Жансугуров

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:46, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу.

Работа содержит 1 файл

Ілияс Жансүгіров.doc

— 199.50 Кб (Скачать)

Ілияс Жансүгіров поэзиясындағы  ұйқас, ішкі дыбыстық үндестіктерін  Ә.Тәжібаев, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин, Б. Кенжебаев сияқты ғалымдардың қай – қайсысы болса да ерекше бағалаған.

Қазақ әдебиетінде таза түбір сөздердің ұйқасып келуі  өте сирек кездеседі. Ал, Ілияс  поэзиясында осы түбір сөздердің  ұйқасып келетін жайлары да жиі ұшырайды. Мысалы:

 

Жар қабақ, жауырынды, қаршыға  көз,

Биік боп, өктем дауыс, жігерлі сөз,

Жылы жүз, теңіз ойлас  терең кісі

Үйірсек, көпшіл, көсем, таңдайы  жез.

 

І. Жансүгіров дәл, толымды (точные рифмы) және дәл емес (неточные рифмы) ұйқастарды мол пайдаланады. Бұл қазақ поэзиясында ең кең тараған, жиі ұшырайтын ұйқас түрлері. Ілияс поэзиясына тән ұйқастың бірі – күрделі ұйқастар (сложные рифмы). Ұйқастың бұл түріне халық әдебиетінде мол тараған – қос өзді, қайталау ұйқастар жатады. Ондай үлгі Ілияс поэзиясынан да көптеп кездеседі.

 

Көктұйғын көптің алдын  бермей – ақ тұр,

Өзге мал онан озып келмей – ақ тұр,

Шаптырмай жиын сайын  бәйге сұрап,

Бақ талай Батырашта  өрлеп – ақ тұр.

 

Мұндағы негізгі ұйқастар алғашқы шумақтағы «-ақ тұр» деген сөз емес. Олар қосалқы, қайталаулар. Негізгі ұйқас: бермей (-ақ тұр), өрлеп (-ақ тұр). Бірақ «тұр» негзгі ұйқастың қасында қайталанып тұрғандықтан да ұйқасты күшейтуге белгілі дәрежеде әсер – ықпал жасайды.

Негізінде қос сөзді  ұйқастар қысқа лирикалық өлеңдерде емес, көбіне эпикалық көлемде, баяндау үлгісіндегі шығармаларға тән құбылыс. Сондықтан да біз ондай ұйқасты ақынның поэмаларынан әсіресе көп кездестіреміз. Қазақ ауыз әдебиетінде кездеспейтін (не өте сирек кездесетін), тек Абайға ғана ептеп енгізе бастаған күрделі ұйқастардың бір үлгісі сол ұйқастардың бір сөз не бірнеше сөз болып келетіндігі.

 

Соққан жел айдын  көлді шайқамас па?

Мүмкін бе күйдің тілінбайқамасқа?

Құрышына қыз құлақтың қақсай – қақсай,

Домбыра өз арманын айта алмас па?

 

Осындағы ұйқасып тұрған сөздердің алғашқы екеуі төрт буын да, соңғысы бес буын. Бірақ «айта» деген сөздің соңындағы «а» мен «алмас» деген сөздің басқы «а» дыбыстары бірыңғай дауысты болғандықтан да іштей қабысып, бір буын жоғалып кетеді де, алғашқы төрт буынды ұйқастарға буын жағынан дәл келе береді. Бұл жерде бір ескере кететін жәй, осы үш жолдағы ұйқасқан сөздердің саны әр алуан. «Байқамасқа» деген бір сөзге «айта алмас па» деген бірнеше сөздер бірігіп бір ұйқас құрап тұр. Мұндай ұйқастар ауыз әдебиеті үлгісінде де ара – кідік ұшырасып отырады. Бірақ онда бұл саналы түрде емес, кездейсоқ алынады, ал Ілиясқа бұл саналы түрде келіп отырады. Мұндай ұйқасты Ілияс поэзиясынан әлде нешеуін кездестіруге болады.

 

Жұлдыз «зау» да

Жылмыңдауда.

 

Ән тәтті Ақан салған Арқадағы

«Үш тоты», «Ақсаусақ», «Ақмарқалары».

 

 Осыған төртінші жолдың «тарқамады» деген сөзі ұйқасады.

 

Ақанның осылай деп өктегенін

«Құламнан озар жылқы  жоқ», - дегенін.

 

Осындағы «өктегенін»  жалғыз сөз, «жоқ дегенін» екі сөз  болса да дыбыстық, үндестік жағынан  өте жақсы жымдасып, дәл ұйқас жасап тұр.

Қазақ поэзиясында ұйқасатын  сөздер негізінде төрт буыннан көп  аса бермейді. Ал, Ілияс өзі тұрғылас басқа ақындарға қарағанда бес  – алты буынды сөздерді жиі ұйқастырады. Және аз буынды өлеңде ( 5 – 7 – 8 ) өлең жолының  ішкі ырғағын, үнділігін көп буынды  сөздер онша бұза да бермейді. Мысалы:

Кешегі ел кеше кеткенде

 

Өзені күркілдеткенде...

Ілияс қатар тұрған екі  жолды өлеңнің барлық сөздерін ұйқастырып та көрді. Мысалы:

 

Қарқара (ел бесігі) жер  анасы,

Қарлы ана (ел несібі) ел анасы.

 

Ұйқастың мұндай түрі шешендік сөздерде болмаса, қазақ поэзиясында  бұрын – соңды болмаған. Бұл  шығыстың ескі әдебиетінде кездесетін ұйқас үлгілері еді. Ұйқастың осындай ең қиын түріне Ілияс саналы түрде барды.

Қазақ поэзиясына тән  құбылыс – ұйқастар не бірыңғай дауысты, не бірыңғай дауыссыз дыбысқа бітіп отырады. Алайда орыс әдебиетінде жиі ұшырайтын ұйқасқан сөздердің соңғы дыбысы дауысты, даусыз болатын үлгісі де қазақ поэзиясында көріне бастады. Мысалы:

 

Белгі еді ғой патшадан

Қуат еді жатса да,

 

НЕМЕСЕ:

 

Құланы мақтады жұрт «мал басы», - деп

Тыңдады Ақан әнін «зарласын», - деп.

 

Мұндағы ұйқасып тұрған сөздер «деп» емес, «мал басы» мен  «зарласын». Бірінші ұйқас дауысты  дыбысқа бітіп тұр да, екінші ұйқас  дауыссыз дыбысқа бітіп тұр. Алайда, бұл өлеңнің жалпы ұйқасын бұзып тұрған жоқ. [ 3 – 25]

Ілияс поэзиясында ішкі ырғақты берік сақтап, оған айрықша  мән береді. Көп ақындарда өлеңнің ішкі ұйқастары кездейсоқ ұшырайтын болса, Ілияс оны заңды құбылысқа айналдырған.

 

Жылатқандай, жұбатқандай бал бұлақ.

Жылатса да, жұбатса да да су жыры,

 

дегенде әрбір жолдағы  екі сөз өз ара ұйқасып отырса,

 

Жолын шапқан, қазық қаққан, шамын жаққан, -

 

деген бір жолда үш сөз қатарынан ұйқасып келеді. Ал, «Мәскеу – Қазақстан» атты өлеңінде де ұйқастар солай құрылған:

 

Қаңқор Мәскеу марқұм боп

Көп болды өліп қалғанға.

Қамқор Мәскеу бұл  күнде

Жалғыз жұлдыз жалғанда.

 

Осы шумақтағы «қалғанға, жалғанда» сөздері дәстүрлі ұйқас  үлгісі болса, ал соңғы сөздері дәстүрлі ұйқасқа қатыспай тұрған жолдардың  басқы сөздерін өз ара ұйқастырады (қаңқор, қамқор).

Бұл қазақ әдебиетіндегі  шалыс ұйқастың өзгерген түрі іспетті. өлең жолдарының ішіндегі сөздердің  өз ара ұйқасып келуі Ілияс  поэзиясына тән құбылыс. Ілияс поэзиясында, жоғарыда айтылғандай, ассонанс, аллитерациялар да ерекше орын алады. Бірнеше мысал келтірейік:

 

Көмкеруің көк көгал,

Күлімдеген күміс көл,

 

Кенерең кесте – құрақ  тал

Кестеңді өртер күзгі  жел, -

 

дегендегі бүкіл шумақта  «ке – кү» дыбыстары үндесіп  келсе,

 

Той топыр, тұяқ басты  боп отырмыз,

Тапжылмай тамам халық  тамашада.

Тарлан көк, тазы тұлпар салды құлаш,

Тала ма, талықси ма, таң аса ма?

 

Шумағында да «та –  тұ» дыбыстары бастан аяқ үндесіп  тұр. Ал:

 

Сұңгуір, сұқсыр сүмеңдеп,

Қасқалдағың қалтылдап,

Шүрегейің шүмеңдеп,

Шағалаң шулап шаңқылдап, -

 

деген жолдарындағы әр сөздер «сү», «қа», «шү – ша» дыбыстары арқылы өз ара үндесіп келген.

Фольклорда нбір тамаша ұйқастармен  қатар мағынасыз ұйқастар ұшырасып отырады. Бірақ ондай өлең, жыр, дастандар  үнемі белгілі бір әуенмен, домбыра, қобыз, сырнайлардың демеуімен айтылып отыратындықтан да, ұйқасындағы кем – кетіктер еленбей, сезілмей қала береді. Ал, Ілияс Жансүгіров те өлең жазғанда үнемі ыңылдап, әндетіп отырып жазады екен. Оның өлеңдеріндегі дәл түспейтін ұйқастардың жүруі де сол фольклорлық дәстүрдің кемшіл жағынан үйренуіне байланысты жатса керек.

Жалпы алғанда мұндай кемшілік ақын шығармашылығына белгілі  дәрежеде нұқсан келтіргенімен оның поэзиясындағы жақсы үйлесім  тапқан ұйқастарының тамаша үлгілерін  еш жоққа шығара алмайды. Ілияс Жансүгіров поэзиясының ерекшелігі оның бұл кемшілігі емес, ілгеріде сөз болған дара сипаты бар, озық үлгілерінде жатыр деп білеміз. [ 5 – 290]

 

ә) өлең құрылысы жөніндегі жаңалықтар

 

Ілияс Жансүгіров поэзиясының  өлеңдік түріндегі жаңалықтары: поэтикалық, синтаксис, ұйқас, ырғақтарымен шектеліп қалмай, сонымен бірге ұйқастың түрлерінде, буын, шумақтарында да ерекшеліктер кездеседі.

Қандай өрен жүйрік болса  да, ол ең алдымен өзіне дейінгі  бар үлгілерді аттап кете алмайтыны  белгілі. Жаңашыл ақын алдымен сол  бұрынғы озық дәстүрді бойына сіңіре отырып, оны бір жағынан өзгертіп, жаңғырта отырып жаңалықтар енгізеді. Алайда, буын сандарын  әдеттегіден не қысқарту, не көбейту, шумақты не ұзарту, не шолтиту дара мақсат болмайды және ол жаңалық та болып саналмайды.

Жалпы, Ілияс Жансүгіров поэзиясының өлең құрылысы, негізінен алғанда, өзіне дейінгі бар, халықтық жырлардағы және Абай енгізген бірнеше жаңа түрлер енеді. Халық поэзиясындағы: 1) он бір буынды қаар өлең; 2) жеті буынды жыр үлгісіндегі өлең; 3) жеті – сегіз буын араласып келетін өлең.

Ілияс Жансүгіров өлеңдеріндегі аралас буындар кейде мағына қарай өзгеріп отырғанымен көбіне түр қуалаушылықтан келіп туатын жайлары да аз кездеспейді. 20 – жылдардың соңы, 30 – жылдардың бас кезінде, әсіресе жаңа тақырыпты жырлауда қазақ ақындары үлкен бір қиындыққа ұшырады. Заводты, фабрикті, станокті, поезды, машинаны жырлағанда көбіне дыбыс қуалаушылыққа салынды. В. Маяковскийше жазбақшы болып, өлең жолдарын мән – мағынасыз бөлшектеп, шашыратып жазатын әдетті шығарып алды. Өзі де ептеп осылай жазуға талаптанған Ілияс Жансүгіров оның формалистік  жол екенін сезініп, оған онша еліге қойған жоқ.

Ал өлеңдерінің шумақтары   2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10  жолдардан бір  қайтып отырса, жыр – толғауларында  көбіне бастан – аяқ сыдыртып бір  – ақ шығып отырады. Түрікпен поэзиясындағы а б а ұйқасымен үш жолдан тұратын шумақты қазақ әдебиетінде алғаш қолданған да Ілияс Жансүгіров болды.

[ 5 – 298]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

Осы курстық жұмысты  қорытындылай келгенде, мен Ілияс  Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері туралы толық мәлімет бердім және де ақынның поэзиялық ерекшеліктеріне тоқталып, оған мән бере білдім. Жоғарыда айтып кеткендей,  мен Ілиястің ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, өлеңдеріне талдау жасаттым. Жалпы айтқанда, оның ұйқас түрлеріне, поэтикалық, синтаксис, ырғақтарымен  шектеліп қалмай, сонымен бірге ұйқастың түрлерінде, буын, шумақтарында да ерекшеліктер кездесетінін байқадым.

Орыс жазушыларынан  А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. Крылов, Н. Некрасов, Г. Державин, М. Горький, Д. Бедный, В. Маяковский, И. Уткин, А. Жаров, Н. Тихонов, А. Крайский, А. Безыменский, В. Рождественский, М. Зощенко т.б., туысқан  ұлт республика ақындарынан А. Тоқай, А. Лахути т.б. өлеңдерін аударды. Бұлардың ішінде әсіресе көбірек аударған ақындары А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Н. А. Некрасовтар болады.

Ілияс Жансүгіров лексикасында теңеулер, эпитет, метафоралар өте  мол. Әрбір қимыл, әрбір көрініс, әрбір құбылыс жалаң берілмей, үнемі тапқыр теңеу, ұтымды эпиттер арқылы келеді және Ілисятың тееңеулерінің барлығы дерлік халықтың ұғымына қонымды, оның тұрмысына, әдетіне, ғұрпына байланысты жатады. Өйткені, өз халқымен біте қайнасып, бірге өскен ақынның басқаша жырлауға, халық ұғымына қонымсыз теңеуді, сөз нақысын, ой өрнектерін басқаша беруі де мүмкін емес. Эпитет, теңеу, метофораларының қай – қайсысы болмасын, кейбір натуралистік жайларын былай қойғанда, ақын бұқара халықтың эстетикалық сезімінің жеткен биігі тұрғысынан шығып отырады. Сұлулық, әдемілік сол ақын өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаның ұғымы тұрғысынан беріледі.

 

 

Ілияс эпикада да, лирикада да терең ойдың, үлкен сезімнің, ұшқыр  қиялдың ақыны болды. Ол әрқашан  ақын жүрегін жарып шығатын шын сезімді жырлады. Ал, ақын сезімі үнемі заман құбылыстарымен, ондағы өзгеріспен байланыста көрінді. Оның поэзиясының халықтық, партиялық әдебиеттің алғы шебінде болуы да осыдан. Мұны мен ақынның бұл курстық жұмысымда аталмаған өлең – поэмаларынан да, проза мен драматургия, журналистика саласындағы мол еңбегінен де көрдім.

 

Ілияс Жансүгіров – аса  ірі талант иесі. Ол қазақ әдебиетінің  барлық жанрында үлкен еңбек сіңіріп, осы әдебиеттің негізін салушы, үлкен  тірегінің бірі болды. Әсіресе оның ақындық еңбегі зор. Ілиястың жазушылық еткен жиырма шақты жыл өмірі қазақ совет әдебиетінің алғашқы кезеңдерімен тұстасады, яғни ол осы әдебиетпен жарыққа бірге шығып, бірге жасасып келді. Сондықтан өзі негізін салысқан жас әдебиеттің жетістіктері мен табыстарының бәріне Ілияс ортақ, бәрінде оның үлесі бар.

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Азамат ақын. Ілияс Жансүгіров туралы естеліктер. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1994 жылы – 500бет.
  2. Асқан дарын, азамат ақын (  Ілияс Жансүгіров ... ) / / Молдағали Жұбанов ІІІ том. – Алматы, 1981 жылы – 345бет.
  3. Бес ғасыр жырлайды. І том.  – Алматы, 1981 жылы – 400бет.
  4. Бес томдық шығармалар жинағы. І том.  – Алматы, 1983 жылы – 420бет.
  5. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Өмірі мен творчествосы. – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1965 жылы – 340 бет.
  6. Дала жұлдызы / Ілияс Жансүгіров / / Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім., – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1982 жылы – 270 бет.
  7. Жанабілев С. Дүрбелең. Повесть / Ілияс Жансүгіров өмірі / – Алматы, «Жалын» баспасы, 1978 жылы – 200 бет.
  8. Жұмалиев Қ. Жайсаң жандар. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1969 жылы – 345 бет.
  9. Қаратаев М. Ілияс Жансүгіров (өмірі). – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1961 жылы – 550 бет.
  10. Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 1968 жылы – 500 бет.
  11. Қазақ поэзиясының Құлагері. / / Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1970 жылы – 320 бет.
  12. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1976 жылы – 300 бет.
  13. Осы жүйрік ақын. / / Дербісалин Ә. Мезгіл және қаламгер. – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1968 жылы – 250 бет.
  14. Сағайын сөзімнен бір сұлу сарай. / / Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1991 жылы -  300 бет.

Информация о работе Жансугуров