Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2012 в 11:47, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.

Работа содержит 1 файл

Публицистика курсовой.docx

— 89.85 Кб (Скачать)

Публицистика 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыcтың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда қазақ публицистикасының  өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық публицистиканың  терең тамырлары айқындалады. Фольклорлық  шығармалардағы ауызекі публицистиканың  алғашқы үлгілері көрсетіліп, ежелгі жазба ескерткіштері публицистика бастаулары ретінде сараптан өтеді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі публицистика ғылыми жүйеленеді. Кеңес  дәуіріндегі және тәуелсіздік кезеңіндегі  қазақ публицистикасының тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі, бейнелеуіш құралдары жекелеген публицистер  шығармашылығы негізінде ашылады.

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге  дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа  жеткізетін де сол өлмейтін сөз.

«Бір нәрсе турасындағы  пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп  қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз  арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз...» [1,147-148 б.б.| -деп жазыпты  Ахмет Байтұрсынов.

Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.

Өткеніміз бен бүгінімізге  тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты  күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы  жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің мемлекеттік тіл туралы бір  толғанысында: «...Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі  қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі  мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен  артық қазақ үшін бұл дүниеде  қымбат не бар екен!?" [2,38 б.] - деп  тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін "бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп  өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер  отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт  қуанса, медеу болып жарқын жолға  бастады, биік белестерді бағындыруға  шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы  ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда - публицистика белгілі бір кезеңдегі  болған белгілі бір нақтылы оқиғаны  айна-қатесіз бүгін көз алдымызға" әкеледі. Сол кезде не болды, қалай  болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе — ол публицистика өнері.

Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным  тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Зерттеудің зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды. Біріншіден, қазақ публицистикасын  тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным  тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі туды. Екіншіден, бұрын зерттеуге  болмайтын қазақ публицистикасының  көне түркілік тамырын, фольклорлық  дәстүрін, шешендік негізін ашудың сәті түсті. Үшіншіден, Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ публицистикасының  қалыптасуындағы қайшылықты кезеңнің әділ бағасын берудің қажеттілігі  туды. Төртіншіден, кеңестік кезеңнің өзіндегі қазақ публицистикасына бүгінгі  тәуелсіздік ұстанымдары тұрғысынан қараудың да кезі келді. Оның үстіне қазақ  публицистикасының ұлттық қоғамдық-саяси  ойымызды қалыптастырудағы маңызын  ашу арқылы қазақ халқының әлемдік  рухани ортадағы орнын айқындаудан  да тақырыптың өзектілігі көрініс табады. Сондай-ақ бүгінгі дүниедегі қат-қабат  өзгерістер заманында публицистиканың  орасан зор мәнге ие болып отырғандығы  да көпшілікке белгілі. Ал оның өз алдына дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды. Мұның өзі - тақырыптың зәрулігінің басты себебінің  бірі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ  публицистикасының зерттелуі негізгі  екі бағытта жүргізіліп келді. Оның бірі жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі ретінде публицистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған еңбектер.

Бұл ретте алғаш аталатыны - М.И.Фетисовтың 1961 жылы жарық көрген "Зарождение казахской публицистики" атты еңбегі. Осы кітаптың алғы сөзінде  М.Қаратаев пен А.Брагин былай деп  жазыпты:

"...Фетисов правильно  обратился к истокам казахской  публицистики. Однако он не довел  исследования до конца и оставил  за гранью книги возникновение  публицистики на страницах первых  печатных казахских изданий -  "Дала уалаяты" и, прежде  всего,-журнала "Айкап". "Дала  уалаяты" первая казахская  газета, и естественно, что именно  она призвала к деятельности  и первых профессиональных публицистов.  В еще большей мере интересен  журнал "Айкап". Главы об этих  изданиях могли придать книге  окончательную завершенность и  еще большую убедительность" [3; 10.],- деп жазған екен. Қазақ публицистикасының  пайда болуына қатысты зерттеуші  ойлары кеңестік кезең талаптары  тұрғысынан өріледі. Бұл еңбекте  Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары  талданады, ал жалпы публицистика  теориясына қатысты айқындама  жоқ. "Газет жанрлары" деген  атпен шыққан ұжымдық зерттеу  жинағында публицистика жанрлары  ғылыми тұрғыдан жүйеленеді. Онда  баспасөз жанрлары орыс ғалымдары  еңбектерімен тығыз байланыста  қарастырылып, олардың публицистикалық  сипатына мән берілді [4]. Қазақ  публицистикасының теориясы мен  тәжірибесіне қатысты мәселелерді  алғаш рет бір арнаға түсіріп,  публицистиканы дербес пән ретінде  қарастырып, оның мазмұны, формасы,  әдісі, функциялары туралы ғылыми  тұжырымдар жасаған профессор  Т.Амандосов болды. Оның "Современная  казахская публицистика" атты  докторлық диссертаииясында публицистиканың  кейбір ерекшеліктері көрсетілді; Ә.Әлімжанов, Ү.Бағаев, Б.Бұлқышев, Ә.Нұршайықов, К.Қазыбаев сияқты қаламгерлер  шығармашылығы негізінде публицистік  шеберлік мәселелері зерттелді;  қазақ публицистикасының жанрлары  айқындалды [5]. Профессор М.Барманқұловтың "Жанры печати, радиовещания и  телевидения" атты оқу құралында  баспасөз, радио және теледидар  жанрларының салыстырмалы түрдегі талдаулары жасалды [6]. Р.Ыдырысовтың "Казахская военная публицистика" атты кандидаттық диссертациясында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери публицистика мазмұндық жағынан зерттелді [7].

Журналистика мәселелерін  әр жылдары зерттеген Қ.Бекхожиннің, Б.Кенжебаевтың, Т.Қожакеевтің, Ш.Елеукеновтің, Ү.Сұбханбердинаның, З.Тұрарбековтің, С.Имашевтің, С.Матвиенконың, Ә.Ыдырысовтың, Н.Омашевтың, С.Қозыбаевтың, Т.Ыдырысовтың, Қ.Әбілдаевтың, М.Арғынбаевтың, С.Масғұтовтың, Р.Сағымбековтың еңбектерінде де публицистика туралы жекелеген пікір-тұжырымдар кездеседі.

Қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін  алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Бұл - көрнекті қазақ публицистерінің  шығармашылығын монографиялық тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы зерттеу. Осы ретте А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С.Қожановтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Бөкейхановтың, Н.Төреқұловтың, С.Ерубаевтың, Х.Досмұхамедұлының, Ә.Әлімжановтың, О.Сүлейменовтің, К.Смайыловтың, С.Мәуленовтың, Ш.Мұртазаның, Е.Букетовтің публицистік  шығармашылығына қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек.

Десек те, қазақ публицистикасының  гносеологиялық табиғаты, оның қалыптасу, даму арналары кең ауқымда алынып, тұтас зерттелмеді. Оған бірнеше  себептер де болды. Кеңестік қоғам кезінде  ғылымның басқа салаларындағы сияқты маркстік-лениндік методология публицистиканы тар шеңберде қарастыруға ғана мүмкіндік  берді. Қазақ публицистикасының  өзіндік тамырын ашудың ұлттық сананы ояту қаупі болды. Ал алғашқы газет-журналдардағы  публицистикаға бір жақты баға берілді, ондағы көрнекті публицистер шығармашылығы  зерттелмеді. Алаш қайраткер-қаламгерлерінің  аттарын атаудың өзі қылмыс саналды. Публицистикадағы ұлттық мәселелер  көрінісі туралы сөз қозғау тіптен мүмкін емес еді. Кеңестік дәуірдегі  публицистикатану партиялық публицистика тұрғысынан қарастырылумен шектелді.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі  жылдардағы жоғарыда аталған жеке публицистер   шығармашылығы   туралы   зерттеулер  тақырыптың тар көлемді шеңберінен аса алмады.

Зерттеудің   максаты   мен   міндеттері.   Қазақ   публицистикасының түпқайнарларын    айқындап,    қалыптасу,    даму   арналарын    ашып- анықтауды   және   соның   барысындағы   тақырыптық,   проблемалық,  жанрлық,    пішіндік    өзгерістерді    біртұтас    бірлікте         парықтап- пайымдауды    мақсат    тұтып,    соған    сәйкес    төмендегідей    нақты міндеттерді  алдымызға қойдық:

-  публицистика табиғатын  айқындау;

- публицистика мен көркем  әдебиеттің, сондай-ақ публицистика  мен журналистиканың арақатынасын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын  көрсету;

-  көне     жазба    ескерткіштердегі     публицистикалық    белгілерді анықтау;

-  қазақ публицистикасының  фольклорлық дәстүрін аңдату;

-  батырлар  жырындағы   ауызекі   публицистикаға  тән   белгілерді талдап-таразылау;

-  жыраулар поэзиясындағы  публицистикалық сарындарды кеңінен  саралау;

-  шешендік сөздердегі  публицистикалық белгілерді айқындау;

-  қазақ    публицистикасының    баспасөз    бетінде    қалыптасуын дәйектеу;

-  қазақ   публицистикасының   жазба   публицистикаға   көшуіндегі  жаңаша көрініс, түр табуындағы  ерекшеліктерді саралау;

-  қазақ тіліндегі алғашқы  қазақ басылымы - "Түркістан уалаятының  газетіндегі" публицистиканың  баспасөзбен тоғысуын байыптап-бағалау;

-  "Дала уалаятының  газетіндегі" көрнекті публицистер  шығармашылығын тексеру;

-   "Айқап"   журналындағы  ұлттық  публицистиканың     алғашқы нышандарын, жанрлық, түрлік  көріністерді таныту;

-  "Қазақ"     газетіндегі     ұлттық     публицистиканың     қалыптасу  ерекшеліктерін көрсету;

-  Кеңес  дәуіріндегі   публицистиканың  негізгі   даму  бағыттарын, типологиясын айқындау;

-  қазақ  публицистикасының   қалыптасып,  даму  жолын   көрсету  және дәуір-дәуірге бөлу;

-  тәуелсіздік тұсындағы  қазақ публицистикасындағы тақырыптық  және проблемалық ізденістерді  жаңа талап тұрғысынан зерделеу;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияның нақты ғылыми жаңалықтары  ретінде төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атауға болады:                                                                                           

-  қазақ публицистикасы  тұңғыш рет кең ауқымды тұтас  зерттеу объектісіне айналып,  жан-жақты қарастырылды;

- публицистика табиғаты  ғылыми байыпталды;

- ұлттық      публицистиканың  тарихи негіздері айқындалып, қазақ  публицис-

тикасының пайда болуының уақыттық шегі тереңдетілді;

- көне жазба ескерткіштердегі, батырлар жырындағы, жыраулар  поэзиясындағы   шешендік   сөздердегі   публицистикалық   сарындар алғаш анықталды;

-  "Түркістан уалаятыньщ  газетіндегі" алғашқы публицистикалық  шығармалар ғылыми айналымға  енгізілді;

-   "Дала      уалаятаның      газетіндегі"      көрнекті      публицистер  шығармашылығы сараланды;

-  "Айқап"  журналы   мен  "Қазақ"  газетіндегі   публицистиканың ұлттық сананы  оятудағы ролі бүгінгі көзқарастың   сүзгі-сарабынан қайта өткізілді;

-  Кеңес дәуіріндегі  публицистиканың дамуының негізгі  бағыттары, типологиясы, жанрлық,  түрлік өзгешеліктері тыңнан  таразыланды;

-  Тәуелсіз   Қазақстан   Республикасы   публицистикасының   жаңа сипаты мазмұндық тұрғыдан  ашылып, ғылыми байыптама жасалды.

Зерттеудің нысаны мен  хронологиялык ауқымы. Диссертациялық жұмыстың нысаны ретінде ұлттық публицистикамыздың пайда болу, қалыптасу, даму кезендеріндегі шығармалар алынды. Бір айта кетерлік жайт - публицистикада кеңістіктік-уақыттық фактор бірінші кезекке шығарылады. Өйткені авторлық көзқарастың өзі публицистикалық кеңістік пен уақытқа тығыз байланған. Уақыт өзінен-өзі публицистиканың бейнелеу және зерттеу нысанына айналады. Осыған орай еңбекте көне дәуірлерден бастап тәуелсіздік дәуіріне дейінгі аралықты қарастыра отырып, қазақ публицистикасының әдеби-поэтикалық хронологиясын түзуге талпыныс жасалды. Оған арқау болған шығармалар негізінен мыналар: Ү-ҮІІІ ғасырлардағы Орхон, Енисей, Талас жазба ескеркіштері; XIV-XVI ғасырлардағы ел өмірін көрсететін "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын" жырлары; XV-XIX ғасырлар аралығындағы қазақ тұрмыс-тіршілігін арқау еткен жыраулар поэзиясы; ХІІІ-ХҮІІ ғасырлардағы Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік сөз үлгілері; Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев қалыптастырған қазақтың жазба публицистикасының үлгілері; қазақ тіліндегі тұңғыш мерзімді баспасөз "Түркістан уалаятының газеті" (1870-1882) бетіндегі алғашқы публицистикалық шығармалар; "Дала уалаятының газеті" (1888-1902) бетінде жарияланған Д.Сұлтанғазин, Қ.Жапанов, О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаев, А.Құрманбаевтың; "Айқап" журналындағы (1911-1915) М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың; "Қазақ" газетіндегі (1913-1918) Ә.Бөкейханов, Р.Марсеков, Ғ.Қарашевтің публицистикалық шығармалары; сондай-ақ кеңестік дәуірдегі "Қызыл Қазақстан", "Ұшқын", "Еңбекші қазақ", "Еңбекшіл қазақ", "Қазақ тілі", Еңбек туы", "Ақ жол", "Шаншар", "Таң", "Жаршы", "Ауыл тілі", "Ауыл", "Социалды Қазақстан", "Қарағанды пролетариаты" басылымдарында жарық көрген С.Сейфуллиннің, Ж.Аймауытовтың, Б.Майлиннің публицистикалық шығармалары, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті", "Егеменді Қазақстан" газеттерінде жарияланған көрнекті публицистер Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, т.б. шығармалары.

Еңбектің теориялық және методологиялық негізі. Қазақ публицисти-касының  генезис, эволюция және поэтикасын қарастырғанда, әдебиеттанудағы кейбір еңбектерді негізге алдық. Бұл ретте А.Байтұрсынов, З.Қабдолов, еңбектері теориялық, методологиялық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды. Сондай-ақ тілші ғалымдарымыз Ғ.Айдаров, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, С.Исаев, Е.Жұбанов  еңбектері де тақырыпты ашуға  жәрдемін тигізді.

Қазақ журналистикасының  теориясы мсн тарихына қатысты Х.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Фетисов, М.Барманқұлов, С.Имашев, Т.Ыдырысов, Ү.Сұбханбердина, З.Тұрарбеков, Ф.Оразаев, Н.Омашев, С.Қозыбаев, А.Сәрсенбаев, Д.Назарбаева, Ғ.Ибраева  еңбектері дәйек көздері ретінде  көмек келтірді.

Қорғауға үсынылатын негізгі  тұжырымдар.

Зертгеу жүмысында публицистиканың  табиғаты айқындалып онын  жалпы   адамзат  дамуының   алғашқы   дөуірлерівдегі   екі   түрі

болғандығы анықталды. Оның бірі үрпақтан-үрпаққа ауызша жеткізілген  ауызекі публицистика. Екіншісі - жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданыска енген жазба публицистика.

-  Ғылыми жүмыста - батырлар  жыры ауызекі публицистика үлгісі  түрінде   қарастырылды.    Батырлар   жырының   негізінде   халыктың шындык өмірі жатқандығы  біз үшін маңызды болды.

-  Орта ғасырлардағы  жыраулар поэзиясы да өз заманының  елеулі қоғамдық мәселелерін  өзек етті. Жыраулар поэзиясының  өз заманын-дағы дәуір үнін  жеткізумен қатар, мемлекетті  баскару қүралы болған-дығы да  публицистика функцияларымен қабысып  жатыр.

-  Қазақтың тапқырлық  пен даналыққа, шүрайлы тіл  мен орайлы ойға негізделген  шешевдер сөздерінен де замана  шындығын,  өмір көріністерін, тіпті  нақтылы дерек-дөйектерді де кездестіруге болады. Мүның өзі шешендік өнердің бойындағы публицистикалык белгілерді ашып, анықтауға жол ашты.

Қазақтың жазба публицистикасының  түп-тамырын тереңнен іздеуді жөн  санадық. Орхон, Талас, Енисей ескерткіштерінен публи-цистикаға тән белгілерді таптық. Олардағы нақты қоғамдық-саяси  ахуал, ата-бабаларымыз туралы шындық деректер қазақ публицисти-касының  да өз бастауын көне дөуірлерден алатынына  айғақ бола алады.

-     Қазак,   публицистикасының   қалыптасуында   ХІХ-ғасырдағы ойшыддар  Шоқан,  Ыбырай, Абай шығармалары  зор  орын алады. Бірақ кеңес дәуіріндегі  кейбір ғылыми түжырымдар сияқты  қазақ публицистикасы Шоқан, Ыбырай, Абай шығармаларымен бірге туды  деп  емес,  қалыптасты деген   пікірге  тоқталамыз.  Өйткені,   бүгшгі көзқарас түрғысынан алғанда,  қазак, публицистикасының туу,  пайда болуы көне дәуірлерде  жатқандығын өз түжырымымызда  дәлелдеуге талпындық.

Информация о работе Публицистика