Есім сөздердің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 14:11, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
• Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал – тәсілдері;
• Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы;
• Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі;
• Сан есім: ұғымы, түрлері, жасалу жолдары;
• Грамматикалық тәсіл арқылы есім сөздерді ұғындыру;
• Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдарын талдау;
• Зат есмінің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.

Работа содержит 1 файл

Есім сөздер.doc

— 314.50 Кб (Скачать)

Көптік жалғауы кейде  зат есімнен басқа да сөз таптарына жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, заттандырып тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті әрқашан дұрыс түсініле бермейді. Бұл «Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деп жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр. Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда да жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас, Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.(Абай). Екіншіден, көптік, тәуелдік және септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарынан жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.

Бір заттың екінші бір  затқа тәуелді, меншікті, қатысты  болуы – тілдегі ақиқат құбылыс. Бұндай заттар арасындағы меншіктілік-тәуелдік қатынас қандай тілде болса да бар. Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын –нікі, -дікі, -тікі қосымшалы сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы, яғни, жақ түрлеріне байланысты тәуелділік грамматикалық формалар негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан.

Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.

Мұғалім күні бұрын өзіне  тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала  келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың  көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға:

 

Менің кітабым                                              Біздің кітаптарымыз

Сенің кітабың                                               Сендердің кітаптарың

Сіздің кітабыңыз                                          Сіздердің кітаптарыңыз

Оның кітабы                                                 Олардың кітаптары

деген мысалдарды жазып, ілік жалғауының қосымшасы мен тәуелдік жалғауының қасымшаларынының байланысын ойыс сызықтар арқылы түсіндіреміз. Бұл  жерде ілік жалғаулы тәуелдік жалғаулы сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, үнемі бір тіркесте айтылатынын аңғарту керек. Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тәуелдік жалғауының анайы және сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да оқушыларға көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн.

            анайы түрі                                                      сыпайы түрі

ІІ жақ (сенің) қарындашың                              (сіздің) қарындашыңыз

(сенің) үйің                                                             (сіздің) үйіңіз

Мұнан кейінгі ретте  төменде көрсетілген кесте арқылы тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы бары, оған лайықты қосымшаларының болатыны түсіндіріледі.

 

Зат есімнің тәуелденуі

жақ

жекеше

Көпше

І

(мен, біз)

-м, -ым, -ім

әкем, үйім

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз

қозыларымыз, үйлеріміз

ІІ

(сен, сіз)

-ың, -ің

әкең, қозың

-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз

үйлерің, үйлеріңіз

ІІІ

(ол, олар)

-сы, -сі, -ы, -і

қозысы, үйі

-ы, -і

қозылары, үйлері


Кесте 2.1 - Зат есімнің тәуелденуі

 

Бұл кестенің көмегімен  мұғалім тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары болатынын көрсете  отырып, І, ІІ жақтардың үнемі адамға қатысты айтылатынын, ал ІІІ жақ адамға да, басқаға да қатысты айтылатыны түсіндіреді. Осыдан кейін тәуелдік жалғауының үш жаққа тән арнаулы қосымшалары барлығы, жекеше, көпше түрде тәуелденетіндігін осы кесте арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып әңгімелейді.

Тәуелдік жалғауы ілік септік пен тәуелді сөздердің  арасын байланыстырады. Сондықтан да тәуелдік жалғауы қосылған сөз тәуелденуші  сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек  ететіндігін 

            Колхоз + дың мал + ы

           Оспан + ның киім + і

           Ахмет + тің бала + сы деген сияқты мысалдар арқылы түсіндіріп және тәуелдік жалғауы қосылғанда, сөздердің соңындағы кейбір қатаң дауыссыздар ұяңданып кететіндігін де (кітап – кітабым) оқушыларға түсіндіре кеткен жөн.

Сөйлемде сөздердің  арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған  сөзге әр түрлі грамматикалық  мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің  түрлену жүйесінің бірі – септік жалғауы. Үлгі ретінде 8 – сынып оқушыларына (16 оқушыға) қазақ тілі сабағынан «Зат есімнің септелуі» тақырыбын меңгерту бойынша білімдерін тексеруге сауалнама жүргізілді. Бастапқы кезеңде жүргізілген сауалнама бойынша оқушылардың білім дейгейін 2.1 кестеге және 2.1 диаграммаға сәйкес көрсетілген.

 

Зат есім

Білім деңгейі тексерілген  оқушылар саны

орташа

жақсы

өте жақсы

Тәуелденуі

4

10

2

Септелуі

3

9

4

Жіктелуі

6

5

5


Кесте 2.1 – Зат есім түрлеріне жүргізілген сауалнама  нәтижесі

 

 

Диаграмма 2.1 – Зат  есімнің грамматикалық категориялары көрсеткіші

 

Кестеде көрсетіліп тұрған көрсеткіштерін салыстара келе, зат  есімнің септелуін қайталау сабағын  өткізіледі. Септік жалғауы да тәуелдік, көптік жалғаулары сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын категория. Септік жалғауының сөздерді байланыстыратын қасиеті мына түрде түсіндіріледі. «Инженердің жаңа жоспарынан біздерге тиетін көмек өте көп» деген сөйлемді тақтаға жазып, инженер сөзіндегі –дің, жоспар сөзіндегі –нан, біздер сөзіндегі –ге қосымшаларын сүртіп тастап, инженер... жаңа жоспары... біздер... тиетін көмек өте көп деген тіркесті қайта оқытып, оқушылардың өздеріне қандай өзгеріс барын аңғарттырамыз. Сөйтіп, сөздердің қарым-қатынасқа түсе алмай, айтайын деген ойдың үйлесімсіз тұратынына оқушылардың көздерін жеткіземіз.

Тақтаға ақ, қызыл бормен септік жалғауының аттары мен сұрақтарын жазып, әрбір септіктердің өздеріне тән арнаулы сұрақтары, қосымшаларының бары айтылады. Бұл жұмыс былайша орындалуға тиіс: тақтаға 7 септіктің атаулары бірінен соң бірі ақ бормен рет-ретімен баған ретінде тізіліп жазылады да, оқушыларды қатыстыра отырып «Тілімізде неше септік жалғауы барын көріп отырсыңдар?» деген сұраққа жауап аламыз. Осылайша оқушылардың назарын аударған соң, тақтадағы септіктердің қатарына қызыл бормен әрқайсысының сұрақтарын жазамыз. Ол сұрақтардың кім? не? деген негізгі түбірден өрбігенін аңғартып, әр септіктің өздеріне тән арнаулы қосымшалары барын, ол қосымшалардың кім? не? Жалғанып тұрған жалғаулар арқылы түрленетіні түсіндіреміз де, әр септіктің тұсындағы кім? не? Сұрағына қосылып тұрған септік қосымшаларының астын сызып көрсетеміз. Сонымен қатар әр септіктің білдіретін мағынасына да тоқталып өткен жөн.

Атау септік. Атау септігі  сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің  түбірі тұлғасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар, басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш қызметі бар, олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы септік жүйесінің бір түрі болып табылады. Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? деген жалғаусыз формада жұмсалады.

Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің  білдіретін басты мағынасы – грамматикалық меншіктілік, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету. Ілік септігі кімнің? ненің? қай? деген сұрақтарға жауап болады.  Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылатыны өзара салыстырыла әңгімеленуі керек. Мысалы: мектептің маңы – мектеп маңы, есіктің тұтқасы – есік тұтқасы.

Барыс септік. Барыс септігінің де өзіндік ерекшелігі бар. Барыс  септігі сөз бен сөзді байланыстырып, мекенді, бағытты, мақсатты, мезгілдік  ұғымдарды білдіреді. Барыс септігінің сұрағы мен қосымшаларын түсіндірген соң, дейін, шейін, тарта, қарай, жуық сияқты шылау сөздер өзінің негізгі сөздердің үнемі барыс септікте тұруын керек ететіні аңғартылады. Мысалы: үйге дейін.

Табыс септік. Табыс септігі  зат пен қимылды ұштастырып, өзара  байланыстырып тұрады. Табыс септігі қимылдық ұғымды білдіретін кейбір етістіктердің лексикалық мағыналарымен тікелей байланысты болып, олармен табиғи жағынан да қарым-қатынаста келеді. Мысалы, «Тақтаны сулы шүберекпен сүрту керек» деген сөйлемді тақтаға жазып, сүрту керек деген тіркестің баяндауыш екенін, оған нені? деген сұрақтың тікелей қойылатыны аңғартылады. Демек, сүрту керек деген сөз тіркесі тақтаны деген сөздің табыс септікте тұруын қалайтыны ескертіледі. Табыс септігі ілік септігі сияқты ашық түрде де, жасырын түрде де қолданылатыны ескеріліп, үнемі ашық түрде айтылатыны нақты мысалдар келтіріле отырып әңгімеленеді. Мынадай табыс септігі ашық қолданылады.

  1. Кімдер? Кімдерді? деген сұрақтарға жауап беретін жалқы, жалпы есімдердің табыс септігі ашық қолданылады. Мысалы: Амантайды Асқар көп ойлады.
  2. Тәуелдік жалғаулы сөздердің табыс септігінің қосымшалары ашық айтылады. Мысалы: Балалар уақыттарыңды дұрыс пайдаланыңдар!
  3. Табыс септігіндегі есімдіктердің қосымшалары түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Омар сені іздеп келіпті.
  4. Табыс септігіндегі сөз бен етістіктің арасына сөз салынып айтылса, қосымша түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Ол кітапты тез оқиды.

Жатыс септік. Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен  байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды  білдіреді. Мысалы: ол мектепте болды.

Шығыс септік. Шығыс септігі  – септік жалғауларының ішіндегі оңай меңгерілетін категориясының бірі. Шығыс септіктегі сөздер де етістікпен байланысып, қимылдың болған орнын, мезгілін, себебін, нәрсенің неден істелетінін  білдіреді. Мысалы: Олар мәскеуден келді. Шығыс септігіндегі сөздердің мағынасы мен сөйлемдегі қызметі төмендегі мысалдар арқылы түсіндіріледі:

  1. Ғарышкерлер Байқоңырдан (қайдан?) ұшырылады.
  2. Еңбек сабағында пластилиннен (неден?) ат жасадық.
  3. Асқарды алыстан жүрісінен (несінен?) таныдым.
  4. Асқардан (кімнен?) Омар жақсы оқиды.

Көмектес септік. Көмектес септік сөздер де етістіктен болған мүшемен байланысып, іс-әрекеттің құралын, тәсілін және амалын білдіреді. Демек, көмектес септігі бір заттың екінші бір затқа көмекшілік қызметінде жұмсалатынын білдіреді.

Мысалы: Адам еңбегімен  бағаланады. Көмектес септігінің –мен, -бен, -пен түрлері жиі қолданылады, ал –менен, -бенен, -пенен түрлері  қазіргі тілімізде көп жұмсалмайды. Көмектес септіктің қосымшаларының басқа септіктерден бір ерекшелігі – олардың жуан варианты жоқ. Бұлардың түбірге үнемі жіңішке тұлғада жалғанып, буын үндестігіне бағынбайтыны, көмектес септіктің беретін мағыналары да, сөйлемдегі қызметі де түрліше болып келетіндігін сөйлем талдау арқылы түсіндірген ұтымды болады. Мысалы :

  1. Еңбеккерлер трактормен (немен?) жер жыртады, комбайнмен (немен?) астық орады. Қасым жолдастарымен (кімдермен?) экскурсияға кетті. Біз баяндаманы ықыласпен (қалай?) тыңдадық.

Бұл сөйлемдердегі трактормен, комбайнмен деген сөздер немен деген сұраққа жауап беріп, істің нендей құралмен істелетінін білдіріп тұр. Сол сияқты жолдастарымен деген сөз кімдермен? Деген сұраққа жауап беріп, істің бірлестігін білдіріп тұр.

Сөйтіп, оқушыларға түсіндірген  септік жалғауының түрін, сұрағын, мағынасын, қосымшаларын жинақтап, өздеріне бала, шеге деген екі сөзді ауызша септетіп, олардың жауаптарына қорытынды сауалнама жүргіземіз 2.2 кестеге сәйкес көрсетілген.

 

Зат есім

Білім деңгейі тексерілген  оқушылар саны

орташа

жақсы

өте жақсы

Тәуелденуі

3

9

4

Септелуі

0

10

6

Жіктелуі

1

8

7

Информация о работе Есім сөздердің теориялық негіздері