Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 20:57, курсовая работа
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Инвестициялық сапаларды бағалау және бағалы қағаздар тиімділігі...............4
1.1 Инвестиция туралы жалпы түсiнiк...................................................................4
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары.....................................................11
1.3 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..................................................15
2. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері............................................18
2.1 Бағалы қағаздардың эмиссиясы........................................................................21
2.2 Бағалы қағаздар нарығы мен түрлері...............................................................25
2.3 Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар...............................27
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................29
Сөйтіп, бағалы қағаздар — бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен саналуандығы. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпорациялық және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т.б.) бағалы қағаздар жүр.
Бағалы қағаздардың
арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар
беретін акциялар ерекше орын алады.Акция
— акционерлік қоғам шығаратын
және бағалы қағаздың түрі мен санатына
байланысты дивиденд алуға, қоғамды
баскаруға катысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір
бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын
бағалы қағаз.Еңбек ұжымының акциялары
тек өз кәсіпорнының қызметкерлері арасында
таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы
туралы куәліктер болып табылды. Мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын
іске асыру барысында қызметкерлердің
акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі
үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің
акциялары шығарылды. Мұндай акциялар
айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа
қызметкердің оларды сатуға, беруге немесе
қандай болса да сатуға құқығы болмады.
Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында
оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген
мерзім ішінде сатып ала алмайды.Кәсіпорындардың
акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар
шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап
басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті
қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің
арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді
акциялар іс жүзінде облигациялар болып
табылады және меншіктің акционерлік
нысанының дамуына қарай акционерлік
қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы
мүмкін. Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ
меншік құқығымен тұлғаға тиеселі болса,
олардың бәрі бір акционер деп
және өзінің жалпы өкілі арқылы акция
куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.Артықшылықты акциялардың меншік иелері — акционерлердің жай акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс
Акциялар атаулы, сондай - ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс - берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция — оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпей - ақ бағалы қағаздар рыногында еркін сатып алу - сатуға мүмкіндік береді. Облигация — ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны — облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай -ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп, олардың иелері (несиегерлер) мен бүл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар (борышқорлар) арасындағы қарыз катынастарын растайды.Облигациялар атаулы, сондай - ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті каражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебінен сатып алады.
Облигациялардын мынандай түрлері болады:
агенттік облигация;
ипотекалык облигация; -
қамтамасыз етілген облигация;
ішкі мемлекеттік және
жергілікті қарыздардың облигациялары;
мемлекеттік емес облигациялар;
кәсіпорындардың облигациялары.
Агенттік облигация — қаржы агенттігі
шығаратын облигация.
Ипотекалық облигация
— жьлжымайтын мүліктермен
Ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады.Вексель - өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек, өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі — вексель пайда болады. Вексель - қарызды өтеудегі занды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель беруші) сатушыға (вексель иемденуші) берген қарыз міндеттемесі. Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жежелдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да, сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Қолдану өрісіне қарай, немесе таратта болып екіге бөлінеді. Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайында және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық,қаржылық және жалған вексельдер болып бөлінеді. Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі – вексельдің сенімділігі.Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі – акцепт-авальды операциялар. Вексельдің акцептті дегеніміз төлеушінің вексельді төлеуге берген клісімі. Қорыта айтқанда банктер, вексель бойынша неше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса , екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді. Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талап көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі – бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ, қажет болғанда , шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Әдетте, опцион компанияның өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқын беретін бағалы қағаз. Опцион – заңды түрде бекітілген стандартты құжат.
Опционның екі түрі кездеседі: сатып алушы опционы және сатушы опционы. Біріншісі – сатып алу шарты, онда опционның өзі сатып алынады. Екіншісі – сату шарты, ол бағалы қағазбен бірге сатылады. Бағалы қағаздардың туынды түрлерінің бірі – варрант. Варрант – ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының стаып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, оны корпорация облигацияларымен және артықышлықты акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан , бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды етсе, екінші жағынан корпорацияның эмиссиялық шығындарын азайтады. Варрант корпорацияның басқа бағалы қағаздарымен қоса шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп , өз алдына айналымға түседі. Бағалы қағаздардың келесі тобына қаржы нарығы айналымындағы мемлекеттік институттар және банктердің міндеттемелері жатады.
Олар: қазыналық вексельдер - қаржы министрліктері шағыратын қысқа мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады. Депозиттік сертификат – ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз.
Чек – заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есеп иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығын. Чек төлем айналымын тездету мақсатында шығарылады.
Чектер бірнеше түрге бөлінеді:
2.1 Бағалы қағаздардың эмиссиясы
Бағалы қағаздардың эмиссиясы — бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа міндеттемелерді) жекешелердің (акционерлік қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттің (мемлекеттік қарыздар об-лигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару — эмиссия — бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне - инвесторларға, яғни заңды тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1) акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
2) акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
3) облигациялар және
басқа борыштық міндеттемелер
шығару жолымен мемлекет , заңды
тұлғалар, жергілікті билік органдары
карыз қаражаттарын тартқан
Эмиссиялық бағалы қағаздар — бұл бір эмиссия шегінде біртекті белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып бөлінеді. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алушыға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттік емес эмиссиялық багалы қағаз — Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттік емес үйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар.
Эмиссиялык, бағалы қағаздар шығару — эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық объекгісі ретінде пайда болуына бағытталған іс - әрекеті, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды жарияланған жарғылық капиталды құру мен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногында жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысының жөне, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы көбінесе Мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) шығарылымымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен үлттық жинақ ақша облигацияларын шығарады. 1994 жылдың бірінші жартысында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының шығарылымы басталды.
Алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздар үш айлық қазынашылық міндеттемелер — МЕККАМ болды. Алғашқы алты айда олар бойынша аукциондар өткізудің мерзімдері тұрақсыз, шамамен айына 1 рет болды, жыл соныңа қарай олар апта сайын жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің МБҚ-ларын орналастыру жөнінде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.2000 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша бюджет тапшылығын жабуға Үкіметке Үлтгық банк беретін кредиттер доғарылған болатын және Үлттық банк алдындағы бүкіл үкіметтік борыш арнаулы он жылдық облигацияларға - МЕККАМ-ға қайта ресімделді.2001 жылы сөуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режіміне көшуі инвесторлардың МБҚ-ға деген ынтасын төмендетті. 2000 жылы МЕККАМ-ның эмиссиясы 38,5 миллион теңгені қүрады, бүл 2001 жылға қарағанда 1,8 есе төмен болды.МБҚ рыногын қолдау үшін Қаржы министрлігі қысқа мерзімді валюталық бағалы қағаздарды шығара бастады, сондай-ақ арнаулы валюталық облигацияларды — АВМЕКАМ-ды шығаруды жүзеге асырады.
МБҚ рыногының дамуы сандық өсуімен ғана емес, сонымен бірге терең сапалы өзгерістерге де ұшырады. Мемлекеттік бағалы қағаздар спектрінің кеңеюі қағаздардың жаңа түрлерімен де, сонымен бірге бағалы қағаздардың айналыс мерзімдерінің артуымен де қосарланып отырды. 1994 - 1995 жылдары тек қысқа мерзімді дисконтталған 3, 6, 12 айлық бағалы қағаздар шығарылды, 1997 жылдан бастап орта мерзімді, купондық және инфляция бойынша немесе айырбастау бағамы бойынша индекстелген бағалы қағаздар шығарылды. Соның ішінде 1997 жылдан бастап Қаржы министрлігінің екіжылдық дисконтталған бағалы қағаздары — МЕОКАМ-24, 2000 жылдан 18- айлық индекстелген МЕИКАМ-18 және үш жылдық дисконтталған МЕОКАМ-36 бағалы қағаздары шығарылды. 2001 жылы Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 36,48 және 84 айлық бірқатар жаңа мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ), айналыс мерзімі 48 және 60 айлық мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығарады.
2002 жьшы еврооблигацияларды
және жергілікті атқарушы
2002 жылы теңге бағаның тұрақтануы, қайта қаржылан-дыру мөлшерлемелерінің бір жылда 9 %-дан 7,5%-ға дейін төмендеуі теңгеге номиналған мемлекеттік қазынашылық бағалы кагаздар шығарылымының өсуіне жағдай жасады. Орта мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардың спектрі едәуір кеңіді: МЕОКАМ шығарылымының жиынтық көлемі бір жылда 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе өсті. Бір жылда сомасы 5,1 миллиард теңге мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер айналысқа шығарылды, оның 49,1% айналыс мерзімі 24 айды құрайтын МЕИКАМ алады.Сыртқы борышқа қызмет көрсету үшін Қаржы министрлігі еврооблигацияларды айналысқа шығарады, олардың айналысы 2003 жылдың 1 қаңтарына 101,1 миллиард. теңгені құрады. : Ақша базасын реттеу үшін Ұлттық банк 1995 жылдан қысқа мерзімді бағалы қағаздарға жататын ноталарды шығаруға кірісті.Лидеррайтер — бағалы қағаздар рыногының брокерлік -дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді жөне бағалы қағаздар рыногында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.Сауда саттықты ұйымдастырушы — қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы. Бұл ұйымның акциялары бағалы қағаздар рыногының көсіби қатысушыларының, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ заңнамаға сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар арасында орналастырылады. Кор биржасының әрбір акционерінің өзіне тиесілі акциялардың санына қарамастан оның акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауысы болады.Бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымы — бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының көсіби қатысушылары құрған заңды тұлға. Оның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін үйым мүшелерінің жөне олардын клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болап табылады.Бағалы қағаздар рыногының бірсыпыра қатысушыларын инвестициялық институттар, яғни бұл инвесторлармен делдалдар ретінде болатын заңи тұлғалар, соның ішінде инвестиция қорлар, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, қаржы брокерлері, инвестициялық консультанттар құрайды.Қаржы делдалдарының сипатына қарай бағалы қағаздар рыногының үш үлгісі болады: банктік емес, банктік және аралас.
Информация о работе Инвестициялық сапаларды бағалау және бағалы қағаздар тиімділігі