Инвестициялық сапаларды бағалау және бағалы қағаздар тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 20:57, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. Инвестициялық сапаларды бағалау және бағалы қағаздар тиімділігі...............4

1.1 Инвестиция туралы жалпы түсiнiк...................................................................4

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары.....................................................11

1.3 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..................................................15

2. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері............................................18

2.1 Бағалы қағаздардың эмиссиясы........................................................................21

2.2 Бағалы қағаздар нарығы мен түрлері...............................................................25

2.3 Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар...............................27

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсовая рая +5.doc

— 661.00 Кб (Скачать)

Сұраным бағасы ұсыным бағасынан  көп болып, ең бастысы көп уақыт  осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік  шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.Мультипликаторлық принцип  салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа    салалармен), алдын-ала  бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.

 

       Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.

6.Q - принципі

"Q" - принципі - бұл  қор биржасындағы бағалау мен  актив құнын нағыз қалпына  келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш  - қатынасы :

Q ═ дің биржалық  бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу)  күнделікті шығындары.

Егер бөлшек бірліктен  үлкен болса, онда инвестиция жүргізу  тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің  рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық  болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.

Сөйтіп, инвестициялау  тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына  байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:

Q ═ фирманың барлық  биржалық құны / оның материалдық бөліктерін  орнына келтіру шығындары.

Тұтастай алғанда, бұл  принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы,   мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері

 

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік  түрде болады. Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру компаииялары және зейнетақы  қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]

Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық  төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады.

        Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:

1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;

2)  Таза пайда   +   жалпы   инвестициялық шығынға жатқызылған  амортизация.

Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:

а) негізге алатын белгілі бір  жылды табу қыйын болады;

б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.

Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай  өсетінін есептеп шығамыз.

Мұндай есептің тәжірибелік  мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек.

 

       Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.

Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте  алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы  соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.

Дисконттау арқылы қазіргі  соманың ақшалық эквивалентін келешектегі  алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік  болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:

КС = БСх(п + г), мұндағы -

КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);

БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;

г    - процент  төлемі немесе табыс нормасы;

п   - табысты қосып  есептейтін жылдар саны.

Келешек ақша сомасы мен  проценттік төлемді білу арқылы, осы  формула бойынша, осы ақша сомасының  қазіргі кездегі құнын анықтауға  болады, алдыңғыдан шығатын.

        Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.

Бірінші кезекте, шетел  инвестициялары бұрынғы мемлекеттік  кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.Екіншісі және шетел инвестициясымен ере  келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.

Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.

 

 

 

 

 

2. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері

 

        Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізігі және туынды болып бөлінеді."Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша қүқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куөліктер, жазылыс қүқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қагаздарга акциялар мен облигациялар жатады.Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.

Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін  сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін  алуға байланысты.

Информация о работе Инвестициялық сапаларды бағалау және бағалы қағаздар тиімділігі