Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:19, курсовая работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болар» көзі ашық көкірегі ояу қазақтың сауатты жастарының бірі өз заманының озық туған тұлғасы Міржақып Дулатұлы бүгінде ел есінде ерекше сақталған. Дарынды ақын ретінде танылып, келер ұрпақ өнеге тұтар дарын иесінің публицистика жағынан да жазған елеулі еңбектерін зерттеу-басты мақсат.
Кіріспе ......................................................................2-3 бет
Негізгі бөлім
I тарау. Міржақып Дулатұлы тұлғасы
Міржақып Дулатұлы өмірбаяны..................4-8 - бет
Басты туындылары..........................................9-1- бет
II тарау. Міржақып Дулатұлының публицистикасы
2.1. Публицистикалық туындыларына талдау................19-25 - бет
2 2. Қазіргі таңдағы маңызы............................................................................................26-28 -бет
Қорытынды ........................................................................29-30- бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:................................... 31- бет
Жазу ережесі, тәртібі, мәдениеті, тіл тазалығы, баяндап оқытудың мәнісі, дыбыс жүйесі, емле турасындағы өнікті, өркенді ой-толғамдары зейін аудармай қоймайды
Халық ісі, ел игілігі, ұлт тағдыры үшін жаралған “пайдалы адамдарға” берген анықтамасы мынадай: “Ақ жүрек таза болса. Жұртты иә сатып, иә алдап кетпейтін болса. Халық үшін ерінбей қызмет етерлік, екі талай жерде жанын қиярлық ер жүректі болса. Саясат ісіне жетік болса. Білімді, шешен, көсем, оқыған болса. Халықтың қалпына, салтына, тұрмысына жете таныс болса” (“Учредительное собрание”).
Сайыпқырандық
болмыс, тұйғындық, сұңқарлық мінез,
ұйымдастырушылық өнегесі келісті
кемел тұлға ел ішіндегі, адам бойындағы,
қарым-қатынастағы
Міржақып Дулатұлының
таудан үлкен, тастай берік қайырлы,
кемел істері, ірілікті, ізгілікті,
көсемдікті таны-татын мұзжарғыш
пікірлері мемлекеттік тұрғыдан
ойлаудан туындайды. Сондықтан да оның
ой-пікірлер жүйесі мемлекеттің ең басты,
ең негізгі құрамдас бөліктері 1) территорияға,
2) ұлттық тілге, 3) ұлт тәуелсіздігіне,
4) дінге, 5) қорғаныс қабілетіне қатысты.
Қорытынды
Қортындылайтын
Міржақып туралы, оның тауқымет пен таласқа,
күрес пен «күн отырмай, түн ұйықтамай»
өткізген тағдыры жайлы айтылар әңгіме
көп. Киелі Торғай өңірінде өмірге келіп,
жастайынан ата-анасынан айырылып, жетім
қалған бозбаланың бір кездері «ақырып
теңдік сұрар» ер мінезді азамат боларын
ауылдастары аңғарымпаз, елгезектігінен,
қандай іске кіріссе де тындырымды, толық
атқаратын шөгелдігінен байқайтын дейді.
Бастапқыда ескіше білім алып, кейіннен
орыс-қазақ мектебінен нәр алған жастың
Абай, Ыбырай шығармашылығы арқылы қазақ
руханиятының алтын бастауынан сусындағаны,
орыс ойшылдарының шүңетіне бас қойып,
Еуропа көкжиегін ерте көргені айтылады.
Ал одан кейінгі өмір соқпағына бұрылыс
жасауына ықпал еткен қазақтың қос алыбы
– А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейханов. 1904
жылы Омбыда жүздескен үш арыстың содан
кейінгі жолдастығы, үзеңгілес достыққа
ғана емес, «тірі болсақ бір төбеде, өлсек
бір шұңқырдамыз» деп ант ішіскен таймас
сертке ұласқан. Үш бектің бұлайша жолығысып,
шынайы бекем ойға кірісуі қазақ тарихындағы
алтын зерлі әріптермен жазылуға тиіс
айрықша сәт деуге лайық. Солай емегенде
ше? Егер тарих доңғалағын бір ғасыр кейінге
шегеріп, сол мезеттегі оқиғалар тізбегінің
арасынан ой қозғар болсаңыз ХХ ғасырдағы
қазақтың оянуының түп тағаны осы «үштік
одақпен» тікелей байланыста екенін аңғарар
едіңіз!
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты, –
деп ортаға ұран тастауы сол бір ұмытылмас
кездесудің ақын жүрегіндегі айрықша
өрнегі демеске лаж жоқ. «Оян, қазақты»
тыңдап, егілмеген жан сол дәуірде аз дейді.
Кітап алғаш тарағанда қазақ даласының
түкпір-түкпіріндегі қараша қазақ ауылдары
таңға тыңдап, көздерінен жас аға күңіренетін
күн де болыпты. Бұл жөнінде мысал көп.
Жан сыздатарлығы, Міржақыптың осы өлеңіндегі
иірімі терең ойлар мен ортаға тасталған
тақырыптардың әлі де өзектілігі…
Кеңестер Одағы «үштік одақтың» босағасын
қирату үшін не істемеді дейсіз?!.. Алаш
баласының көсегесін көгерту үшін бастарын
бәйгеге тіккен олар шырғасы мол шырғалаң
жолдан өтсе де, қапасқа қамалып, итжеккенге
айдалса да, өз арман-мұраттарынан тайған
жоқ. Олар құрған «одақты» уақыт та ыдырата
алмады. Әлі күнге. Әлі күнге Алаш үкіметі
туралы сөз бастасақ, алдымен осы үштағанға
соғамыз. Олардың кестелі сөзі мен көшелі
ісі туралы сөз қозғаймыз. Ал керісінше
Кеңестер Одағының өзі ыдырап, замананың
дауылында тас-талқан болды. Олар жеңілді!
Қызыл империяның қирандысы мен алаштықтар
орнатқан арман дауалының айырмасы –
жер мен көктей. Біріншісі – сайтанойнақ,
екіншісі – кие дарыған ой мұнарасы. Қазақ
рухы сол мұнараның биігінен тіл қатады
ғасырға… Алаштықтар дәуір отынан да,
тарих сотынан да өздерінің ақиық армандарын
алып шықты. Ұлттың қол бастары ғана емес,
ой бастар көсемі бола білген Әлекеңнің
(Ә. Бөкейхановтың) А. Байтұрсынұлы мен
М. Дулатұлына жазған бір хатында мына
сарындағы жолдар бар-тұғын: «Қадірлі
Ахмет, Мир-Якуп (Міржақыпты алаштықтар
еркелетіп, сыйлап осылай атаған деседі
– авт.), сендер қолымызға кісен, мойнымызға
ажырғы түсті деп қамықпаңдар. Сендер
ұлт үшін, Алаш үшін аянбай еңбек еттіңдер.
Сендердікі тура жол. ақ жол. Ешқашан өкінбеңдер.
Ертең сендердікін дұрысқа балап, еткен
еңбектеріңді іздейтін, сендерді жоқтайтын
ұрпақ келеді!..» деп аһ ұра жазбаушы ма
еді. Мұны оқыған жанның жүрек тұсы шымырламай
қалай тұрсын. Иә, оларды жоқтайтын ұрпақ
келді. Ол – тәуменділіктен құтылған жұрттың
тәуелсіз ойлы ұрпағы.
Жинақтап айтқанда,
ұлт руханияты тарихында
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Міржақып Дулатов.- Алматы: Жазушы, 1991. 232-327 б.
2) Бауыржан Қарағызұлы. Марат Әбсемент «Міржақыптың Оян қазақ идеясы – қазақ елінің нағыз ұлттық идеясы», http://yerkanat.wordpress.com сайты
3) Мәңгілік Міржақып, www.alash.kz сайты
4) Мақсұтбек Сүлеймен
.Міржақып Дулатұлы, http://info-tses.ru сайты
5)Қанат Махамбет. Алаштың ардақты азаматы Міржақып Дулатовтың 125 жылдық мерейтойы атап өтілді // Айқын, 2010.4 қараша
6) Серік Негимов. Жасын// Егемен Қазақстан, 2010.8 қыркүйек
7)Қайсар Әлім.Алакөздей ат қайда// Егемен Қазақстан,2010. 23 маусым