М.Дулатовтың публицистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:19, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болар» көзі ашық көкірегі ояу қазақтың сауатты жастарының бірі өз заманының озық туған тұлғасы Міржақып Дулатұлы бүгінде ел есінде ерекше сақталған. Дарынды ақын ретінде танылып, келер ұрпақ өнеге тұтар дарын иесінің публицистика жағынан да жазған елеулі еңбектерін зерттеу-басты мақсат.

Содержание

Кіріспе ......................................................................2-3 бет
Негізгі бөлім
I тарау. Міржақып Дулатұлы тұлғасы
Міржақып Дулатұлы өмірбаяны..................4-8 - бет
Басты туындылары..........................................9-1- бет

II тарау. Міржақып Дулатұлының публицистикасы
2.1. Публицистикалық туындыларына талдау................19-25 - бет
2 2. Қазіргі таңдағы маңызы............................................................................................26-28 -бет
Қорытынды ........................................................................29-30- бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:................................... 31- бет

Работа содержит 1 файл

жеменей.docx

— 81.65 Кб (Скачать)

1.2  Басты туындылары

Міржақып Дулатов  — әдебиеттің әр түрлі жанрына  қалам тартқан қаламгер. Алғашқы  кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен  Петербург қаласындағы жарық  көрген.. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басыльш шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұнын халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.

Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам  сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші  peт басылды.  
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.  
М. Дулатовтың шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарық көрді. М. Дулатов шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.

      Өлеңдері. Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағын мынандай өлең жолдарымен бастайды:

       Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

       Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

    Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам  боп,

       Қазағым, енді жату жарамас- ты.

    Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ  жұртының  хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының  бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi "Шағым" өлеңі.

    …Бір  қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның  аз ғана сәттік  көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.

    Жүректен  қашан шығар қадалған оқ,

    Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?

      Қажыған қам көңілді бip көтерер

    Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —

    деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:

    Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

    Емеспін жемісі көп тамаша ағаш

      Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —

    Пайдалан  шаруаңа жараса, алаш!  

     

    Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты—халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті  әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.

    Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.

    Міржақьш  қаламынан туған көркем де күрделі  туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.

    Ақын  алдымен күні кеше төскейі төрт түлік  малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен  билерді еске алады.

    Салтанат  Сарыарқада кұрған қазақ,

    Толықсып  жүрген кеше күнің қайда? — 

    деп келіп, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің  берекесі  де артык болмақ

    Бірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би —  парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.

    Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан

    Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.

    Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,

    Көре  бер өз бетіңмен күніңді өлмес, —  деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.

Мiржақып  ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей  отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті  адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады. Міржақып Дулатұлының әдеби-ғылыми шығармашылық еңбегі мейлінше кемел, байтақ, телегей. Сан алуан лағыл сырларымен, түйінді тұжырымдарымен, оюлы-ойлы оралымдарымен, рух, тіл, сезім, көңіл байлығымен өзгешеленеді. Ол “Оян, қазақ!” (Уфа, “Шарқ” баспасы, 1909; Орынбор “Уақыт” баспасы, 1911), “Бақытсыз Жамал” (Қазан, Каримовтар баспасы, 1910), “Азамат” (Орынбор, 1913), “Есеп құралы” (Орынбор, 1914, 1922), “Терме” (Орынбор, 1915), “Қирағат кітабы” (Орынбор, 1916, 1923), “Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіштері” (Қызылорда, 1926-1927), “Қылмыстық істерді жүргізу заңы” (Орынбор, 1924) дейтін сүбелі, сүйекті шығармалар тудырды. Алаш ардақтысының буырқанған ойынан, ғұламалық зердесінен, даналық кеудесінен толқындап туған көсемсөздері, әдеби-көркем сындары, зерттемелері “Серке”, “Қазақ”, “Бірлік туы”, “Кедей сөзі”, “Ақжол”, “Ауыл тілі”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттері мен “Айқап”, “Қызыл Қазақстан” журналдарында жарық көрді.

Кемел ойлы кемеңгердің  ұлттық рух, мемлекетшілдік-елдік сана, ұлттық тіл, мәдениет, өркениет, ғылым, оқу-ағарту, өнер-білім, ұлт баспасөзі, журналистика, саясат, тұлғатану мәселелеріне қатысты шалқыған сымбатты сара ой-пікірлері  тәуелсіздік тұсында да өзектілігімен, көкейкестілігімен ерекшеленеді. Және де интеллектуалдық мәдениеті, ойлау  қабілеті, көркемдік дүниетанымы аса жоғары саңлақ әдеби жанрлардың гүлденіп көркеюіне керемет үлгілі үлес қосты.

Ұлтының өркендеуіне  тілеуқор, мақсаткер Міржақып Дулатұлының  даңқты “Оян, қазақ!” кітабында  ел мен жер тағдыры, замана, қоғам  қайшылықтары, рухани сұлулық, оқу-ағарту мәселелері турасындағы шамшырақтай ой-толғаныстар шоғырланып жинақталған. “Оян, қазақтың!” аңдатпасында: “Қой бүйтпелік, һәр халықтың күші һүнер болса, һүнерге Аллатағала қасында һүммәтіміз1 саясында біз қазақтар да ортақ болсақ керек, соның үшін мұсылманша ғылым оқып, дінімізді танып, надандардың көзін қойып, көңілін ашып, мұнымен ахиреттік пайдамызды табалық. Екінші, дүниемізде қажетті хақыларымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан хорлық көрмес үшін, орысша оқып һүнерлі болалық” деп негізгі ізгі ойын байқатады.

Ол “Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі”  дейтін толғауында жалындай маздап:

Бой тежеп жүрексіну  дұрыс емес,

Шашылған ризықты  жүріп татпай, –

деп армандайды. “Жиырмасыншы ғасырдың жастарына” алға аршынды қадам басалық, халыққа қамқорлық жасалық, қазақтың бұрынғы билеріндей “өрнек шашалық”, “артықтан тағылым алып”, ғибрат берелік, сөйтіп “қазақты ояталық” деп берекелі кеңес береді.

Бас қосып киргизский интеллигент,

Біздерге халықтың қамын ойлау міндет.

Культура деген  сөзді на практике,

Етпейміз не себепті осуществлять? –

деп, тастүйін тиянақты құбылнамалық ойын мәлімдейді.

“Һүнерін халық  файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға…”  атты жырында өткір зейінді ой-парасат  иесі:

Қазақты төрге  сүйреп бір жеткізші,

Дін, дүние жеміс  боп табыстарың, –

деп, ұлы дүбір  сайыста “азуы алты қарыс айдаһармен” жекпе-жекте “қыран көзді арыстанының”, “қамалға қарсы шапқан қаһарманының” есесін жібермей олжалы, “шабысының қайырлы” болатынына үміттенеді.

Намыстың отына  күйіп-жанып, күйініштің улы заһарын жұтынып, заман запыранына жиіркене тұншығып, торға шырмалған тотықұстай шырылдап, қазақтың қасіреті, маңдайының соры, жер-суынан, атақонысынан айрылуы “Қазақтың жерлері” атты өлеңінде айшықты сипатталады.

Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,

Мұжыққа, қош  аман бол, барасың ба?

Қасиетті бабамыздың зираты,

Қалды ғой көшесінің  арасында.

Моншаға зираттың тасын алып,

Ағашын отқа, мұжық, жағасың да.

Таба алмай  бір барғанда еш белгісін,

Көзден жас  көлдей болып ағасың да.

“Қазақ қазақ  болғалы мекен еткен” салтанатты атақонысыңнан, ну орман-тоғайыңнан, айдын  шалқар көліңнен, шүйгінді өрісіңнен  қапияда айрылдың, қанатыңнан қайрылдың дейді.. Ақынның қазақ жері туралы ой-толғаныстары барша шығармашылық мұрасында тереңдей түседі. Көл-көсір көсемсөздерінің басты сарыны, құлақ күйі осы.

Қазақ халқының күрделі тағдыры, рухани күйзелісі, өзекті өртерлік ыза-наласы, нақақтан төгілген көз жасы “Таршылық халіміз  хақында аз мінәжат”, “Үйренген  халықпыз ғой кемшілікке”, “Сайлау  хақында”, “Жесір дағуалары1 хақында” деген жырларында бедерленеді.

Міржақып Дулатұлының  кең құлашты ақындық серпінін, азаматтық тұлғасын, ойшылдық, сыршылдық болмысын есілтіп-төгілтіп, жұтынтып жеткізетінін, кесек сөйлейтінін, ішкі қуатын, ішкі сарайын, ерекше мінезін танытатын туындысы – “Насихат ғумумия”. Міржақыптанушы Жұмағали Ысмағұловтың көрсетуінше, “негізгі ақындық кредосы, азаматтық платформасы баяндалған поэзиялық монологтар”, “нақыл-насихат, ақыл-парасат пайымдары”, “бір ырғақта, бір екпінмен, бір леппен шұбыртпалы бір ұйқаста бәйіт үлгісімен жазылған деуі”, сөйтіп, көркемдік шарттылықтарын нақ-нағымен, тақта-тақтасымен терең түсіндіруі ойландырады, қызықтырады.

Негізінде, мәнді  ойлар, ғибратты сөйлемдер, өнегелі  толғамдар жеткілікті.

Мысалы:

1. Һүнерпаз қара  жерге салар қайық,

Жиһаннан алар тағылым қанат жайып.

2. Білгеннің  жүрген жері бәрі жарық

3. Майда бол  жігіт болсаң, тал жібектей,

Жақсы емес қатты  болу тікенектей.

Естілердің талай-талай  мәслихатында ақылды кеңестерін, аталы  сөздерін көкірегіне тоқыған, ұлт тәрбиесі мен көркемдік тәжірибесі келіскен, көмейінен сыр саулаған майталман сөз зергерінің нақылдары заттылығымен, мағыналығымен, сымбаттылығымен өзгешеленеді.

а) Қыздырмалы қызыл  тіл,

Түбіңе жетер  – соны біл!

Файдасы жоқ  тиындай,

Сөз байлығы  дария Ніл.

ә) Тәңірі жаққан шам-шырақ,

Су құйсаң қайтіп сөнеді?

Намыстанып орынсыз,

Абыройын пенде  төгеді.

Информация о работе М.Дулатовтың публицистикасы