Есім сөздердің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 14:11, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
• Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал – тәсілдері;
• Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы;
• Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі;
• Сан есім: ұғымы, түрлері, жасалу жолдары;
• Грамматикалық тәсіл арқылы есім сөздерді ұғындыру;
• Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдарын талдау;
• Зат есмінің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.

Работа содержит 1 файл

Есім сөздер.doc

— 314.50 Кб (Скачать)

Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді:

1) дара сан есім;

2) күрделі сан есім.

1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы: үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т. б.

2. Күрделі сан есім:

а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т. б.

ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.

б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша, неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады: қырық тоғызыншы, отыз бесінші, алпыс алтыншы, қырық екінші, жетінші, т. б.

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.

4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша, неше, қай шамалы, қаншадан?

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:

а) жұрнақ арқылы: -лаған–жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген;

-лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап,

-деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп;

-дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей; т. б.

ә) Есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т. б.

б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден, т. б.

в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге жақын, т. б.

5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де нешеден, қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б. қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден; т. б.

6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:

а) жай бөлшек: оннан бес , тоғыздан үш , үштің бірі, т. б.

ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір , жеті бүтін төрт ондық, (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т. б.

Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. Мысалы, Сегіз қызым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе. Сегіз (қанша?) қызым. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып та анықтауыш болады. Қазақ ұғымында жетінің өзіндік орны бар. Жетінің (нешенің?) [20].

Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш болады. Келген адамдар алтау екен. Алтау екен (нешеу екен?). Біз бәріміз тоғызбыз. (нешеуміз?)

Сан есім атау тұлғада тұрып бастауыш болады. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Кім түгел болса?, Кім ала болса?). Жетеуі де өнерлі екен (Кім өнерлі?).

Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауыш болады: Тоғызда басталады (қашан басталады?), бес-бестен бөліну керек (қалай бөліну керек?), алтыдан (қалай?) топтадық.

Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгерсе, толықтауыш болады. Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті (нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі.

Сан есім зат есіммен не қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі болады. Жарысушылар он түрлі тапсырма орындайды (қандай тапсырма – он түрлі тапсырма). Сағатына 70-80 км жылдамдықпен жүреді. (қанша жылдамдықпен? – 70-80 км жылдамдықпен).

 

 

 

 

 

 

2 ЕСІМ СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1 Грамматикалық тәсіл арқылы есім сөздерді ұғындыру

 

Оқушылардың сөздерді тек  лексикалық мағыналарын біліп, оларды ретімен дұрыс қолданумен қатар  сөздік қорындағы сөздердің түрлі  грамматикалық мағынаға ие болуын, грамматикалық заңдылықтар арқылы мағынасының өзгеруін т.б. білуі  тиіс.

Сондықтан грамматикалық дағдыларды тиімді оқыту әдістерін таңдай отырып оқушы бойында қалыптастыру керек.

Оқушыларға грамматиканы оқудың маңызы туралы Д.Әлімжанов: «Біздің мектептерімізде  оқитын оқушыларымыз қазақ тілі грамматикасын  негізгі пән ретінде оқып, оның грамматикалық құрылымымен танысады, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі өзгерісін және қазақ тілі грамматикасының ғылыми жүйесі мен оның әр алуан фактілерін зерттеп біледі» - сол арқылы оқушыларда мынадай дағдылар қалыптасатындығын атап көрсетеді: «оқушылар өздерінің тілден алған білімін толықтырып жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін жетілдіру, грамматикалық орфографиялық ережелерді үйренеді, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын қалыптастырады» - дейді.

Мектепте грамматиканы оқыту әр сынып сайын күрделене береді. Оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстарында грамматикалық әдістерді қолдану – оқушылардың сөздерді дұрыс қолдануын қамтамасыз етуімен қатар, қазақ тілінің грамматикалық ұғымдарын бірте-бірте меңгеруін қалыптастырады.

Нәтижеде оқушылардың  бойында мынадай дағдылар мен  икемділіктер қалыптасады:

  • Өз ойын білдіруде тілдік материалдарды дұрс қолдана алу,
  • Тілдік материалдарды тек лексикалық мағынасы тұрғысынан емес, грамматикалық мағыналық бірлікте қолдану
  • Ойын толық жеткізуде сөздерді дұрыс тіркестіре алу;
  • Оқу бағдарламасына сәйкес грамматикалық біліктіліктерді меңгеруі;
  • Сөздердің сөзжасамдық қасиеттерін аңғару;
  • Өз бетінше ізденуі арқылы танымдық қабілеттерінің артуы;
  • Білімін көшіре алушылық қабілетінің дамуы.

Осындай дағдылар мен  икемділіктерді ққалыптастыру үшін әрбір сабақ үстінде жаттығу  жұмыстары орындатылады.

Жаттығулар  проблемалық ахуал сипатында  болып, оқушылардың дербестік қасиеттерін жетілдіруте арналуы керек.

Оқушылардың сөздік қорын  молайтуға грамматикалық тәсілдер төрт бағытта жүргізіледі:

1. сөзжасамды оқыту  барысында сөздік қорды молайту  тәсілі;

2. сөз таптарын оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі;

3. сөз тіркесін оқыту  барысында сөздік қорды молайту  тәсілі;

4. сөйлемді оқыту барысында  сөздік қорды молайту тәсілі.

Сөздік қорды молайтуға  негізделген жаттығулардың басқа  жаттығулардан айырмашылығы жаттығулардың әрқайсысы үш түрлі тапсырмадан тұратындығы.

Грамматиканы оқыту  барысында оқушыларға берілетін бірінші тапсырма сөздің мағынасын ашуға, ұғындыруға негізделсе, екінші тапсырма өтілген материалмен байланыстырылып, үшінші тапсырма-оқушылардың алған білімдерін шығармашылық сипатта қолдануын қамтамасыз етеді.

Бұлар оқушылардың сөздік қорын молайту барысында сөздердің мағынасын толық түсініп, оны өздерінің шығармашылық жұмыстарында дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыруға негізделеді.

Нәтижеде оқушылар үйренген сөздерден өтілген материалдармен байланыстыра отырып, күнделікті өмірде орынды және кеңінен қолдануды тез меңгереді.

Бұлар жаттығулардың  өзіндік құрылымдық ерекшелігіміз оқушылардың күнделікті практика жүзінде меңгерген білімдерін пайдалану қабілеттерінің қалыптасуымен тығыз байланыста.

2.2 Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдарын талдау

 

Зат есімнің басқа  сөз таптарынан ерекшеленетін бір  белгісі – көптік, тәуелдік, септік, жіктік категорияларының болуы. Зат есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық тұрғыда жүйелі оқыту және оны оқушыларға сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті әдістемелік әдіс - тәсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты. Ол үшін мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілерін бағдарлама бойынша жоспарлап, одан ұйымдастырылатын сабақ түрлері мен өтілетін материалдардың көлеміне қарай әдістерін белгілейді. Ол әдістердің жеке тәсілдерін ұтымды қолданудың нәтижесінде зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілері шығармашылық тұрғыда түсіндіріледі.

Жоғарғы сынып оқушыларына зат есімнің жекеше, көпше түрлері бастауыш мектептің өзінде таныс болғандықтан, енді оларды грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бұл үшін бірдей заттың жеке және бірнешеуі бейнеленген суреттерді пайдалануға болады. Көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге үндестік заңының заңдылығына бой ұсына жалғанатын ерекшелігін мынадай көрнекілік арқылы түсіндіруге болады 2.1 суретіне сәйкес көрсетілген.


 

 

 

 

 

 

дауысты

 

  р

  й             -лар, -лер

  у

  з

  ж

  л

  м                -дар, -дер

  н

  ң

 

  қатаң

  дыбыстан     -тар, -тер

  соң


Сурет 2.1 – Көптік жалғау қосымшалары


Бұл көрнекілікті түсіндіру  жолы мынадай:

Алдымен көптік жалғау деген  тіркеске түсінік беріледі. Көптік жалғауы жалғанған сөзіне көптік мағына беріп, оны екінші бір сөзбен жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын қызметіне толық сай келіп, өзінің мазмұнының қандай екенін бірден-ақ аңғартып тұрғанын ескертеміз.

Екінші ретте, көптік жалғауының арнаулы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғалы жалғауының барын және бұлардың буын үндестігіне  байланысты жуан, жіңішке вариантта  айтылатынын, сол тұлғада жазылатынын  балалар, кемелер, көлдер, кітаптар, мектептер сөздері арқылы түсіндіреміз.

Үшінші ретте, көптік жалғауының қосымшаларының басқы дыбыстарының л, д, т, дыбыстарынан басталатын септерінің сырын ашамыз. Бұл жайды мұғалім  көрнекіліктегі үшкіл сызық арқылы түсіндіреді. Көптік жалғауы жалғанатын сөздердің соңы дауысты, сонор р, у, й дыбыстарының біріне аяқталса, көптік жалғауы үнді л дыбысынан басталып, -лар, -лер тұлғасында жалғанатындығын сұрақ - жауап әдісімен өздеріне жинақтатып, осы тәрізді мысалдар айтқызамыз. Міне, осындай жолмен көптік жалғауының д, т дыбыстарынан басталатын себебін түсіндіріп, мысалдарды өздеріне тапсырамыз. Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:

Сондай-ақ, зат есімнің  сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалық мағынада қолданылып, оларға көптік жалғауы  жалғанбайтынын  да ескеру керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер  нақты мысалдар төңірегінде мынадай  жүйемен түсіндіріледі:

  1. Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: су, шай, сорпа.
  2. Газ тектес зат есімдердің атаулары: бу, түтін, шаң.
  3. Уақ, ұнтақ, майда зат есімдердің атаулары: қант, ұн, құм.
  4. Дерексіз зат есімдердің атаулары: қуаныш, шындық, өкініш.
  5. Табиғат байлығы, кен атаулары: алтын, мыс, алмас.
  6. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, боран, қар.
  7. Жұптық ұғымды білдіретін затесім атаулары: көз, қол, аяқ.

Көптік категориясының негізгі грамматикалық мағынасы – заттың көптігін білдіру. Осы негізгі  мағыналарымен бірге көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі мүмкін екендігін мысалдар арқылы түсіндіру керек. Мысалы, көптік жалғауы сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін ұғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-тарда. Абстракты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес, әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем есебін білдіреді: ой-лар, су-лар. Даралық мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың өзінің көптігін емес, көпке ортақ екенін және онымен бірге топтау ұғымын білдіреді: әке-лер, шеше-лер. Заттың өзінің көптігін емес, көпке ортақтықты да білдіреді: астарыңды ішіңдер дегенде астың көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Осындай әр жақтық мағынада, мағыналық реңкте жұмсалатындықтан, көптік жалғауы әр түрлі стильдік қызмет атқаратындығын да айта кеткен жөн.

Информация о работе Есім сөздердің теориялық негіздері