Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:17, дипломная работа
Жарасқан Әбдірашев – қазақ поэзиясынан алар өзіндік орны бар көрнекті ақын. Ол ХХ ғасырдың 70-жылдарында әдебиет табалдырығын батыл аттап, көп ұзамай-ақ әдебиеттегі өз орнын бірден белгілеп алған болатын.
Жарасқан Әбдірашев – қазақ әдебиетіндегі әзіл-оспақ, эпиграмма жанрын тың өріске шығарып, жаңа биіктерге көтерген ақын. Оны кәсіби әдеби орта ғана емес, көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Жарасқан Әбдірашев туралы пікір айтқан ғалымдар мен сыншылар, ақындар мен жазушылар оның қазақ әдебиетінде жаңа бетбұрыс әкелгендігін, арғы-бергі қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінен терең үйренгендігін, өзінің ақындық әлемін ашу арқылы әдеби құбылысқа айналғандығын ашық айтады.
КІРІСПЕ............................................................................................3
І ТАРАУ
Р.ТОҚТАРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ........................................6
ІІ ТАРАУ
«АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ» РОМАНЫ
2.1. Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі...........................23
2.2. Романдағы мінез бен тартыс.......................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................49
2001 жылдан бастап
«Жұлдыз» журналында Р.
Адамзат тіршілігі пайда болуын Алатауға қарап тұрып, осы төңіректегі табиғи өзгерістерден соң динозаврлардың жойылуымен сабақтастыратын автор – баяндаушы өмірдегі ілгерілеу теориясынан безіне қашпайды. Бейдауа дерт күдігінің шырмауында жүрсе де, бітінен ызғары кетпес ажал сағатының әрбір секундтары үшін күреске түседі. Өзін құтқару үшін шығармашылыққа түгелдей берілгенін мәлімдеген Ж.П.Сартр сияқты Р.Тоқтаров та азды-кем ғұмырының соңғы күндерін жазуға арнайды. Бірақ бұл жазу - ерекше жазу, өзін де, басқаны да аямастай көңілмен, ертең не пікір балалайтынына мойын бұрмастан, бір Алла, болашақ алдындағы жауапкершілікке ғана сенген ниетпен, ашық пейілмен ақтарыла сөйлейді.
«Тау мен тасты су, адамзатты сөз бұзады» дейді қазақ. Жоқ, адамзатты бұзатын – бақай есеп. Шіркін-ай, бақай есебі жоқ бір адамды көрсем, соның құлы болар едім. Қандай керемет ақылды, арлы, саналы жан болсын, өзінің бір керегін көздеп, сол үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргенін көрсем, іріген сүттей айнып қала беремін.
Қырық төрт жасында өлген Спиноза өзінің соңғы, атақты еңбегі – «Этикасына» есімін де бергісі келмеген. Өйткені ол ет пен сүйектен жаралған жеке пенденің емес, адамзаттық жарық дүниеге сыйлаған тұлғалы бір ісі деп білген» - дейді жазушы. Осылайша ол көпшілігімізді біз ақтауға тырысатын ұят қыспағына салады. Біз сақтап қалатын – тағы да қарама-қайшылықтардың бірлігі туралы заң. Адам да, қоғам да, күнәһарлықтан ада емес. Қалай тазарамыз, қалай жетілеміз? Сөйтіп, Р.Тоқтаров ақиқаттың астарына үңіледі. Бұл – қаламгер талантты ғана емес, көркем сөз өнерінің сиқырлы сандықшада жасырған түпкілікті тілегі. Бұл – ғылым мен әдебиет атаулының алдына қойған арман-мұраты.
ІІ ТАРАУ
«АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ» РОМАНЫ
2.1. Романның
құрылымы және кейіпкерлер
Қазақ әдебиетіне
алуан тақырыптағы кесек
Бізде Абай өмірінен
жазылған ұлы классигіміз Мұхтар
Әуезовтің әлемге әйгілі эпопеясы бар
екені баршаға аян. Сол еңбегі арқылы М.Әуезов
өзін де, Абайды да бүкіл дүние жүзіне
танытты. Осы шығарма арқылы біздің бәріміздің
жадымызда қалыптасқан ұлы ақынның бедерлі
бейнесі қалды.
Ендеше бұл хамсаның жазылуы, жариялануы дұрыс па еді? Бақсақ, әбден дұрыс екен. Ол турасында шығарманың прологындағы автордың бірсыпыра дәйекті дәлелдерінің біреуін ғана келтірейік.
“Әр дәуір, заман талабы оның ғарышты кезген өз уақытының мерейі үстем Абайын сомдай береріне шүбә келтіріп болмас”[18,8], - дейді ол романға жазған кіріспесінде.
Енді осы тұжырымды біз де өзімізше таратып көрейік.
Абай қазақ үшін ұлы ұстаз, кемеңгер ақын, данышпан ойшыл. Халқымыздың рухани көсемі. Оның өзі де, сөзі де, өсиеті де мәңгілік. Қазақ қазақ болып тұрғанда, Абай аты өшпейді. Абай сөзі өлмейді. Абай – тұтастай бір ұлттың ұлы мақтанышы.
Бірақ заман өзгереді. Оның ғылым-білімі, ой-санасы, өмір салты өседі. Жаңа сапаға көшеді, жаңа сатыға көтеріледі. Сонда, жаңағы Тоқтаровша айтқанда, әрдайым мерейі үстем болып қала беретін Абайы да өзгеруі керек қой.
Тіпті Абайдың өзі мен сөзі өзгермесе де, өскен, өзгерген қазақтың оны ұғынуы, түсінуі жаңаша болмай ма? Демек, Абай оларға әрдайым жаңа бір қырларынан ашылуы, біздің Абайымыз, мәңгілік Абайымыз, әр заманда оның өзіндік төл Абайы болады дейтініміз де сондықтан болса керек.
«Роман-хамсада Әуезовпен бәсекелесу де, оны қайталау да, әсіресе Әуезовті қайта қарау әрекеттері де атымен жоқ. Мұнда үлкен өмірдің біз білетін-білмейтін өзгеше бір қырларын ашу, өзгеше бір деректерін діттеу, өзгеше бір оқиғаларын баяндау, соларды келістіре суреттеу арқылы бұрын білетін Абайдың бұған дейін білмей келген жаңа бір бейнесін мүсіндеп шыққан көркем хикая бар. Соның барлық өткелегінен өтіп келгенде, біз жарық дүниеге шыр етіп келген сәби күнінен бастап бақиға аттанған қайғылы сағатына дейінгі 59 жыл өміріне түп-түгел куә болып, көз алдымызға таныс Абайдың бұрын өзіміз көрмеген бейтаныс әулие бейнесін елестетеміз» -деп жазады бұл шығарма туралы Ж.Ысмағұлов [19,5].
Роман-хамса әрқайсысы өз өрісімен дамып, өзгеше тынысын тауып отыратын бес бөлімнен, яғни бес кітаптан тұрады. Әрқайсысының дем-тынысы өзінде, бас-аяғы бүтін дербес хикая. Олардағы оқиға өзегін ұстап тұрған негізгі кейіпкерлері кітап тақырыбының астында жақшаға алып көрсетілген:
Осы бес кітаптағы баяндалатын оқиғалардың барлығына ортақ өзек те, ондағы адамдардың бірімен-бірін байланыстырып отыратын дәнекер де, оларды бір кітаптан екінші кітапқа ауыстырып отыратын өткел де – Абай, соның өмірі.
Жақша ішінде аты аталған адамдардың бәрі де тарихи тұлғалар. Олардың бірсыпырасы, қалың оқырманға мәлім, Абайдан бұрынырақ өмір сүрген, яғни өмірге одан ертерек келген. Бірақ, ескінің көзіндей болып Абай заманына дейін жеткен солардың әрқайсысында, олардың ісі мен сөзінде алдыңғы заманның, яғни ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың жаңғырығы бар. Ал, қалғандары болса Абайдың өз тұстастары, ғасырдың екінші жартысында жасаған, сол кезеңнің өз өкілдері. Сөйтіп, бұл роман-хамсада Абайдың өзі өмір кешкен соңғы елу жыл ғана емес, бүкіл ХІХ ғасырдың дем-тынысы бар.
Әрине, осынау шағын мақаланың аясында кітаптағы Абай өмірін толығынан таратып айтып шығу еш мүмкін емес.
Сондықтан да біздің бір ғана жайтқа, Шоқан мен Абайдың кездесуіне ғана тоқталып өткеніміз жөн шығар. Өткен ғасырдағы үш алыбымыз, үш арысымыз Ыбырай, Шоқан, Абай үшеуінің жас шамасы деңгейлес бола тұрып, олардың қазақ даласының бір өңірінде туып, бірін-бірі көрмей-білмей кеткені біз үшін орны толмайтын өкініш еді. Бұл жай ғана өкініш емес, тағдырдың өзі маңдайымызға жазып тұрып, таңдайымызға татырмаған, құдайдың өзі беріп тұрып, пешенемізге бұйырмай кеткен сыбағамыз деуге де болады. Әсіресе, бірі қазіргі Қостанай облысының жерінде, бір ғана Тобыл мен Обаған өзендерінің арасында туып, бірімен-бірі кездесе алмаған Ыбырай мен Шоқан, немесе Семейдің топырағын қатар басып жүріп, бірін-бірі сырттай ести жүріп жүздесе алмаған Шоқан мен Абай араларында айтылмай кеткен сөздер біздің аузымыздан жырылып түскен несібеміз еді.
Рамазан Тоқтаров өзінің осы романында әлгі оқпандай олқылықтың бір қуысын толтыруға әрекет жасапты.
Ол Абай мен Шоқанды кездестіреді. Бір емес, үш мәрте. Алғашында кадет корпусын бітірген жас офицер Шоқан әкесімен бірге Құнанбай ауылына келеді. Сонда алғыр дарыны мен зерек зейінін аңғарған он жасар Абайды ұнатып қалып, келесі жылы Семей медресесіне әдейі іздеп барады. Қасында досы Достоевский бар. Үшінші жолы Шоқан Атбасарда болыс сайлауына түсіп жатқанда Абай әкесіне еріп барып жүздеседі. Осының үшеуінде де Шоқанның Абайға аңқылдаған ақ көңілден айтқан ағалық ақылы мен ақ тілегі: оқы, ғылымға тереңдеп сүңгі, сонда өмірге көзің ашылады. Ақындық өнеріңді дамыта бер, әбден ойланып барып, қағазға түсіріп жаз, сонда өлмейтін өнерің ұрпақтарға қалады деген сипатта болады.
Осы ақыл Абайдың бүкіл өмір бойына көкейінде мәңгілік орнап қалған өсиет сөздері болады да, Шоқанның жарқын бейнесі мұның көз алдында асқан адамгершіліктің үлгісі ретінде үнемі елес беріп жүреді.
Өмірде кездеспесе де кездесуі әбден мүмкін адамдардың бір-біріне ыстық ықыласын осылай шындыққа айналдырған жазушы қиялы барынша құрметтеуге лайық.
Жас Абайға осы үшеуінен кейін қатты әсер еткен бір адам – ел ішінде Шайхы атанып кеткен Дәулетбай қажы. Ол мұсылманша терең білімді, Шығыс ғұламалары мен ақындарының мұрасына жетік және сол білгенін халықтың игілігіне қалтқысыз жұмсап жүрген бір елгезек, жанкешті кісі.
Сол Шайхы ата Абайдың медреседе оқып жүргенде Шығыстың жеті жұлдызын өзіне пір санап, солардан медет тілеп жазған бір шумақ өлеңінен Шәмсиді ерекше бөліп алып, сол жайында Абайға көп-көп әңгіме айтады.
Толық ныспысы Шәмсиден Гебризи атанған бұл ғұлама кезінде Жәлелдин Ұрыми сынды әйгілі ақынды тәрбиелеп шығарғанын жырдай қылып баяндайды. Өлер алдында өзі Абайға дәл сондай ұстаз табуды, ондай адам кездесе қалса, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне қарамай, шынайы жебеушім деп қабыл алуды өсиет етеді. Көп ұзамай, дәл сондай ғұлама ұстаз бұған нәсіп болатынын болжап айтады.
Айтқандай-ақ, Абайға ондай ұстаз кездеседі. Ол – кәдімгі өзіміз білетін қадірменді Евгений Михаэлис.
“Дүниеге көзімді ашқан Михаэлис” деп Абайдың өзі мойындаған бұл кісінің ақынға деген шынайы достық ықыласы мен білімдарлық ыждаһаты романда мейлінше сыпайы ізеттілікпен өте тартымды суреттеледі. Жалғыз Михаэлис емес, одан бұрын-соңды таныс-біліс болған орыстың зиялы адамдары атап айтқанда, сол Михаэлиспен рухани туыс Долгополов, Гросс, Коншиндерден бастап, әртүрлі лауазымдағы интеллигент шенеуніктер: заңгер Лосовский, ояз бастығы Измаилов, генералдар Цеклинский, Колпаковский, белгілі ғалым Потаниндерге дейін әрқайсысы өз кезегімен Абайға иіліп ілтипат білдіреді. Соған орай, олармен араласа жүре, ой-пікір алыса жүре, Абай да өзінің табиғи даналығын, білім деңгейінің өскендігін көз алдарында танытып отырады. Солардың ерекше сый-құрметіне бөленеді.
Романда Абайдың
азаматтық, адамгершілік бейнесінің ерекше
жарқырап, жайнай көрінетін данышпандық тұлғасын
Рамазан Тоқтаров бұл туындысына ұзақ дайындықпен келді. Оқырман тарапынан күмән да көп болды. Мәселе М.Әуезовпен жарысу емес, мүлде басқа мақсатқа тірелетінін жазушы былай түсіндіреді: «М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында ақын өмір сүрген дәуірі мен оның айналасына, сөз жоқ, күн көзіндей жарық түсірді. Ол жарық сәуленің қуаты әлі талай ғасыр белесінен асып, үздіксіз шұғыла шашып тұрары хақ. Бірақ « елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» деген сөз бар, енді қвайта айналып келмейтін Абайдың қатпары мол дәуірі санада ол роман бойынша өзгермей сақталғанымен, Абайдың өзі заман озған сайын сан түрге еніп, әр жайда құбылып көрініп, көп сөздеріне уақыт ыңғайымен басқа түсініктер енеді... Өмірде нақты жасап өткен сан-саралы үнді Абайдай дана түгілі, ұлы Сервантес қаламынан жаралған әдеби кейіпкер Дон-Кихоттің өзі әр ғасырда жаңа бейнемен шалынып, түрлі-түсті өзгерістерге түсіп келе жатыр»[18,6].
Әрине, бүгін бе, ертең бе, Р.Тоқтаров болмаса басқа бір қаламгер Абай бейнесін немесе тепті М.Әуезов тұлғасын қайталай суреттеуге ден қояры анық. Ол үшін ақталу да қажет болмас. «Абайдың жұмбағынан» сол «Абай жолы» аласа тартқан жоқ.
Рамазан Тоқтаров Абайға арналған бұл хамсасында өзге ыңғайдағы, бұрын белгілі себептермен тоқталуға болмай келген қазақтың зияткерлік тарихындағы елеулі эпизоттарды тұтас этно-философиялық тұрғыда, Абайды оның айналасын тану ниетін панораммалық оқиғалық алқымымен, өзіне тән ой синтаксисіне лайық өреде бейнелейді. Шығарма аса көлемділігіне қарамастан, қызық оқылады. Роман-хамсада Абай айналасындағы адамдар мүлде басқа сипатымен, жаңаша қырымен көрінетініне бір мысал – Ділда, Шәкерімдер. Содай-ақ Құнанбай тұлғасына қатысты да осы пікірді айтуға болады.
М.Әуезовтің
«Хан Кене» пьесасының (1928 ж.) әсері,
сондағы батыл көзқарас шебер
сомдалған кесек тұлғалар көркемдік
ой-жүйесінің диалектикалық
«Абай жолында» М.Әуезов Абайдың әкесі Құнанбай мен Кенесары арасындағы байланысқа тоқтауына замана лебі мүмкіндік бермеді. Бірақ ұлы суреткер қай дәуір назары үшін де кемшін соқпайтын асқақ та нанымды бейнелі, эпикалық-психологиялық баяндау үрдісі, терең көркемдік жинақтау мен даралау зергерлігі, тілінң қуат-нәрі, астарлы толғам бойынша аса үздік сөз жауһарын мирас еткеніне шүбә жоқ.
Информация о работе Жарасқан әбдірашев поэзиясының көркемдік қырлары