Лизинг инвестиция құралы ретинде

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 15:47, курсовая работа

Описание работы

Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Содержание

Кіріспе….…..……..........……………………………………………….................3

1. Лизинг – өндірістің инвестициядағы құралы

1.1. Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны...............................................4
1.2. Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері. Қаржы лизингі ........9
1.3. Қаржылық лизинг инвестицияның құралы ретінде................................... 14

2. Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері

2.1 “Вираж – Лизинг” компаниясының құрылымы және атқаратын қызметтері..............................................................................................................16

2.2 “Вираж–Лизинг”компаниясының Қазақстанда лизингті дамыту ерекшелігі және қатысушылардың рөлі.......................................,......................18

2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік компаниялардың артықшылықтары..................................................................................................20

3. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру............................................................................................................22

Қорытынды............................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………...........………………....................….27

Работа содержит 1 файл

лИЗИНГ инвест куралы ретнде.docx

— 65.59 Кб (Скачать)
 

                                      Мазмұны 
 

Кіріспе….…..……..........……………………………………………….................3  

1. Лизинг –  өндірістің инвестициядағы құралы

1.1. Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны...............................................4

1.2. Лизингтік  операциялардың нысандары мен  түрлері. Қаржы лизингі ........9

1.3. Қаржылық лизинг инвестицияның құралы ретінде................................... 14 

2. Қазақстандағы  лизингтік нарықтың қалыптасу  және даму ерекшеліктері

2.1 “Вираж –  Лизинг” компаниясының  құрылымы  және атқаратын қызметтері..............................................................................................................16

2.2 “Вираж–Лизинг”компаниясының   Қазақстанда лизингті дамыту  ерекшелігі және қатысушылардың  рөлі.......................................,......................18

2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік компаниялардың артықшылықтары..................................................................................................20 

3. Қазақстандағы  лизингтік қатынастарды басқару  тетіктерін жетілдіру............................................................................................................22 

Қорытынды............................................................................................................26 

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………...........………………....................….27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

Бүгінгі таңда инвестициялық қызметтерін  жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында.Қазақстан  экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция  спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан  коммерциялық банктер қазіргі банктік  несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік  тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі  жағдайда батыс экономикалық теорияларының  жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен  қанағаттандыра алмайды.

Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Міне, осы  жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы  өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен  бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие  алудағы қиыншылықтар әсер етеді.

Осы жағдайларда  негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі  құбылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.

Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына  байланысты олардың қолында өзіндік  қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге  тікелей қолдану көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына  байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды  жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты  күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады.

Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды  салалардың тез дамуына жағдай жасай  отырып , экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің  баламалы формасы ретінде банктер  мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің  төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады 
 
 
 
 

          1. Лизинг – өндірістің  инвестициядағы құралы

          1.1. Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны 

         Лизинг  сөзі  “to lease”  ағылшын етістігінен аударғанда “ жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға  беруші  және алушы болса, ал  лизингте үш қатысушы: лизинг беруші,  лизинг  алушы  және жабдықтаушы  болады.

Лизинг -  бұл лизинг берушінің (жалға  берушінің) өзіне тиесілі  құрал  – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру  техникаларды, өндіріске, сауда-сатыққа  және қоймаға арналған құрылғыларды  лизинг  алушыға (жалгерге) лизингтік  төлем  төлеу шартымен, белгіленген  мерзімге  пайдалануға беруін қарастыратын жалға  беру  шарты.

Банктердің  лизингтік операциялары  несиелік  операциялармен  ұқсас болып  келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір  айырмашылығын  келісім шартта көрсетілген  төлемдер  төленіп,  мерзімі аяқталғаннан  кейін де  лизинг  обьектісінің лизинг берушінің  меншігінде қала  беруінен  көруге  болады. Ал  несиеде  банктің  меншік  обьектісі  ретінде  қарыз  алушының  берген  кепілдігі  қалады.

         Тарихта  лизингке  ұқсас   операцияның б.э. 2000 жылдай  бұрын   ертедегі  Вавилонда жасалғандығы  белгілі болғанмен, шетелдік  зерттеушілер лизинг  операцмясының  жасалғандығы туралы  нақты зерттеулер  ретінде 1877 жылы “Белл Телефон  Компани” деген  американдық  компанияның  телефондардф  сатудың  орнына жалғ,а бергендігін тілге   тиек етеді. “Юнайтед Стейтс  лизинг корп.”  Атты алғашқы  лизингтік  компания 1952 жылы Сан  – Францискада (АҚШ) құрыдлған.  Еуропада 1962 жылы “Дойче лизинг  ГМбХ” деген  бірінші лизингтік  компания Дюссельдорфта (Германия)  пайда болыпты. 1972  жылдан бері  еуропа лизинг нарығы дамып   келеді. Лизингтік  мәмілелердің  бірнеше түрлері бар. Барлық  лизингтік операциялар екі   түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық  лизингтер.

1. Шұғыл  лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің  қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы  лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген  лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен  немесе өзін – өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және  халықаралық тәжірибеде қолданылатын  мынадай түрлері  бар:

Ішкі  лизинг – бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық  лизинг – бір тарап немесе ьарлық тараптардың әр  елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы  лизинг  экспорттық және импорттық  болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық  лизингте шетел  лизинг беруші болып  табылады. 

Лизинг  операцияларының  техникасы  11-12 суреттерде   түрлі  сызба  түрінде  берілген.

                                                                                                                 4

Жабдықтаушы

(Өндіруші)

        2 

Лизинг  беруші

(лизинг компаниясы)

      4

            1 3

Лизинг  алушы

(өндірістік  кәсіпорын)

 
 
 

 

1 - құрал  –жабдыққа тапсырыс беру; 2 –  құрал-жабдық үшін төлем; 3 – құрал-жабдықты  жеткізу; 4 – лизингтік төлемдер.

Кейде  лизингтік компанияның лизинг операцияларын  жүзеге асыру  үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да  болуы  мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік  операция деп  атайды.

Тәжірибе  көрсеткендей, лизинг  бойынша жасалатын  мәмілелердің 85 %- ға  жуығы қаражат  тарту лизингі операцияларының  үлесіне  тиеді.  Лизинг беруші лизингке  беретін активтер құнының 80 %- дай  мөлшерінде бір немесе бірнеше несие  берушілерден ұзақ мерзімді несие  алады. Мұнда лизингтік төлемдер  мен  құрал-жабдықтың өзі несиені  қамтамасыз ету құралы  болып  табылады. 
 

Банк


1

      

     
  Жабдықтаушы

                                              3 4 6

Лизинг  компаниясы

(лизинг беруші)

            5

              Өндірістік кәсіпорын

              (лизинг  алушы)

 

2 –  сурет.

1 –  банк мен лизинг компаниясы  арасында несиелік келісімшарт  жасалып, несие беріледі; 2 – лизинг  компаниясы алған несиені құрал-жабдық  үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 –  жабдықтаушы лизинг компаниясына  құрал жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен  лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер  жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы  сомасының есебі мынадай формуламен есептеледі:

ЛТ=АА+ НТ+ КТ+ ҚТ+ ҚҚС

Мұндағы:

ЛТ –  лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ  - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық. 

Амортизациялық  аударымдар (АА) сомасының формуласы:

АА=   БҚ * На

100

Мұндағы:

БҚ –  мүліктің баланстық құны;

На – амортизациялау нормасы (%) 

Несиелік  ресурс үшін  төлем  (НТ) формуласы: 

НТ= НР * НС

100

Мұндағы:

НР –  лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;

НС –  несие үшін сыйақы мөлшері. 

Несиелік  ресурс (НР) шамасының анықталуы  формуласы:

НР=  Қб  -   Қа

2

Мұндағы:

Қб - мүліктің жыл басындағы құны;

Қа – мүліктің  жыл аяғындағы құны.

 

Комиссиондық  төлемінің (КТ) мөлшерінің формуласы: 

КТ=НР * Кс

100

Мұндағы:

Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері. 

Банктің қосымша  көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі: 

ҚТ=Шi + Шқ + Шж + Шб

Мұндағы: 

Шi – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;

Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

Информация о работе Лизинг инвестиция құралы ретинде