Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2012 в 11:47, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.

Работа содержит 1 файл

Публицистика курсовой.docx

— 89.85 Кб (Скачать)

3 Қазақ публицистикасынын  баспасөз бетінде калыптасуы  атты тарауда алғашқы мерзімді  басылымдардағы публицистика зерттеу  нысаны болады.

Қазақ публицистикасы жаңа түр, жаңа сипат, жаңа саяси маңыз алып тарих аренасына шыққан кез - XIX ғасырдың ІІ-ші жартысы болып саналады.

Біз ез зерттеуімізде нақты  публицистикалык шығармаларға сүйене отырып, олардың коғам дамуъшдағы маңызына, өмір шындығын көрсету деңгейіне, тілдік, стильдік, көркемдік, түрлік өзгешеліктеріне  назар аудардык.

3.1 "Түркістан уалаятынын  газетінде" публицистиканың калыптасуы  атты бөлімшеде ғылыми айналымға  жаңа байыптаулар енгізілді.

Сонымен Қазақстанда публицистиканың  қалыптасу кезеңі 1870 жылы "Түркістан  уалаятының газеті" шығуымен түспа-тұс  келеді.

Өйткені, "Түркістан уалаятының газеті" - қазақ топырағында туып, қазақ сахарасына алғаш тараған  түңғыш газет [24] еді. Патша өкіметі  ез бүйрык-жарлықтарын қазак тілінде  жергілікті халық өкілдеріне жеткізу  үшін кдзақша газет шығаруды қажет  етті. Сондай-ақ сол кездегі казак  оқырмандарынын ұлттық талаптарының бірі • ана тілінде газет шығару мәселесі болатын. 1870 жылы 28-ші сәуірде (10-мамыр) Орта Азиядағы түңғыш отаршыл  орыс газеті "Туркестанские ведомости" жарық көрді. Сол газеттін косымшасы  казақ және езбек тіддерінде шығарыла бастады.

Патша   өкіметінін   отаршылдык   саясатының   түпкі   мақсаты жергілікті халықтын санасында  өзгеріс жасауға бағытталды. Сол  үшін де казак халқына түсінікті  тідде газет шығару колға алынған  болатын.

Газетте кебіне орысша нүсқадан аудармалар басылған, ал кдзақ тілінде  макалаларды, көбіне редактор Шаһмардан  Ибрагимов, сондай-ақ әдеби қызметкерлер Заманбек Шайхәлібеков, Жүсіп Қазыбеков, Хасан Жанышевтар жазған. Бір көңіл  аударарлық нәрсе - материалдар авторлары  көбіне көрсетілмейді. Ал сол қазақша  нүсқалықты даярлау көбіне осы төрттіктің мойнына жүктелсе керек.

Газетте жарық көрген материаддарда XIX ғасырдың екінші ширегіндегі саяси  ахуал, сол кезде өмір сүрген нақты  шенді адамдар есімдері керсетіліп түрған. Мүның өзі ертеде жарияланған  хабар-ошардың жылдар өте келе публицистикалық  деректілігінін құнды бола түсетіндігінің айғағы.

"Түркістан уалаятының  газетіндегі" жарияланымдар бірнеше  түракды айдарлармен беріліп  отырды. Соның ішінде бірсыпыра  хабарлар орыс газеттерінен аударылып  басылды. Мәселен "Мөлім-нама", "Әр түрлі хабар", "Тіліграф", "Ығламнама", "Орыс газетінде  жазыпты", "Газеттерде жазыпты"  деген айдарлармен орыс баспасөзінің  кейбір жаналыктары жүйелі түрде  аударма түрінде көшіріліп, беріліп  түрған. "Ыстанбол хабары", "Газеттен  алған сөз", "Ығлам" айдарлары  да сондай сипатга болды.

"Түркістан уалаятының  газетінің" басты өзгешелігі - - негізінен ақпараттардан түратын  газет. Сондықтан алғашқы қазақ  газетінде ақпараттык публицистиканың  түрлі пішіндері калыптасты. Очерк,  сүхбат, шағын мақалалардың өзі  ете сирек кездеседі. Негізінен  Түркістан губерниясының жаңалыктары,  губернаторлар, генерал-лейтенант  Колпаковскийдің, генерал-адьютант  фон Кауфманның іссапармен қайда  барғаны жөнінде әр түрлі айдарлармен  қысқа есептер, тақырыпсыз, авторсыз, редакциялык заметкалар жиі беріліп  түрған. Орыс газеттерінен шолу  ретінде қысқаша жаңалықтар топтастырылып  беріліп, жүйелі түрде аударылып  отырған. Орыс газетгерінен кейбір  акпаратты аударған адамдардың  аты-жөні, өте сирек болса да  беріліп түрған. Мысалы "Ығламнама" айдарымен берген хабардың соңына "Тәржіман Батыршин" деп қол қойылыпты /ТУГ. 1875, 21 май, №12/. Газет тігінділерін актарғанда, байқағанымыз - газетке Ісмак, Жүсіпбашы Қаралүғлы деген авторлар жиі жазған. Мөселен заметканың соңына "Иазушы Ісмақ" немесе "Иазғушы Йусуфбашы Қаралоғлы" деп қол қойып отырған.

Басылымның 1875 жылғы нөмірлерінде ұзак бір жарияланымды кездестірдік. Көлемі жағынан, мазмұндык тұрғыдан жолсапар очеркіне ұксас. Айта кетерлік бір жайт - мүнда үтір, нүкте, жалпы  тыныс белгісі атаулы мүлдем жок. Сондықтан сөйлемдер арасын ажырату  өте қиын. Шығарманын жолжазба екендігін  — "Біздің газетті алып түрған бір  адам өзінің жолаушы жүргенде басынан  өткенін газетке жазып шығармақ болып біздерге жазып жіберіпті" /ТУГ. 1875. №20/,— деген бастауынан-ақ аңғаруға болады. "Жазып жіберген кісі - Ташкентлік Мірмүхамет деген" /ТУГ. 1875, №20/ • деп авторы да айкын  көрсетіледі. Одан әрі оқиға сол  Мірмүхамет атынан баян етіледі. Жалпы  жолжазбаны очерктің бір түрі ретівде  қарастырсақ, очерктің өзі публицистиканың  көркем жанрына жататындығы теориядан  белгілі. Біз мысалға алып отырған  шығармада публицистиканың бір  жанры очеркке төн белгілер көптеп кездеседі. Осы жарияланымда ертедегі қазак, халқының мал баққан, мал өсірген  қалпы, көшпелі түрмысы, оңтүстіктен  солтүстікке, Арқадан Қаратауға  жол салып мал саудалағандығы, ауа райына көп мән бергендігі, барымташылық пен мал үшін жанжалдасу, әңгімеге зор мән беретін қазақ  табиғаты мен ел тұрмысы, коңырқай тіршілігі  түп-түгел көрініс береді. Әлде бір  уақытта баяндаушының әңгіме желісінің  ішіне еніп кетіп, сол көне заманда  жүргендей сезінетін кезің де болады. Мүнан шығатын қорытывды  жалғыз-ақ - ол "Түркістан уалаятының газеті" бетіндегі өлгі жолжазбаны •• публицистиканың жолсапар очеркі жанрының алғашқы көріністерінің бірі ретінде атауға болады.

"Түркістан уалаяты  газетінің" 1875, 1876 жылғы нөмірлерінде  Шамдолла Бекметов деген автор  араласып түрған. Сондай-ақ Шаһмардан  төре, Сұлтан атты авторлар есімі  де жиі кездеседі. Ал кейбір  хабар, заметкалар авторы көрсетілмей  беріле салады.

Қазак тіліндегі алғашқы  газеттегі басты ерекшелік - сол  кезде болған окиғалар, өмірде орын алған фактілер қысқа түрде хабарланып отырды. Ағымдағы оқиғалардың жедел  жеткізілетін хроникалык сипаты басым  болды. Мүның өзі хроникалық түрдегі  ақпаратгык заметканың •• қазақ публицистикасының  ең көне жанры ретінде қалыптасқандығын айғақтайды.

Бір айта кетерлік жайт - газетте  өзге шет жүрттар өмір тарихынан  сыр шертетін жарияланымдар, сондай-ақ, биресми материалдар да басылып  түрған. Олардың кейбіреулеріндегі  оқиға тым қарабайыр көрінеді. Газет қазақ әдебиетін насихаттауға да назар аударды.

Тағы бір аңғарғанымыз - жарияланымдардың көбі көшіріліп  басылғанымен кдтар, жанрлық түрғыдан заметканың үлесі басым. Сондай-ак "Орыс газеттері жазыпты" деген айдармен 1872 жылғы газет нөмірлерінде Ресейде  шығатын басылымдарға шолу жасалып  түрған. Бүл алғашқы қазақ газетіндегі - публицистиканың шолу жанрының туып, қалыптаскандығына айғақ бола алады.

Жалпы қарағавда, "Түркістан  уалаятының газеті" генерал-губернатордың  орысша "Туркестанские ведомости" газетінің көшірмесі секілді  есер қалыптасады.

Қазақ тіліндегі алғашқы  газет тілінде орыс, татар, башқүрт  тілінен енген сөздер кездеседі. Ал қазақ тіліндегі баяндаулар ауыз екі әңгімеге көп ұқсайды. Бірақ  бүл басылым қазак тіліндегі  алғашқы газет болғандықтан - оның ілгерілеушілік рөл атқарғандығы дөлел  тілемейді. Әрине газеттің ресми  бөлімінде патша екіметінің бүйрық-жарлыктары жарияланды, генерал-губернатордың  іс-кағаздары жергілікті халыктың өз тілінде жеткізілді. Осы ресми  белімдегі, негізінен 1-бетгегі материалдар қазақтарды отарлау үшін олардың санасына өсер-ыкпал етуді мақсат тұтты. Ал биресми бөлімде Түркия, Қытай, Иран, Ауғанстан, Франция, Англия мемлекеттерінің өмірін көрсететін шет ел тақырыбына жазылған хабар, мақалалардың маңызы зор болды. Сондай-ақ әдебиет, енер, ғылым, техника, баспасөз, әйел тендігі, транспорт, почта-телефаф, өнеркәсіп, сауда, медицина, егін салу, мал шаруашылығы, жер суландыру, ветеринария, оқу-ағарту, дін тақырыптарын кең камтыған көп материалдар басылды.

Дәл осы тақырыптардағы жазылған шығармалар алғашқы газет публицистикасының  қалыптасуына жол ашты. Түрлі жанрлар  пайда бола бастады. "Түңғыш рет  қазақ тілінде шыққан газетгің бетінде  орыс баспасөзінің әсерімен түрлі әдеби  жанрлар пайда бола бастады... [16,34 б.]. "Түркістан уалаятының газетінің" бетінде публицистиканың жанрлары да тұңғыш рет қалыптасты. Басылымның микрофильмдегі көшірмелерін қарағанда  — заметка, есеп, фельетон, мақала, коррес-понденция, хат, шолу, жолсапар очеркі, портретгік очерк, ғылыми-танымдық очерк сияқты жанрлар алғаш осы газет бетінде  көрініс тапқандығына көз жеткіздік. Қазақ баспасөзіндегі жарнаманың алғашқы  нүсқалары да осы газетте жарық  көрді.

Зерттеуші З.Түрарбековтің: "Түркістан уалаятының газетГ Ы.Алтынсариннін "Хрестоматиясы" шығуынан он жыл  бүрын, А.Қүнанбаевтың алғашқы елендері "Дала уалаятының газетінің" бетінде  жариялануынан 20 жыл бұрын, ал "Абайдың  кеп аудармалары алғаш кітап  болып жарыққа шығуынан (1909 жыл) 40 жыл бүрын шыққан екен"[25,80 б.],—  деген түйіні қазақ тіліндегі  алғашқы газеттің қоғамдық дамуымыздағы зор маңызын айғақтап тұрғандай. Шын мәніндегі қазактың жазба  публицистикасы "Түркістан уалаятының газетінде" алғаш калыптаса бастады.

3.2 "Дала уалаятының  газетіндегі" ұлтгык публицистика  атты белімшеде XIX ғасырдың аяғындағы  ірі қазақ публицистерінің шығармашылығы  талданды.

Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жыддың 1-қаңтарынан бастап шыға бастады. Омбы қаласында Дала генерал-губернаторының органы ретінде шыққан "Акмолинские  областные ведомости" газетінің  қосымшасы ретінде "Особое прибавление  к Акмолинским областным ведомостям" деген атпен жарық керді. Кейіннен 1894 жылдан бастап "Дала уалаятының газеті" деген атпен шығарылды. Бұл газеттің орысшасы "Киргизская степная газета" деп аталады. Газет редакторы  ретінде И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов, Д.Лавров деген адамдар қол  қойған. Газеттің қазакшасын аудармашы  қызметін атқарған Ешмұхамед Абылайханов  пен Дінмұхамед Сүлтанғазиндер басқарды.

"Дала уалаятының газеті"             қазак публицистикасының

қалыптасуына үлкен өсер еткен басылым болды, әрі ірі  казақ публицистерінің мінбері  болды. Газет ашылды. Ол тек патша  үкіметінің бұйрық, жарлығын ғана жариялап отырса, газеттен келіп-кетер пайда  аз болар еді. Сол кездегі акылды, парасатты казақ зиялылары, оны  халық санасын оятуға, ішкі-сыртқы саясаттан мол хабардар етуге  пайдаланды. Бірак бүл өте киын да қауіпті іс болатын, Орыс әкімқараларына қазақтың саяси ақыл-ойын алға сүйрейтін  идеяларға толы мақалалардың жариялануы жакпады.

Басын қатерге тіксе де, ретін келтіріп, жалпы қазақ ұлтының  қамын ойлайтын қоғамдық жайларға мойын  бүрып, сәті түссе ресми емес бөлімде  тарихи маңызы зор мақалаларды жариялап жіберуді ез мақсатына айналдырғандардың  бірі -• газеттің казақша нұсқасына  редакторлық жасаған Дінмүхамед Сүлтанғазин болды. Оның публицистік  қызметі, өсіресе, 1888-1902 жылдары "Дала уалаятының газетінде" редактор және аудармашы болып істеген жылдарында көрінеді. Негізінен алғанда, Сүлтанғазин - публицист би, билік қүру, оқу-ағарту, қазақ әліпби мөселелері туралы ой қозғағанда, өзінің қавдас туысы Шоқан Уәлиханов тұжырымдарымен жапсарлас пікірлерге тоқталады. Ол өз мақалаларында тіл тазалығы, анықтығы, өдебиет, ғылым, білім, баспасөз, аударма, дін тақырыптарына қалам тартып, өзінің асқан білімділігін көрсете білді. Және қалың оқырмавды ойлантып, толғантып жүрген өзекті қоғамдык мәселелерге ден қойды. Сүлтанғазин публицистикасынын басты ерекшелігі де осында болса керек.

"Дала уалаятының газеті" бетінде жиі мақалалар жазып,  жариялаған қазақтың ірі публицистерінің  бірі - Қорабай Жапанов. Қ.Жапановтын  журналистік, публицистік қызметі  1894 жылы басталған. Өйткені осы  жылы 18-қыркүйекте оның алғашқы  мақаласы "Дала уалаятының газетіне" басылды. Ол "дүниенің кілті  орыста, орыстың тілі мен мәдениетінде" деген Абай айтқан ойды қуаттаған.  Ол елі үшін, елінің болашағы  үшін толғанады. Ел -жүртын түзу  жолға бастайды, халқының атынан  сөз алады. Міне осы қасиеттер  -• Қ.Жапановты да ез заманының  толғакты мәселелерін қозғаған  нағыз публицист деңгейіне кетерді.  Қ.Жапанов публицистикасының негізгі  тақырыптары - оқу-ағартуға үндеу,  экономиканы жаңаша бағытта дамыту, керітартпа әдет-ғүрыптардан арылу,  өйел тевдігі мәселесі болып  келеді. Сондай-ақ ру тартысын, болыс-билердің  әділетсіздігін әшкерелеп, сынға  алады. Ол өз өлевдерінде де  қараңғылықтан қүтылып оқу-білім  аркылы жарыққа

шығуға үндейді. Қоғамдағы  би, болыстардың, бай, молдалардың теріс  қылығын, кемшіліктерін әзіл-сықақ  тілімен батыл өшкерелеген сыншыл публицист. Бүл оның публицистикасының  бір ерекшелігі десе де болғандай. Макаланы бастағанда не мөселені сөз ететінін айтып алады да, оқиғаны өрбітіп, өмірден бірнеше нақты деректер келтіреді. Ал соңында түйінді ой тастайды немесе шешімін таппаған бір  мөселені көпшілік талқысына салады, кейде үндеу, шақырумен аяқтайды. Мүның бері Қ.Жапанов публицистикасын  бөлектеп көрсететін қасиеттер. Отырықшылықка  көшу мөселесі, оның артықшылықтары туралы материалдары да жарияланады. Патша  үкіметі газетінің бетінде Ресейдің отаршылдық саясатының кейбір келеңсіз қырларын сынға да алады. Қазак даласындағы  қолдан жасаған әлеуметтік теңсіздікке  қарсы шықты, дерек-дәйекті күнделікті қазақ өмірінен алып, соның шындық көрінісін қаламына арқау етті. Жалпы, Қ.Жапанов өз заманывда ел, халқын білім жарығына сүйреген, ағартушылык  вдеяның жақтаушысы, жаңа заманның жаршысы бола білген қаламгер еді.

"Дала уалаятыньщ газетіне" жиі жазып араласқан автордың  бірі -Отыншы Әлжанов. О.Әлжанов  - XIX ғасырдағы қазактың ірі калам  қайраткері, қоғам әміріндегі аса  маңызды мәселелерді баспасөз  бетінде үзбей көтеріп отырған  көрнекті публицист. Отыншы Әлжановтың  публицистикасында казақ арасындағы  өдет-ғүрып, салт-сана, дін, оқу-ағарту  мөселелері кеңінен қозғалды. Публицист-Әлжанов  әр мақаласында қоғамдағы болып  жаткан өр түрлі оқиғаны нысан  етіп, содан түйін, түжырым жасайды.  Өзінің автор ретіндегі үсыныстарын  білдіреді. Публицист заман сауалын  қоя отырып, бүкіл қазақты оқу-білімге  үндеп, медресе салуға шакырады. Публицистің әр сөзінде мән-маңыз  бар. "Шығатын шығынына қарамавдар. Мал, дәулет ғылыммен табылады" /ДУГ. 1895, №46/, - деген байыпты, көпті  керген ақыл иесінің өсиетін  айтады. Ал осындай шақырулар  мен ойлы үсыныстар дәл сол  кезенде керек еді. Публицистика  қоғамдық пікір қалыптастырып  қана қоймайды, нағыз публицистика  іс-қимыл, әрекетке бастайды, ••  деген теориялық түжырымдар дәл  осындай мысалдарға айтылса қажет.  О.Әлжанов казак даласындағы әйел  теңсіздігі мәселесін газет бетінде  бірнеше мәрте көтерді. Ол жер-жерді  аралап, ел аузынан ескі әдебиет  үлгілерін жинаған. Оны қүр  жинап коймай, ертегі, аңыз, әңгіме, хикая түрівде өндеп жазып,  газет бетінде жариялаған. Бүл  шығармалардың тәрбиелік, тағылымдық  мәні өз күнын жоймак емес. О.Әлжанов -• газетке шыкқан  макалаларына "А.О", "О.А-ов", "Найман", "Орта жүз", "Жазушы  Әлжанов", "Бабайбүркіт" деген  бүркеншік аттарды пайдаланып  қол қойғаны да белгілі болып  отыр.

Информация о работе Публицистика