Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:19, курсовая работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болар» көзі ашық көкірегі ояу қазақтың сауатты жастарының бірі өз заманының озық туған тұлғасы Міржақып Дулатұлы бүгінде ел есінде ерекше сақталған. Дарынды ақын ретінде танылып, келер ұрпақ өнеге тұтар дарын иесінің публицистика жағынан да жазған елеулі еңбектерін зерттеу-басты мақсат.
Кіріспе ......................................................................2-3 бет
Негізгі бөлім
I тарау. Міржақып Дулатұлы тұлғасы
Міржақып Дулатұлы өмірбаяны..................4-8 - бет
Басты туындылары..........................................9-1- бет
II тарау. Міржақып Дулатұлының публицистикасы
2.1. Публицистикалық туындыларына талдау................19-25 - бет
2 2. Қазіргі таңдағы маңызы............................................................................................26-28 -бет
Қорытынды ........................................................................29-30- бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:................................... 31- бет
«Қазақтың аты, тегі һәм қашаннан бері жұрт болғаны туралы» атты 4-бөлімінде автор қазақ мемлекетінің тарих санасында қашаннан көрініс тапқандығын, ол туралы қандай болжамдар бар екендігіне тоқталып өтеді. Қайсы біреулер қазақтың қазақ аталып дәурен сүруі Айсадан арғы заманда болған дейді деп, сонымен қатар қазақ Фердоусиден бұрын мемлекетті жұрт болғандығы көрінеді деп түрлі деректерге сүйенеді. Дулатов қазақ ноғайдан шықты деген болжамға өз пікірін ноғай арасында әлгідей қазақ сияқты жорыққа аттанушылар қимылы, өнері шын қазақтікіне ұқсас болған соң олар да қазақ атанған деп білдіреді. Мақалада уақыт өте келе түрлі саяси-әлеуметтік құбылысталдың барысында ноғай, башқұрт, сарт, өзбек сынды халықтардан қыз алысып, құда болған сол себепті түр-сипаттарына өзгешілік енген қазақ жұртының ұлттық құрамына да тоқталып өткен.Осылай автор тарауды «үш ғасыр бойы дәурен сүріп, дүркіреген бүкіл Россияны өзіне қаратқан,Орта Азияның көп жерлерін иеленген Алтын Орда ғасырдың аяқ шенінде құлауға айналып берекесі кете бастағаннан кейін қол астындағы елдер тозып, бытырап солардың бір тайпасы қазақ бөлініп шыққан» деп қортындылайды.
5-бөлім «Қазақтың үш жүзге бөлінуі һәм Алаш атануы» атты бүгінде де көп талқыға түсіп жүрген өзекті мәселе атымен аталады. Міржақып қазақтың үш жүзге бөліну тарихын халық арасында кең таралған ертегілерді негізге ала отырып баяндайды. «Қазақ хандарының біреуі елін үш баласына бөліп беріп, үлкеніне тигені-ұлы жүз, ортаншысына тигенін-орта жүз, кішісіне тигенін-кіші жүз» деп бір ертегінің мазмұнын баяндаса, «Алтын Ордадан бөлініп шыққан кейінгі қазақ хандары Жәнібек, Керейден соң болған хандардың біреуі Ахмет хан әскерін ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп үшке бөліп қалмақпен соғысқан»деп өзге бір ертегіге тоқталады. Сонымен қоса автор «қалмақтар Ахмет ханға «алашы» деп ат қойыпты. «Алашы» деген сөз қалмақша «мейірімсіз,қанішер» деген мағынада болса керек» деп «Алаш» сөзінің шығу тарихын да сөз етеді. Міржақып Дулатұлы бұған Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіресіне сын жазған Әлихан Бөкейхановтың мақаласын зерттеген Халел Досмұхамбетұлының «Қазақ» газетінің 15-санында жарияланған еңбегін дерек ретінде келтірген. Орал облысын мекендеген қалмақтардан арнайы сауал жүргізген Әлиханның «алашы» сөзінің «өлтіргіш» мағынасын білдіретінін дәлелдегенін Досмұхамбетов мақаласынан автор үзінді келтіру арқылы баяндайды. Сөз соңында Дулатұлы қазақ пен қырғыз арасында аз да болса айырма бар екендігін айтып және «алаш» сөзінің қос халыққа қай заманнан ортақ ұранға айналғандығының белгісіздігін ескертіп өтеді.
Соңғы бөлімді автор былай қорытады: «Қырғыз ежелден қырғыз атанып, Айсадан бұрын неше ғасыр өз алдына жұрт болған қазақпен туысы діні, тілі,қонысы, әдет-ғұрыпы, салт- санасы бірдей жауынгер түркі қауымдарының бір. Қазақ пен қырғыздың арасында тіліндегі болмашы айырма болмаас, еш бөтендік жоқ».
Иә,өзінің өткен тарихын білмеген адам болашағын да болжай алмайды деп елбасымыз айтпақшы, өз заманынан озық туған Міржақып Дулатұлы сынды қазақ жастарының осы сынды еңбектері бүгінде құнды деректердің көзі ретінде қымбат. Жас таланттың қазақ тарихын былай қойғанда ел мәдениетіне де алаңдаушылық білдіргендігі дәлелі ретінде «Надандық құрбаны», « Қош келдің, Наурыз» сынды мақалаларды мысалға келтіре аламыз. Надандық құрбаны атты мақаласының басында қазақ жазба әдебиетінің әлі де болса даму үстінде екендігін, сұрықсыз кестесіз өлең ұйқастары мен қоса бірі біріне еліктеу көп орын алатындығын айтады. Ақын қара сөз, яғни проза әлі дәуәрлей алмай тұр деп,жұрттың бәрі дүлдүл болмайды құстың бәрі бұлбүл болмайды деп қабілет пен білімділік , табиғи талант пен дарынның маңызын атай келе, қазақ арасында әлі жете зерттелмеген дұрыс түсінікке ие бола қоймаған театр жанрына тоқталады. Мақаланың Надандық құрбаны аталуы да Көлбай Тоғысов есімімен байланысты. Міржақып Дулатұлы Көлбай Тоғысовтың осы атты театр кітабына өзінің сыни пікірін жазған. «Жазушы да –суретші. Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айтпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласың. «Надандық құрбанында» мұның бір нұсқасы жоқ, байлаусыз-матаусыз құр сөз біріне бір қалаф уақиғалар көресің» деп өз ойын жеткізеді. Ал «Қош келдің,Наурыз» мақаласында түрлі елдердегі сияқты қазақ халқының да діни ораза, құрбан айттарынан өзге ұлт мейрамы есептелетін Наурыз мерекесі бар екенін айтып өтеді.Автор күнделікті тұрмыста да төрт түлік малдың қазақ халқы үшін шаруашылық маңызы орасан зор екенін ескеріп, құлпырған көктемнің табиғат-Анаға жан бітіріп,жер маужырап, көкорай шалғын орнайтын жайдарлы кезеңі Наурыз мейрамының қазақ үшін аса қуанышты жайт саналып, ерекше аталып, үлкен той-думанға жалғасатын мереке екенін жазған. Бұл-−қазақ ұлтының салт-дәстүрінен мәлімет беретін мақаланың бірі.
Мәдениет пен әдебиет ұлт руханиятынан сыр шертер қазына десек, ұлттың өзгеге қасық қаны қалғанша шайқасса да таптатпай,жанын садақа қылар ата қоныстың сол заманғы айрылып қалмау мәселесін де Міржақып Дулатұлының көтергендігіне жер турасында жазылған үндеу, сараптау сынды мақалалары дәлел. Мұндай мазмұндағы мақалалардың қатары көп, соның бір мысалы «Земство жайы» мақаласы. Сөз басында «Қазір біздің облыстарымызда земстволар ашылып жатыр; кешікпей волосной, уезной һәм облосной земскі управолары сайланып, халықтың шаруасын.. билігін қолға алғалы тұр. Земствоның істемейтін ісі жоқ, келтірмейтін пайдасы жоқ. Бірақ жалпы жұрт земствоның не нәрсе екнін жақсы білмесе,қандай пайда келтіретінін түсініп іске кіріспесе,земстводан көңілдегідей пайда болмайды, халық бұрынғысынан артық ілгері баспайды. Соның үшін осы бастан земствоның не нәрсе екенін һәм оның қандай пайда келтіретінін жалпы жұртқа түсіндіру қажет» деп мәселенің өзектілігін айтып, шешімі болар жол земство турасында жазылған қазақ тіліндегі кітаптарды оқу екендігін жазады. Және земскі управоларынан алдырылатын кітап санын анықтап тез арада халыққа таратуды өтінеді. Осыдан ақ Міржақып бойынан ұлтжанды абзал азаматтың тұлғасы көрінеді.
Ия қазақ маңдайына
жарық жұлдызы боп біткен Міржақып
Дулатұлының әрбір қазақ
Әрине Міржақып
Дулатұлының публицистикалық
2. 2. Қазіргі таңдағы Міржақып Дулатұлының туындыларының маңызы
Міржақып Дулатұлының шығармашылығы әрине бүгінгі таңда да өз маңызын жойған жоқ,керісінше уақыт өткен сайын тарихтың тереңінде тұнған аумалы -төкпелі заманнан хабар беретін құндылықтар ретінде бағаланады. Тек публицистикалық еңбектерінің өзі патша өкіметінің отарлау саясаты кезеңіндегі ащы шындық пен ел арасындағы алауыздықтар мен қоғамдағы теріс құбылыстарды айқын айнасы ретінде қабылданады. Әлеуметтік саяси мәселелер мен орыс үкіметі жағынан қазақ халқына көрсетілген моральды және материалды қысымдар мен ел басындағы ауыртпашылықтарды бүкпесіз баяндап, ақпарат құралдары саналатын газет журнал беттерінде жариялауы Міржақып Дулатұлының ерлік істерінің бірі екені рас. Алаштың бетке ұстар азаматтарының бірі асылдың сынығындай болған «Бес арыстың» бірі, ұлт мүддесі үшін жанын пида еткен жас ақын Міржақып сынды қоғам қайраткерінің есімі бүгінде ерекше ардақталады. Мысалы әріге аспай-ақ жақында Алаштың ардақты азаматы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, көсемсөзші Міржақып Дулатовтың 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты өткен кеш соның бір дәлелі.
«Оян, қазақ!»
деп жұртына жар салған тарлан
тұлғаның қайраткерлігі мен туған
халқына сіңірген ерен еңбегін тілге
тиек еткен Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед:
«Міржақып ағамыздың есімі әр
қазақтың жүрегінің төрінен орын
алған»,− деп нық сеніммен айтуға болады.
Әр жүректе жанған Міржақыптың шырағы
сол жүректерді жылытып, «Оян, қазақ!»
деп оятып, XXІ ғасырдың биіктеріне бастай
беретініне сенімім кәміл. Міржақыптың
рухы туған халқымен мәңгі бірге жасайды.
«Заман - үлкен көл, дүние - соққан жел,
алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын
інілер» деп Абай атамыз айтқандай, тарихтың
әр кезеңінде толқын-толқын болып қазақ
интеллигенциясының үлкен тобы қатарға
қосылып отырды. Қазақстанның Ресейге
бодан болғаннан кейінгі кезеңінде қылышпен,
садақпен күресудің ешқандай қисыны жоқ
екенін түсінген қазақ зиялылары XІX ғасырдың
аяғына қарай Ресей мен Сібірдің аса ірі
ғылыми орталықтарында білім алып, өз
халқының еуропалық биікке көтерілуіне
ұмтылды. Солардың алғашқыларының қатарында
Ш.Уәлиханов ағамыз болса, оның ізін Батыстан
- М.Бабажанов, Арқадан - А.Төрин сияқты
тұлғалар басты. Осы толқыннан кейін үркердей
үлкен, керемет қуатты топ пайда болды.
Ол Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Ж.Досмұхамбетов,
Х.Ғаббасов, М.Шоқай сынды азаматтар еді.
Осылардың барлығына аға болып жол көрсеткен,
жөн сілтеп, кеңес берген А.Байтұрсынов
пен М.Дулатов болатын. Алаш көсемдері
деген кезде аузымызға алдымен А.Байтұрсынов
ілінсе, одан кейін Міржақып ағамыз ілінеді.
Бүгінгі іс-шара үлкен операның увертюрасы
сияқты, Міржақып ағамыздың торқалы тойының
бастауы ғана. Елбасының тапсырмасы бойынша,
Үкіметтің арнайы қаулысы қабылданып,
Қазақстанның барлық облыстарында Міржақып
Дулатұлының 125 жылдық тойы аталып өтетін
болады» деді.
Кеш барысында М.Дулатовтың өмірі мен
шығармашылығы туралы «Ұрпаққа аманат»
атты деректі фильм көрсетіліп, «Абай
- Міржақып» атты әдеби-музыкалық композиция
қойылды. Жазушының «Бақытсыз Жамалы»
сахналанып, ұлт жанашыры бақилық болғанда
М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ф.Сатыбалдыұлы
жазған «Аза жырлары» оқылды. Республикалық
конкурстардың лауреаттары Г.Сарина, Е.Шүкіманов,
А.Кенжебаев, Қ.Адыкеев және Е.Қайназаровтармен
бірге Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының
камералық хоры ардақты азаматтың халыққа
кең тараған туындыларын орындады. Кешке
Міржақыптың немерелері Нұрлан мен Ерлан
Сатыбалдиевтер қатысты. Бұған қоса мемлекетіміздің
түкпір түкпірінде аталып жатқан шаралар
да көп.
қайтпас қайсарлық, өзіндік берік ұстаным, рухани кемелділік, арыстандық мінез бар.
“Ибраһим ибн Құнанбаев” (1908), “Абай” (1914) атты мақалаларында ақынның қазақ әдебиетіндегі орнын, яғни “Қазақ әдебиетінің атасы хәкімінде”, “Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші – Абай сөзі”, “Қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыз”, “Бірінші ақынымыз” екенін, сонымен бірге, ақындық даралығын, интеллектуалдық дархан жаратылысын қадап айтады. Абай поэтикасы ой өрісінің, парасат-пайымының кеңдігі мен кемелдігі нақты түйінделген “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген Абайдың гуманизмі жайында: “Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлтжанды, елін-жерін сүйген кісі еді” – дегені тың тұжырым ретінде қабылдауға болады. ХХ ғасыр басында М.Дулатұлының келтірген әдеби-мәдени ой-толғамдары Абайдың шығармашылық өмірбаянын зерделеуде белгілі бір рөл атқарады.
М.Дулатұлы көсемсөздерінің тақырыптық ауқымы, ойлау өрісі, қиял кеңістігі мейлінше кең. Бұларға тереңдік пен шынайылық, тарихилық пен деректілік тән әрі сөз қолдану шеберлігін айтсаңызшы. Өрі-қыры бірдей білім-ғылыммен мұздай қаруланған табаны жалпақ тарланбоз тіл, мәдениет, ғылым, өркениет сабақтары жайында “Тіл мәселесі”, “Дін және ғылым”, “Ғылым төңкерісі”, “Қазақ тілінің мұңы”, “Сана қайда?”, “Ажалдан құтқарған қызыл тіл”, “Эсперанто тілі”, “Цифр жазуы”, “Қазақ театрының жылдық тойы”, “Мәдениет төңкерісінің міндеттері мен оқытушы”, “Ай астында ешнәрсе басқарылмай тұрмақ емес” (Ничто не ново под луной), “Қазақ жайлы” атты ғылыми-публицистикалық мақалаларында алуан-алуан ойлар өрбітеді. Әлеуметке ой тастайды, жұмылдырады, ұмтылдырады. Әлеумет ісін өзінің міндеті санайды, үлгі-өнеге, өрнек шашады.
Кеңес заманының өзінде “қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты” дейді 1926 жылы жарияланған “Қазақ тілінің мұңы” мақаласында. Солай болса да ұлт тілінің көсегесі көгермеген-ді. Қайғы-шер кернеген ет жүрегі езіліп: “Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?” Мінеки, осы үдеріс тіпті тереңдеп, ХХІ ғасырдың қақпасын өлермендікпен айқара ашты. Сап тыйылар күні бар ма екен деп аласұрасың.
Міржақып Дулатұлының көрсетуінше, “ғылым мен өнер адам үшін шыққан”, сол себепті басқа жұрттармен үзеңгі қағыстыру, иық теңестіру білім, өнермен іске асады. Иә, “өз ісімізді өзіміз істемей, өзгеге сенгендік” ұпайымызды түгелдей алмауымыздың басты кілтипаны. “Тіршілік – бәсеке, жарыс. Дүние – бәйге үлестіруші” деген түйінді тұжырымы терең ойға шомдырады.