін, арғы-бергі қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінен терең үйренгендігін, өзінің ақындық әлемін ашу арқылы әдеби құбылысқа айналғандығын ашық айтады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................3

І ТАРАУ
Р.ТОҚТАРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ........................................6
ІІ ТАРАУ
«АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ» РОМАНЫ
2.1. Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі...........................23
2.2. Романдағы мінез бен тартыс.......................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................49

Работа содержит 1 файл

Копия Рамазан Токтаров-диплом.doc

— 221.00 Кб (Скачать)

Р.Тоқтаров  М.Әуезов мүсіндеген дәуірдің мекен  шақ жағынан ілгеріге тартатын құпия кезеңдеріне үңіле қарайды. Оның философиялық-психологиялық пайымдамасын қаперге алсақ, Құнанбайдың тарих сахнасына шығуына Абылайхан әулетінің, Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт азаттық қозғалысының елеулі ықпалы бар. Арқададан ауып, көрші қырғыздардың қолынан мерт болатын Кенесары астыртын аманат етіп жіберетін түріктің буыншық туы ендігі қазақ көшінің көсемі Құнанбай тәрізді ер азамат болуға тиістігін жорамалдайды.  Кенесарының басқа сенетін адамы да  қалмаған. Қиын қыстауда орыс патшалығының әміріне құлай беріліп, даланың соңғы ханын тұзаққа түсіруден бойын аулақ салған Ырғызбай ұрпағының кісілігін сұлтан ұмытпайды.

 Жазушы осы  сәтте өзіне тән психологиялық реализміне тағы салмақ артады. Құнанбай тарихи аманаттан қорықпайды. Алайда, ұзақ жылдар бойы қас дұшпанын ғана құртып, ұлт намысын аспандатқанымен, маңайын қыспақта ұстайтын әрі ақылды, әрі шалт мінезді хан Кененің тау асып кеткеніне іштей қуанады да. Кенесары-Наурызбайдан зардап шеккен Ресей отаршыларының  шаттығында шек жоқ. Үш ғасырға жуық қол астында болған Шыңғыс хан ұрпақтарынан даладағы билікті қолына алып, оның басқаруға неғұрлым икемді жаңа рубасыларына беру – орыс отаршыларының бірден-бір мақсаты еді. М.Әуезов алғашқы мақалаларында дәл аңғарғандай, бұрынғы ұлттық мемлекет жүйесіне балта шабу – патша әкімдерінің көкейін тескен шешім. Р.Тоқтаров  атышулы  Қодар – Қамқа оқиғасына қатысты масқара үкімнің арғы себеп-салдарын ашуға ұмтылады. Қодардың елден жырақ отыруының бір себебі -  Кенесары сарбаздарының қатарында болуы. Ақмоншақ атқа қатысты Наурызбай зорлығына қарсылығы – оның бүлікшілер жасағынан кетуіне себеп. Алдын-ала шөп маялауы да өзгеше  үрдіс. Бірақ Құнанбай наразылығын оятатын қылық.  Баласының аты Құтжан емес, Көгедей. Келіні Қамқа емес, Қамария аталады. Басқа да кеіпкерлер қосылған. Жансыз Саркөк, Аташ арқылы Құнанбай ғана емес, Қодармен де халық көтерілісінің астыртын байланысы үзілмеген. Әрине, патша қол астындағылардың ереуіл қаупінен бой тартады. Бұл оқиға өз алдына  жеке баян боларлық дәреже. Қодар айыпты емес. Алайда тағдыр талқысына ұшыраған  осы пенделердің қатал жазаға ұшырауына  А.Янушкеичпен бірге  ел аралап, Құнанбаймен ұзақ  кеңескен  В.Ивашкевичтің теріс ақылы  әсер етеді. Ол дала шонжарына ірі тұлға болудың  жолы қаталдық екенін нұсқаған.  Мысалға алатыны: Шыңғыс хан, Кенесары. Билеуші шет жұрттықтарға бұл керек. Ал  осы шешім  кейін  Шоқан-Достоевский-Врангель диалогтарында  қазақ оқымыстысы тарапынан қолдау таппайды. Врангель тіпті Иван Грозный  өмірінен мысал келтіріп,  жорамал күнәні  қылмыс санаудан аулақ. Ислам дәстүрін  ұстанған қыр халқының ұлттық діліне сай ар-ождан тазалығын  мұрат тұту салтын Р.Тоқтаров мансұқ етпейді.

Шығармада Шыңғыс сұлтан, Шоқан Уәлиханов, Тәттімбет, Алшынбай, Гасфорт, князь Долгоруков, Ә.Бөкейханов  тәрізді тұлғалар төңірегінде тарихи шындықпен табиғи астасып жататын нанымды көріністер орын алған. Роман композициясындағы әртүрлі фабула тарамдарын түуйістіретін ортақ арна – Абай. Жазушы ұлы кемеңгердің жарық дүниеге келер шағынан бұл фәниден өтер сәтіне дейінгі аралықтағы өмірін қамтыған. Ұлы Абай айналасынан көз салады. Автор ХІХ ғасырдағы Қазақстан-Ресей кеңістегіндегі айтулы құбылыстардың бәрін дерлік ой-сана  сарасынан өткізеді. Тіпті әрідегі Абылайханның Ботаханға байланысты ауыр жазасының өзі жаңаша әлеуметтік-ізгіліктілік құндылықтар өлшемі бойынша пайымдалады.

Александрға дейінгі  Николай патша Гасфортқа дала зиялыларын құрту үшін Каирде мәмлік басшыларын қапыда мерт қылған Мұхамед Әли жазасын қолдануға ұсынса, жаны қысылған Гасфортты да, қыр әкімдерін де қанды қасаптан Николай Павловичтің өлімі құтқарды. Ал Шыңғыс төре Петербордан оралған  Шоқан мен Гасфортқа  суық хабарды естірте тұрып, көзіне жас алды. Парадокс. Әрине, мемлекеттік құпия жария етілмейді. Кіші-гірім ұлыстарға қатысты отаршыл үкіметтің көзқарасы астарлы ораммен үнсіз сипатталады.

Роман экспозициясында  Кене хан інісі Науанмен арқадан  ауғалы отырып, жеке сырласқанда өздеріндегі  қол күшінен ой күшітілігінің артықшылығын мойындайды. Әлеуметтік мекеншақ өзгерген. Жаужүрек Кенесары Наурызбай екеуіне ой батырлығы жетіспегеніне қамығады. Білім тапшылығын сезеді. Келер ұрпақтан тура мағынасындағы даналық күтеді. Осылайша Шоқан мен Абай тұлғалары тарих сахнасына ғасырлар толғағынан соң көтеріледі. Символдық мәні бар сөздер шығармадағы кең салалы негізгі ұлттық идея нақыштарын сенімді психологиялық ахуал барысында өрнектейді.

Р.Тоқтаровтың  «Абайдың жұмбағы» романы өзіміз сипаттап отырған қырларымен-ақ  туған әдебиетіміздің үлкен олжасы болып  саналады. Бес кітаптан тұратын туынды ұлы ақын болмысының терең сырларын, ол өмір сүрген заманның шындығын кең көлемде бейнелей алған. Жалпы көлемі елу  баспа табаққа таяу бұл кесек шығарманың төл әдебиетіміз үшін тың үрдіс саналатын өзгеше болмысына осынау тосын  айдардың өзі-ақ айғақ  болғандай естіген құлақты елең  еткізіп, көрген көзді бірден баурап  әкеткені заңды еді. Өйткені, бұл өзге  емес, Абай туралы жазылып отырған туынды.

Осы орайда оқырман  тарапынан  орынды сұрақ туатыны да белгілі екенін жоғарыда да айтқанбыз. «Бұл тақырыпта жазылған  Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі эпопеясы бар емес пе? Ақынның бүкіл өмірі мен шығармашылық жолын түгел қамтитын қайталанбас ескерткіш сол емес пе еді?  Тек Әуезовке ғана тән шеберлікпен  сомдалған Абай бейнесі  эпопеяның кейіпкерін де, авторын да бүкіл жер жүзіне аян етіп еді ғой. Ендеше бұл қандай қосарлану? Р.Тоқтаров Абай тұлғасын Әуезов деңгейінде таныта ала ма?»

Осындай сұрақтың  көлденең тартыларын алдын-ала ескерген автор уәжі мынадай: «Дүниеде Бальзак туралы (Шекспирді айтпағанда) 200 роман  жарық көрген екен. Біздің өзіміздің  қолымызға Стефан Цвейгтің,  Андре Моруа мен Натан Рыбактың  үш бірдей туындысы тиді. Жарайды, ол Еуропа қаламгерлерінің  еркелігі  дейік,  бізге де алтын шыққан жерді белден қазу терістік етер ме еді?  Абай – жекелеген  таланттың ғана емес,  ғасырлардың, мәңгіліктің меншігі.  Әрбір дәстүр, заман талабы, оның  ғарышты кезген өз уақытының мерейі  үстем Абайын сомдай береріне шүбә келтіріп болмас»[18,5].

Хамсаның прологында осылай  делінген. Деуін десе де, автор  Әуезовтің  абырой-атағына  адал, оның  ізашар тұңғыштық тұғырына,  ұстаздық мәртебесіне мейлінше пейіл.  Әуезовпен  әлдеқалай жарыспақ,  онымен бәсеке таластырмақ, немесе оның  әлдеқалай  бір олқылығын  толтырмақ ниетінен  мүлде аулақ. Әуезовке түзету жасамақ әрекетінің  қандайы да күпірлік болатынын ол  өзіне иландай  берік ұстанған.

Иә, Әуезовке түзету жүрмейді. Ол өзінің ойға алған жұмысын  мінсіз  тындырып, қапысыз аяқтап кетті.  Бірақ Абай өмірінің эпопеяда  қамтылған оқиғалардың тысқары қалған  бос кеңістігі де баршылық екеніне  ешкімнің таласы болмаса керек. Оған көз жеткізу үшін алдымен эпопея  жазылған заманды, күні кешегі идеологиялық өктемдік тұсындағы қатаң талаптарды еске түсіріп өтудің өзі  де жеткілікті. Өзгені былай қойғанда, таптық көзқарас дейтіннің тар шеңберінен туындаған шектеушілік қаншама еді?!

Мәселен,  Абайдың  өз басының, шығармашылық мұрасының  халықтық мәнін суреттеу үшін оның ілгері  замандағы, кеңестік кезеңнің өз тілімен айтқанда, сонау патриархалдық-феодалдық құрылыс тұсындағы би болған,  ру басы болған  бабаларын қайтіп еске алу керек еді?  Олар  тұрмақ, ақынның  өз тұсында  мыңды айдап, бір жағы бай-бағланның санатында болған,  енді бір жағы аға  сұлтан сайланып, патшалықтың қызметінде жүрген өз әкесі Құнанбаймен екі арасында қандай елдік болуы мүмкін еді?

Баласы Әбдірахман қайтыс болғанда жазған топтама өлеңдерінің  алғашқысын Абай: «Арғы атасы қажы еді, бейіштен  татқан  шәрбатты»  деп бастайды да, одан әрі әкесінің өнері  жұрттан асқанын, өзі мейлінше  ақылгөй,  адал да әділ мейлінше  мейірбан, қайырымды болған  жақсы мінездерін санамалап айтады. Егер Әуезов өз шығармасында  Құнанбайдың осындай жағымды  мінездерінің біреуін ғана көрсетсе немесе әке мен бала  арасындағы  табиғи туысқандық қатынастан сәл  ғана  жылылық танытқан болса,  онда Абай да, Әуезов те,  эпопея да  коммунистік идеологияның  талабына сай келмей қалатын еді. Олардың бірде-біреуі дәл өз тұсындағыдай  орасан зор атақ-даңққа ие  бола алмайтын еді.  Тарихи шындыққа  қиянат жасамай, осындай шырғалаңнан жол тауып шыққан Әуезовтің даналығына ден қойып, ұлы Абайдың рухын асқақтата алғаны үшін мың мәртебе алғыс айтсақ артық емес.

Осы тұрғыда  келгенде Р.Тоқтаровтың Абай тақырыбына барып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық  жолынан роман-хамса деген айдармен кең тынысты кесек туынды бергені барынша құптай қарсы алуға әбден тұрарлық іс. Және де осындай ұлан-ғайыр еңбектің соншалықты жоғары көркемдік дәрежеде шыққанын бүкіл әдебиетіміздің бүгінгі зор мерейі деп қабыл алғанымыз жөн.

Енді сол  туындының арқалаған жүгі қандай, оның көркемдік ой-қиялы мен түйін-шешімі қалай  өріліп, қай биіктен көріне алған - әдебиет сүйер қауымның назар  аударары осы мәселе болмақ. Жоғарыда айтқанымыздай, бес кітаптан тұратын  роман-хамсаның әрбір кітабы - өз алдына бір ұзақ хикая, бас-аяғы дөңгеленген тұтас бір әлем, жеке жылғалары арғы замандардан бастау алып келіп, бүгінгі кемерін керней жатқан бір-бір дария тәрізді кең тынысты өмір айдыны. Ондағы тіршілік  еткен әртүрлі қимыл-әрекет иесі адамдар нөпірінің бірқатары бізге М.Әуезов эпопеясы және  басқа дерек көздері арқылы бұрыннан таныс адамдар, ал бірқатарын еміс-еміс  естігеніміз болмаса, даралық өмір өрісін, бітім-болмысын өзіміз-ақ анық біле бермейтін бейтаныс таныстар. Әрқайсысындағы  негізгі  оқиға ұйытқысы болған басты кейіпкерлер кітап тақырыбынан кейін жақша ішінде көрсетілген.

Солардың бәрін  бір-бірімен жалғастырып, тұтас  бір көркемдік әлеміне біріктіріп тұрған ортақ өзек - жарық дүниеге келер сәтінен, келген күнінен бастап бақилыққа дейінгі алпыс жылға тақау уақыт желісіне  тартылған Абай өмірі. Атақ-даңқтары  қазақ сахарасына кеңінен тараған  небір тарихи тұлғалар, ел бастаған  шешендер өмір сахнасынан осы есімге байланысты көрініс беріп, тағдыр-талайлары осы төңіректе тоғысып жатады.

 

2.2. Романдағы мінез бен тартыс

«Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы  кесек тұлғалар мінезі өзіне тән ерекшелікпен, өрнекпен ашылған. «Толғақ» атты бірінші кітаптың басты кейіпкерлері – Кенесары, Құнанбай және Қодар. Тарихи тұлға ретінде  де, әдеби кейіпкер ретінде де таныс бұл адамдар бір-біріне ұқсамайтын жандар. Жазушы осы үш тұлғаның арасына бір-бірін байланыстыратын  желі тартады. Орталарында Құнанбай, екі жағында Кенесары мен Қодар тұр.

Кенесары бейнесін эпизодтық сипаты бар бейне деп  таныған әдебиетшілер пікіріне [20,3[ біз де қосыламыз. Негізінен Құнанбай болмысын ашу үшін енгізілген өткінші көріністің  өзінде Кенесарыдай қайсар да күрделі мінезді тұлғаның түр-сипаты анық танылады. Кітаптың алғашқы бетін ашқаннан-ақ маңдайшасына алтын ай орнатқан жібек шатырдың аузында, биік тақ үстінде нығыз отырған ханды көреміз. Қасында – Ағыбай батыр мен інісі Наурызбай. Автор суреттеуінде бұл былайша беріледі: «Алау жарығында қызылшырайлы өңі алтынның буына ұстағандай жылтырай балқып, құндыз жиекті көк бөркінің  астынан білінген торсық шекесі жарқырап, шаршағандық белгісі ме, қимылсыз қадала қарайтын сәл қысыңқылау отты көздері ара-тұра жұмылып кетіп қояды.  Шатыр етегін ала жайылған қырмызы түкті түрікпен кілемнің үстінде қол бастайтын көсемі, атан түйе бітімді Ағыбай батыр мен  құлағынан аса жығылатын айдары жалт-жұлт еткен меруерт моншақпен өрілген Наурызбай інісі жайғасып, орын алыпты»  [ 18,11]. Романдағы тартыс осы бастамадан-ақ аңғарылып тұрғандай. Өйткені, хан ашулы. Ашуының себебі де терең. Түп атасы аспаннан түскендей билік үшін жаратылған әулеттің әйгілі өкіліне лайық  мінез-машық пен бітім-болмыстың нышандары. Оның ерлігі мен  өрлігі де, ақсүйек төрелігі мен қаһарлы хандығы да осы екі суреттен айқын танылады. Бірақ тұтас бір халықтың ұлттық мүддесін жоқтап, оның отаршылдыққа қарсы азаттық күресті бастап шығу үшін жаңағы белгілер аздық  етер еді.  Ол үшін сол халықпен тұтастық керек. Автор бұл жағын да ескерген. Ұзақ айқаста шалдығып, алды-арты бірдей торланғаннан кейін амалсыз арқадан ауып бара жатқандағы есті қолбасшының қоштасар сөзі мынадай: « - Уа, кір жуып,  кіндік кескен туған елім! Сарыарқа сары белім! Абылай атам ту тіккен, кең жазира қоныс болған алтын босағам... Керме иықтым кеңестен, Керторы атым жүрістен қалып барады. Жасаған жаудан емес, жағадан алған өз иттерімнен жеңіліп,  мен кетіп барамын. Қош-қош, енді айналып келгенше. Жеңсек – қазы, өлсек – шейітпіз. Шашылған күлің мен жапырылған шалғының кейінгі өсіп-өнетін ұрпағыма көрінсін. Боз інгенім ботасынан, боздауық бура жетесінен қалып бара жатса да, үйелменім  аман болсын. Абылайдай атағы жер жаратын ұл тусын Сарыарқамда. Сол бастасын халқымды шалқар ұл көшке. Есіңде сақта осы сөзімді, қайран елім-жұртым, қазағым! Мен келмеске кетпеспін біржола. Тірі болсам өзім, өлсем әруағым қайтып кеп оралар.Қош-қош енді!» [18,18].

Шыбын жаны мен  қасық қанын тәуекелге тігіп, от кешкен Кенесары осылай тебіренуге, «ұрпағым», « үйелменім», «халқым» деп  айтуға әбден хақылы еді. Азаттық үшін жанын шүберекке түйіп, намысын ту етіп көтерген Кенесарының асқақ бітімі әрбір әрекетінен, іштей толғанысынан да аңғарылып отырады. Жазушы бұл кейіпкерінің болмысын ішкі монолог, сана ағымы тәсілдері арқылы да шебер өрнектеген: «Осы жолы да «артымнан ісімді қуар ер шықпай жүрер, ажалым сыртта жүргенде жетсін» деген асыл мұратын жүрек түкпіріне мықтап түйіп алған-ды»[18,19]. Роман басталуындағы тартыс – Кенесарының Арқадан ауа көшпекші болғаны, оның бұл әрекетіне жауынгер серіктерінің наразылығы.  Туған жер, қазақтың сайын даласы – Кенсарының қасиет тұтар, қанымен қорғар мекені. Ол даладан, сол елден Кене хан еріккеннен, кетіп бара жатқан жоқ. Заман ахуалы, жағдай соған әкеп тіреп тұр. Кейіпкер жан-дүниесіндегі тартыс оқиға ауқымына шығып, тұтастай драмалық сипат құраған. «Бүгінгі таңда әдебиетке қойылатын биік талаптардың бірі – драматизм»[21,142] деген академик Р.Нұрғали тұжырымын ескерсек, жазушы Р.Тоқтаров романында бұл драмалық сипат кейіпкерлер болмысын терең танытып, замана шындығын ашуда негізгі өзекке айналған. Кенесары жанының драмасы – жалпы сол өмір сүрген дәуірдің, күллі халықтың басындағы драма еді.  Әдебиеттің негізгі предметі – адам екенін ескерсек, тарихи оқиға арқылы таныс болған тарихи тұлға – тарихи романдардың басты нысаны. «70-80 жылдардағы қазақ жазушылары жеке тұлғаны өз шеңберінде бейнелейді, бірақ, адамзаттық мәселелер деңгейінде қарастырғанда адам және уақыт, адам және нақты жағдайлар деген ұстанымды да көздейді» [22, 332] деп жазады әдебиеттанушы А.Ісмақова. Осы кезеңде шығармашылық қызмет еткен Р.Тоқтаров та кесек болмысты кейіпкерін уақыт пен нақты жағдай аясында көрсетіп, бейнелейді. Тобықтының атқа мінер азаматы атанып, патшалықтың ресми қызметіне ілінген кезде Құнанбай үкімет орындарының тапсыруымен қол жинап,  Кенесары жасағының ізіне түсіпті деген бір қауесет бар. Тіпті қуып жетуге жақын да қалса керек. Сонда қуыр жетіп, ұрымтал жерден ұрыс салса, кім біледі, жазатайым болып, Кенесарының мерт кетуі де мүмкін ғой.

Бірақ Құнанбай орта жолда қуғыншылықты кілт тоқтатып, кері қайтады. Тағы бір жолы осы бір  кітапта айтылғандай, Кенесары қолының бір әлсіреген тұсында патша әскерлері үстерінен түседі. Қаннен қаперсіз  намаз оқып отырған ханды орыс офицері қарауылға алып, жайратқалы отырғанда, Құнанбай мылтықтың ұңғысына жармасып, аттырмай қояды.  Мұсалман діні, қазақ дәстүрі бойынша намаз үстіндегі кісіні атуға болмайды деген дәлел айтады. Сөйтіп Кенекең бір ажалдан аман қалады.

Бірінші кітапта  Құнанбай бейнесін,  әсіресе, Құнанбай-Қодар  ара қатынасын аша түсу үшін едәуір орын берілген. Бірақ тараудың негізгі пафосы бұл емес. Негізгі пафос – дананың  тууы, ақыл-ой алыбының дүниеге келуі. Ол зарығып күткен заманның,  тарығып жеткен тарихтың, сарғайып барып көргелі тұрған сайын сахараның тілегі. Кітап атының «Толғақ» аталуы кезекті перзентін жарық дүниеге әкелер алдындағы үш күн, үш түн бебеу қаққан жас ананың ғанса емес, өзінің бір туар данышпанын, дарын иесі сүйікті Абайы күткен Даланың да толғағын мегзейтін.

Информация о работе Жарасқан әбдірашев поэзиясының көркемдік қырлары