Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 14:11, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал – тәсілдері;
• Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы;
• Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі;
• Сан есім: ұғымы, түрлері, жасалу жолдары;
• Грамматикалық тәсіл арқылы есім сөздерді ұғындыру;
• Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдарын талдау;
• Зат есмінің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.
Кесте 2.2 – Зат есімнің грамматикалық категориясының көрсеткіштері
Диаграмма 2.2 – Оқушылардың білім деңгейінің динамикасы
Бұл көрсеткіштерді бастапқысымен салыстыра отырып, оқушылардың білім деігейлерінің жоғарлағаны байқалады. Сонымен септік жалғауының жалғанатын сөздерінің соңғы дыбыстарының әуеніне қарай түрліше болып келетіні осындағы жалғауларды көрсету арқылы түсіндіріліп, сөздердің осындай жалғаулар арқылы түрленуі септеу делінетіндігі тұжырымдалады.
Жіктік жалғауының ең басты мазмұны тілшілік болмысы қазақ тілінде айқын. Оның ең басты болмысы қазақ тілінде тек адамның іс-әрекетімен, адамның жеке басының қасиет, сапасына, адамның құндылық қырларын айқындай алатын сөздердің ғана жіктеле алатындығы.
Жансыз заттардың жіктелуі жанды болса да адамдық тұлғаға тән болмағандықтан, сөздердің жіктелуінің де жіктік жалғауының өзіне тән табиғаты бар екендігін айғақтайды. «Мен кітаппын», «Мен дәптермін» деп айту мүлде саналы ойға жат болар еді. Ал «Мен ұстазбын», « Сен ұстазсың» деу тек адамға ғана тән екенін аңғарамыз. Бұдан шығатын қорытынды – жіктік жалғауы қазақ тіліндегі кез-келген сөзді жіктей бермейді. Белгілі бір мағына бірлігін талғау жіктік категориясының еншісіне енген. Мысалы: ұстаз, шебер, оқушы деген сөздердің өз ішінен мағыналық жіктелуі бар. Ұстаз – ұстаз болып, еңбек еткен адам; шебер – шеберлікке жетудегі еңбек үлесі; оқушы – оқу оқитын әрекеті бар; яғни адамға тән әрекет етушілік бар.
Жіктік жалғауының есім сөздер мен етістік сөздерге жалғану ретін және олардың қосымшаларын төменде берілетін кесте арқылы түсіндіреміз.
жақ |
жекеше |
көпше |
мысалдар |
мен І біз біздер |
-мын, -мін -бын, -бін -пын, -пін |
-мыз, -міз -быз, -біз -пыз, -піз |
баламын, баламыз үлкенмін, үлкенбіз қазақпын, қазақпыз |
сен, сіз ІІ сендер сіздер |
-сың, -сің -сыз, -сіз |
-сыңдар, -сіңдер -сыздар, -сіздер |
баласың, баласыңдар үлкенсің, үлкенсіңдер қазақсыз, қазақсыздар |
ол ІІІ олар |
жоқ |
жоқ |
бала, балалар үлкен, үлкендер қазақ, қазақтар |
Кесте 2.3 - Жіктік жалғауының есім сөздер мен етістік сөздерге жалғануы
Осы кесте арқылы жіктік жалғауының қосымшалары есім сөздер тобына жалғанатынын айтылды. Есім сөздерге жалғанғанда, жіктік жалғаулары заттың кім? не? екендігін білдіреді.
2.3 Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл – уақыт талабы», - деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Озық технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі таңдағы мектептердің іс-тәжірибелеріне дамыта оқыту жүйесі біртіндеп енгізіліп, жатыр. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алатын нысана деп білеміз.
Дамыта оқыту жүйесінің сабақтары оқушының ойлау мен практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Ал, ойлау мен практикалық іс-әрекет арқылы оқушының шығармашылық қасиеті дамитынын білеміз.
Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын ұстанған мұғалім дайындықсыз сабақ өткізе алмайды. Бұл мұғалім еңбегінің шығармашылығының болуын талап ететін жүйе. Бұл жүйедегі оқытудың мықсаты, мазмұны, формасы, әдісі, баға қою тәсілі дәстүрлі оқыту жүйесімен ешбір сәйкестік таппайды.
Дамыта оқыту жүйесінің нәтижесінде оқушы өз пікірін айтуға, оны дәлелдеуге, салыстыруға, болжам жасауға, қорытынды жасауға және өз білімін қажетіне орынды пайдалана білуге үйренеді. Дамыта оқыту жүйесі белгілі бір технологяны қажет етеді. Сондай технологиялардың бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».
Бұл технология осы таңда қазақ және орыс тілдеріндегі мектеп, басқа да білім беру мекемелерінде қолданып жүрген технологияларының бірі. Аталған педагогикалық технология арқылы ұйымдастырылатын сабақ мынадай 3 кезеңнен тұрады:
І. Ой шақыру; ІІ. Мағынаны тану; ІІІ. Ой толғаныс.
Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қолданылатын әдістер |
Оқушының тақырып жайында не білетінін анықтау, белсенділігін арттыру, алдағы жұмысқа қызығушылығын ояту. |
Оқушы бұрын білетіндерін еске түсіреді, оны жүйелейді, өз көршісімен бөлісіп ойын ортаға салады және жаңа білім жайлы болжамдар жасап, сұрақтар қояды. |
|
Кесте 2.4 - Ой шақыру кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қолданылатын әдістер |
Оқушы қызығушылығын сақтау, бұрынғы білетіндері арқылы біртіндеп жаңа білімді игеру. |
Оқушы мәтінді оқиды, тыңдайды. Әр түрлі белгілер қойып, оны талдайды, жазбаша жұмыс түрлерін жүргізеді, көптеген тапсырмалар орындайды, яғни жаңа білімді өзі игеруге әрекет жасайды. |
|
Кесте 2.5 - Мағынаны тану кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қолданылатын әдістер |
Оқушының сабақтың басында жасалған жұмысына қайта келіп оны толықтыру, өзгеріс енгізу. |
Жаңа ақпарат арқылы бұрын білетінін толықтыру, яғни не үйренгенін саралау. |
|
Кесте 2.6 - Ой толғаныс кезеңі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлымысы көптеген стратегиялардан немесе әдістерден тұрады. Бұл әдістердің өзіндік қолдану ерекшеліктері бар. Енді сол әдістердің ішінде қайсысы зат есімнің грамматикалық категорияларын меңгертуге тиімді екенін қарастырып көрейік.
Топтау стратегиясы. Тақырып мазмұнын ашатын негізгі сөздерді графикалық бейнелеу. Бір-бірімен байланыстыра отырып, мәтінді дөңгелектермен сызықтар арқылы жүйемен топтау. Мысалы, ең ортасындағы дөңгелек тақырып, ал айналасындағы осы тақырып мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар. Мысалы, сен зат есімнің грамматикалық категориялары туралы не білесің? деген сұрақ бойынша жасаған оқушының жұмысына назар аударайық.
Сурет 2.2 - Зат есімнің грамматикалық категориялары
Венн-диаграммасы. Айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілері сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуінің ортақ белгілері жазылады.
жіктік жалғауы
Сурет 2.3 - Венн-диаграммасын мағынаны тану кезеңінде қолдану
Сұрақтар стратегиясы. Тақырып бойынша екі түрлі сұрақ қойылады. Бірі – күрделі, екіншісі – жеңіл. Оқушыға сұрақ қоюды үйретудің маңызы зор. Сұрақ неден туады? Қызығушылықтан, білмегендіктен, біреулерді тексеру үшін т.б. Сұрақ ойдан туады. Өз тыныштығын қалаған, ешнәрсеге қызықпаған адам сұрақ қоймайды, өйткені сұрақ ойымызды мазалауы мүмкін. Қандай сұрақ қоямын, қалай қоямын т.б. сұрақ қою әдісін сабақтың үш кезеңінде де пайдалануға болады.
Кестелер стратегиясы. Тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстарды графикалық бейнелеу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы дамыта оқыту жүйесінің барлық қағидаларын ескереді. Атап айтсақ, «жоғары қиындықта оқыту», «баланың оқу процесін сезінуі», «балалардың барлығын дамыту» т.б. сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалу шарт:
Ал оқушылар осыған байланысты:
Тек сонда ғана олар:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік- әкономикалық даму үрдісі мектепке өскелең үрпақты интеллектуалдық, білімдік, жек тұлғалық қабілеттерін барынша терең де жан-жақты дамытып, шығармашыл ойлай алатын болуын талап етуде. Осы талапты орындауда қазіргі кезеңде орта білім беретін мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс- тәсілдер көптеп оқыту процесіне енуде. Мұның өзі оқушыларға деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Қазір оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекеттер репродуктивті әдіспен ғана шектеліп, «таратқыш-қабылдағыш» тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы арасынлағы қарым-қатынас «тұлға-тұлға» күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатып қалған білімдерді ғана игермей, өзіндік мақсатты іс-әрекеттер жасай алатын, өз ой-пікірін айтып, оны дәлелдей алатын болуы қажет. Қандай да болмасын оқыту процесі оқушыға арналған. Демек оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің, меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқандығына қарай оқыту үрдісінің нәтижелігі шығады. Бұл мәселе турасында қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ы.Алтынсариннің пайымдауы бүгінге дейін өз қүнын жоймаған: « Мұғалімнің жұмысы — балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек » Бұл жерде оқушының білім деңгейі мұғалімнің жылы дүсінікті сөзімен қатар оның педагогикалық заңдылықтар мен ережелерді, оқыту әдістерін қаншалықты білгеніне де байланысты. Сондықтан да болар соңғы кездері қазақ тілін жаңа технологиялармен (деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы, оқушыларды ізгілендіре оқыту технологиясы т.б.) оқытудың әдіс-тәсілдері (инновациялық әдіс, қатысым әдісі т.б.) арқылы оқыту жұмыстары зор қарқынмен жүруде. Мұның барлығы оқушының қазақ тілінде жатық, таза сөйлеу қабІлеттері мен білімін тереңдетуге, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде өркендетуге арналған. Сондықтан «Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде бекіту — қазақ тілін жан-жақты жұмсай алу үшін күрес»- деген академик Р.Сыздықованың тұжырымын іс жүзіне асырып, қазақ тілін оқыту мәселесін заман талабына сай үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру қажет.