Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2012 в 11:47, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.

Работа содержит 1 файл

Публицистика курсовой.docx

— 89.85 Кб (Скачать)

"Дала уалаяты газетінің"  журналистік мектебінде шындалған,  талантгы публицистердің бірі - Рахымжан  Дүйсенбаев. Р.Дуйсенбаев сол газеттің  шығарушыларының да бірі болған, редакцияда әдеби қызметкер болып  кызмет аткарған. Р.Дүйсенбаев -- публицист  өз мақалаларында ағартушылық  бағыт ұстанды. Ол казақ халқының  ұлт ретінде дамуының және  жер бетінде сақталып қалуының  негізі -дамыған алдыңғы қатарлы  экономикада деп білді. Ел-жұртты  балықшылық, егіншілік сияқты жаңа  көсіптермен айналысуға шақырды.  Арам көсілпен айналысатын саудагерлерді  сынға алды, ұлықтардың әділетсіздігін  әшкереледі. Сөйтіл корғансыз, жуас, кедей жұрттың атынан сөйлеп, жоғын жоқтады, мұңын мұвдады.  Публицист - Дүйсенбаевтың шындыкты  айтуы ел басқарып отырған  ұлықтардың шымбайына батып кетсе  керек. Р.Дүйсенбаев кай мәселені  қозғаса да, қай тақырыпты камтыса  да жеріне жеткізе жазады, ащы  тілмен, өткір ойлармен, акикаттың  алдаспанымен кемшілік атаулыны  тіліп түседі. Бүл оның батылдығын  көрсетіп қана қоймайды, ел ішіндегі  қиюы кеткен қисынсыз жайттарды  көрген соң қайнап шыққан ыза-кегін  аңғартады. Публицист Р.Дүйсенбаевтың  ақжарма ойлары өз заманының  үні, сол замандағы халықтың  тілі екендігін байқаймыз. Ол  ертегі мысалдар жазып, казақ  өміріне бейімдеп жариялауы аркылы  да қоғамдық пікір калыптастырып  отырды. "Дала уалаятының газеті" бетінде білікті жазушылардың  ертегіні көптеп жазуында үлкен  мән бар. Қазақ оқығандары ертегі, мысал арқылы астарлап болса  да Патшалық Ресейдің отаршылдық  саясатын, бейбастақ әрекеттерін  сынға алып отырады. Бүл - елге  өз ойын жеткізудін бірден-бір  төте жолы болатын. Р.Дүйсенбаевтың  да ертегі, мысал жазуынын басты  себебі -- сол. Оның ертегілерін  шартты фельетонның ертегі түріне  жатқызуға әбден болады.

Қазақ публицистикасының  қалыптасуына өз творчествосымен үлес қосқан үлкен түлғалардың бірі - Асылкожа Қүрманбаев. "Асылқожа "Дала уалаятының газетінде" калам тартқан,           өдебиет пен

публицистиканың әр жанрында жазған адам. Ол газеттің көп материалдарын  орысшадан казақшаға, қазақшадан орысшаға аударумен қатар, жаңа шыққан кітаптарға сын - библиография, қазақ халқының саяси-әлеуметгік қүрылысы, экономикасы  және т.б. туралы көптеген мақалалар  жазған"[25,90 б.]. Ол - қазақтың шаруасын ілгері бастырмайтүғын қамсыз, еріншектігі  екендігін бетке басады. А.Қүрманбаев аударма да жасаған. Онын әйгілі тәржімаларының бірі И.Крыловтың "Құмырсқа мен шегіртке" деген мысалы да осы газетте жарық  көрген (1894, №32). Қазак елін қамсыздықтан арылту үшін мақала да жазған, мысал  да басқан. А.Құрманбаев -• публицистің  мақала мен мысал жазудағы мақсаты  біреу-ак. ол қазақты қамсыздық пен  еріншектіктен қүтқару. Идеясы -•  қыстың қамын жазда ойлау. Бүл  мақаланың да, мысалдың да күші қазақ  баласына өмірлік сабак болса  керек. Публицист шығармаларывда қара жүмыстың кыр-сырын үғындырады, егіншшкке, шаруашылык ебіне үйрететін шаруа  мектептерінде білім алуға халықты  шакырады. Жүрт-шылықты отырықшылыққа  үндейді. Байлыққа, билікке құмартуды  сынға алады. Қазақ тілінің тазалығы мәселесін көтереді. Сөйтіп езінің үлтжанды, халық қамын ойлайтын публииист  екендігін дәлелдейді.

"Дала уалаятының газеті" қазак публицистикасының қалыпта-суында  түтас бір кезеңнің мектебі  болды. Газетке әр жылдары қатысып,  халык ішіндегі ірі коғамдық-саяси  мәселелерді қозғауда, экономикалык  және рухани тақырыптарды қамтуда  қазактың қалам кайраткерлерінің  үлкен шоғыры еңбек сіңірді.  Олардың ішіндегі "Дала уалаяты  газетінің" публицистік мектебін  қалыптастырушы, көрнекті қаламгерлер  ретінде М.Көпеевтің, З.Нүралыхановтың, "Алатау баласы" деген бүркеншік  атпен қол қойған Б.Сыртановтың,  Ж.Аймановтын, С.Шормановтың, Х.Бекходжиннің, Р.Марсековтің, Ш.Қүдайбердиевтің,  М.Жанайдаровтың, Б.Райымбеков, Д.Түрапов,  Ж.Түрапов, т.б. есімдерін атауға  болады. Аракідік Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ш.Марсеков, М.Қарабаев, Ә.Нөкербеков, Б.Адықов, Б.Чалымбеков, Д.Иманқүлов, А.Қылышбаев, А.Аппасов, т.б. есімдері де кездесіп қалады.

"Дала уалаятының газеті" шыкқан 1888 жыл мен 1902 жылдың аралығы  - казақ публицистикасы қалыптасуының  түтас бір кезеңі болып табылады. Бүл публицистиканың баспасөзбен  тоғысып, ірі қоғамдық мәселелерге  араласа бастаған кезеңі. Әрине  патшалык Ресейдің отаршылдык  саясаты, оның қатал цензурасы  қазақ көсемсөзінің қанатын кеңге  жайғызбады. Бірақ, ірі публицистеріміз  жол табуға тырысты, тіс арасынан  сыздықтатып болса да көкейкесті  қазақ мәселелерін алға тартты, ел қүлағына жеткізді, болашақ  үрпаққа мүра етіп калдырды.

3.3 "Айқап" журиалындағы  публицистика деген белімшеде  қазактың алғашкы журналындағы  публицистер шығармашылығы карастырылады.

Қазак публицистикасының  қалыптасуында "Айқап" журналы  үлкен орын алады. 1911-1915 жылдары түрақты  түрде шығарылып, қазақ елінің түкпір-түкпіріне  таралған тұңғыш журнал XX ғасыр басывдағы  тарихи кайшылығы мол күрделі  кезеңнің айнасы бола бітді. "Айқапта" жарық көрген шығармалар ғасыр басындағы  коғамдык-саяси ахуалды аңғартып, сол кездегі өмір шындығыньщ негізгі  дерек көзіне айналды. "Қазақ халқының мәдени өмірінде XX ғасырдың бас кезінде  болған елеулі окиғалардың бірі - • "Айқаіг" журналының шығуы. Ол қазақтың түңшш қоғамдық-саяси және әдеби  журналы болды. "Айқап" езінің сипаты жөнінен жалпы демократиялык  болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннін, Абай Қүнанбаевтың ағартушылык идеялары негізінде  дамып келе жатқан казактың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публиііистикасынын (астын сызған біз            Б.Ж.)

прогресшіддік және демократиялық  дәстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды" [16,86 б.].

"Айқап" журналын  жуйелі түрде шығаруды жүзеге  асырған, оның редакторы Мүхаметжан  Сералин болды. Ол журналда  берілген бас мақалаларда басылымның  бағытын айқындап, журнал төңірегіне  қазактың озық ойлы азаматтарын  топтастыруға күш салды. М.Сералин  -• публицист үкімет саясатына  үнемі бас изеп, қолдап отырған  жоқ. Ол әсіресе қазақ халқының  отырықшылыққа бет түзеуін, егіншілікке  үйреніп, қала салуын қолдады.  Патшалык Ресейдің отаршылдық  саясатын батыл сынға алып  отырған кезі де болды. Біріншіден, отырықшылықты жақтап, өркениет  көшіне қазак қауымының ілесуін  қолдауымен, екіншіден қазақтың  шұрайлы жерлерін тартып алып  отырған озбыр отаршылдық саясатты  әшкерелеуімен де М.Сералин публицистикасының  маңызы зор. Орыстың заң жүйесінің  қазақ дауын шешудегі дәрменсіздігін  сынға алады. Қазак арасында  оқу-білімнін өрістеуіне отырыкшылық  тікелей әсер етеді деген пікірді  ұстанады. Ағарту саласындағы жетістікке  жету үшін, қазақ қауымы бас  қосып қала салу қажеттігіне  көпшілік көңілін аударады. Бүл  да XX ғасыр басындағы ірі қоғамдық-саяси  проблемалардың бірі еді. Отырықшы  болып, қала салып, мектеп ашсақ  қана ілгері басып, ұлттық қасиеттерімізді  сақтай отырып дами аламыз  деген ойларды халық санасына  сіңіре түсті. М.Сералин -публицист  қазақ тарихы мәселесіне үнемі  көңіл бөліп отырады. Қазақ  тарихының дүрыс жазылу керектігіне,  шежіре кариялардың хатқа түсіріп,  оны "Айқапқа" жариялау арқылы  бір ізді етіп болашаққа жеткізуге  баса назар аударады. Ғасыр басындағы  қазақ халқының алдында тұрған  мәселелерді ресми орындар арқылы  шешу хүрғысында да М.Сералин-публицист  ел алдына нақты міндеттер  қоя білді. І.Қазақтан Думаға  депутат сайланатын болсын; 2. Қазақ  жеріне бұдан былай қарашекпенділер  келтіру тоқтатылсын; 3. Казак, орыс  орналасқаннан қалған жер қазак  пайдасына берілсін; 4. Мал шаруашылығын  жаңаша өркендетуге орыспен бірге  қазаққа учаске берілсін; 5. Қазақстандағы  қазынадан сатылатын жерлерді  орыс пен қатар қазақтың да  сатып алуына рүқсат етілсін; 6. Дін туралы, мектеп, медресе ашу туралы, халық сотын өзгерту туралы сүрасын /А-п. 1912, №5/. Дәл осы түста М.Сералин - публицистің қозғаған мәселелерінің қай-қайсысы болса да, бүкіл қазақ түрмысын жаксартуға, казақ елдігін нығайтуға бағытгалған шаралар еді. М.Сералин "Айқап" бетіндегі мақалаларына "М.С.", "Мыс", "Баскарма" сияқты бүркеншік аттармен қол қойды. Журналда жарияланған публицистикасында қоғамдық маңызы зор мәселелерді жан-жақты камтып, қазақтың мақал-мәтелдерін қолданып, түйінді ойлармен өз ойын түжырымдап, кепшілікке үғымды тілмен, басты идеяларды нақты жеткізе білді. Әрі журнал шығару арқылы қазақтың қоғамдық ойын бір жерге топтастырып, үлттық публицистикамыздың таза қазак тілінде қалыптасуына зор үлес косты.

"Айқап" журналывда  салмақты пікір, салиқалы ойларымен  көрінген көшбасшы публицистердін  бірі әрі бірегейі Ахмет Байтұрсынов  болды. Қазақты еңбекқорлыққа,  ғылым, өнер жолына түсуге шақырады. Өткенге өкпелемей, болашақтың  камын ойлау керектігін, ол үшін  амал қылып есе жібермей, елдің  қамын ойлау керектігін түсіндіреді.  Жатып ішер жалқаулықтан арылып, мавдай тер

төгіп еңбек ету •- өр қазақтың борышы екенін еске салады. Қазақ халқының бетен жүртпен тең дәрежеде ел болуы үшін -- сана -сезімге жаңғырық керектігіне, ол үшін ғылым, өнер жолына түсу қажеттігіне баса назар аударады. Қазақтың шұрайлы жеріне нықтап қоныстанып алған келімсектер, енді өздерін  сол жердің қожайыны санай бастады. Ол аз болғандай қазақтар жерді үкімет рүқсатымен ғана ала алатын қаптаған бұйрықтар шықты. Дәл осы уақытта  Ахаң сияқты көшбасшы зиялылар сөзінің  қүны алтынға барабар еді. Публицист  ойлары нық, әрбір сөзін шеге қакқандай  анық жеткізеді. Оның үстіне ез жеріне қала салу үшін езгеден рүқсат сүраған  халқына зығырданы қайнайды, жаны ауырады. Ақыры жер мәселесін  шешудің қазақка жайлы, ең пайдалы  жақтарын көрсетіп өз ойларын түйіндейді. XX ғасыр басындағы Ахаң араласқан  ірі мәселенің бірі - өліпби, емле мәселесі болатын. Өзі білікті тілші, орі ағартушы-публицист ретінде  Байтүрсынов бүл істің дс басында  тұрды. Түркістан республикасының  Орталық органы "Ақжол" газетінде  Ақаң 50-ге толғанда: "Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап вліппе мен өріп, тіл  һәм оқу қүралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Үлт қамы дегенді кексеген адам болмай, қазақ қүлшылыққа кез болғанда, бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді" [26], - деп әділ баға берілді. Байтүрсынов  публицистикасының біз байқаған басты ерекшелігі -Ахаң қоғам өміріндегі түземеске болмайтын, тезге салмаса  кеш болатын, аса маңызды мәселелерге  қалам тербейді. Бүл оның "Қарқаралы  петициясын" дайындағанда-ақ көрінген қыры. Қазақтың жер мөселесі болсын, билік тақырыбы болсын заманында  ушығып түрған жайтгар еді. Ахмет  публицистикасының тағы бір езгешелігі -қаламгер не тақырыпты қозғаса да, алдымен оқиғаның мәнісін жүртқа тәптіштеп түсіндіріп алады, сонан  кейін сол мөселені оңдаудың, жөнге  салудың, шешудің дүрыс жолдарын өзі көрсетіп береді.

Алғашқы қазақ журналының ел алдындағы бедел биігіне жетуіне  күш қосқан, жаңадан шыға бастағанында үлкен жөрдем беріп, қалам қуатын, ой бүлағын аямаған арыстардың бірі - Міржақып Дулатов. Әсіресе журналдың 1911-1913 жылдардағы немірлерінде Міржақып Дулатов, Азамат Алашүлы, Азамат Алашұғлы, Арғын, М.Д. деп қол қойып, мақала, очерк, өлең, әңгімелерін жиі жариялап түрды. Мемлекеттік дума жайлы мақалаларында  депутатты оқыған өнерлі, білімді, халык  үшін жанын пида ететін кісіден сайлау керектігін айтады. Депутаттыққа лайық  адамдардың кезінде өтпей қалғанына  өкініш білдіреді. Қазіргі уақытта  қазақтан депутат жоктығын, ал ноғайлардан  бәрі он кісі бар екенін айта келіп, туысқан ноғайлар қазақ үшін сөйлейтіндігін, бірақ олардың қазақтың тұрмысын, ғадет-ғүрпын, мүқтажын, қай заңның пайдалы, залалды болатындығын көздері  көрмеген соң бізге пайда келтіруінің  қиындығына тоқталады. М.Дулатов отырықшылыққа кешу мәселесінің қазақ тұрмысын түп-тамырынан бүзып өзгертетіндігін еске салады. Қазақтьщ өз мемлекеттілігі жоқ кезде, билік бөтен жұрттың қолында болған кезде қазақ публицистикасы, әсіресе көш бастаушы көсемсөзшілер қалың елді басылым бетіндегі нұсқау, ұсыныс, пікір, түжырымдар арқылы басқарып отырғандығының дәлелі - бұл. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Шын менінде мемлекеттігіміздің жок кезінде калың қазақтың қарайтын жалғыз түтқасы - елдід көзі ашык оқығандары топтасқан газет-журнал болғандығы дәлел тілемейді. Ал сондай ауыр кезенде публицистика "басшылығы дұрыс болса, әлеуметгі түзейді, теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады" [1,224 б.]. Ол әйел теңдігі тақырыбына да көп қалам тартқан. М.Дулатов публицистикасы қоғамдық зор саяси-әлеуметтік мәселелерді көтеруімен, карапайым окушыға тілінің түсініктілігімен, үлкен проблемалардың шешімін көрсетуімен, ағартушылық, ілгерілеушілік идеяларымен қүнды. "Міржақып публицистикасының идеялық қуатын, позиция беріктігін арттыра түсетін және бір жайт - ол елді, азаматтарды үнемі бірлікке, ынтымаққа, өзара көмекке үндеп отырады... Тағы бір тамсандырар нәрсе: Міржақып - мақалдап, мәтелдеп жазудың шебері" [27,62-63

б.б.].

Зерттеушілер: "Айқаптың" тілі 20-ғасырдың басындағы үлттык публицистикамыздың үлгісі болды. Журнал бетінде жазушы, журналистер қазақтың жазба тілін  қалыптастырып, көне, діни кірме сөздерден  тазарту үшін Абай, Ыбырай бастаған жаңа әдеби тідді қолданды" [28,26 б.], - деп атап көрсетті. Шын мәнінде, "Түркістан уалаятының газеті" мен "Дала уалаятының газетіндегідей" орыс, ноғай сөздері араласқан  материалдардын жариялануына жол берілмеді. Мүны журнал редколлегиясында хатшы  болып істеген С.Торайғыров та айқын  білдіреді.

"Айқап" журналының  бетінде публицистиканы калыптастыруға  зор үлес қосқан қаламгерлер  қатарында Ш.Әлжанов, Ж.Сейдалин, М.Көшімов, С.Торайғыров есімдерін  ерекше атауға болады. "Айқаптағы"  қазақ публицистикасының дамуына  С.Ғаббасов, М.Жолдыбаев, Ж.Акбаев, М.Көпеев, С.Шорманов. Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Р.Марсеков, Д.Қашқымбайүлы, М.Малдыбаев, Ғ.Қара-шев,  Ш.Қүдайбердиев, Ғ.Мүсағалиев, Б.Сыртанов. К.Тоғысов, Ә.Ғалымов, Ж.Тілеулин, М.Түрғанбаев, Ж.Тілеубергенов калам  қайратымен көп үлес қосты.  Қазақ ақындары М.Жүмабаев, С.Денентаев,  Қ.Кемеңгеров, Б.Айбасов, А.Мамытов  өлендерінде де XX ғасыр басындағы  қазақ халі бейнеленеді. Қазактың  біртуар қаламгерлері Бейімбет  Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің  алғашқы тырнақалды мақалалары "Айқап"  бетінде жарияланды. Сонымен "Қазақ  халқының мәдени өмірінде түңғыш  қоғамдык-саяси және өдеби "Айкап" (1911-1915) журналының шығуы елеулі  ірі оқиға болды" [16,48 б.]. "Айқап"  казак публицистикасын қоғамдык  ойдың көшбасшысы деңгейіне жеткізген  басылым еді.

3.4 "Қазак" газетіндегі  публицистика деген бөлімшеде  ұлттық публицистиканың қалыптасуындағы  басылымның ролі, айтулы публицистер  шығармашылығы зерттедді.

"Қазак" газеті 1913 жылдың 2 акпанынан бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне  дейін Орынборда шығып тұрған, үлттық баспасөздің, әдебиет пен  мәдениеттің дамуына үлкен ықпал  еткен басылым еді. Оның редакторы  - А.Байтүрсынов, шығарушысы - М.Оразаев  болды. Газетте Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,  Шәкәрім, С.Дөнентаев, М.Шоқаев, М.Жүмабаев, Б.Майлин, тағы басқа қазақ қаламгерлерінің  публицистикалық, керкем шығармалары  жарық көрді. Сол кездегі қазақ  саяси өмірі мен коғамдық ойының  белсенді өкілдері үлттық басылым  төңірегіне тоғысуы - кездейсок  жағдай емес еді. Оларды бірлесе  кимылдаута, қосылып іс-әрекет жасауға  итермелеген - ғасыр басындағы  қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси  ахуал, елдің ауыр халі болғандығына  көзіміз енді жетіп отыр. Демек, "Қазак" газеті - сол кезеңнің  шындық шежіресі, емірлік айнасы  болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, қалың көпшілікке жол сілтеген, үлттык сана-сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа башт-бағдар берген қоғамдык ойдың өлшемі еді.

Информация о работе Публицистика