Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:19, курсовая работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болар» көзі ашық көкірегі ояу қазақтың сауатты жастарының бірі өз заманының озық туған тұлғасы Міржақып Дулатұлы бүгінде ел есінде ерекше сақталған. Дарынды ақын ретінде танылып, келер ұрпақ өнеге тұтар дарын иесінің публицистика жағынан да жазған елеулі еңбектерін зерттеу-басты мақсат.
Кіріспе ......................................................................2-3 бет
Негізгі бөлім
I тарау. Міржақып Дулатұлы тұлғасы
Міржақып Дулатұлы өмірбаяны..................4-8 - бет
Басты туындылары..........................................9-1- бет
II тарау. Міржақып Дулатұлының публицистикасы
2.1. Публицистикалық туындыларына талдау................19-25 - бет
2 2. Қазіргі таңдағы маңызы............................................................................................26-28 -бет
Қорытынды ........................................................................29-30- бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:................................... 31- бет
б) Ықылассыз кейбір надандар,
Тасқа егін себеді.
Ақымаққа айтқан насихат
Дәл осымен тең еді.
“Насихат ғумумия” толғауында мұсылманшылық, түрікшілдік сарындар көрініс тапқан.
Әуелі үйренетін бір ғылымың,
Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың.
Шарттарын исламның кәміл білсең,
Ахиреттік азық берер шын ғылымың.
Әрі қарай ақынның ойын сабақтастырып жалғастырсақ, шариғат қағидаттарын парыз санау, әндетіп, мақамдап оқу, Құранды құрметтеу, жоғары медреседе білімге қанығу, сонан соң орысша оқу, пайдалы тілді үйрену керек екендігін ыждаһатпен пайымдайды. Сонда “ақылы – дария, көзі – өткір, көңіл – шебер” кісілікті, білікті “сырың бір, қырың сегіз” шаһбаз санатына қосыласың дейді. Осынау ой-пікір сарындары “Қазақ халқына діни бір уағыз”, “Мәсжід – медресе хақында”, “Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта” дейтін жыр-толғауларында жалғасады.
Шынтуайттап келгенде,
“Оян, қазақ!” – ұлттық поэзия тарихында
бірегей құбылыс ретінде
Біз дағы ғылым білсек етпес пе едік,
Ілгері озғандарға жетпес пе едік.
Дін, дүниеміз таршылықтан азат болып,
Һүнерлі халық атанып кетпес пе едік, – деп үміт отын маздатып, қиял пырағына мінеді.
“Оян, қазақта!” түркі жұртының білімпазы “Исмағұл Гаспринскийдің айтқан сөзі” дейтін мақаласында тарихи танымын, ұлттық ой-санасын әйгілейді.
“Сөз ақыры” дейтін түйін сөзінде “заманның кемшілігін айтқан”, “милләтке жаны ашып, ғамын ойлаған” данышпандар Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Крылов, Тургенев, Толстойлармен теңдес “ғажайып хикмәттің кілтін ашқан” шешен-көсемдер, ақындар Абай, Ахмет, Әбубәкір, Қыпшақбай, Ақмолла, Нұржан, Шөже, Орынбай, Мәшһүр Жүсіптерді атайды.
Ілімді-білімді
Міржақып Дулатұлы ұлт тарихы мен
тағдырындағы түбірлі мәселелердің
мәнісін, теңіздей терең сырын түп-тамырынан
қозғап-толғап, себеп-салдарын түбегейлі
талдап-саралап сөйлейтіндігі
“Мың ділдә білімдінің жалғыз сөзі”, деп өзі кестелеп бергеніндей, “Шағым” өлеңінің бастамасына жіті үңілейік:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, –
Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!
Бұл – балауса балғын қасиетке ие үздік лебіз. Асыл ойдың төресі, заманауи тілектің сәулесі. Көзі жаңа ашылған бұлақтың кейпін елестеткендей. Жалқы туған Міржақыптың емес, Алаш жұртының мәңгілік ой-мұратының айғағындай, бойтұмарындай, дұға-дуадай қасиетті, киелі сөзіндей өткір қабылданады. Тереңдігі мен бейнелілігі үйлескен “Айтыс” өлеңі аллегориялық мазмұнымен ерекшеленсе, “Таза бұлақ” жыры тағылымдық, өсиеттік, ғибраттық сипатта өрнектелсе, “Гүл” символикалық-метафоралық мәнерлілігімен өзгешеленеді. Бірегей жыр мәтіндерінің ішкі семантикалық және көркемдік-бейнелік қырлары мейлінше өлшеусіз.
Ғаламдық деңгейге эпостан эпопеяға шарықтап дамыған қазақ ұлттық прозасының ғажайып жемісі ұлы суреткер М.О.Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясы десек, қазақ романистикасының тарихы М.Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” (1910) романынан бастау алады. “Сөз басында” “Мақсаты романның – халық түзетпек” дейді де, Жамал арудың тағдырын және оның көрген жәбір-жапасын білсін, шариғатта жазылған “Қор етіп әйел халқын аямасын” деген қағиданы мұқият ескерсін, әділеттілікке жүгінсін деген ойларды діттейді.
“Бақытсыз Жамал” романында қазақ тұрмысы, әлеуметтік жайы, отарлау саясатын жүргізушілердің, әпербақандардың әрекеттері, болыс, би, крестьянский начальник, стражник, поштабайлардың бейнесі, төре күтудің машақаттары, болыс сайлау нанымды суреттеледі. Тоқетерін айтқанда, “Бақытсыз Жамал” романының көркемдік сапасы, ішкі құрылымы, полифониялық сипаты көңіл аударарлық. Идея, кейіпкер, характер, композиция, стиль, баяндау, суреттеу тәсілдері жөнінен рет-ретімен көрсетілген, табиғилықпен баяндалған. Өмір, уақыт шындығын шынайы түсінуі, адамдардың психологиясын, мінез-қырын, қимыл-әрекетін, көзқарасын, сөйлеу мәнерін шеберлікпен сомдайды. Тегінде, жазу мәдениеті мен өнерінің шыңы – роман. Сондықтан да ол осынау жаңашылдығымен, ізашарлығымен қымбат!
Жазушының “Балқия” атты төрт перделі драмалық шығармасында (1922) әйел теңдігі, қыз тағдыры, қалыңмал, ана тілімізде оқитын ұлт мектептері мәселесі сөз болады. Драманың көркемдік шарттылықтары сақталған. Кейіпкерлер сөзі нақты. Оқиғаның дамуында табиғилық бар. Комедия, декламация дейтін терминдік ұғымдарды пайдаланған.
Қазақ әдеби
тілінің байлығы, негізгі сөздік
қоры, комедия, декламация дейтін терминдік
атау-ұғымдар дұрыс
Бұл ұлттық драматургияның қалыптасу, даму тарихындағы етек-жеңі жинақы, керім көркемдік мүлік.
Сөз зергерінің “Ақыл мен ырыс”, “Екі қыздың мұңы”, “Қымбат тай”, “Қызыл қашар”, “Кәкең, Сәкең”, “Читаю, писаю”, “Үш құлақ”, “Қуанышты күн”, “Тік бақайлар”, “Сол қыздың атын ұмыттым”, “Ішік қайырлы болсын” деген әңгімелерінде қазақ қызының бас бостандығы, патшалық аппарат өкілдерінің қазақ жұртына жасаған өктемдігі, пәлекеті, алаяқтығы, арамдығы, рақымсыздығы, бір сөзбен қайырғанда, қазақ ауылының тыныс-тіршілігі соншалықты нанымды әрі тартымды суреттеледі.
Әдебиеттің дамуы, кемелденуі, байтақ өріске шығуы, рухани кеңістігінің кеңейіп көркеюі – аудармашылық өнерге де қатысты. Адамзат тарихындағы асыл ойлар қазынасынан сусындау – ұлт руханиятының өркендеуіне жол ашу деген сөз. Ендеше, орыс көркем ойының көшбастары А.С.Пушкиннің мына бір өлеңін аударма тарихы мен теориясының жетік білімдары, майталман тәржімашы Жұмағали Ысмағұловтың пікіріне жүгіне отырып, баяндалық. Ұлы ақынның “Всегда так будет, как бывало” деген бір шумақ өлеңіндегі “Ученых много – умных мало, знакомых тьма – а друга нет” дейтін лебізін: “Ғалым көп, ақылды аз байқасаңыз, Досың жоқ, танысың көп санағанда”, деп әрі мұнтаздай келісті, әрі мағыналы ғып керемет жатық жеткізген.
Міржақып Дулатұлының
суреткерлік қолтаңбасы, ақындық
шабыты, көркемдік ойлау жүйесі сүйсіндіреді.
“Сұлу қызға” деген өлеңіндегі “Майысқан
алтын айдар еркесісің, Оянған ұйқысынан
табиғаттың” дейтін сыр мен суретке тұнған
лебізі қандай! Сондай-ақ “Я, Алла”, “Алашқа”,
“Елім-ай” атты өлеңдері ақынның асыл
мақсатын, азаматтық тұлғасын, мұсылмандық
көзқарасын әйгілейді.
2.1 Публицистикалық туындыларына талдау
Міржақып Дулатұлының публицистикалық еңбектерінің орны ерекше. Оның газет- журналдардың бетінде жарияланған мақала, ашық хат, үндеу сынды сол кездегі қоғамда белең алған әлеуметтік мәселелер турасында толғайтын туындылары маңызды рөл ойнайды. Оның «Баспасөз үмбесі» мақаласында қозғалған басты ой мемлекеттің мәдени майданында ілгері-кейінгінің қатасыз өлшеуіші -баспасөздің сол заманғы жайы. «Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді, яки қай жұрт өнерлі болса, оның шексіз баспасөзі күшті болатындығы айдан анық, бұған еш нәрсе білмейтін соқырлар, надандар болмаса, көзі ашық,көңілі тетіктер көптен иман келтірген ,сондықтан Европа жұрты баспасөзге «алтыншы мемлекет» деп ат қойған» дей келе, қараңғы қазақ жұртының әлем жаңалықтарын былай қойғанда көршілес Ресей, Қытай сынды Таяу Шығыс, Орталық Азия мемлекеттері мен тіпті қазақ жеріндегі болып жатқан саяси-әлеуметтік мәселелерді қамтитын ақпараттан бейхабар болып отырғанын қынжыла баяндайды. Қазақ мәдениетінің дамуының көрсеткіші ретінде саналатын баспа ісі газет журналдар таралымы деңгейінің төменгі басқышта тұрғандығын көрсеткен Міржақып Дулатұлы бұл мақаласында өз заманына дейін шығарылған газет журналдар тізімін ұсынған. « Дала уәлаятының газеті», «Серке», «Айқап» , «Қазақстан», «Қазақ», «Қазақ газеті», «Сарыарқа», «Алаш», «Жас азамат», «Абай», «Бірлік туы», «Үш жүз», «Қазақ мұңы», «Заман тілі», «Қазақ тілі», «Тіршілік», «Кедей сөзі», «Бостандық туы», «Ұран», «Мұғалім», «Еркін», «Ерік», «Қызыл ту», «Еңбек туы», «Ақ жол», «Жас алаш», «Кедей еркі», «Ұшқын» (Орынборда), «Ұшқын» (Алматыда шыққан), «Сахара таңы», «Жаңа өріс», «Көмек» , «Жас қайрат», «Тілші» , «Шолпан», «Сана», «Еңбекшіл қазақ» «Қызыл Қазақстан», «Темір қазық», «Өрнек», «Қазақ кедейі», «Мұғалім» (Орынборда шыққалы тұрған) деп біраз газеттерді атай келіп, олардың құнарсыздығына,қалың бұқараны ақпаратпен қамтамасыз етудегі кей олқылықтарына да баса назар аударады. Елдегі мұндай жағдайдың орнауы қалың қазақтың қараңғылығы мен надандығынан емес, ел іргесін түзер Алаш азаматтарының арасында ауызбірліктің орнамай алауыздықтың орын тебуінен деп түйіндейді жас ақын. Халық қамын шегер нағыз жанашыр азамат ретінде баспасөздің өркендеуіне қам қылар әрекеттердің де тізімін өз мақаласына кірістірген. Атап өтер бастылары: 1)басқарманың үйін, сайманын даярлау;2) мемлекет баспасына қазақтан қызметкерлер кіргізу; 3)сенімді дұрыс азаматтарға жазылу дәптерін жіберу;4) қазақтан қаріп тізушілер дайындайтын курс ашу сынды ұсыныстар болса, абзал азаматтың «Әзімбай, Ғарифолла, Жанәбіл сынды баспасөзге айрықша еңбегі сіңірген азаматтарды «Қызыл тақтайға» жазып қою» турасында ұсыныс айтуы оның іс қылар құрметке лайық азаматтарды ұмытпай,жолын жалғастыруға тәуекел еткен жан екенінің бір белгісі десек те болады. Ал Міржақып Дулатұлының Тіл құралы мақаласында қазақ тілінің харпін алғаш шығарушы Ахмет Байтұрсынов жайында сөз болады. Орыс граматикасынан хабардар көзі ашық жастар үшін бұл кіаптың пайдасының зор екендігіне тоқталған. Кітаптың басты ерекшелігін Міржақып тәртіппен тізіліп жазылған қазақ сөздерінің табиғатты жақсы сақталған, тура мағынасы өзгертілмей өз атымен аталғандығы деп көрсетеді. Сауатын ашуға ұмтылған қазақ жастары үшін табылмас, орны ерек оқу құралы екендігін баса айтып кітапты жастарға үйретудегі ендігі міндет білікті мұғалімдер қауымының мойнында екендігін ескеріп кетеді.
Міржақып Дулатұлының жалпы қазақ оқуы жайында көтерген мәселелері айрықша назар аударарлық. Торғайдағы мұсылманша оқу жайында атты мақаласында Ескіше хат танитын Байту мола сынды исламнан мол хабардар, әйтседе өнер білімнің жаңалығына еш қарсылығы жоқ моллардың жетіспейтіндігін, бір Торғай аймағына бір медресенің салынуы жан жақты білім алуға мардымсыз екендігін баяндайды. Жаңаша хат танитын білімпаз ұстаздардың жалақысын өтеуді де өз мойындарына алуға келісетін қазақ ауылдарының өтінішін жеткізген.
Жас ақынның көне тарихтан да жан жақты білімділігін қазақ ұлтының пайда болу тарихының тереңіне үңіліп, зерттеу барысында жазған еңбектерінен пайымдауға болады. Оның публицистикалық еңбектерінің ішіңдегі мәуелісі- 6 бөлімнен тұратын, талдау негізінде қортындылаған «Қазақ, қырғыздың аты, тегі туралы» еңбегі. «Қазақ қырғыздардың тарихын жазуға кіріскенде «қазақ», қырғыз, алаш, үш жүз, деген аттар қайдан шыққан, қазақ пен қырғыздың тегі кім, бұлар қашанннан бері жұрт болған біліміміз жеткенше алдымен шешетін жұмбақтардың бірі осы » деп зерттеуге аса мән беріп, сонау заманнан бері қозғаусыз жатқан қазақтың көне тарихын қатесіз кітап бетіне басу, қазақ халқы туралы деректерді түрлі ұлт тарихының еңбектерінен барлау ісі көзі ашық, көкірегі ояу ұлт азаматтарының атқарар басты қызметі деп түйіндейді. Үздіксіз ізденістің өз нәтижесін беретініне үміт артады. Мақаланың « Қазақ, қырғыздың аты, тегін теріс ұғыну» атты 1-бөлімінде осы күнге дейінгі зерттеуші тарихшылардың зерттеу мақсатының түрліше болғандығын, қазақ халқының соңғы бір-екі ғасырлық тарихының ғана баяндалатынын сөз етеді. Автор қазақ пен қырғыз тегін әр түрлі жорып, бірінің адасқан ізін бірі басқан Г.Ю.Клапрот, К. Риттер сынды ғалымдардың қателіктерін айтып, қазақ жайын өзгелерден жете зерттеген Левшинннің еңбектеріне тоқталады. Сөз соңында қазақ пен қырғыз халықтарының арғы тегі бір болғанмен, екі атаның баласы екендігін ескертіп, «қазақ» аты қазақтың өз алдына жұрт болғаннан бері өзгерілмей келе жатқандығы, еш уақытта қазақ өз атын өзге атпен атап көрмегендігі анық» деп қорытады.
Ал 2-тарау «Қырғыздың аты тегі һәм қашаннан жұрт болғаны туралы» деп аталады. Бұл тарауда ежелгі түркі шежірешісі Әбілғазы Баһадүр ханның еңбегіне тоқталып, қырғыздардың Оғыз ханнның тұқымынан тарайтындығына дәлелдер келтіреді. Қырғыз халқының тарихының кейбір бұлыңғыр сәттерін де сипаттап, жоңғар халқының орыс өкіметімен біріккен шапқыншылық әрекеттеріннің нәтижесінде Алатау маңына қоныстанғандығын баяндайды.
3-тарау «Қазақ қалай қырғыз атанды» атты тақырыппен көрсетілген. Мұнда қазақты орыс халқы неліктен қырғыз атап кеткендігіне екі себеп келтіріледі. Міржақып Дулатов оның бірінші себебін Сібірді мекендеген қырғыз халқы өткен заманда орыс халқына көп зардап шектіргендіктен, қазақтың да көрсеткен жәбірін соларға теліп, қырғыздай жек көріп, солардың атымен атаған деп көрсетеді. Ал екінші себеп Сібірді жаулап алған Ермак бастаған орыс казактарынан сол жерді қоныстанған қазақ халқын ажырату үшін деп баяндайды.