М.Дулатовтың публицистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:19, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болар» көзі ашық көкірегі ояу қазақтың сауатты жастарының бірі өз заманының озық туған тұлғасы Міржақып Дулатұлы бүгінде ел есінде ерекше сақталған. Дарынды ақын ретінде танылып, келер ұрпақ өнеге тұтар дарын иесінің публицистика жағынан да жазған елеулі еңбектерін зерттеу-басты мақсат.

Содержание

Кіріспе ......................................................................2-3 бет
Негізгі бөлім
I тарау. Міржақып Дулатұлы тұлғасы
Міржақып Дулатұлы өмірбаяны..................4-8 - бет
Басты туындылары..........................................9-1- бет

II тарау. Міржақып Дулатұлының публицистикасы
2.1. Публицистикалық туындыларына талдау................19-25 - бет
2 2. Қазіргі таңдағы маңызы............................................................................................26-28 -бет
Қорытынды ........................................................................29-30- бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:................................... 31- бет

Работа содержит 1 файл

жеменей.docx

— 81.65 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 
 

Кіріспе ......................................................................2-3 бет

Негізгі бөлім 

I тарау.  Міржақып  Дулатұлы тұлғасы 

    1.   Міржақып Дулатұлы өмірбаяны..................4-8 - бет
    2.   Басты туындылары..........................................9-1- бет
 

II тарау. Міржақып Дулатұлының публицистикасы

      2.1. Публицистикалық туындыларына талдау................19-25 - бет 

      2 2. Қазіргі таңдағы маңызы............................................................................................26-28 -бет 

Қорытынды ........................................................................29-30- бет 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:................................... 31- бет  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          
 
 
 
 

  КІРІСПЕ

     Жұмыстың  жалпы сипаттамасы. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болар» көзі ашық көкірегі ояу қазақтың сауатты жастарының бірі өз заманының озық туған тұлғасы Міржақып Дулатұлы бүгінде ел есінде ерекше сақталған. Дарынды ақын ретінде танылып, келер ұрпақ өнеге тұтар дарын иесінің публицистика жағынан да жазған елеулі еңбектерін зерттеу-басты мақсат.

     Тақырыптың  өзектілігі. Міржақып Дулатұлының жан жақты тұлға екендігін таныта білу, өз заманының әлеуметтік саяси мәселелерінен хабардар, қазақ елінің ішкі және сыртқы саясатына шама шарқы жеткенше ат салысып ұлт қамын ойлап,ел қамқоры болған  жан екендігін деректермен дәлелдей түсу. Сөз патшасы өлеңмен шектелмей қазақтың қара сөзіне де дес бермес көсем сөз шебері екендігін де оқырмандарға ұғындыра білу маңыздылы жағынан өзекті тақырыптардың бірі деп ойлаймын.

     Тақырыптың  зерттелу деңгейі.

     Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты – Міржақып Дулатұлының публицистикалық еңбектерін жан жақты талдау, маңызын және мәнін зерттеу. Осы мақсатта біз төмендегі мәселелерді зерттеуді нысанамызға алдық.

  • Міржақып Дулатұлының  өмірбаяны және  еңбек жолы;   
  • Негізігі еңбектері ;
  • Публицистикалық еңбектерінің ерекшелігі,оларға талдау жүргізу;
  • Бүгінігі таңдағы еңбектерінің маңыздылығы;

     Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста Міржақып Дулатұлының толық тұлғасы сомдалады. Публицистикалық еңбектерінің тарихи маңызы, қоғамдық рөлі айқындалады. Бүгіні таңдағы маңызы баяндалады.

     Зерттеу тәсілдері. Газет,журналдар бетінде жарияланған публицистикалық еңбектеріне кешенді талдау әдісі жүргізіледі.

     Бітіру  жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер   тұрады.   
 
 
 
 
 
 
 

«Міржақып Дулатұлының публицистикасы» тақырыбының жан-жақты зерттелуі үшін алдымен  Міржақып Дулатұлының өмірбаяны мен қазақ әдебиетіндегі алатын орнына тоқталып кетуді жөн көрдім. Себебі тұлғаны жан жақты танып білу үшін өмір жолын зерделеп, өмірге деген көзқарасы мен ақынға тән өзіндік ұстанымын ұғыну шарт. Ал оның публицистикалық еңбектерінің ерекшелігі мен ондағы көтерілетін мәселелер кімді болмасын қызықтырары анық. Сауатты жанның қоғамның ішкі және сыртқы өміріне араласып, замана жаңалықтарынан құр қалмай  газет, журнал беттеріне өз ойын еркін жариялауы біз танитын ақын Міржақып Дулатұлын өзге қырдан танытады. XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi   талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов еді. Сол себепті де М. Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтьш оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті. Қараңғылықтың шырмауы мен орыс халқының тас бұғауынан босана алмай жаны қиналған бодан халықтың рухына демеу берер жастардың бірі ретінде танылған Міржақыптың қандай еңбегі болмасын мәні жағынан аса құнды. Өзге ұлттармен салыстырғанда мәдениет, әдебиет, жазу жағынан ақсап жатқан қазақ халқының баспасөз саласында да артта қалғанын, жер- су мәселесін басты тақырыптардың бірі ретінде көтерген Міржақып Дулатұлының мақалалары бүгінде де құнды дерек көздері ретінде бағаланады. Халыққа  білім беру  ісіне  аса көңіл бөліп, медреселер салу және берілетін білім сапасы мен мұғалімдер санатына да мұқият талдау жүргізген , ағартушылық бағытта еңбек еткен ұлтжанды азаматтың атқарған қызметі ауыз толтырып айтарлық. «Оян, қазақ!» деп жұртына жар салған тарлан тұлғаның қайраткерлігі мен туған халқына сіңірген ерен еңбегін тілге тиек етер болсақ жазылатын да айтылатын да нәрселердің көптігіне күмәнім жоқ. Сондықтан бұл жұмыстың оқырман жандарға қызықты да мол мағлұмат беруші материал екендігіне сенімдімін.

     

I тарау.  Міржақып  Дулатұлы тұлғасы 

       1.1  Міржақып Дулатұлы  өмірбаяны

 Міржақып  Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьштың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

    Екі жасында анасынан, он екі жасында  әкесінен  айырылып, жетім қалған Міржақып бұдан кейін Асқар деген  ағасының тәрбиесінде болады. 1902 жылы уездік мектепті  бітірген соң, еңбекке араласады. Біраз жыл ауыл мектептерінде бала оқытады.  
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды.    Наразылық  туды.  Күресудің    жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей  де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің  қарсаңында болатын.  
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы  қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды.

1905 жылы Міржақып  А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы  саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. 1905 жылы Қарқаралыға Ахмет менен біраз оқығандар бас қосып, үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Екінші – қазақ жеріне земство беруді сұраған. Үшінші – отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын мүфтиге қаратуды сұраған. Ең қызығы патша осы талаптармен санасты. Міржақып  1905 ж. 17 қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарқаралы құзырхатын дайындаушылардың бірі болды. 1905-1907 жылдары Зайсан уезіндегі Бекмұхамбет қажы ашқан қазақ мектебінде сабақ берген. 1906 жылы Дулатов конституциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Санкт-Петербургке барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер ұйымдастырған көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады. Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия полициясының саяси сенімсіз адамдар тізіміне ілігеді. Міржақып отарлаушы орыс мемлекетінің бұл сұрқия саясатына қарсы шығып, «Жұмбақ» деген мысал жазады. Міне, бұл –Жақаңның саяси қайраткерлігінің басы ғана еді. 1905 жылы Орал қаласында «Пікір» деген газет ашуға ат салысқан еді. Сол кездегі газет дегеніңіз үлкен идеологиялық қару болатын. 1904 жылдың басында Міржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы екеуі Алаш ұлдарын патшаға қарсы күреске шақырып үндеулер жазды. Осы үндеулердің әсерінен қазақ халқының патшаға қарсы наразылығы күшейе түсті. Патша үкіметі ел наразылығының соңы көтеріліске соғуынан қорқып саяси тінтулер жүргізе бастады. Кітапханаларды жапты, пошта хабарларын конфискеледі. Осындай алмағайып уақытта, осы ұрымтал тұсты тиімді пайдалану үшін Міржақып пен Ахмет Омбы қаласына жүріп кетеді. Сол жерде Жақаң Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаевтармен танысып, жасырын кездесулер жасайды.. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Осы жерде алдыңғы қатардағы қазақ интеллигенциясының өкілдері: Шаймерден Қошығұлұлы, Сералы Лапин, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов және басқалармен кездеседі, оқудағы жастармен жүздеседі. Қазақ зиялыларын қатты толғандыратын бірде бір патшаның қол шоқпарларының қазақпен санаспайтындығы еді. Осындай жиындардың бірінде Санкт-Петербургте «Серке» деген атпен қазақ баспасөз орталығын ашу ұйғарылды. «Серке» деген ат жайлы Шаймерден Қошығұлұлы өз естелігінде: «Серке бір отар қойды боранда дүрыс жолға алып шығады,— деп жазды,— олай болса «Серке» газеті езілген қазақ халқына дұрыс жол керсететін, оның ұлттық сана-сезімін оятатын жолбасшы болу керек», – деген. 1907 жылы наурыздың 28 күні I-ші және II-ші Ресей Мемлекеттік Думанның депутаты Ш. Қошығұлұлының қаражатына татар қайраткері А.Ибрагимовтың басшылығымен «Серке» газетінің алғашқы саны 1907 жылы Санкт-Петербургтегі шығатын апталық «Ульфат» газетінің қосымшасы ретінде жарық көреді. Бұл газет қазақ жастарына арналған еді. Газеттің алғашқы номерінде Міржақып Дулатұлының «Қазақ жастарына» деген өлеңі басылып шықты. «Серкенің» екінші нөміріне Міржақыптың бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласы жарық көрді. Бұл мақала «Қазағым менің, елім менің!», – деген сөздермен басталады. Бұл мақаласында Міржақып 1905 жылы Қарқаралыдағы бас көтеру мен Оралдағы съезде қазақ халқының айтқан талаптарын жинақтап көрсетеді. Ашық, ақиқатты жазады. Осының бәріне патшаның полиция сақшылары да қарап жатпайды . 1905 жылғы революцияның толқулардан үрейленіп қалған олар қол астындағы бұқара халыққа қатаң бақылау жасап отырды. Ұзамай жандарм ізшілері Загородный 34 көшесіндегі Антокольск баспаханасына келіп, «Ульфат» және «Серке» газеттерін конфискелеп, жауып тастады. Осы іс жөнінде жасалған протоколда былай деп жазылған еді: «Серке» гезетінің № 84 және «Ульфат» газетінде 6 июль күні (1907) жарияланған «Біздің мақсатымыз» мақаласында саяси қылмыстық белгілер бар». Полицияға түскен мәліметтер бойынша, бұл қазақ халқын барлық өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы күреске шақыратын «бүкіл қазақ халқына арналған үндеу сияқты». Ары қарай Петербург баспасөз істері комитеті газеттің осы нөміріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын деген шешім қабылдады. Мұның бәрі Міржақыптың саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ахмет пен Міржақыптың бірін-бірі іштей тез ұғысып, бір мақсаттың жолында, ұлы мақсаттың жолында ақтық демдері біткенше, жұп жазбады.

1909 жылы қазақ  даласын дүр сілкіндірген үш  кітап шықты. Оның бірі –  Абайдың өлеңдер жинағы, екіншісі  –Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық  мысалы», Үшіншісі – «Оян, қазақ!»  атты Міржақып Дулатұлының қазақ  елінің манифесіне айналған публицистикалық-лирикалық  жинағы. Міржақыптың еңсесі түсіп  езіле бастаған қазақ халқының  тарих сахнасына шыққан революциялық  күрестер мен шайқастар дәуіріне  дәлме-дәл келді. Болашаққа деген  нық сеніммен жігерленген оның  отты шығармашылығы – қазақ  халқының бостандығы мен теңдігі  еді. Ол ұйқыдағы ұлтты ояту  үшін жан дауысымен, жарғақ  құлағы жастыққа тимей еңбек  етті. «Оян, қазақ!»,– деп қалың  ұйқыдағы қазақ даласын оятуға  талпынды. «Оян, қазақ!» жинағы қазақ  халқының азаттық жолындағы күресінің  манифесіндей зор роль атқарған  кітап болғаны ақиқат. Оның Қазан  төңкерісіне дейінгі кезеңдегі  бағасы Қөшке Кемеңгерұлының  пікірінде айқын да дәл берілген: «Оян, қазақ!» алғашқы шыққан Грибоедовтың  «Горе от умасындай», – деді  ол. «Оян, қазақты!» ел қазақтары  құрандай жаттады. Міржақыптың  атын алты алашқа таратқан  осы «Оян, қазақ!» Ең әуелгі  саяси қайраткерлігі осы. «Оян, Қазақ!» жинағы шыққан кезде  Қырым, Кавказ, Түркияға дейін  тарап кеткен еді. Түркияның  бостандығы үшін күресіп жүрген  қайраткерлердің қолдарына да түсті.

1911 жылы соттап, үкімет «Оян, қазақ!» халық арасында тарамасын деп үкім шығарып, Міржақып жыл жарым абақтыда жатып шығады. Міржақыптың Семей түрмесінде отырғаны туралы хабар жариялағаны үшін «Айқап» журналына 300 сом, «Уақыт» газетіне 100 сом айып салынады. Міржақып абақтыдан шығысымен, Ахаңның соңынан Орынборға бет алады. Осы қалада Ахаң мен Жақаң қыр өлкесінің ағартушылық – демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы «Қазақ» газетін шығаруды қолға алады. 1913 жылғы 2 ақ-панда Каримов – Хусайновтар баспаханасынан «Қазақ» газетінің бірінші саны жарық көріп, алғашқыда 3 мың дана болып, кейін 8 мың дана болып елге тарайды. Газет 1913 жылдан 1918 жылғы наурызға дейін шығып тұрады. Оны Кеңес өкіметі күш алысымен жауып тастайды. Міржақып негізінен, 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде оның Бас редакторы А.Байтұрсыновтың орынбасары болып жұмыс істейді. 
 
1917 жылдың 25 ақпанында Торғай губернаторы М.Эверс- ман Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Міржақыпты және дәрігер Ә.Алдияровты арнайы куәлік беріп, Минск маңы мен Баранович қаласындағы тыл жұмыстарындағы қазақтарға жетекшілік жасауға жібереді. Ол Минскіде Ә.Бөкейханов ұйымдастырған «Еркін Дала» атты саяси үйірмені жандандырып (1917 ж), Семей қаласында «Жанар» жәрдем қорын ұйымдастырады, сол жылдары Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің жұмысына белсене араласады, 1917 жылы Орынборда өткен 1 және 2-жалпы қазақ съезіне қатысып, «Алаш» партиясының бағдарламасын жазады. Алашорда таратылғаннан кейін 1920 жылы Ташкентке барып, сондағы Түркістан республикасының органы – «Ақ жол» газетінде жұмыс істейді де, көп тұрақтамай, Семейге қайтып келіп, 1921 жылы сол жердегі облыстық сотқа қызметке орналасады. Амал не, ол 1922 жылы қайтадан қамауға алынып, мұнан 11 жыл бұрын бір жарым жыл тұтқында болған Семей түрмесіне қайтадан түседі. Тек мұнда көп ұстамай, өзімен бірге отырған Әлихан Бөкейхановпен бірге екеуін Орынборға жөнелтеді. Мұнда келген соң екеуі де қамаудан босатылады. Сонан соң Міржақып Орынбордағы қазақтың халыққа білім беру институтына (КИНО) оқытушы болып жұмысқа тұрып, 1922 жылдан 1926 жылға дейін сонда еңбек етеді. Ол 1922 жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын» жазып, оны Ташкент қаласында бастырып шығарады, сол жылы өзінің сүйген қызы Жанима мен екеуінің арасындағы оқиға негізінде «Балқия» атты төрт перделі пьесаны жазып бітіріп, 1924 жылы Орынборда «Қирағат кітабы», Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымын жарыққа шығарады. 1922 жылы 9 наурызда Семей қаласында қазақ зиялыларының бас қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу үшін сенімді азаматтарды елге шығарып, жылуға мал жи-науға келіскендері мәлім.

 М.Дулатұлы  мен Ж.Аймауытов осы іске басшылық  жасап, екі-үш айда 15 мың бас  ірі қара жиып, ашыққан елді  мекендерге жібереді. Өмірде Міржақып  қандай мінезді адам болды,  оның шығармаларымен кезінде ұл – қызы таныса алды ма, Жақаң айдауда жүргенінде отбасымен байланысы болды ма? Біз 1991 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың Торғайдағы күндері қарсаңында бір сұрақты оның туған қызы Гүлнар Дулатоваға қойғанымызда, ол былай деп жауап қайтарған болатын: «Менің әкем бауырмал, ақкөңіл, балажан адам болатын. Шешендігі де таңғажайып еді. Мінезінде қайсарлық та, бірбеткейлік те бар. Өзінің айтқан сөзінен, ұстанған бағытынан таймайтын. Түрмеде оны жалғыз ұстағанда да мойынсұнбайды. Ол түрмеде қара наннан шахматтың мүсіндерін жасап, қағазға тақта сызып, екі жақ болып өзімен - өзі шахмат ойнаған ғой. Қағаз бермесе, кітап ұстатпаса, олай жасамай қайтсын. Түрменің сақшылары есіктің құлып салатын тесігінен оны көріп таң қалатын көрінеді. Тоғыз ай түрмеде отырғанында, ату жазасына бұйырылғанында күйзелген шағы да болыпты. Оны көршілес камерада отырған Махмади Мамаев деген кісі елге оралғанында жыр қылып айтқанды. Мен әкемнің тұңғышы болғандықтан және басқа перзенттері қалмағандақтан әкемнің фамилиясын алып жүрдім. Сол үшін көрмеген қиындығым жоқ. Қазақстанда жоғары оқу орындары мені қабылдамаған соң, Томскіге барып медициналық институтқа оқуға түстім. 1934 жылы түрмедегі әкеме барып қайту үшін шешем Қызыл крестің бастығы, М.Горькийдің әйелі Екатерина Павловна Пешковаға көмектес деп хат жазды. Оған әкем де хат жазған екен. Е. Пешкова оған жауап беріпті, әкем шешеме жедел хат жолдап, «Бір ай бірге болуға саған рұқсат берді, Әлібекті алып кел» - деп хабарлайды. Әлібек – менің кішкентай інім, 1925 жылы туған. Ол кезде 9 жасар. Шешем әкеме барып, сол жерде бір пәтерді жалдап алып, бір ай бірге тұрады. Кейін әкем шешеме былай деп хат жазыпты: «Сендер мінеки кеттіңдер. Кеткеннен кейін әлгі пәтерге күніне екі рет барып жүрдім. Онда сендердің иістерің қалған сияқты, сағынышпен үйді маңайлап, торуылдап жүремін де қоямын». 1935 – 36 жылдары оқып жүргенімде демалыс үйінде Шонанов Шалжанның бәйбішесі Махизада дейтін әйелмен танысып, ол кісіден тамаша жыр жолдарын естідім. Мен оған таң қалып, «неткен маржан тіркестер» деп айтқанымда ол: «Бұл сенің әкеңнің «Бақытсыз Жамал» романындағы өлеңдері емес пе?» - деп жауап қайтарды. 1936 жылы осы «Бақытсыз Жамалды» Қартқожа Тоғанбаев деген ағамыздан алып, оқыдым. Ол Жүсіпбек Аймауытовтың кейіпкері, шешеме жақын туыс еді. Әлгі кітапты көпке дейін иесіне бермей жүргенімде шешем: «Гүлнар, сенікі дұрыс емес. Саған оқуға берді екен, енді өзіне қайтаруға тиістісің. Өйткені, бұл – халықтың кітабы», – деп ақыл айтты. Сонан соң амалсыз «Бақытсыз Жамал» романын Қартқожа ағайға апарып бердім». Алты алаштың арысы, ақын – жазушы, драматург, журналист, көрнекті қоғам қайрат-кері, білікті ұстаз Міржақып Дулатұлы шығармашылық кемел жасқа келген шағында Сталин мен Голощекиннің сұрқия саясатының құрығына ілініп, 1928 жылғы желтоқсанда бір топ қазақ зиялыларымен бірге тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша алғашқысында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырылды. М.Дулатұлы 1935 жылы 5 қазанда, елу жасқа толуына бір ай қалғанында, Ақтеңіз – Балтық каналы-ның бойындағы Сосновец станциясындағы лагердің лазаретінде ауыр науқастан көз жұмды. 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе М.Дулатовтың публицистикасы