Жансугуров

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:46, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу.

Работа содержит 1 файл

Ілияс Жансүгіров.doc

— 199.50 Кб (Скачать)

Ағарту елді – майданым, -

 дейді.

Ақын шығармасында бірнеше  мағынгада қолданылатын сөздер өте көп, оның бәрін тізіп жатуды қажет деп таппадым.

Сол, 20 – жылдардағы қазақ  тілінде қолданылып жүрген төңкеріс (революция деген мағынада) деген  сөз де Ілияс поэзиясынан орын алып отырған. Сол сияқты:

 

Қосшы айтты мен келдім,

Кеңсаларға шақыра, -

 

      дегендегі  «кеңсалар» - коммуна,

 

Мойнымда қызыл мойынтық, -

 

      дегендегі  мойынтық – галстук.

Ілияс өлеңін таза әдеби  тілдің нормаларын  сақтай отырып жазады. Әйтсе де ақын поэзиясында орыс сөздерін, жергілікті тілдерді де (диалектизм) ептеп пайдаланғаны көрінеді. Әсіресе орыс тілінен де, әдеби тілінен де берік орын алып кеткен және газет – журналдарда кең пайдаланылған кейбір сөздер Ілиястың поэзиясында да жүреді. Олар: электр, поезд, МТС, знак, турксиб, комсомол, техник, телефон, аэроплан, пионер, инженер, шахта, гектар, бригад, отряд т.б.

Ал, кейде Отанымыздың  астанасы Москва сияқты қалаға бейнелі  түрде орысша эпитеттерді қосып  пайдаланғаны да байқалады. Мысалы: «Шеф Мәскеу», «Маяк Мәскеу», «Штаб Мәскеу»  т.б.

«Маяк» деген сөзді  ақын образды сөз ретінде «Белгілі төбем маягім» деп қолданады. Ал, орыс сөздері қазақ тілінің сингармонизм заңына  байланысты кей жағдайларда өзгеріп бригада – бригад, табель – тәбіл, индустрилизация – үндістірлеп болып келеді.

Енді бірде І. Жансүгіров орыс тіліндегі сөздердің қазақша баламалары бола тұра, әдейі орысша қолданып отыратын жайы бар. Мысалы: школ, норма, әтмет (отметка), мешайт, получка, музыка т.б. Жалпы алғанда, қазақша баламасы бар сөздердің орыс атауларының алынуы ешқандай пинципке негізделмеген. І. Жансүгіровтің өзі сатираға бейім ақын болғандықтан бүгінгі өмір туралы жазған өлеңдерінде сын, әзіл, мысқыл араласып отырады. Бұл кезде ақын орыс сөздерін әдейі қолданады. Жалқау, керенауларды сынағанда: «Іске мешайт етпеске» деген сөз тіркесін алса, енді бірде «доктор» деген сһөзді «доғтыр» деп қазақыланған түрін алмай, кейбіреулердің «лөктір» деп бұзып айтатынын шенеу үшін әдейі «лөктір» деп алады.

Дегенмен І. Жансүгіровтің  жалпы поэзиясында қазақ тілінде  атауы бар орыс сөздерінің араласып келетін жәйлары онша көп емес.

Ал, өлеңмен жазылған сатираларында, сатиралық кейіпкерлерінің  даңғой, қызыл сөз, бос кеуде екенін шенеу үшін біраз орыс сөздерін алады. Мысалы: «Елге шыққанда...ов не айтады?»  деген сатирасында герой:

Протоколды жазамын,

Контролін қазамын.

НЕМЕСЕ:

Екі расписка, копия

Мен тексерсем... ия... ия.

 

Заявления – арыз

Тексеру бізге парыз, -

    деп келеді.

І. Жансүгіров сөйлеу тілімізде, фольклорда жиі кездесетін, бірақ  әдеби тілімізде көп қолданылмаған  сөздерді барынша мол пайдаланып, оларды әдеби тілдің қорына қосуға ерекше еңбек еткен ақын. Қазірде тілімізде аз пайдаланатын, көнерген, бірақ мағынасын әлі жоймаған сөздер мен халықтық эпостарда ғана кездесетін жекелеген сөздерге де ақын өз лексиксынан орын беріп отырған. «Рүстем қырғыны» атты поэмасында «Бұл түнде қолды бастап, қалың лашкер» деген жол бар. «Лашкер» қазірде тілімізде жоқ. Бірақ ақын ескі сөздерді қажетсіз кіргізе бермейді. «Рүстем қырғыны» поэмасының оқиғасы, тақырыбы да халықтың ескі өмірінен алынған,  халық эпостарымен мағыналас шығарма. Сондықтан да ақын қалың қолды «лашкер» деп әдейі сол заманның рухын тек поэманың идеясы арқылы ғана емес, тілінің ерекшеліктеріне арқылы да байқатуға тырысқандығы көрінеді, ақынның бұл ниеті үнемі орындала бермейтіні де бар. Мысалы: «Бұл кезде елім азат, елім абат» деп «абат» сөзін ара – кідік алып отырады. Ілияс мұны мағыналық қажеттіктен емес, түр қуу салдарынан алған сияқты. Себебі, келтірілген «абат» сөзі өлеңнің басқа жолдарымен ұйқаспайды, тек өлеңнің ішкі ұйқасы үшін «елім азат», «елім абат» сөздерін ала салған.

Әдеби тіл халыққа  ең түсінікті, таза ұлттық тіл болуы шарт. Ұлттық әдеби тілдің тазалығы халық тіліндегі диалектизм, архаизмге байланысты жатады. Ілияс поэзиясында  көне сөздер де аз кездеспейді.

 

Бақсы ойнап күңрентсе  де қобыз үнін,

Қойқаптан қозғағанда қорқыт жынын, -

 

   деген сияқтылар бүгінгі тілімізде өте сирек қолданылатын сөздер.

Сөз етіп отырған тақырыбы, халық өмірі өткен заман болғандықтан да кейде сол заманда қолнанылған  жекелеген көне сөздерді ақын саналы түрде қайта қолданған. Мұны жалпы мақұлдасақ та:

 

Май кедейдің мақтаны,

Лауқылмақпаз тақтайы, -

 

дегендегі май мейрамының лауқылмақпаз тақтайына теңелуі  қандай олақтық болса, «лауқылмақпаз» сөзінің өзі қалың оқушыға  түсініксіз, дерексіз. Бірақ, ақын мұндай сөздерге онша көп үйір емес.

Ал, диалектизм І. Жансүгіров поэзиясында аз кездеспейді. Мысалы:

 

Бас салып, бауыздайтын  дағды болған

Әйтпесе онша қанның деркері  не? –

 

дегендегі «деркері не?»  деген сөз «қажеті», «керегі не?»  деген мағынада беріліп тұр.

Жазушылар тілінде жергілікті тіл – диалектизмді пайдалану, пайдаланбау проблемасы тіл білімі мамандарының арасында дау тудырып, күні бүгінге дейін белгілі бір қорытындыға келе алмай жүр. Шыныда да диалектизмді мол пайдалнудан әдеби тілге қосылатын үлес бар ма?

Бірлі – жарым диалектизмді пайдалну орыстың белгілі жазушыларының шығармашылығында да кездесетіні белгілі. Мысалы, Тургеневтің «Записки охотника», А.Толстойдың «Власть тьмы», Короленконың, Мамин – Сибиряктің т.б. көптеген шығармаларында, совет жазушысы А. М. Горькийдің, М. Шолоховтың шығармаларында да кездеседі.

Бірақ осы аты аталған  орыстың көрнекті жазушылары жергілікті  тіл ерекшеліктерін пайдаланудың жөні осы деп кез келген диалектизмді енгізе бермеген. Жергілікті тіл ерекшеліктерін жазушы суреттеп отырғани нәрсесін айқынырақ көрсеткісі келгенде немее жергілікті жердің салты, киімі дәстүрлеріне ғана байланысты пайдаланып отырған.

Совет өкіметі орнаған  алғашқы жылдары тілінің көркемдік  сапасы тқөмен, жергілікті жаргон, диалектизмдерге  толы, бұқара халықтың түсінуіне қиындық тудыратын кітаптар. (А.Белыйдың) аз шыққан жоқ – ты. 30 – жылдардың ортасында Ф.Панферовтың «Бруски» романы туралы айтыс болып, романның тіліндегі диалектизм мен жергілікті кәсіби тілдердің былапыт көпт енуі үлкен сөз болды. Солл айтыста Горькийдің диалектизм жөнінде былай деген болатын: «Бізде, әр губернияда, тіпті  көптеген уездерде өздерінің «говорлары», өздерінің сөздері бар. Бірақ әдебиетші вятскише немесе балахонша емес, орысша жазуы керек», - деді. Серафимовичке жазған хатында да Горький: «Сөз өнері мәселесінде тілдік, лексикалық, сауатсыздық әр уақытта мәдениет төмендегінің белгісі болады және ол әр уақытта идеологиялық сауатсыздықпен ұштасып жатады», - деп жазады.

Бірақ бұдан диалектизмді біржола тілден шығарып тастау керек  деген ұғым тумайды. Халықтық говорлардың шағын аймақтық мағынасынан халықтық тіл қорына, әдеби тіліне қосыоып, оны дамытып отырған мысалдарын орыс тілінен көруге болады. Алайда, диалектизм, говорларды дара мақсат етіп қойып, тілге тықпалай беру жетістік болывп санала бермейді.

Ілияс Жансүгіров лексикасында теңеулер, эпитет, метафоралар өте  мол. Әрбір қимыл, әрбір көрініс, әрбір құбылыс жалаң берілмей, үнемі тапқыр теңеу, ұтымды эпиттер арқылы келеді және Ілисятың тееңеулерінің барлығы дерлік халықтың ұғымына қонымды, оның тұрмысына, әдетіне, ғұрпына байланысты жатады. Өйткені, өз халқымен біте қайнасып, бірге өскен ақынның басқаша жырлауға, халық ұғымына қонымсыз теңеуді, сөз нақысын, ой өрнектерін басқаша беруі де мүмкін емес. Эпитет, теңеу, метофораларының қай – қайсысы болмасын, кейбір натуралистік жайларын былай қойғанда, ақын бұқара халықтың эстетикалық сезімінің жеткен биігі тұрғысынан шығып отырады. Сұлулық, әдемілік сол ақын өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаның ұғымы тұрғысынан беріледі.

Әрине, ақын метафора, эпитет іздеуде болсын, жаңа, соны теңеулер табуда болсын, өзі өмір сүрген ортаның әдемілікті түсіну, білу, ұғыну тұрғысынан ізденгенде – барды ғана айтып қою шарт емес, олай болса,  ақын шығармашылығының жаңалығы да болмас еді. Мәселе сол әдемілікті ұғыну тұрғысынан  жаңа теңеу, жаңа эпитеттер табу – ақынның міндеті. [ 5 – 278]

 

2.3. Поэтикалық  синтаксистің негізгі түрлері

Ақын нақтылы бір  көрініс пен құбылысқа адамның  қуанышы мен күйінішін, өкініші  мен тоқмейілсуін, толғаныс пен тебіренісін  сөйлемнің бір ғана құрылысы арқылы жеткізе алмайды. Содықтан да жоғарыда айтылған түрлі жайларға сай сөйлем құрылыстары  да әр алуан өзгеріп отырады. Әрбір өрелі ақынның жалпы шығармашылығының характеріне, шығармасының тақырыбына т.б. орай өлеңдерінің поэтикалық синтаксисі де өзгеше болатыны белгілі.

Халықтың ауыз әдебиеті мен Абай поэзиясында поэтикалық интаксистің негізгі түрлері  жасалды. Осы екі қайнар бұлақтан мол сусындаған І. Жансүгіров те сол дәстүрлі поэтикалық синтаксисті пайдалана отырып өсті. Халықтық жырлардағы бірыңғай жай сөйлемдерден құрылған құрмалас сөйлемнің дамыған түрін Ілияс өз шығармашылығына пайдаланған.

Ақын белгілі бір  құбылысты суреттеуде оны әбден  тәптіштеп, егжей – тегжейіне  дейін қазбалап бейнелеуіне де, немесе түйіп айтып, қысқа қайыруына  да болады. Мысалы:

 

Ел жатты. Жылқы жусау. Тоғай тынды.

От сөнді. Қатын қайтты қайнатқан құрт, -

 

деген екі жолдық өлеңде төрт жай сөйлем, бір құрмалас сөйлем сыйып тұр. Ақынға дәл осы жерде  ғелдің қалай жатқаны, жылқының жусауы, тынған тоғайдың құбылысы емес, болғалы тұрған оқиға алдындағы мезгілдік жалпы көрінісі осындай қысқа, жай сөйлеммен қайыра беруді көздеген.

Дәстүрлі әдебиетте  сөйлем бүкіл бір жолға, не екі  жолға, кейде бірнеше жолдан бітіп  отырғанмен, ешуақытта сөйлем өлең жолдың орта шенінде біткен емес. Өлеңді сөйлемнің жалғасын бір тармақтан екінші тармаққа ауыстыратын өлең тасымалы (перенос в стихе) тек жазба әдебиетіне тән құбылыс.

 

Тағдыр тас, талапсыз тас, таңбалы тас,

Тағдырын талай жастың алғалы тас –

Біткен тас. Талай –  талай зарыққан жас,

Өрт өмір, өзен көзді, арманы тас.

 

Бұл шумықтағы «тас»  деп келетін дыбыс үндестігін сөз етпегеннің өзінде «Тағдырын  талай жастың алғалы біткен тас» деген  ойды екніші жолмен үшінші жолдың орта кезіне дейін алып келеді. Екінші жолдың аяғындағы «тас» деген сөз  бұл жерде тек ұйқас үшін келіп тұр.

Поэтикалық синтаксистің бұл түрін де Ілияс үнемі пайдаланып отырған. Ілис поэзиясының формалық ерекшелігін сөз еткенде, ең алдымен  байқалатын жәй, оның тіл байлығы, яғни лексикасының байлығы екеніне ілгеріде айттық. Ақын сөзді түйдек – түйдегімен төгіп отырады. Және үнемі сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қатар алып, екпіндетіп, желпіндіріп, кейде баяу шымырлатып, кейде құйындатып, бізді  еріксіз баурап алады. Мысалы, 1915 – 1916 жылдары жазған «Әншіге», «Бұлбұлға» деген өлеңдерінен біз мынадай жолдарды кездестіреміз:

 

...Қайғылы, мұңды, өнерлі, шерлі жанға

Ой салар, ойын түртер, жыбыршытар.

Еліртер, екілентер, елбіретер, -

 

НЕМЕСЕ:

 

Толғантар, толғақ салар, толықсытар,

Кейде аяз, кейде бұрқақ, кейде қырбақ,

Кейде ерген, кейде күрбік, кейде сырғақ.

 

Міне, осы бір ақыдық стиль Ілиястың жас балауса ақын кезінде жалт етіп, бой көрсетсе, кемеліне жеткен кезінде әбден қалыптасады.

Ілияс,  негізінде, жалғаулы, жалғаусыз инверсияларға жиі  барған. Мысалы:

 

Күйде бар қара, төре, хан мен қазы,

өмірден кім разы, кім  наразы.

Күйлерде дауыл да бар, жауын да бар

Дауылдың дәу перісі – дауылпазы, -

 

дегенде (бірінші жолда  жалғаусыз, үшінші жолда жалғаумен) жалғаулы, жалғаусыз сөз тіркестері араласып келіп отырса, ақынның көптеген туындыларында жалғаусыз инверсия үнемі жұбын жазбастан кездесіп отырады.

Ақын инверсияның ішкі үндестігін, ырғақ екпінін де өлшеп  – пішіп алғанын бапйқау қиын емес. Әрбір эпитетті, метафоралы сөз  тіркестері ойжы жинақтап, түйіп отырады. Ал:

 

Қаз – қатар мың  үш жүз ат жайды қанат,

Балалар бір – біріне: Алақ! Алақ! –

 

дегенде «қарады» деген  сөз қалып қойса да «Алақ, алақ қарады» деген мағынаны түсінеміз. Бұл да инверсия арқылы жақсы ұғынылып тұр.

Кейіпкердің көңіл –  күйі, жан тебіренісіне орай кейде  сұраулы, кейде лепті сөйлемдер, инверсиялар, поэтикалық синтаксис  үшін қызмет атқарады. [ 4 – 285]

 

а) ұйқастың түрлері, үлгілері

Поэзияның басты шарттарының  бірі – ұйқас. Өлеңде ой мен образдылықтың  үстіне ырғақ пен ұйқастың жүруі әрбір сөздің мәні мен мағынасын арттырып, тез ұғынылып, өте жақсы сақталуы үшін керек. Әрине, поэзияда ой, образдылықтан ұйқасты бөліп алып қарауға болмайтыны белгілі. Өйткені ойсыз тек сыңғыраған ұйқас поэзия бола алмайды. Ал, белгілі бір ойды бейнелі түрде жекізуге ұйқастың  атқаратын міндеті өте күшті. Әрбір сөз өзінің логикалық байланысын берік сақтап, Абай айтқандай, «қиыннан қиысып» келуі шарт.

Ұйқастың түрлері, үлгілері көп. Мен көбіне бір өлеңнің не бір шумақтағы соңғы сөздің белгілі бір заңдылықпен үндесіп келуін айтсам, өлеңнің ішкі үндестігі болатынын да естен шығармауымыз керек. Ауыз әдебиетінің үлгілері болсын, жазба әдебиет үлгілерінде  болсын қазақ поэзиясы білмейді. Жалпы алғанда әр ақынның өзіндік шығармашылық характеріне орай ұйқас таңдау, жасау стилі болады. Осы тұрғыдан келгенде де мен сөз еткелі отырған Ілияс Жансүгіров шығармашылығы қазақ совет поэзиясында өзіндік ерекшелігі, орны бар.

Информация о работе Жансугуров