Жансугуров

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:46, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу.

Работа содержит 1 файл

Ілияс Жансүгіров.doc

— 199.50 Кб (Скачать)

Ілияс Жансүгіров орыс тілін  ептеп біле бастасымен М. Горький шығармаларын ерекше зейін қойып оқиды. «Оның кітаптарының, - деп жазады ақынның өзі, - бірінен соң бірін сонырқап, іздеп оқыдым. Горький кітаптары мені жазуға жігерлендірді. Көзімді ашып, сарайымды тазалап, ілгері қарай сүйреді, әсіресе маған ерекше әсер еткен оның асқан ақындықпен жазылған «Сұңқар жыры», «Дауылпаз жыры» сияқты өлеңдері болды». Ұлы дауылға шақырған, күреске үндеген  бұл шығарманы Ілияс Жансүгіров  жаттап алады, қазақ тіліне аударады.

«Әрине, Горькийдің кітабын  оқып, сөзіне сусындап жүрген шәкіртіне өзінің ұлы ұстазын көрі арманы аз ғана болмайды. Мен көптен Горькийдің көруді көксеуші едім.  Ондай бақытты күн маған 1933 жылдың қысында Мәскеуде ұлт республикалары жазушыларының мәжілісі өтіп, сол мәжіліске қатысқан жазушыларды А. М. Горький  қонаққа шақырады. Осы қонақтардың ішінде І. Жансүгіров  те болады. Сол кездесудегі  болған әңгімені қысқаша түйіндей келіп, ақын былай деп жазады:

«...Әсіресе Алексей  Максимович қазақ халқының тарихы мен  қазақ даласын жаулап алған патша  үкіметінің тарихы туралы сұрастырып отырды. Сол заманда отар саясатымен түскен Еділ, Ертіс бойындағы қалалардың тарихы бай, қызықты материал деп сөйледі...».

А. М. Горький мен І. Жансүгіров одан кейін де бірнеше  рет кездесіп, әңгімелескен, әсіресе  СССР жазушыларының съезі үстінде   Алексей Максимович үнемі жазушылар арасында болды.

«Мен бір жолыққанда, - дейді І. Жансүгіров, - Алексей Максимовичке қазақ жазушыларының кітабын  беріп отырып, өзім аударған «Дауылпаздың»  қазақшасын оқып бердім. Ол өте  ықыласпен тыңдады. Мен оқып болған соң қолымды қысып тұрып :

  • Мен сіздің тіліңізді білмесем де ені ұққандыңызды сеземін, - деді. Мен өте өркештеніп қалдым».

Міне, пролетариаттың ұлы  жазушысы А. М. Горькиймен жүздесіп, дидарласуы, ұлы ақындардың шығармаларын оқып, одан өзіне нәр алуы І. Жансүгіровті аударма шығармашылығына белсене араласуға себепші болды. І. Жансүгіров,  бір жағынан, ұлы жазушылардың асқақ туындыларын қазақ оқушыларына жеткізуді өзінің ақындық парызы деп санаса, екінші жағынан, қазақ әдебиетінің  даму, өсу процесі – осындай озық шығармалардың аударылуы арқылы да жүзеге асатынын ол жақсы түсінді.

1937 жылы А. С. Пушкиннің  өлгеніне жүз жыл толуын бүкіл Одақ бойынша атап өтуге қаулы алынды. Бұл күнге барлық ұлт республикаларында үлкен дайындықтар жүргізілді. Осы датаға байланысты Пушкин өлеңдерін бұрыннан аударып жүрген Ілияс Жансүгіровке енді «Евгений Онегин» романын аудару жұмысы  жүктелді. Романды ақын түгел аударды (Ілияс Жансүгіровтің аудармашылық өнері арнай зерттеуді қажет етеді).

Әдебиеттің интернационалдық байланысын күшейту туралы мәселе көтерген І. Жансүгіров қазақ совет әдебиетінің, қайнар бұлақ көзі болған қазақтың дәстүрлі әдебиетінің, яғни ауыз әдебиетінің  бай мұрасын зерттеп, оны шығармашылық жолмен игеру керектігін де үнемі қадағалап отырған әдебиетші. Сол халық әдебиетін мол жинап, оны өзінің шығармашылығына пайдалануда да І. Жансүгіров  басқаларға үлгі көрсеткен ақындардың бірі болды.

Қазақ совет жазушылары Одағының председателі болған І. Жансүгіров  1934 жылы Мәскеуде өткен СССР жазушыларының  І съезіне делегат болып қатынасады. Съезде ол қазақ әдебиеті жайынан сөз сөйлейді. Осы съезде ақын СССР жазушылар Одағы мен Қазақ АССР жазушылар Одағы правлениесінің мүшесі болып сайланады. Партия мен үкіметтің жүктеген қиын да жауапты қызметтерінде ол өзінің ұйымдастырушылық қабілетін анық танытады. [ 5 – 43]

Ілиястың ақындық күшінің  ең салмақты жағы – оның поэмаларында. Ақын бойындағы айрықша қуат пен  дарын, шеберлік пен ойлылық оның әпикалық туындыларынан айрықша  көрінеді. Әсіресе, «Дала» мен өнер тақырыбына жазған поэмалары «Күйші», «Құлагер» тұсында Ілияс өлшеусіз биікке көтеріледі.

«Ілияс Жансүгіровтің ақындық  мұраларының  ішінде жаңағы үш поэма  қазақ совет поэмасының екі үлгісін  танытады, - деген еді М. Әуезов. –  Бір алуаны – лирикалық философиялық, екіншісі – оқиғалы, сюжетті поэма үлгісі. Осы үш поэма тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы аса биік, ірі сапа табады. Бұлардағы дүниені көрер көз, сезіну сыры, жалпы дүние тану қалпы, ақындық сыр, өмірге қараған көзқарас – барлығы да бұрынғы қазақ поэзиясы тудырмаған тың жаңалықты аңғартады. Осы поэмаларда бейнелегіштік (образность) кенеулі тапқыр оймен ұдайы жақсы үйлесіп отырады».

Заман шындығын трең ашып дәуірдің қат – қабат шытырманды оқиғаларын геройдың психологиялық сезім күйлері арқылы бейнелеу Ілиястың өнер тақырыбына арналған поэмаларының көркемдік сапасын белгілейді. «Күйші» поэмасындағы Қаракөз бен күйші жігіттің өнерге еліктен адамдық сезім осалдығы қоғамдық жіктің екі басында тұрған геройларды үлкен арпалысқа салады. Біріне – бірі бір ауыз сөз қатпастан күй тілімен түсінісіп отырған геройлар сезімін суреттеуде  ақын үлкен шеберлікке көтеріледі. Сонымен бірге Ілияс герой мен заманның ара қатынасын белгілеуде  де тың түсінік, жаңа көзқарас аңғартады. «Құлагер» поэмасындағы Ақан арқылы Ілияс беймезгіл заманда туған өнер адамының ескілікке деген өктем назарылығын көреді. Оны орыс ойшылдарының қазақ қоғамына түскен ұшқыны ретінде («Лермонтов, Пушкин көктен атылған құс, түскен бе Көкшетауға көлеңкесі») таниды. Сондықтан да Ақанның қанша қуғын мен азап көрсе де, мойып, ешкімге бас имеген кейпінен ол үлкен романтикалық бейне табады. Ақан өлімнің өзіне ол романтик геройдың дүниеге табынбай, өрлікпен өтуі ретінде қарайды («Тұсында пері болсын, сері болсын, ұнайды өлімімен Ақан маған»). Ілиястың тарихқа көзқарасы, оны тануы мен екшеп ала білуі, бұл жағынан, кейінгі әдебиетшілерге көп үлгі. Дәуірі жағынан ескі заман уақиғаларын суреттеуге арналғанмен, ақын поэмалары бүгінгі дәуір шындығымен терең байланыста жазылған. Молықбайды айтса, ол бүгінгі күй сарынының өзгергенін, жаңа күйді көрсетеді. «Күйшіде» хандар тепкісінде теңдік аңсаған күй сарыны мен «Құлагерде» Ақанды зарлатқан заман әділетсіздігін бүгінгі шындыққа қарсы қояды. Фольклорлық сөзуарлықтан арылып, мазмұн мен түр бірлігін қалтқысыз сәйкестіре сақтаған бұл туындылар дүниежүзілік поэзияның озық дәстүрлерін бойына сіңірген үздік үлгілері еді. Ілястың  А. С. Пушкиннен, М. Ю. Лермонтовтан, Н. А. Некрасовтан, И. А. Крыловтан, Г. Гейнеден, В. Маяковскийден жасаған талантты аудармалары, бір жағынан, ол үшін үлкен шеберлік мектебі болғаны даусыз.

Ілияс эпикада да, лирикада да терең ойдың, үлкен сезімнің, ұшқыр  қиялдың ақыны болды. Ол әрқашан  ақын жүрегін жарып шығатын шын  сезімді жырлады. Ал, ақын сезімі үнемі заман құбылыстарымен, ондағы өзгеріспен байланыста көрінді. Оның поэзиясының халықтық, партиялық әдебиеттің алғы шебінде болуы да осыдан. Мұны мен ақынның бұл курстық жұмысымда аталмаған өлең – поэмаларынан да, проза мен драматургия, журналистика саласындағы мол еңбегінен де көремін. Дәуір талабының дәрежесінде болу, ол үшін жалықпай ізденіп, шеберлікке жетілген үстіне жетіле беру – ұлттық поэзиямызға Ілияс қалдырған үлгі. Сондықтан да бүгінгі қазақ ақындары Ілиясты өзіне ұстаз тұтады. Оның ақындық өнеріне әр қашан табына қарайды және де менің ойымша Оқырман  қауым ұлы ақынды ұмытпай, оның ескерткішінің алдына бас иеді. [ 12 – 200]

 

2.1. Ілияс поэзиясының  ерекшеліктері

Ілияс Жансүгіров – аса  ірі талант иесі. Ол қазақ әдебиетінің  барлық жанрында үлкен еңбек сіңіріп, осы әдебиеттің негізін салушы, үлкен тірегінің бірі болды. Әсіресе оның ақындық еңбегі зор. Ілиястың жазушылық еткен жиырма шақты жыл өмірі қазақ совет әдебиетінің алғашқы кезеңдерімен тұстасады, яғни ол осы әдебиетпен жарыққа бірге шығып, бірге жасасып келді. Сондықтан өзі негізін салысқан жас әдебиеттің жетістіктері мен табыстарының бәріне Ілияс ортақ, бәрінде оның үлесі бар. Күннен – күнге, жылдан – жылға үздіксіз өсіп, жетіліп келген осы әдебиетінің алдында тұрған маңызды мәселелері мен міндеттері Ілияс шығармашылығына да тән. Сондай – ақ қазақ поэзиясының жалпы дәрежесіне тән қасиеттер мен сипаттар Ілияс поэзиясына да жат емес. Сонымен бірге Ілиястың ақындық қуатына, ерекшелігіне айрықша тоқтау қажет. Мұнда айтарлық жайттар көп. Жүйрік те асқақ ақын Ілияс Жансүгіров ең алғаш әдебиетке қадам басқанда, үзіп – шалып қан оқыған, ортадан төмен білімі бар, ауылда өскен ересек жігіт еді. Оның бойындағы бар қаруы: ана тілі, ауыз әдебиеті, Абай мен Ыбырайдың, Махамбет пен Шерняздың, Сұлтанмахмұт пен Дөнентаевтың өлеңдері және кейбір Шығыс ақындарының, әсіресе татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармалары болатын. Ілияс шығармашылығына әуелден нәр беріп, ұрық сепкен үлгілер осылар.

Ілияс талантының жылтыраған көзі, тамыр жайған топырағы оның 1915 – 1916 жылдары жазған алғашқы өлеңдер дәптерінен – ақ көрініп тұр. Мұнда Абай поэзиясының әсері айтпай танырлық. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүрі – Ілияс өлеңдерінің де салты. Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» дегн өлеңінде терең ғылым ала алмадым деп опық жесе, жиырма жылдан кейін Ілияс білім алу мәселесін енді теңдік алу мәселесімен ұштастырып:

 

Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас!

Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!

Ынта салсаң, білім  туын қолға алсаң,

Теңдік тиер, ешкім  күйе жаға алмас, -

 

дейді. Бұл – Ыбырай мен Абайға, Сұлтанмахмұт пен Дөнентаевқа  жалғасқан кәдімгі ағартушылық  жолы. Ілиястың  «Біздің жазда» деген өлеңі – Абайдың осы тақырыптағы белгілі өлеңдерімен үндес те әуендес. «Ынтықтар» деген өлеңдегі жазғы түннің суреті мен жастардың махабаттық жолығысуының да, жоғарыда айтқандай, «Желсіз түнде жарық аймен» көп жері ұқсас. Поэзияның күш – қуатын, қоғамда алатын орны мен атқаратын ролін Ілияс Абайша ұғынады. Оның «Жанды сөз» деген екі шумақ өлеңі Абайдың өлең сөз бен ән – күй туралы айтқан керемет әдемі өлеңдерін еске түсіреді.

 

Ұйықтап жатқан көңілді  өлең түртер,

Қайғы, зарын, қуанышын жақсы тінтер.

Жүрегімнің айнасын  шаң басқанда,

Орамалым осы өлең бетін сүртер.

 

 

Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр –

Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

Елдің сәні сақталар жанды  сөзбен,

Қай жұрт болсын талассыз осыған құл!

 

Ауылда өскен жас  ақынның туған ел әдебиетіне – халықтың асыл сөзіне – бұл секілді таң қаларлық тамаша көзқарасына Абайдың тікелей әсері тигендігі даусыз. Мұны Ілияс өлеңдерінің құрылысынан да анық көреміз. Поэзияда Абай жасаған үлгілер Ілияста өте кең орын алған. Басқасын былай қойғанда, Абайдың өзінде сирек кездесетін «Сегіз аяқ», пен «Бойы бұлғаңның» үлгісімен жазған Ілияста «Қалпымыз», «Шым – шытырық» деген өлеңдер бар.

Ілияс поэзиясының қалыптасуына Абай шығармашылығының тгі әсерін және Ілияс шығармаларында Абай өнегесінің алатын үлкен орнын тағы да толып жатқан мысалдармен көрсетуге болады. Орыс поэзиясының Абай қолданған шалыс ұйқас үлгісі Жансүгіров поэзиясында аллитерация, ассонанстармен құлпырып жанып кетеді.

 

Жанардың жанған жалыны,

Жердің жүзін жарық  етер.

Жарылқар жалшы, жарлыны,

Жаңа жұрт жасар, қарқ етер,

 

Жалпы ассонанс пен аллитерация  – Ілияс поэзиясында табиғи түрде  кең орын алған ақындық құралдар. Олар еркін, өзінен - өзі ағылып, құйылып  отыратын секілді.

Осымен бірге Ілияс  үш буын, бес буын өлеңдердің де үлгісін  салып көрген.

Ақынның ерекшеліктері  өлең түрлерімен қабат, басқа да поэзиялық  қасиеттер мен көркемдеуіш құралдардан  тұратыны белгілі. Соның ішінде ақынның  үні, арыны, лебі, тынысы, тілі, сарыны, бейнелеу тәсілдері секілді  бір  – бірімен тығыз байланысты қасиеттер мен құралдар – ақынның идеялық өресіне сәйкес өмір шындығын көркем бейнелеуге  қызмет етіп, ақынның талантын, поэзиялық күш – қуатын, шеберлігін танытатын белгілер мен сипаттар.

Ілияс поэзиясына тән  тағы бір зор ерекшелік – оның ақындық екпініндегі өзіндік үн, лирикалық леп. Не жайында, қандай күйде жырласа да, ақын шын көңілмен жырлайды. Барлық жерде ақынның жүрек сыры ақтарылып, ыстық сезім жалын атады. Оған салқындық, селқостық яки жалған сезім жат. Дарашылдық пен эстетшілдік лирикасынан Ілияс аулақ. «Кеңесті далам, кең далам», «Айдалам, Арқам, ауылым», «Асылға бай кендерім, астыққа бай жерлерім», деген өлең жолдары, жүректің тек қана таза шыңырауынан шығуы мүмкін. Ілияс поэөзиясына айрықша әр, ажар, әсерлі күш беретін де осы – жалынды лирикалық леп. Ол – оның халқын, туған жерін шексіз сүйген ең ардақты сезімі, ол – оның сол халқын бақытқа бөлеген партияға, Мәскеуге, ұлы орыс халқына деген ең асыл, ең ыстық сезімі. Оның көкірегін жарып шыққан ақындық үнінен жалған, жат мақам табу қиын.

Әрине, Ілияс өлеңінің бәрі бірдей мінсіз, мүлтіксіз шыққан емес. Оның ішінде асығыс жазылған, яки сәтсіз шыққан әлсіз, жасық немесе образдары схемалы, сөзі көп, пікірі үстірт, риторикалы, нанымсыз өлеңдер де бар. Мұнда өлеңдер, әсірее ақынның алғашқы дәуірінде, әйтпесе шығарманы әлі игеріп болмаған тың тақырыпқа газе,т редакцияларының тапсыруымен суыт жазған реттерде туған («Қуат» пен «Жорық» поэмалары және 1931 – 1932 жылдары өндіріс, колхоз тақырыбына жазылған кейбір өлеңдері).

Ақын поэзияның кең  арналы эпикалық, терең сырлы лирикалық салаларында жарқырап көзге  түсті де, шын халықтық, нағыз ұлттық поэзияның өрнекті үлгілерін салды. [ 6 – 145]

 

 

 

2.2. Ілияс Жансүгіров поэзиясы лекискалық жағынан бай

Оның лексикасында төрт түлік мал, халық тіршілігіне  орай әдет – ғұрып, салт – санаға байланысты, арғы – бергі заманда жиі, сирек қолданылатын сөздер молынан кездеседі. Халық тілінде бар, бірақ көркем әдебиет тіліне кірмеген аң, жәндік, шөптің бірнеше түрлері де ақын шығармаларында («Жетісу көрінісі») молынан табылады.

Қоғамның дамуына орай халықтың өмірі, тіршілігіндегі жаңалықтар, мәдениет, техника, ғылымның өсуіне, халықтардың өз ара достық қарым – қатынастарының күшеюіне байланысты әр халықтың ұлттық тілінің қоры да дамып отырады. Соған орай көптеген сөздер бұрынғы мағынасын жойып, жаңа мағынағы ие болады. Осы процесті қазақ тілінде де көру қиын емес. Мысалы: «Майдан» деген сөзді І. Жансүгіров екі мағынада қолданады. Біріншісі, оның көне мағынасы. «Майданға бір тізелеп шөкті қара». Мұнда майдан – күресетін балуандардың сайыс алаң мағынасында. Қазақтың бюұрынғы эпостарында, әсіресе «Алпамыс» жырында батырлардың ұрыс салатын алаңы «майдан» деп аталады. Екінші мағынасы күрес, тартыс.

 

Алдымда жойқын майдан бар

Информация о работе Жансугуров