Жарасқан әбдірашев поэзиясының көркемдік қырлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:17, дипломная работа

Описание работы

Жарасқан Әбдірашев – қазақ поэзиясынан алар өзіндік орны бар көрнекті ақын. Ол ХХ ғасырдың 70-жылдарында әдебиет табалдырығын батыл аттап, көп ұзамай-ақ әдебиеттегі өз орнын бірден белгілеп алған болатын.
Жарасқан Әбдірашев – қазақ әдебиетіндегі әзіл-оспақ, эпиграмма жанрын тың өріске шығарып, жаңа биіктерге көтерген ақын. Оны кәсіби әдеби орта ғана емес, көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Жарасқан Әбдірашев туралы пікір айтқан ғалымдар мен сыншылар, ақындар мен жазушылар оның қазақ әдебиетінде жаңа бетбұрыс әкелгендігін, арғы-бергі қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінен терең үйренгендігін, өзінің ақындық әлемін ашу арқылы әдеби құбылысқа айналғандығын ашық айтады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................3

І ТАРАУ
Р.ТОҚТАРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ........................................6
ІІ ТАРАУ
«АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ» РОМАНЫ
2.1. Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі...........................23
2.2. Романдағы мінез бен тартыс.......................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................49

Работа содержит 1 файл

Копия Рамазан Токтаров-диплом.doc

— 221.00 Кб (Скачать)

Бұл  роман қала өміріне, анығырақ айтсақ,  бүгінгі қала зиялыларының тұрмыс-тіршілігіне арналған. Қала жазушыларын өмірді білмейді, бәрі орталық қала Алматыда топтасқан, қырда, өз кейіпкерлерінің ортасында тұрып,  солардың тынысымен тыныстауды ойламайды деп жазғырушылар  көп-ақ.  Шынында, қазақ жазушыларының  дені қалада тұрады. Бұл жағдайдың,  әрине, біздегі кітап баспасы жұмысын ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетімсіздіктерге байланысты екені дау туғызбайды.

 Сөйте тұра, жазушыларымыз түгелге жуық қала  тұрғыны десек те, қала өмірі жайлы ауыз толтырып айтарлық қомақты шығармалар дүниеге келді ме? Әй, қайдам, келмеген сияқты. Шағын әңгіме, повестер  баршылық, бірақ олардың қазақ әдебиетінің табысы деп айтарлықтай көп ешқайсысын  бөліп ала алмаймыз.

Кітаптың алғашқы бетінен қайнаған қала өмірінің  ұңғыл-шұңғылына күмп береміз.  Міне, Гүлжазира атты әйел өз үйінен өзі орын таппағандай қатты  мазасыздыққа ұшырайды.  Бұлардікіне  қарама-қарсы орналасқан екінші үйдің жетінші қабатындағы  бір терезеден біреудің тұлғасын, қимыл-қозғалысын байқаған сайын жүрегі  алабұртып,  өзін қоярға жер таппайды.  Мәселе сыры бара-бара ашылады. Гүлжазира қаладағы екі көзі бірдей зағип болып қалған  Ұлысбек деген археолог ғалымның  әйелі екен. Ұлысбектің көзіне енді-енді  қаланың ең бір білімді дәрігері операция жасамақшы.  Міне, осы операция  қарсаңындағы  аз ғана күн өзі ғалым,  өзі тым сезімтал  Ұлысбек үшін өте бір ауыр жағдайда өтеді.  Енді қайтсін?  Екі көзге бірдей пышақ тигізу оңай  ма, Ұлысбек жазатайым о дүниелік  болып кетуі де мүмкін, тағдыр  одан сәл жеңіліне  салса, көрсоқырлық мұның маңдайына біржола  байлануы да ғажап емес. Ал ең жақсысы екі көздің шырадай жанып, бұрынғы қалпына  келуі ғой. Бірақ, тағдыр  тауқыметін көп тартқан Ұлысбек одан көп  үміттенбейді де. Себебі, Ұлысбектің  өз топшылауынша, айнала дүниенің бәрі оған  қарсы қара мылтығын кезеп тұрғандай.  Бұл Ұлысбектің әсерленгіш табиғатына,  ғылым адамы ретінде өз қиялынан  туған ауру адамға  тән елестер емес.   Нақты өмірдің өзі ащы дәмін күнде бір татқызып, бұның ішкі дүниесін  сондай бір қараңғылыққа қарай ыңғайлай береді. Бірақ, бұған қарап Ұлысбекті орыс және  басқа да шетелдік классикалық әдебиеттерде көп кездесетін ой азабын шегуші  сарыуайымшыл  кейіпкерлердің қатарына жатқыза алмайсың.  Ұлысбектің көңіл көзі ашық,  сөзі жарқын,  қазіргі халі  соншама мүшкіл дегенмен, бұл ғарып жанға  мүлде ұқсамайды. Мұны өз әйелі Гүлжазирамен  базыналасқан әңгімелері үстінде  анық байқаймыз.

«- Сен ғой,  археолог боламын деп адамның  ойында жоқты шығарып жүрген.  Әйтпесе, бәрі туған жерге жете ме? Керекуге барған сайын бір жасап қаласың. Ауасы қандай, шіркін!  Жұтсаң тоймайсың.

- Ол күндерді мен де сағындым.  Жастығын, өткенін сағынбайтын кім бар? – деді  Ұлысбек әйелінің  басын иығына өзі сүйеп отырып. – Бірақ өткен қайтып келмейді.  Қайтып келсе шошынып қашар едім.

-   Неге?

  - Өткен келмейді. Өткен келсе, өлген де бірге  тірілер еді ғой.  Оны ойлағанда  – талай өкініш, реніштер, тізе  ауыртқан  сүріністер болды.  Соның  бәрін қайта  бастан кешіру  оңай ма екен? – Ұлысбек әйелінің көңірсіген шашына иіскеді. -  Майданда ғана қан төкпейді адам.  Өмірдің өзі – қантөгіс.  Ашу, қайрат, еңбек, махаббат  - бәрі де ет жүректен ақтарылған қанның күшімен жүзеге асады. Бастағы ми, бүкіл  тіршілік  қанмен азықтанады.

- «Қаны  бұзылған» дейді. Ол не сөз?

- Ә, міне жақсы  айттың, – деді Ұлысбек серпіле отырып. – «Ішкен-жеген бұйырған»   дегенді  місе  тұтатын адамдар  болады.  Харам тірлік қой ол.  Кісі өлтіретіндер солардан шығады.  Сенің Мүкібайыңды... – Гүлжазира иығына сүйеп отырған басын тартып алды. – Кешір,  кешір! Ол жүгірмекті  аздырған осы, қарын   мұңын ғана ойлайтыны» [16,479]. Гүлжазира демекші, ол Ұлысбек үшін  үлкен жаманаттың, тіпті қасіреттің қайнар  көзіне айналған.  Ұлысбек ғылым адамы,  бүкіл өмірін соған арнамақ пиғылы о бастан  әйгілі, күнделікті  «дүние-әуи» тірліктегі  кедергілерді  мұның да жеңуі  керек.  Жеңе  алмаса оның өзі құрдымға кетіп жоқ  болады. 

Міне, осындай  жағдайда Ұлысбектің  сезгірлігі, байсалдылығы адамның жағасын  ұстатарлықтай.  Соған қатысты беттерді  оқығанда кітап мазмұны өзінің ішкі қойнауына қарай оқушыны еріксіз тартып  әкетеді-ақ.  Ал, Гүлжазира не қылығымен зағип  күйеуіне кезмайыс келіп жүр? Романның  алғашқы беттерінде бұл әйелдің қарсы  үйдің жетінші қабатындағы бір пәтердің  терезесінен көрген адамы осы Мүлкібай еді.

Ия, Мүлкібай! Бұл -  осынау үлкен шығарманың  төрт құбыласының  бірі іспеттес,  барынша  толымды  шыққан орталық кейіпкер.  Бұл Ұлысбеккке де, оның  әйелі Гүлжазираға да бала кезінен таныс Мүлкібай. Бүгінде   үлкен мекеменің бастығы,  жалғанды жалпағынан басып жүрген заман  еркесі,  әйел біткеннің көзінің құрты, көңілінің дерті, ішкі дүниесі де біршама бай, оқығаны мен тоқығаны көп күрделі жан. Жаңағы  Гүлжазира  да осы  Мүлкібайдың шылауында  жүрген адам.  Жай жүрген жоқ, ең алдымен оның нақсүйері, сосын анау-мынау  тапсырмасын орындаушы. Қарсы үйдің терезесінен осы Мүлкібайдың сұлбасын көргенде жаны шығып  кете жаздайды. Ертең ғана  өзінің жар  қосағының көзіне өте ауыр операция  жасалатынын бұл ойлап та жүрген жоқ.   Жай ғана, ойлап жүрген сыңай білдіреді. «Ертең  әкенің  көзіне пышақ тиеді»  деп  қызы   Құралайға ескерткен болады. Бірақ Гүлжазираның шын есіл-дерті  басқада,  атап айтқанда, сол Мүлкібайда, осы тойымсыз  еркектің кейінгі жорықтарында.

Ең жаманы - әйелінің осы жағдайын  бар мен жоқтың арасында жүрген соқыр Ұлысбек те біледі. Онысын Гүлжазира екеуара әңгіме  үстінде ашық айтады да. Бала кезінде әке-шешесі  берген кәмпитті ышқырына  тығып жасырып жеп жүретін Мүлкібайдан бүгінде ештемені жасырмай-ақ қарпитын  үлкен алпауыт шығыпты.

Міне, осы жағын (жоғарыда  келтірілген шағын үзіндіден де көрінген шығар)  Ұлысбек  әйеліне қатты ескертеді. Осы тұста Ұлысбекті оқырман ең  бір мүсәпір жан екен  деп ойлап қалуы мүмкін. Жазушы өзінің  осы кейіпкерінің  ішкі табиғаты мен мүмкіндіктерін, адамдық деңгейін, психологиялық терең иірімдерін бірте-бірте ашады.

Ең алдымен  Мүлкібайдың өзіне келейік. Романда Бернияз  атты тағы бір басты тұлға бар. Алғашқыда оқырман осы Бернияздың да адамдық жаратылысына қарны ашқандай әсерде қалады.  Тек оқиға барысында ғана мәселе сыры анықталады.  Жалпы, Рамазан Тоқтаровтың бұл шығармасында  әдебиет теориясында кейіпкердің  эволюциялық дамуын қамтамасыз ету деп келетін  қатаң талапты мұқият орындап шыққанын  мойындамасқа амал жоқ. Міне, осы  Бернияз да қанымен, жанымен, бүкіл тағдырымен  жаңағы Мүлкібайға қатысы бар,  бейнені  өзімен бірге толықтыра түсетін жан деп айта аламыз. Мысалы, Бернияз да аса зор интеллект иесі, өзі психолог-ғалым, тіпті өз басындағы тақсыретті де жете бағаламай жүрген адам.  Ал, мұны Мүлкібаймен байланыстыратын нәрсе сол – Мүлкібай осы  Бернияздың да әйелінің басын айналдырып, біржола меншіктеніп алған.

Осыларды тізбектесек, Ұлысбек пен  Бернияз барлық жағынан  тағдырлас сияқты.  Екеуі де ғалым, екеуінің де жанұя жағдайының көз қызығарлығы жоқ, екеуі де  әйел затынан зәбір-жала шеккендер,  әрі екеуі де нақтылы бір адам – Мүлкібай атты  барынша тойымсыз, зинақорлықтың құрбандығына айналғандар. Бұған қарап,  көлемді шығарманың  басынан аяғына дейін қатынасатын осы екі кейіпкерді оқушы шатыстырып алуы да ықтимал-ау дерсің.  Шынында, олай емес, ол екеуі қаншама тағдырлас болғанымен  ешкім  оларды шатыстырмақ түгіл ұқсастыра да алмайды.  Міне, осыдан жазушы шеберлігі көрінбейді деп кім дауласар алар екен? Соншама тағдырлас  адамдардың әрқайсысын  соншама даралап  көрсету  үшін қаншама қабілет,  қаншама тәжірибе керек десеңші.

Алайда, Мүлкібайдың  лаңы мұнымен бітпейді. Романның оқиғасы  ширыққан сайын Мүлкібайдың ісі  де ширығады, оның өз басына қауіп төнген кездерде кесе-көлденеңдейді. Ол қауіптен құтылу үшін Мүлкібай дені сау адамның басына келмейтін әртүрлі айла-шарғыға барады.

Р.Тоқтаров суреттеген Мүлкібай  үлкен ортаның үлкен  «қаһарманы», үлкен мұхиттың түйені түгімен жұтатын ақ жайыны,  айдаһары десе де артық емес.

Міне, бұдан  әрі қарай роман оқиғасы тіптен ширығады.

Енді бірде  Әйкенжан мәселесімен шыр-пыр болып  жүрген, аздап қожанасырлығы бар,  момын да ақкөңіл, «Балалар мен жасөспірімдер  театрының»  актері Мақбоз осы  Әйкенжанмен, яғни оның әке-шешесімен  және әлгі Берниязбен бір подъезде тұратын тағы бір көрші азамат. Енді ол Әйкенжанды баласымен Бернияздың үйіне әкеп жасырып, ал Бернияздың өзінен масқара болған қыздың әке-шешесімен сөйлесуді өтінеді. Кемпір-шалға: «Бала мына Мақбоздан екен» деп айтуын, сөйтіп мінездері шадыр  кемпір-шалды тез саябырлатуға көмектесуін  сұрайды. Бірақ Берниязға баланың Мүлкібайдан екенін айтады. Бернияздың өз әйелі Фатиманы тартып алған Мүлкібайға ешқандай кекшілдігі жоқ, бірақ мына Мақбоз айтқан хабардан кейін оған деген  сұрапыл жиіркеніш сезімі оянады. Жазушы  шеберлігі сонда – Бернияз  басындағы  осы  жиіркеніш   сезімі кекшілдік емес екені ақ пен қара бояулардай  бір-бірінен оңай  ажыратарлықтай етіп берілген. Әрине, бұл қалам  ұстағандардың бәрінің бірдей қолынан келе бермейді.

Қысқасы, Бернияз  оқтаулы мылтық  алады да Мүлкібайдың  үйіне келеді. Бұрынғы өз әйелі, қазіргі  Мүлкібайдың әйелі – Фатиманың  көзінше Мүлкібайды атып салады. Бірақ  дәл атпайды, оқты бір құлағынан  тигізіп, үй ішінде қанын судай шашады.  Фатима ара түспегенде әрі осы Бернияздың  Фатимадан туған, өзі де әке болып үлгерген Аржан келіп қалмағанда Мүлкібайдың  жанын жаһаннамға  жіберіп те үлгеретін еді.

Міне, осы оқиғалар үстінде құлындағыдауысы құраққа  шығып, шырқыраған Мүлкібай, Фатима, жас  әке, жас дарын иесі Аржан, Бернияз бейнелері барынша айқындала түседі.

Алайда, Мүлкібайдың  аты – Мүлкібай, әйелі мен өгей баласының көзінше қаншама бейшаралыққа ұшырағанмен сүңгуір қайықтай бұл  шырғалаңнан да оп-оңай құтылып шығады. Жай құтылып қоймай, осы оқиғаның өзін өзі басын ақтау үшін де пайдаланып бағады.  Арада бірнеше күн өткенде ол Аржанды кафеге алып барып, балмұздақ  алдырып жеп отырғанда: «Сенің  жасыңда мен де дүниені аппақ, кір шалмаған күйінде  қабылдадым. Жақсы ғой жас дәурен!  Бірақ тым пірәдар, тақуа болу да жарамайды.  Ақ-қараны танымайтын кей ақымақ  дүниені сол өзі  қабылдаған қалпында  таза өткереді, одан не опа тапты, кәне? «Бір-ақ рет өмір  сүреміз» деген  шикі тоғышардың сөзін мен айтпай-ақ қояйын, әркім өз аспанын өзі  тоздырып, өз күнін өзі еңкейтіп өтуі керек жалғаннан»[16,281] -  деп небір солақай, бірақ жастың басын айналдыруға жарайтын қитұрқы пәлсапасын алға тартады. Бірақ, Аржан сөзге еліктеп кететін адам емес. Ол  - ертеректе бөлінісіп кеткен әке-шешесінің арасында  шөре-шөреде жүріп, әрі осы күндерде өзінің де әке атануымен үйренісе алмағандай көрінгенмен,  бүгінгі жастарымызда көп кездесе бермейтін азаматтық қасиетті бойына молынан сіңірген жас.

Романның үлкен  бір бөлігін альпинистер өмірі құрайды. Осы Аржанның достары – жас дәрігер Айысбек, Қайсар, Ерғазы, тағы басқалар астанамыз Алматыны көмкеріп тұрған Іле Алатауының шыңдарын  алушы альпенистер арасында қоян-қолтық араласып  жүр.  Мұнда өмірде болған оқиғаның негізінде жасалған жас дәрігер, альпенист Айысбектің бейнесі ерекше көз тартады. Жалпы роман көлемінің үштен бір бөлігі осы альпинистер өміріне арналған. Іле Алатауының таңғажайып ақбас шыңдарын суреттегенде сол шыңдардай сұлу да пәк, жастардың ерлікке толы іс-қимылдары көз сүйсінтеді. Альпинизммен жас уақытында өзі де тікелей шұғылданған автор олардың тіршілігіндегі романтикалық, әрі  тым қарапайым күйбең-сүйбеңнен тұратын ерекшеліктерде үлкен ыждаһаттықпен тірнектей ашып отырады. Аңызға бергісіз жұмбақ («Қара альпинист» тарауы) оқиғалар да болып жатады. Сірә,  автор төменде газ бен шаң басқан қала ішіндегі Мүлкібайлардың тұрмысы мен жоғары саф таза ауада кербез ақбас шыңдармен тайталасушы ережүрек жастардың тіршілігін қатар өрбітіп, жасампаздық пен бүлдірушіліктің өзара бәсеке жарысын көрсетуді мақсат еткен. Ол мақсатына сөөзсіз қол жеткізген деп айта аламыз. Жалындаған жас Айысбек шыңға өрмелеу үстінде өзінің екі жолдасын тура келе жатқан ажалдан аман сақтап қалу үшін өзін құрбандыққа шалып таудан құлап өледі. Алматыда бір жас өзін жанын құрбан етіп екі адамды аман алып қалса, бұл Мүлкібай – екі адамның қазасына өзі себепкер болыпты. Дәл осы тұста Мүлкібай өзінің жеңлісін, өзінің мүсәпірлігін еріксіз мойындайды.

Әдебиет – халықтың көкейкесті арманынан шығып отырғанда  ғана оның рухани қажет мүлкіне ғана айналады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Рамазан Тоқтаровтың «Таңбалы жарғақтың құпиясы» атты осы романы оның қалам ұшынан жаралған қымбат қазынасы  әрі бүкіл шығармашылық еңбегінің биік шоқысы. Бұл – бүгінгі шындыққа шөліркеген оқушысын табатын құнды кітап. Рамазан Тоқтаровтың бұл романы ой-өрісі жоғары, талғамы зор, өз халқының өткенін, бүгінін, болашағын болжай алатын, соған тарыдай болса да өз тарапынан үлес қоссам дейтін абзал жүректілерге арналған аса қарымды туынды. «Адам жаратылысымен жараспайтын, жұрт көзінен таса әділетсіздіктерді әшкерелеу парызын жете сезінген жазушы  қашан да алдымен осындай дерттің жолын кесу күресінен көрінуі керек десек,  сол ойымыздан шыққан жазушы Рамазан Тоқтаров та, әдебиетімізге азды-көпті жаңалық әкелген роман – «Таңбалы жарғақтың құпиясы» деп жазады әдебиетші ғалым М.Хамзин [17,15].

Рамазан Тоқтаров «Жұлдыз сәулесі», «Дегелең соғысы», «Терістік шұғыласы» атты повестер, екі жинақ көлемінде әңгімелер  де жазып, жариялады, бұл ретте оның «Ертіс мұхитқа құяды» атты романын жазу үстінде Ертістің мұхитқа құятын сағасын көру үшін Ямал түбегіне барып, сол жақтан аса қызықты, этнографиялық жоспарда жазылған «Терістік шұғыласы» атты хиқаятын айтсақ та жеткілікті шығар.

Информация о работе Жарасқан әбдірашев поэзиясының көркемдік қырлары