Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2012 в 11:47, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.

Работа содержит 1 файл

Публицистика курсовой.docx

— 89.85 Кб (Скачать)

-  XIX ғасырдың екінші  жартысывда қазақ баспасөзі дүниеге  келді. Дәлірек   айтканда   1870   жылы   қазак   тіліндегі   түңғыш   басылым "Түркістан  уалаятының газетінің" шығуымен  баспасөз бен публицис-тиканың  тоғысуы  жүзеге  асты.  Алғашқы   қазақ газетінің  бетіндегі  коғамдық маңызы бар жарияланымдарды  екшеп алып, олардың тақы-рыптық, проблемалық сипатына тоқтавдық.  Сонымен қатар публи-цистика жанрларының   алғашқы  көріністері  осы   басылымда  пайда болғанына  нактылы дөлелдер таптық.

-     Қазак    публицистикасының    қалыптасу    дәуірінде     "Дала уалаятының  газеті"  шықты  (1888  ж.).  Бұл   басылымда  XIX  ғасыр аяғында   қазақ   халқының   проблемаларын   айқын   көрсете   алған көрнекті  публицистер шоғыры калыптасты.

- XX ғасырдың басында жарық  көрген "Айқап" журналының (1911 ж.) үлттық публицистикамыздың калыптасуындағы  орны айқындалды. "Айқапқа"  белсене араласқан публицистердің  жаңа ғасыр басындағы үлттық  коғамдық ойды қалыптастырудағы  азаматтық позициясы бүгінгі  көзкарас биігінен сараланды. "Айқаптағы" 

публицистикалық шығармачардың  жанрлық, түрлік қырларына да мән  берілді.

- Халкымыздың азаттығы  үшін күрескен "Қазак" газетінін  (1913) жарыққа шығуымен бірге ұлттық  публицистикамыз ізденіс жолына  түсті. "Қазакта" жарияланған  мақалалар мен хаггарда қазак  дала-сывдағы саяси, экономикалык, рухани мәселелер үлттық мүдде  тұрғысынан қозғалды. Зерттеуде  шығармашылығы беймәлім қалам-герлердің  публицистикасындағы өткір ойлар  мен батыл үсыныстар-дың үлттық  сананы қалыптастырудағы рөлі  байыпталды.

Кеңестік дәуірдегі публицистиканың  негізгі бағыттары мен типологиясы, жанрлық жене пішіндік өзгешеліктері  айкындалды. Осы кезде қазақ публицистикасына орыс публицистикасының әсер, ықпалы зор бодды. 1917-1990 жылдар аралығын қамтитын бүл дәуірде қазақ публицистикасы жанрлық, түрлік түрғыдан байып, шектеулі тақырыптық, мазмүндық ауқымда өркендеді. Осы жылдардағы казақ публицистикасының  негізгі даму бағыттары айкындалды. Публицистика типологиясы текстік, түрлік, жанрлык, стильдік түрғыдан жіктелді. Сонымен қатар бүкаралык ақпарат  құралдарында көрініс табуына орай пайда болған публицистика түрлеріне  де мән берілді. Кеңестік кезендердегі қазак публицистикасының функциялары  анықталды.

Тәуелсіздік дәуіріндегі  публицистика газет публицистикасы нүсқалары түрғысынан талданды. "Егеменді Қазақстан", "Қазақ әдебиеті" басылымдарывдағы қоғамдық маңызы зор  мәселелерді қозғаған шығармалардағы тақырыптық жоне проблемалык ізденістер айқындалды.

Ғылыми зерттеудің нөтижесінде  қазак публицистикасының пайда  болу, калыптасу және даму жолдарын мынадай төрт дәуірге бөлуге болады:

1.   Қазақ публицистикасының  пайда болу дәуірі (көне замандардан  XIX гасырдың екінші жартысына  дейін);

2.  Қазақ публицистикасының  қсьіыптасу дәуірі (1870-1917 ж.ж.);

3.  Лублицистика дамуының  кеңестік дәуірі (1917-1990 ж.ж.);

4.   Үлттық публицистика  дамуының тәуелсіздік дәуірі (1991 жшдан бастап).

Зерттеудің теориялық  және практикалық маңызы. Ғылыми еңбекте  бұрын зертгелмеген казақ публицистикасынын  гносеологиялық негіздерін айқындауға талпыныс жасалды. Сонымен қатар  қазак, публицистикасының қалыптасу, даму арналары кен ауқымда, түтас  жүйеленді. Болашақта осы зерттеу  казақ публицистикасыньвд жанрлык  эволюциясын, публицистиканың газет' публицистикасы, радиопублицистика, телепублицистика, фотопублицистика, кинопуб-лицистика, интернеттегі публицистика сияқты түрлерін,' жекелеген басылымдардағы публицистиканы, көрнекті публицистер' шығарма-шылығын, публицистика теориясының алуан  қырын, бейнетеу

құралдарын тексеру-талдау бағытындағы жаңа ізденістерге, нақты  ғылыми нөтижелерге жол сала алады.

Диссертация материалдарын  жоғары оку орындарында жүргізілетін "Қазақ публицистикасының тарихы", "Публицистика өнері", "Журналистика жөне әдебиет", "Журналистика негіздері", "Публицистика және саясат", т.б. жалпы  пәндер, арнаулы курстар мен семинарларда, қазақ халкының рухани мүраларын  жинактауға арналған еңбектерді әзірлеуде, оқулыктар мен оку қүраддарын жазу барысында пайдалануға болады.

Курс жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде   курс жұмысы   тақырыбының   өзектілігі   және   зерт деңгейі,   жұмыстың   мақсаты   мен   міндеттері берілген

 

1 Публицистика табиғаты  атты алғашқы тарауда адамзат  қоғамында публицистиканың пайда  болуының алғышарттары мен себептері  айқындалып, оның көркем әдебиетпен  және журналистикамен арақатынасы  көрсетіледі. Осы тараудың 1.1 Публииистиканың  пайда болуы деген бірінші  бөлімшесінде жалпы публицистиканың  бастау алар қайнар көздерін  анықтауға талпыныс жасалады.

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1.1    Публииистиканың  пайда болуы

Бүгінгі таңдағы дамыған  публицистика бірден пайда бола қойған жоқ. Публицистиканың тууының өзі  көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен  ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонау  ерте замандарда адамдар арасында ақпараттық қажеттілік пайда болды. Бір адам екінші адамға, бір адамдардың тобы екінші адамдар тобына өз ойларын  жеткізгісі келді. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тілдің пайда  болуымен тікелей байланысты еді. Сөйтіп адамдар санасындағы идеялар, көзқарастар  мен ойлар тіл арқылы басқаларға таралып, іс жүзіне аса бастады. Адамзат  қоғамында қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуы - публицистикаға дейінгі алғашқы құбылыстардың  бірі еді.

Көрудің, естудің және сөйлеудің  қосылуы негізінде адамдардың қоршаған орта туралы қоғамдық пікір, көзқарастары қалыптаса бастады. Мемлекеттің  пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті де, түрлі саяси  құрылымдар мен кәсіби саясаткерлер тарих сахнасынан орын алды. Дәл  осы кезде қоғамдық ақпаратты  таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой, парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды. Еуропада шешендік өнер бірте-бірте саяси пікір  таластарға ұласты да, ол сөз сайыстары  кейінірек парламенттік мәдениеттің  құрамдас бөлігіне айналды. Асылы қазіргі "парламент" сөзінің түп-төркіні, француз тілінен аударғанда "раrler" "сөйлеу" деген мағынаны білдіреді. Сонымен, шешендік өнердің пайда  болуы -публицистикаға негіз болған екінші бір кұбылыс болып саналады. Халқымыздың ақындары, батырлары, хандары  мен билері, ақсақалдары мен әулиелері  тауып айтқан асыл сөздің маржандары ұрпақтан ұрпаққа көшіп отыратын баға жетпес зор байлық.

Бүгінгі қазақ публицистикасының  бір бастау бұлағы сол халық даналығында  жатқандығын жадымызда әрдайым  ұстауымыз керек.

Археологиялық, этнографиялық  және жазбаша тарихи деректердің  көрсетіп отырғанындай, Еуропа мен  Азия кұрлықтарының Ұлы даласын  мекендеген біздің бабаларымыз сол  кездегі рулар мен тайпалар тек  аңшылықпен, мал өсірумен ғана емес егіншілікпен де шұғылданған. Сол бабалардың үлкен мәдениеті де болған. Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін, оқиға-құбылыстарды тасқа таңбалап, ескерткіш белгі  етіп қалдырған.

Адамзат дамуында жазудың  пайда болуы мен дамуы - қазіргі  публицистиканың пайда болуына  ықпал еткен үшінші құбылыс болып  саналады.

Ежелгі замандардағы жазба  мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық  және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір  тобы - ресми сипаттағы қызметтік  құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар  арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер  қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне дәл  осындай жолдаулардан келіп публицистикалық  эпистологра-фияның алғашқы көріністері  туды.

Сонымен қоғамдық маңызды  мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.

1.2 Көркем әдебиет, журналистика  және публицистика деген екінші  бөлімшеде публицистика табиғаты  айқындалады.

"Не нәрсенің болса  да теориясын пайымдамас бүрын,  алдымен, оның өзін анық танып,  біліп алған жөн"[8,8 б.].

Шын мәнінде публицистика деген сөздің шығу төркіні жайлы  айт-сақ, бүл латынның риЫісш - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бүдан аңғаратынымыз  публицистика сөзінің этимологиясы "қоғамдық" деген сөзге тікелей  қатысты.

Осы ойымызды нықтап, шегелей  түсу үшін арғы-бергі сөздіктер мен  зертгеушілер түжырымына жүгінейік. Мәселен, Владимир Дальдің Түсіндірме сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: "Публицист", писатель более  газетный, журнальный, по современным  общим вопросам, по народному праву"[9.535 б.].

Қазак зерттеушілерінің ішінде публицистикаға түңғыш анықтама-ны Ахмет  Байтүрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде берді. А.Байтүрсынов  публицистиканы көсем сөз деген  қазақ сөзімен теркіндестіреді. "Кесем сөз шешен сез сияқты әлеуметке айтканын істету мақсатпен  шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның  айырыла-тын жері - шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Кесем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем  сөз кезіндегі әлеуметке керек  іске мүрындық болып істеу ыждағатымен  айтылады"[1,223-224 б.б.]. Шын мәнінде  публицистика әлеуметтік, коғамдық, саяси  мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мөселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезендегі басты міндеттерді  аңғартып, саяси-өлеуметтік оқиғалардың  сыр-сипатын ашып береді. Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір  дәуірдің тарихын сол күннің, сол  дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, төжірибемен үштастыра отырып баяндайды. Публицистика дегеніміз ~ заман тарихы, дәуір танысы, өмір шежіресі. Шежіре болғанда да күнделікті тіршіліктің  рухани бейнесі, жанды көрінісі. Публицистика •• бүл бөрінен де бүрын шығармашылық процесс. "Әдебиеттану терминдерінің  сөздігінде" публицистикаға біршама  жинақы айқындама берілген: "Кесем  сез (публицистика, лат. риЫісш - қоғамдык) - едебиет пен журналистиканың  қоғамдағы көкейкесті, еткір мәселелерді  қозғайтын саласы. Көсем сездің мақсаты - нақтылы саяси, экономикалық, өлеуметтік, философиялық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдык ойға ықпал  ету. Көсем сездің осы мақсатка орай қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған айтыс рухы, сендіру, иландыру, үйытуға бағытталған тәсілдер тән, көсем сездің озык үлгілерінен шешендік сөздердің ізі андалатыны да содан.

Көсем сөз - мерзімді баспасез бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты үғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпак ойы, оны жеткізу  ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде  эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон жазып, жариялайды"[10,122 б.].

Нағыз публицистикада әлеуметгік-төрбиелік  ықпал жасаудың орасан зор күші бар, өйткені ол оқырманға, көрерменге, тындаушыға дүрыс бағыт сілтейді. Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне өсер етудегі  маңызды рөлді де атқарады. Публицистикалық  қүбылыстарға галыми түрғыдан баға беру, дәлелдеудің айқындығы, өткірлік, барынша  ықпал етуге үмтылушылық тән.

Публицистика туралы сөз  еткенде, оның басқа салалармен ара-қатынасына назар аударып, олармен байланысына  да көңіл бөлуіміз керек.

Публицистиканың көркем әдебиеттен езіндік өзгешеліктері бар. Ең алдымен, публицистика шығармашылықтың публицистикалық  түріне, ал көркем әдебиет - шығармашылықтың  көркем түріне жатады.

Екіншіден, "керкем әдеби  шығармалар (өңгіме, хикая, роман) міндетгі түрде сюжетке қүрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ  жасау, публицистиканын коркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк  пен фельетон атворлары өздерінін  кейіпкерлерімен міндетгі түрде  кездесіп, олардың портреті, мінез-қүлықтары  туралы біраз мағлүмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыкка негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің  нақтылы шындығына сүйеніліп  жазылады" [11,148 б.]. Яғни, көркем өдебиетте  шарттылык, басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді.

Үшіншіден, көркем әдебиеттің өзіне ғана тән жанрлар жүйесі болатыны сияқты, публицистиканың өзіне  ғана тиесілі бай жанрлар палитрасы  бар.

Төртіншіден, көркем шығармада  жазушы өзінің негізгі идеясын, ойларын, идеалын оқиға желісі, адам образы, характерлер қақтығысы' картиналар, эпизодтар арқылы береді. Автордың оқырманға үсынар идеясы оқиға дамуы, образдың өсу жолдары арқьиы ашылып оты-рады. Ал публицист өз ойын оқырманға  тікелей үсынады "Пубіицис-тика - автор мен оқырманның ашық өңгімесі айтылып отырған оқи-ғаға баиланысты автордың көзқарасы мен сезімі - ашуы таңыркауы

қуанышы, реніші айкын білініп  отыруы керек"[12,14 б.]. Публицис-тика автордан терең ой мен білімділікті, тіл шеберлігін, өршіл пафос-ты, логика терендігін талап етеді. Ол оқырманмен ашық сөйлеседі, коғамдык маңызы бар  оймен сейлейді.

Бесіншіден, керкем өдебиетге  жазушы көлемді шығармалар жазу үшін бүкіл ғүмырын сарп етуі мүмкін. Ал публицистикада белгілі бір тар  уақыт шеңберінде айтылмаган ой көнеруі  мүмкін. Сондықтан да көркем едебиет  бірнеше жылдар оқиғасын, түтас бір  дәуірді қамтыса, публицистика күнделікті өмір ағысына ілесіп отыруы керек,

Профессор Э.Г.Багиров "Природу  телевидения составляет не только то, что отличает его от кино, радио  и печати, но и то, что их объединяет, что отличает их от традиционных средств  информации" [13,43 б.] - дегендей, публицистика табиғатын да онын көркем өде-биеттен  айырмашылықтары ғана емес, үқсастықтары мен жакындық-тары да қүрайды.

Публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары. Екеуінің де күралы сөз. Осы  түрғыдан келгенде, публицистика мен  көркем әдебиеттің үқсастык жағы болады, олар бір-бірімен органикалық тығыз  байланысады.

Үлы орыс сыншысы В.Г.Белинский  көркем әдебиет пен публицистиканы өнер ретінде қарап, олардың бір-біріне тым жақын екендігін айта келіп: "... что здесь нет, четко определенной пограничной линии, так она является скорее воображаемой, чем действительной, и на нее не покажешь пальцем, как  на государство на карте..." [14,318 б.] - деп жазған. Шын мәнінде көркем әдебиет пен публицистика үшін поэтикалық стилистика арсеналдары - эпитеттер, метафоралар, теңеулер, гиперболалар, литоталар  және троптар мен фигуралардың палитралық барлық түрлері, сатира мен юморлық, пафостық қүралдар өте қажет. Бүл  көркемдік бейнелеу күралдарынсыз  сөз өнерінің эмоциональдык нәрі әлсіреп, атқаратын функциялық дәрежесі төмендеген болар еді.

Информация о работе Публицистика