Лизинг инвестиция құралы ретинде

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 15:47, курсовая работа

Описание работы

Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Содержание

Кіріспе….…..……..........……………………………………………….................3

1. Лизинг – өндірістің инвестициядағы құралы

1.1. Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны...............................................4
1.2. Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері. Қаржы лизингі ........9
1.3. Қаржылық лизинг инвестицияның құралы ретінде................................... 14

2. Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері

2.1 “Вираж – Лизинг” компаниясының құрылымы және атқаратын қызметтері..............................................................................................................16

2.2 “Вираж–Лизинг”компаниясының Қазақстанда лизингті дамыту ерекшелігі және қатысушылардың рөлі.......................................,......................18

2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік компаниялардың артықшылықтары..................................................................................................20

3. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру............................................................................................................22

Қорытынды............................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………...........………………....................….27

Работа содержит 1 файл

лИЗИНГ инвест куралы ретнде.docx

— 65.59 Кб (Скачать)
fy">Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;

Шб – басқа да шығыстар. 

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің  кеңінен таралуының басты  себебі – оның  қарапайым  несиелерден  мындай артықшылықтарының болуына байланысты:

- Лизинг  көмегімен кепілге беретін мүлкі  жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге  болады. Бұл  былай: лизингтік  мәміле жасалған мерзім бойынша  лизинг обьектісі лизингке берушінің   меншігінде қалады да, лизинг  алушы  банкротқа ұшыраған  жағдайда несиелік тәуекел деген  болмайды (нақтырақ айтқанда,несиелік  тәуекел бұл сол құрал-жабдықты  жалға  алуды жалғастыратын  басқа  кәсіпорын іздестіруге  кетеді);

-  Лизинг 100 % -ға  дейін несиелеуді ұсынады,  яғни кәсіпорынға қысқа  мерзім  ішінде өзінің меншікті капиталын  жұмсамайөақ, жаңа құрал-жабдықты  пайдалана отырып, өнеркәсіптік  өнім шығаруға және пайда табуға  мүмкіндік береді;

-  Кәсіпорынға   мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған  қолайлы,  себебі, бұл жерде ол  мүлік  кепіл ретінде болады.

-  Құрал-жабдықтың  лизинг берушінің меншігінде  болатындығына  байланысты, өнімнің  құнына лизингтік төлемдер ғана  қосылып салынатын салықты жалға   берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер  алады.

  • Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау  болмайды.

Лизинг  операцияларына  тән кемшіліктер мыналар: 

-  жалға   алушы құрал-жабдықтың қалдық  құнының жоғарылауынан (әсіресе  инфляциядан) ештеңе  ұтпайды;

-  ұйымдастырудың  күрделілігі;

-  лизинг  құны несиеге қарағанда  жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан  туындайтын тәуекелдің  лизинг  берушінің басында болатынын  ұмытпай  қажет, сондықтан да  ол осындай шығынның орнын  толтыру үшін комиссяны  көбірек  алуға тырысады.

 Лизингтік   келісімшарт. Лизинг – бұл  ұйымдастырылуы біршама күрделі   операция. Көптеген мәмілелерде   кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лищинг алушы арасында; 2)  лизинг беруші мен  жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.

Әдетте, мәмілеге келі алдында клиентті толық  қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында  құрал жабдықтың  белгілі  бір  қалдық құнының қалуы.

        Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық  құнының сақтандыру жүйесі  болуға  тиіс. Лизингті алушы  өзінің  қаражаты есебінен лизинг затын  әр –түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады  және  лизинг берушіге сақтандыру  полисінің куәландырылған көшірмесін  береді.

Іс жүзінде  кез келген лизингтік келісімшарт  мынадай элементтерден  қамтуға 

тиіс:

1.Обьектісі.

2.Жабдықтау  мерзімі.

3. Лизингке  алу мерзімі.

4. Лизингке  берушінің меншіктік құқы.

5.Тәуекелдер,жауапкершілік,техникалық  кепілхат.

6. Құрал-жабдықты  пайдалану.

7. Күту, жөндеу және жаңарту.

8. Зиян,қолайсыз  жағдайлар.

9.Сақтандыру.

10. Лизингтік  төлемдер, комиссиялар.

11. Төлемді  кешіктіргені үшін төлемақы өсімі.

12. Сатып  алу мүмкіндігі.

13. Келісімшартты  бұзу шарты.

14. құрал  –жабдықты қайтару.

15. салықтар, баждар.

16. Жаңа  міндеттемелердің пайда болуы.

17. Тараптардың  қосымша құқықтары.

18. Даулар  мен арбитраждарды қалыпқа   келтіру.

19. Кешіктіру  шарты (келісімшарт кепілдеме  алуына байланысты күшіне енеді  және т.юб.)

20. Қажетті  ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы,баланс).

21. Тараптардың   қолдары.

23. Қосымша  (материалдардың және т.б. сипаты).

24. Қалдық  құнын кепілдеу.

25.Банктердің  кепілдемесі.

Қазақстанда лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай  жолдармен қалыптасқан:

1) аймақтық  көтерме – делдалдық фирмалардың  және “Қаз-контракт” корпорацияларының  жүргізілуіндегі жалға беруге  байланысты кәсіпорындар және  жұмыс  істеп тұрған орындар  және агроөнеркәсіп кешкніндегі  облыстық және аудандық жабдықтау  кәсіпорындары;

2) екінші  деңгейдегі бнктердің лизингтік  операциялары;

3)жаңадан  құрылғвн арнайы лизингтік фирмалар;

4)лизингтік  халықаралық формалары – экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік  фирмалармен бірлескен кәсіпорындар  және  Республика аумағындағы  шетелдік лизингтік компаниялардың  дамуы.

Келесі  қадамы ретінде лизинг қызметіне  байланысты қабылданған заңдар, айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (05.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің  дамуына  ықпал еткендігін айтуға  болады. 
 

        1.2. Лизингтік операциялардың  нысандары мен  түрлері. Қаржы  лизингі     

        Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім – шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.

Лизингтің нысандары:

  1. Қатысушылар құрамына байланысты:

- тура  лизинг, келісім шарт екі жақ  арасында жасалынады, яғни жалға   беруші және жалға алушы арасында;

- жанама  лизинг, келісім – шарт үшін  үш немесе одан да көп жақтар  арасында.

     2.  Мүлік нысанына байланысты:

  • жылжыйтын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер, ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар;
  • жылжымайтын мүліктік лизинг ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады);
  • қолданыста болған лизинг мүлігі.

     3.  Мүліктің өтелімдігі бойынша:

  • толығымен өтелінетін лизинг, келісім – шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  • жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім – шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

     4.  Амортизация деңгейіне байланысты:

  • толық амортизация деңгейі;
  • толық емес амортизациялық деңгейі;
  • қызмет көрсету мөлшері бойынша.

     5.  Қызмет көрсету мөлшері бойынша:

  •   таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  •   толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  •   жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

6. Нарық секторына байланысты:

  •   ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  •    халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда.

                               Халықаралық лизинг:

  • импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса;
  • экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса;
  • транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.

7. Лизингтік  төлемдер сипатына байланысты:

  •                 ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
  •                 өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
  •                 аралас төлемді лизинг.

8. Салық  және амортизациялық жеңілдіктерге  қатысты:

  •                 нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады;
  •                 жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.

9. Қаржыландыру  әдісіне байланысты:

  •                 мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
  •                 жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.

10. Жалға  алынатын мүлікке қатысты:

  •                 таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
  •                 толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

Лизингтің түрлері:

1.  Қаржылық  лизинг. Жалға беруші төлейтін  төлем есебінен, жалға алынатын  жабдықтың толық амортизациясын  білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

     Қаржылық лизинг келесі негізгі  белгілермен сипатталады:

    • үшінші тұлғаның қатысуымен;
    • келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
    • лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
    • қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

     Осындай келісімдер аренданың  уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс  есептеу өте маңызды болып  келеді, себебі осы мүліктің иесіне  жабдықты сатып алуға және  қолдануға байланысты барлық  жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың  қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік  береді. Лизингтің осындай нысанында  мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты  шығындарды, көбінесе, жалға алушы  өзіне алады. Көп жағдайда осындай  келісімдер жалға алушының келісім-шарт  аяқталған соң, мүлікті қалдықты  құн немесе жеңілдікпен сатып  алуға құқық береді. Жедел лизингкке  қарағанда, қаржы лизингі мүлік  иелерінің тәуекелін төмендетеді.  
Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады.

2.  Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.  
     Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).  
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.

Информация о работе Лизинг инвестиция құралы ретинде