Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:46, курсовая работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу.
Еткен іс, айтылған сөз, салған ұран,
Қорыды қорғасындай жүрекке иман.
Өмірдің тербетілген кемесінде,
Адасад сілтеуіңнен ауытқыған, -
деп түйді. Мұнда ақын бұдан былай адаспай, бақытқа жетудің бірден – бір жолы Ленин сілтеуінен ауытқымау, Ленин ісін, Ленин сөзін, Ленин ұранын жүректе сақтау екенін жақсы түсінеді де, жақсы түсіндіреді. [10 – 235]
1.2. Жаңа заман жырлары
1928 жыл Ілияс шығармашылығында елеулі кезең боп табылады. Бұл жылы Қызылордада оның тұңғыш рет «Сағанақ» атты өлеңдер жинағы шықты. Одан бір жыл бұрын «Бет ашар» деген кіші – гірім жинағы жарық көрген болатын. «Сғанаққа» ақынның 7 – 8 жыл ішіндегі газет – журналдарға жарияланған және жарияланбаған өлеңдерінің таңдамалылары енген. Бұрын өлеңдерінің дені «Тілші» газетінде, бірсыпырасы «Лениншіл жас», «Ауыл», «Жаршы», «Кедей еркі», «Әйел теңдігі», «Жаңа мектеп» және басқа сол сияқты күнбе – күн, айма – ай шығып тұратын баспасөз бетінде көрініп келген ақын енді бүкіл Қазақстан көлемінде өзінің дербес кітабымен танылды.
Ілияс Жансүгіров Мәскеудегі
оқуын бітіріп қайтқаннан кейін,
«еңбекші қазақ» газетінде әдеби
қызметкер болып істей
«Еңбекші қазақ» газетінде істеген үш жыл (1928 – 1931) Ілияс шығармашылығының тағы бір басқыш жоғарылаған маңызды белесі болғаны даусыз. Мұнда ақын бұрынғы тақырыптарына қайта оралып, сол тақырыптарды жаңа жақтарынан толықтыра да тереңдете ашады, бұрынғы сарындарын одан әрі күшейте және үдете жырлайды. Мысалы, Жансүгіров бұл жылдары да Қазан күнін ардақтап, совет тұсындағы ұлы жеңіс пен табыстарымызды баяндап жаңа өлеңдер шығарады. Октябрьдің 11 жылдығына жазған «Ұлы Октябрь» деген өлеңі – Октябрь тақырыбын бұрынғыдан гөрі қомақтырақ толғап, партияның совет дәуіріндегі басшылық ролін айқынырақ көрсеткен өлең.
Сондай – ақ Ілиястың бұрын өндіріс тақырыбына жазған «Заводта» деген өлеңі оның Мәскеудегі заводты көргенде алған әсерінен туса, «Жаңа дала», «Алтын қазан» сияқты өлеңдері – қазақстанның өзіне орнаған өндірістерді көргендігі қуаныштан туған өлеңдер. «Жаңа дала» деген өлеңінде ақын Қазақстандағы ұлы өзгерістерді, оның ішінде өндіріс орындарының өсуін толғайды, бірақ бұл – жалаң толғау емес, нағыз көтеріңкі шаттық сезімге (пафосқа) бөленген образды толғау. Ал енді «Алтын қазан» өлеңін алсақ, мұнда нақты бір – ақ өндіріс бейнеленген. Ол – советтік Риддер (қазіргі Лениногорск кені).
«Алтын қазан» - Ілиястың әдемі, әсем шыққан өлеңінің бірі. Мұнда Риддерді қоршаған табиғаттың көркі, Алтай тауының суреті, бойындағы бар асылын иесіне – халыққа – иіп тұрған Риддердің ішкі – тысқы сипаты және кеше ғана ауылдан келіп, бүгін социалистік өндірісті игеріп жатқан жас қазақ жұмысшыларының пішіндері көркем жасалған. Ауыл әнімен айтуға лайықтап жазылған «Алтын қазан» - қазақтың он бір буынды қара өлең түрін кемеліне жеткізген жатық, жұмыр, әуезді әрі әшекейлі өлең.
Орыс жерін туған жерім деп, жанымен суйе суреттеу, орыс адамдарының еңбекшілдігін үлгі етіп сүйсіне жырлау, орыс жұмысшылары мен шаруаларының және қазақ еңбекшілерінің ұштасқн ұлы тілегін қастерлеу Ілиястың бұрынғы өлеңдерінде де ұшырасатын. [1 – 243]
1.3. Әлемге арналған ақындық үн
Халықаралық жағдай мен
жер жүзілік оқиғалар, империалистерге
қарсы өршіген жұмысшы қозғалыс
Ілиястың халықаралық тақырыпқа жазған шығармаларының ішіндегі ең биік шыңы – 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде шыққан «Гималай» атты даңқты өлеңі.
Ақ шалып басын қар көміп,
Аспанның төсін арда еміп,
Анасындай алтын күн,
Сел жіберіп бір жуып,
Жел жіберіп бір желпіп,
Ауық – ауық құшақтап,
Әлсін - әлсін нұр сеуіп,
Есейген асқар Гималай...
Сол күннен нұр ала алмай,
Басы мұнар, бауыры тар...
Гималай асқар неге олай? –
деп басталатын өлеңде ақынның жүрегінен ең ардақты сезімі ақтарылған.
Жемісі жерде мәуелеп,
Терегі көкке тәуелеп,
Тағысы таста ойнаса,
Қиядан қыран әуелеп,
Андыздап ара бал сорып,
Шешегін шымшып көбелек,
Құндағы ну қарағай.
Сол сәулетке оранбай,
Борбайы борша, арша арқа,
Гималай асқар неге олай? –
деген жолдарда әсем образдардың кестесі тігілген, асыл сөздердің маржаны тізілген. Ал енді:
Гималай – көктің кіндігі,
Гималай – жердің түндігі,
Мұз – туырлық, қар – үзік,
Түрілмеген бір күні, -
деген шумақта сол кездегі қазақ ұғымына таныс киіз үйдің байырғы бейнесі арқылы керемет көркем сурет жасалған.
«Гималай» - Ілияс шығармаларының ішінед айрықша айшықтысы, әдемісі, мазмұны мен түрі қиысқан, төрт тақтасы түгел жатық, тыңнан ойғандай тұтас, қорытып құйғандай сом, кесек шыққан көркемі. Оның идеясы – терең, нақ, шын өмірлік идея. Оның екпіні мен әуені шын өмірлік нағыз толқыған ақын жанынан жарып шыққан.
Данышпан Ленин бір
кезде Шығыс пен Азия елдерінің
империализмге қарсы
Гималайда қуат бар,
Қозғалды оны құрауға,
Гималайда ұлы от бар,
Таянып тұр тұтауға:
Гималайда улы оқ бар,
Құл атады құдайға
Болса болар, болғандай...
Көксеп күн мен көкорай,
Дейтіндерге неге олай?
Айтар сонда Гималай.
Бүгінгі отаршылдықтың бұғауын үзіп, өз тізгінін өзі алып, тәуелсіздік жолға түскен Азия, Африка елдері Ленин болжалының өмірлік, даналық болжал екеніне айқын айғақ болса, сонымен бірге олар ақын қиялының да өмір шындығына сәйкес, революциялық идеядан пайда болған негізді, қисынды қиял екеніне даусыз дәлел бола алады. [10 – 247]
ІІ. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері
Әдебиеттің көкейкесті мәселелері жөнінде көп ойланып, көп толғанған жазушылардың бірі Ілияс Жансүгіров. Ол өзінің бір мақаласында: «Менің бір сүйетін жұмысым сын мәселесі, әдеби сын бізде әзір аз, біздің сынға кірісіп жүргендер әлі үстірт, тайқалақ, орашолақ істеп келе жатыр. Әдебиет майданымыздағы үлкен олқымыз осы. Ілгеріде осыған қызмет қылуымды міндетім деп ұғынғаныма да көп болды, атқара алмай жатқаныма қатты армандамын...».
Ақын көп ұзамай бұл арманын жүзеге асыра бастайды. 1932 жылы 23 сәуірде Орталық партия Комитеті РАПП, БОАПП ұйымдарын ажыратып, оның орнына кеңес (совет) жазушылар Одағын құруға қаулы алады. Осы негізде Қазақстан Өлкелік партия Комитеті де қаулы алып, ҚазАПП – ты ажыратады да, сол 1932 жылы 18 мамырда ҚазАПП – тың ақырғы жиналысы өтеді. Бұл жиналыста Қазақстан жазушыларының басын қосып жауынгерлік отряд жасау, - совет әдебиетін дамытудағы ролі туралы және ұйымдастыру мәселелері қаралады. Сонымен 1932 жылы Қазақстан кеңес жазушыларының ұйымдастыру комитеті құрылып, оның 10 мүшесі сайланады. Ұйымдастыру комитетінің председателі І. Жансүгіров, жауапты хатшысы Ғ. Мүсірепов болып белгіленеді.
1932 жылдың желтоқсан
айында өткен Жазушылар
РАПП, ҚазАПП ісінің жетістігі мен кемістігін айта келіп, ондағы міндеттерге тоқталады, осы уақытқа дейін орын алып келген жазушылар аарсындағы идеялық тартыстың жай – күйіне тоқталып, принципсіз жікшілдікті қатты сынайды. І. Жансүгіровтің бұл пленумда ерекше көтерген мәселесі – бүгінгі социалистік құрылыстың қарқынды түрде жүріп жатқанын, еңбек адамдарының ерлігін жырлау керектігі еді. Бұл тезистің өзі ескілікті ғана жыр етуге шақырған ұлтшыл ақындардың тезистеріне қарсы принципиалды күреске негізделген еді.
Соңғы жылға дейін қазақ әдебиетіне революциялық романтика керек пе, керек емемс пе деген пікірлер баспа беттерінде де, әдеби айтыстарда да сөз болып келгенді. І. Жансүгіров бұл проблемалық мәселе жайында өз пікірін ашық айтып, революциялық романтиканың әдебиетімізге жат еместігін дәлелдейді. Сонымен бірге баяндамашы сын мәселесіне де ерекше тоқталады. Сын – жазушыға шығармашылық қорек беретін болуы керек, әдеби дамудың үлкен бір шарты осы қамқор сын еді, ол әлсіз жерде даму да қарқынды болмақ емес, сол сын әлі мардымсыз деген қорытынды жасайды.
Міне, осыдан былай І. Жансүгіров қазақ әдебиетінің жалпы жайы, жеке мәселелері туралы үнемі баяндамалар жасап, мақалаларды үзбей жазып тұрады.
Ілияс өлең жазумен бірге драматургия, кинодраматургиямен айналысқан. Ол тек пьеса жазып қана қойған жоқ, сонымен бірге драматургия, театр мамандары туралы үнемі қамқорлық жасап, мәселелер көтеріп жүреді.
Ілияс Ғаббас Тоғановпен бірігіп жазған «Театр мамандарын дайындау керек» деген мақаласы мен «Қазақ ұлт театры» атты кітапшасынан кейін «Риддердегі қазақ жұмысшыларының театры» деген кітапшасын жазды.
Халықтың ауыз әдебиеті мұраларын жастайынан мол жинап, оны кейін баспа бетіне ептеп жариялап, халық игілігіне айналдырған Ілияс Жансүгіров Абай поэзиясы туралы басқаша пікірде болды. Жастайынан жаттап, жүрегінің түкпірінен поэзиясына орын берген, көп еліктеп, үлгі алған Абайды Ілияс халықтық ақын деп алған қорғаушылардың бірі болады. Алматыда шығатын «Тілші» газетіне 1923 жылы ол Абай туралы «Абай кітабы» атты үлкен мақаласын бастырады. Бірақ, Абай төңірегіндегі әр түрлі пікірлер 30 – жылдарға дейін созылып келгендіктен, буржуазияшыл – ұлтшылдар Абайды әлеуметтік ортадан жырып алып, өздерінің ұлтшылдық пиғылдарын жүзеге аысру үшін пайдалануға тырысты.
Алайда, Абай поэзиясының әлеуметтік бағытын ашуда Ілияс көптеген дұрыс тұжырымдар айтумен қатар, біраз қайшылықты піікрлерге жол береді. [ 2 – 125]
Ілияс Жансүгіров тек өзінің қоғамдық қызметіне ғана байланысты емес, ол әр уақытта ақын азаматтық борышы ретінде туған әдебиетінің тағдырын, оның болашағын үнемі ойлап, пікіп айтып отырады. Газет – журналдарда басылған мақалаларында болсын, әдебиет мәселелеріне арналған баяндамаларында болсын Ілияс үлкен бір проблеманы көтереді. Ол – халықтар әдебиетінің интернационалдық байланысы. Бұл байланыс тек мазмұн жағынан емес, түр жағынан да болып келуі шарт. Социалистік дәуірде халықтар достығы нығайып, экономикалық байланыс күшейген кезде әдеби байланыс та соның өзекті бір арнасы ретінде жүріп жатады. Бұл байланыстың түрлері әр алуан. Алдымен, бір халық жазушылары екінші халық әдебиетінің озық дәстүрлерінен үйрену, оны меңгеру арқлы жүргізілмек. Революцияға дейінгі дәуірде Абайды, Ыбырайды атамағанда, қазақ әдебиеті орыс әдебиетінің, басқа да үздік жазба әдебиеті бар халықтардың озық дәстүрлерін игеруге мүмкіндігі болмай келсе, Ұлы Октябрь социалистік револлюциясынан кейін оған толық жағдай жасалды, негіз туды.
Бұл байланыстың бірден – бір төте жолы әр ұлт жазушыларының озық туындылары өз ана тілінде ғаан басылып қалмай, басқа да ұлт тілдеріне аударылып тұруы керек. «Бұл қазақ әдебиетінің қорын молайтады. Қазақ оқушысын өсіреді, қазақ жазушыларын оқытады», яғни әдеби байланыс халықтар әдебиетінің жедел дамуының басты бір шарты дегенді І. Жансүгіров баса айтады. «Қазақ оқушылары жалғыз өзінің Бейімбет, Қалмақанын ғаан оқып, қамалып отыруға қанағаттанбайды. Горькийден бастап татардың Ғалымжанын, өзбек, қырғыз, түркмендердің, жан – жақтың әдебиетінің барлығын да оқығысы келеді. Біз осы тілекті орындауымыз керек», - деді.
Бір мазмұнды, көп тілді
совет әдебиетінің ерекше қарқынмен
дамуына мүмкіндік беріп
30 – жылдары аударма мәселесіндегі жетістік туралы сөз болса, осы жолда өндіре еңбек еткен Ілияс Жансүгіровтің атын атамай кете алмаймыз.
І. Жансүгіров орыс тілін кешірек үйренуіне қарамастан, орыс ақындарының, орыс тіліне аударылған шетел ақындарының өлеңдерін шөліркене оқып, өз көңіліне қонған, өзін сүйсіндірген шығармаларының кейбірін ана тіліне аудара бастайды.
В. Маковскийдің «Лениншілдер» атты өлеңін 1929 жылы аударып «Жаңа әдебиет» журналының 1930 жылғы 1 – санында, алғаш рет жариялайды. Содан былай қарайғы аудармалары күнделікті баспа беттерінде, жинақтарда басылып тұрады. Орыс жазушыларынан А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. Крылов, Н. Некрасов, Г. Державин, М. Горький, Д. Бедный, В. Маяковский, И. Уткин, А. Жаров, Н. Тихонов, А. Крайский, А. Безыменский, В. Рождественский, М. Зощенко т.б., туысқан ұлт республика ақындарынан А. Тоқай, А. Лахути т.б. өлеңдерін аударды. Бұлардың ішінде әсіресе көбірек аударған ақындары А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Н. А. Некрасовтар болады.