Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 14:11, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал – тәсілдері;
• Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы;
• Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі;
• Сан есім: ұғымы, түрлері, жасалу жолдары;
• Грамматикалық тәсіл арқылы есім сөздерді ұғындыру;
• Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдарын талдау;
• Зат есмінің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кемітіп, оның білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан да әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет. Оқытушы оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, оқу мотивтерін туғызуда кеңінен пайдалануы керек. Әрбір сабақта оқу мазмұнын жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кіріктіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл — есім сөздерді оқыту арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты.
Қорыта айтқанда мектепте есім сөздерді оқыту әдістемесінің тиімділігін атай отырып, төмендегідей қорытынды шығаруға болады:
1) Есім сөздерді оқыту тапсырмалары арқылы меңгертуде оқушылардың білімі тереңдейді;
2) Есім сөздерді оқыту тапсырмаларын қолдану арқылы жоғарғы сыныпта қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға болады;
Оқушылардың есім сөздерді оқыту тапсырмалары арқылы тіл мәдениетін, сөздік қорын жетілдіруге болады;
Жоғарғы сынып қазақ тілі сабағында есім сөздерді оқыту тапсырмаларын қолданудың педагогикалық, психологиялық негіздерін айқындау тапсырмаларды жан-жақты сапалы пайдалануға әсер етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ