Жансугуров

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:46, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу.

Работа содержит 1 файл

Ілияс Жансүгіров.doc

— 199.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты  мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың  алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Поэзиясын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық синтаксистің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, өлеңдеріне шолу жасау. 

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, алты тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қазақ совет әдебиетінің  тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс  Жансүгіровтың  алатын орны өте үлкен  және өзгеше. Совет өкіметінің алғашқы  жылдарында – ақ әдебиет табылдырығын аттаған жас ақын Ілияс Жансүгіров коммунист жазушы Сәкен Сейфуллин бастаған жаңа әдебиет туының астында Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтармен бірге сол әдебиеттің іргесін көтерісіп, қабырғасын қаласты. Бұл тұста  ол өзінің өрен талантының қырларын ашып, үздік көзге түсті.

Сәкен мен Бейімбет сықылды  тырнақ алды  өлеңдерін Ілияс  та революция қарсаңында жазыпты. Бірақ  олары жарқ көрмей, дәптер жүзінде қалып қойған.

Ілияс Жансүгіровтың  сауатын ашып, жазушы ретінде жарқырап танылған кезі – совет дәуірі. Өзге совет жазушылары секілді Ілияс та революция оятқан еңбекші халық ортасынан шығып, әдебиетке Совет өкіметі ашқан даңғыл жолмен келген жас талапкер болатын. Әрине бұл жолға да әркім өз соқпағымен, өз ерекшелігімен шықты. Біреу жарқын коммунистік  идеясы мен партиялық  билетін көкірегінде сақтап, жаулардың улы тырнағынан, өлім вагонынан шығып келді, біреу Аманкелді сарбазының шекпенін киіп, 1916 жыл мен азамат  соғысының окопынан шығып келді, біреулер кісі есігінен келді, біреулер серпіліп ашылған қараңғы тұңғиықтан жарық таңға бет қойып, алыстағы ауылдан, меңіреу түкпірден жаңа өкімет кедейдікі екен, кедей балаларын оқытып көзін ашады екен деген жалпы ағыммен келді. Міне, осы соңғы ағыммен келген көптің бірі -  Ілияс Жансүгіров. Ол 1920 жылы жазған «Арыным» деген өлеңінде:

 

Арылтамыз аспанды аршып  тұманнан,

Тазалаймыз жерді жонып  жуаннан,

Тапсыз, тату, мерекелі, өнерлі

Ел жасаймыз еңбегіне қуанған, -

 

дейді. Бұл – азаттық  алған еңбекші халықтың жарыққа ұмтылған ұл – қыздарына тән революция туғызған жаңа ұлы идеялық талап, рухани жаңа қайрат нышаны болатын. Бұл кәдімгі  Ленин айтқан, бұрынғы заманда езіліп келген, енді пролетариаттық революция оятып, жарыққа шығарған халық таланттарының серпіні болатын.

Әуелгі әзірде қараңғы  ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі  шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер  үзіп, торыққан жа жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да аузын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, жас коммунист ақын тез – аз арылып, қайтадан өзінің  бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен  енді еш  қайтпайды, ол Совет өкіметінің алғсенімінен  енді еш  қайтпайды, ол Совет өкіметінің алғашқы жылдардағы ауылда жүргізген шараларының барлығын қуаттап, өлеңдер жазады, жаңалыққа қарсы шыққан ескіліктің қарау күштерін әшкерелеп, шенеп, уытты, өткір қаламын ұштайды. Ақынның жиырмасыншы жылдардағы шығармалары оның қаламының  жылма – жыл төселіп, талантының ұдайы өсіп отырғанын көрсетеді. Тақырыбының ұлғайып, сарынының молайып, ақындық үнінің барған сайын күшейе түскенін аңғартады. Ілиястың алғашқы он жылдық шығармашылығының шыққан белесі 1930 жылы, Қазақстанның он жылдығына арнап жазған атақты «Дала» поэмасы  болды. Бұл поэма  он жыл бұрын ауылдан келген жас ақынды енді бүкіл республика көлеміндегі ірі, талантты ақын етіп танытты. «Дала» поэмасы, шынында, Ілиястың ғана емес, бүкіл қазақ совет поэзиясының он жыл ішіндегі шыққан шоқысы еді.

Содан былайғы жеті жыл даңқты ақынның шығармашылық талантының кемеліне келіп, толықсып, апйрықша жаоқырай көзге түскен кезеңі болды. Бұл кезеңде Ілияс  өзіне көбіне – көп күйттеген сүйікті поэзия жанрын одан әрі жетілдіріп, жаңа тамаша жемістер берді, оның қаламынан «Күйші», «Құлагер» сияқты поэзиялық кесек, керемет көркем шығармалар туды.

Сонымен қатар жазушы әдебиеттің  басқа жанрларымен  де айналысты. Алғашқы кезеңінің  өзінде ол қысқа әңгімелер, очерктер жазып келген. Әсіресе Ілиястың газеттерде жарияланған феьетондары әйгілі болатын. Өмірдегі және адам мінезіндегі мінді және терістік атаулыны  көргіш, байқағыш, мысқылшыл жазушы ғажап тапқырлықпен табанда зәрлі, күлкілі фельетондар шығара қоятын. Ал соңғы жылдары жансүгіров прозада «Жолдастар» атты роман, драматургияда «Кек», «Түрксиб», «Исатай – Махамбет» атты пьесалар жазды. Орыс ақындарының өлеңдерін үнемі үзбей аударып келген ақын кейінгі уақытта Пушкиннің «Гаврилиада» поэмасы мен «Евгений Онегин» романын аударды. Қазақстан жазушылары Одағының басшылығында бірнеше жыл істеп, қазақ әдебиетінің трихы мен күнделікті мәселелері жайында байсалды мақалалар жазды, баяндамалар жасады.

Дарынды ақын, көп қырлы  үлкен таланттың иесі    Ілияс Жансүгіров шығрмашылық өріне шарқ ұрып, шарықтап келе жатқан кезінде қаза тапты. «Көбік шашқан», «Исатай», «Бақытты Жамал» сияқты бітуге айналған поэмалары және басқа да көптеген келелі шығармалары басталған күйінде аяқталмай, жарық көрмей қалып қойды.

 

1.1. Өмірі мен  шығармашылығының бастапқы кезеңі

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамыр күні бұрынғы Қапал уезі, ақсу болысы, 4 – ауылда ( қазіргі  Талдықорған облыс, ақсу ауданында ) туған. Оның туған елі – Ақсу өзенінің бойын мекен еткен, негізінде  мал баққан, көшпелі ел еді.

Бұл елдің көшіп –  қонатын жерлері бір жағы тау, бір жағы құба жон дала, құмды, қопалы, қоңыр шатқал, кең атырап болған. Осы туып өскен жерін Ілияс 1927 жылы жазған «Отарба» деген өлеңінде ыстық сезіммен әдемі суретейді.

Аспанның ұлы ала асқар,

Асқардың жүгі құз  тастар,

Көргені – оның жалғыз жел.

Ағыны – боран ұлы  өзен,

Ақ дауыл аспас аш кезең,

Қарта – қатпар бұйра  бел.

Шырышы шұбар жыландай.

Жаужұмыры құмандай,

Қолқа қолат, құба құм.

Өлеңді өзек, тұзды сор,

Өзенді өрлей ұзын жол,

Төбеде топ – топ тораңғы.

Жыңғылы жыныс, жиделі ой –

Ой – қой, біздің мекен ғой!

Сағынам қатты соларды.

 

Ілиястың  төрт жасында шешесі өліп, бірыңғай әке тәрбиесінде қалады. Туған анасынан жастай жетім қалуы  және көз алдында  сол анасының қайтыс болуы ақын жүрегіне өмір бойы өшпес із тастайды. Бұл жөнінде Ілияс есейіп, ер жеткен кезінде де есінен шығрмай, шер етіп шертетін еді.

Ал енді әкесі Жансүгір – Берсүгір баласы, көптен озбас, көштен қалмас, шағын  шаруасы  бар, ескіше азын – аулақ  оқыған, арабша  сауатты адам болған. Халықтың бай ауыз әдебиеті үлгілерін,  ел ақындарының жырларын, айтыстарын көп тыңдап, көп жинаған кісі екен.  Оның қадағалап, айрықша сүйіспендікпен көшірген қолжазбаларының ішінде шығыстағы Абайдың, батыстағы Шернияз бен Махамбеттің, Базардың, Арқадағы Ақан мен Біржанның сөздері және Жетісудағы Сүйінбай мен күнбаланың, Әсет пен Ырысжанның тағы да басқа Жанақ пен Түбектің, Кемпірбай мен Шөженің, біржан мен Сараның айтыстары болғаны анық көрінеді. Бұлардың бірсыпырасын  Ілияс кейін совет тұсында альманахтарға енгізіп, журналдарға жариялаған  да болатын.

Жансүгір осындай туған елдің  асыл сөз қазынасын жақсы көріп  жинаған әдебиет сүйгіштігімен  қатар, көптеген қолөнеріне жетік, шебер, еңбекшіл адам екен. Аяқ киімді көк  суырлап тігетін етікші, темір мен ағаштан түйін түйетін ұста болыпты. Мінезі қатты, бала тәрбиесіне қатал әкесі өз білгенінің бәрін баласына үйретеді. Сондықтан да Ілияс жас кезінен – ақ әкесінен  оқып хат таниды, етік тігеді, ұсталық етеді, қоңыр даусымен ән салады, құбылтып домбыра тартады. Зерек, ұғымды бала, әкесі сықылды, халқының ән өнері мен сөз өнерін сүйеді, оларды жас, тебіренгіш жанымен беріле күйттейді, бойлай зертейді. Бұл кезін Ілияс «Құлагер» поэмасында өте орынды еске алады:

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін.

Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін,

Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр

Құлақты қырғ түріп жүрген кезім.

 

Бірақ үздіксіз оқып, жүйелі білім  аларлық жағдай Ілияста болмайды. Мектеп дегенде оның революциядан  бұрын оқыған жері қарағаштағы қазақ – татар  тіліндегі  бастауыш мектеп қана болатын. Оны Ілияс бес жыл оқып, 1911 жылы бітіріп шығады. Сонан ол 1920 жылға шейін ауылд болады. Ауылда жүріп жас жігіт жастық шаққа лайық, балғын, ыстық лепті, сырлы, лирикалық өлеңдер жазады. Оның дені – махаббат, сүйіспендік өлеңдері. Бірақ, не керек, бұл өлеңдер әзір түгел табылып болған жоқ. 1918 жылы жазғн бір дәптер өлеңі со  күйі  қолға  түспей келеді. Соның өзінде ақынның алғашқы қадамын аңғартатын деректер бар. Мысалы, Ілиястың ақындық қаіблетінің ауыл көлемінде  белгілі болғандығына «Бисекенің жоқтауы» деген жыр да айғақ бола алады. Махзаббат туралы  жазған «Ынтықтар»  деген өлеңі оның  бұл сезімді Абайша, жүректі кірден арылтатын ең таза, ізгі сезім деп қастерлейтінін көрсетеді. Бұл өлең Ілиястың  шебер суретші, нәзік сыршыл ақын боатынын да танытады.

Ілияста Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлең үлгісімен жазылған шумақтар да бар.

Ашылар ма көз,

Іс болар ма сөз

Көп көксеген күн туып?

Жауын, сел қайнап.

Дауыл, жел айдап,

өз еркінше жүр қуып.

Алу үшін теңдікті,

Сағынамыз кендікті, -

 

деп көксеген күнінің  теңдік пен бостандық екенін айтып  жырлайды, елдің еңсесін басып  келген қу мен сұмдарды сынайды. 1917 жылғы ақпан революциясын ілияс  қуанышты сезіммен қарсы алады да, «Тілек» деген өлең жазады.

Сонымен қатар 1915 – 1916 жылдары жазған «Бұлбұлға», «Әншіге», «Өзіме», «Сәлемдеме», «Көңілдің жүгірісі», «Жанды сөз» деген өлеңдер Ілиястың ақындық өресі мен аяқ алысының әжептәуір жетілгендігін аңдатады. Өлеңнің сарыны, құрылысы жөнінен Абайға еліктегені көрініп – ақ тұр. Тіпті әлеуметтік тақырыпқа жазған «Қалпымыз» атты өлеңінде де біз оның кең тынысты ақындық өріске шыққанын байқаймыз.

 

Жан сүйісіп, тән ысып,,

Ынта айрылмай жалындар.

Сыбырласып, сырласып,

Кірден жүрек арылар.

 

 Революция мен азамат соғысы жылдары Ілияс ауылда болады. Ескі әдетпен шырмалып, әкесі әперген қызға сүймей үйленеді де, көп  азап шегеді; үй болам, шаруашылық құрам деп, қысқа дәулетті оңына келтіре алмай, тағы қиналады. Осының салдарынан оқи алмай, аулынан ұзап шыға алмай, едәуір уақытын зая кетіріп, алғанын ақын үлкен өкінішпен еске түсіргені белгілі.

Оның үстіне талапкер де таланты  ақын жігіттің оқи түсуіне, әлеуметік  өріске шығып, әдебиетке белсене  ат салысуына екі жылдай қазақ  даласына аласапыран, ауыр заман орнатқан ақ бандылар мен алашордашылардың әлегі  бөгет жасайд.

Міне, осы қыспақ кезеңнің өзінде жас  ақын домбырасынан, өлеңінен тіпті  қол үзіп кетпепті. 1919 жылы атаман Анненковтың  тырнағына түскен ағайындарына жаны ашып, қабырғасы қайысып шығарған «Не күйде?» деген назалы өлеңі сақталған.

1920 жылы Орта Азия контрреволюциядан тазартылысымен, Ілияс іле – шала ташкентке барып, сондағы мұғалімдер даярлайтын қазақ – қырғыз институтының екі жылдық курсына түсіп оқи бастайды. Оқып жүріп, бір жағынан, «Ақ жол» газетінде корректор боп істейді. Сөйтіп, аз да болса, газет жұмысынан тәжірибе алады. 1921 жылы әлгі курсты бітіріп, Ілияс Жетісуға қайта оралып келеді де, Талдықорған уезіндегі Белтоған ауылдық мектебінде мұғалім болып істейді.

Ташкентте әрі оқып, әрі қызмет істеп жүргеннің өзінде Ілияс  өлең жазуын тастамайды. Ол екі жыл ішінде жазған өлеңдерінің кейбіреуін Алматыда шығатын «Тілші» мен «Кедей еркі» газетіне жіберіп бастырады. Соның ішінде айрықша атап айтуды қажет теетін өлең – 1920 жылы «Тілші» газетінде жарияланған «Ортақшыл партия» деген өлең. Мұны Сәкен шығармаларынан кейін жалпы қазақ поэзиясында Коммунистік партия тақырыбына жазылған алғашқы өлеңдердің бірі десе болар еді. Бұл тарихи елеулі өлеңінде ақын Коммунистік партияға:

 

Жөнің түзу, жолың ашық, ойың шын,

Алысқанның ауызына құйдың құм,

Мейірім, шапқат, әділеттің өзісің,

Есіт даусын біз езілген сорлының, -

 

деп қазақ аулының бұрын езілген, артта қалған қараңғылық халін мұң  етіп шағып, көз қырыңды сала гөр  деген тілегін білдіреді. Сол  жылы жазылған «Еңбекшілерге» деген  өлеңінде Ілияс Совет өкіметінің еңбекшілер өкіметі екенін түсіндіріп, ендігі жерде оларды кеңесіп, бірлесіп, еңбек істеуге шақырады. Жоғарыда айтқан «Арыным» деген өлеңінде ақын «Жарлы, жалшы, жақыбайды жарылқау, жандағы ауру, жүректегі жалыным» дей келіп, осы мақсаты бірлескен күресте ғана орныдалатынын айтады.

1924 жыл – Ілияс Жансүгіровтің  өмірі мен шығармашылығында ерекш  орын алатын жыл. Бұл – оның  Коммунистік партияның қатарына  кандидат болып енген жылы. Коммунист  ақынның шығармашылығы сол жылы  ала – бөтен кең қанат жайып,  өлеңдерінің мазмұны мен тақырыбы молыға да тереңдей, саяси жағынан ұштала да өткірлене түскенін байқаймыз. Азасы бүкіл елімізді тітіреткен Ленин өлімінің ауыр қайғысына басқа ақындармен бірге Ілияс та үн қосып, арнаулы өлең жазды. «Ленин – өлді» деген өлеңінде ол ұлы көсемді еңбкші халыққа жарық таң  атқызған дана, дауылға ұшыраған жұртты жарыққа алып шыққан капитан бейнесінде суретей келіп:

Информация о работе Жансугуров