Халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларына жалпы сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Біріккен Ұлттар Ұымының мәліметтері бойынша осы бүгінгі күнде Жер ғаламшарында 2030-ға тарта мемлекет бар көрінеді.Алуан түрлі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеу зерделеу үшін заң ғылымында құқықтық жүйе ұғымы қолданылады.Құқықтық жүйе нақты мемлекеттің тұтастай алынған құқытық болмысының бәрі.Құқықтық жүйе ұғымына құқықтық құбылыстардың мол тобы норматывтік,ұғымдық, мәдени-әлеуметтік аспектілер,құқытық феноменінің жақтары кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының түсінігі және тарихы...................................................................................................................5
1.2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің түрлері...............................................................................................................9
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР
2.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының халықаралық құжаттармен реттелуі...........................................................................................13
2.2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының ұлттық деңгейде реттелуі.................................................................................................................22
2.3. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының артықщылықтары мен иммунитттерінің қазіргі кездегі алғышарттары....................26

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................31

Работа содержит 1 файл

Курсовой ШУГА..doc

— 209.50 Кб (Скачать)

2) дипломатиялық  өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелеріне;

3) әскери, теңіз  және әуе атташелеріне;

4) мәртебесі  бойынша дипломатиялық өкілдіктердің  дипломатиялық персоналының мүшелеріне  теңестірілген халықаралық ұйымдар  және/немесе оның өкілдіктерінің  қызметкерлеріне;

"C" сериялы куәліктер дипломаттық паспорты (оларды иеленбейтін мемлекеттерден басқа) болған жағдайда:

1) консулдық  лауазымды адамдарға;

2) консулдық  лауазымды адамдардың отбасы  мүшелеріне беріледі.

"HC" сериялы  куәліктер Құрметті консул лауазымындағы  тұлғаларға өзі өкілдік ететін мемлекетпен өзаралық қағидат негізінде беріледі. Бұл ретте, Құрметті консулдың отбасы мүшелеріне куәлік берілмейді.

"T" сериялы  куәліктер қызметтік (оған теңестірілген)  немесе ұлттық паспорты болған  жағдайда:

1) дипломатиялық  өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелеріне;

2) консулдық  мекемелердің консулдық қызметшілеріне;

3) мәртебесі  бойынша дипломатиялық өкілдіктердің  әкімшілік-техникалық персоналы  мүшелеріне теңестірілген халықаралық  ұйымдар және оның өкілдіктерінің  қызметшілеріне;

"S" сериялы  куәліктер ұлттық паспорты болған  жағдайда жіберуші/өзі өкілдік  ететін мемлекпен өзаралық қағидат  негізінде беріледі:

1) дипломатиялық  өкілдіктің қызмет көрсететін  персоналының қызметшілеріне;

2) консулдық  қызметтің қызмет көрсететін  персоналының қызметшілеріне;

3) мәртебесі  бойынша дипломатиялық өкілдіктің  қызмет көрсететін персоналының  қызметшілеріне теңестірілген халықаралық  ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің  қызметкерлеріне;

  4) консулдық  қызметтің қызмет көрсететін  персоналының қызметшілеріне  отбасы мүшелеріне беріледі.

  5) дипломатиялық  өкілдік қызметкерінің қызметіндегі  ғана тұратын үй қызметшілеріне  беріледі.

   6) консулдық  мекемелер қызметкерінің қызметіндегі  ғана тұратын жеке үй қызметшілеріне  беріледі.

Куәлікке Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі басшысының қолы қойылады.

Өкілдік қызметкерінің  қызметтік жағдайы өзгерген жағдайда, сондай-ақ бұрын берілген куәліктің  пайдалану мерзімі біткеннен  соң, дипломатиялық өкілдік, консулдық  мекеме, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне осы құжаттарды қоса отырып, нота (хат) жолдау арқылы хабардар етеді.

Қазақстан Республикасында  аккредиттелген, сол мезгілде дипломатиялық  өкілдіктің немесе консулдық мекеменің  қызметкері болып табылатын белгілі бір тұлғаны халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі аккредиттеуге құжаттар жіберген кезде бұл тұлғаны жіберуші/өзі өкілдік ететін мемлекеттің қандай санатта қабылдайтындығы жөнінде қосымша ақпарат ұсынуы қажет.

Егер жоғарыда аталған тұлғаның бұрынғы мәртебесі сақталып қалған жағдайда (дипломатиялық өкілдіктің қызметкері, консулдық мекеменің қызметшісі), оның халықаралық ұйымның және/немесе оның өкілдігінің қызметкері ретінде оны тіркеуге рұқсат етілмеуі тиіс.

Егер мұндай тұлғаның бұрынғы мәртебесі сақталмаған жағдайда, бұрын берілген дипломатиялық өкілдік қызметкері, консулдық мекеме қызметкері куәлігінің орнына халықаралық ұйым қызметкері ретіндегі деңгейіне сәйкес артықшылықтары мен иммунитеттерін растайтын куәлік беріледі.

Куәлікті жоғалтқан жағдайда дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі міндетті түрде бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне құжаттар, дипломатиялық өкілдіктің, консулдық мекеменің, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігінің тұрған жеріндегі қалалық Ішкі істер басқармасының табу бюросының анықтамасы қоса берілген нота (хат) жолдау арқылы хабарлайды. Куәліктің дубликаты жоғалу туралы нотаны (хатты) алғаннан кейінгі бір ай ішінде беріледі.

Дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі қызметкері, оның отбасы мүшелері біржолата кеткенде немесе қайтыс болған жағдайда, міндетті түрде бес күнтізбелік күн ішінде өкілдік қызметкеріне немесе оның отбасы мүшесіне берілген тіркеу куәлігі қоса берілген нотамен (хатпен) Сыртқы істер министрлігіне хабарлайды.

 

 

2.3. Халықаралық  ұйымдар мен олардың лауазымды  тұлғаларының артықшылықтары мен  иммунитеттерінің қазіргі кездегі  алғышарттары

 

Бүгінгі өркениетті замандағы мемлекеттердің өзара  қарым-қатынастарында, әсіресе олардың екі жақты саяси байланыстарында дипломатиялық өкілдіктердің қызметінің маңызы зор екендігі белгілі. Дипломатиялық өкілдіктердің шетелдік мемлекеттер аумағында еркін әрі қауіпсіз қызмет етуінің басты кепілі оларға халықаралық құқық тарапынан тиісті дипломатиялық имунитеттермен артықшылықтар берілуінде.

 Тарихи тұрғыдан  алып қарастырсақ, имунитеттермен  артықшылықтар халықаралық қатынастардың  дамуымен бірге қатар қалыптасып,жетіліп  келеді.Олар рулық қоғам заманынан  бастау алып, әуел баста әдет-ғұрып нормаларына негізделген болатын. Оның қарапайым көріністерін ру аралық қатынастардан көруге болады. Рулар арасындағы соғыс, бітімгершілік ,жер,т.с.с. мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу үшін жіберілетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші «міндет» қабылдаушы тараптың мойнына жүктелгенді. Бұл тәртіп қатаң ереже ретінде әдет-ғұрып нормаларына берік енгенімен, олардың үнемі сақтала бермегендігі рас. Ерте заманнан-ақ түрлі ру тайпалар арасында бір-біріне жіберілетін адамдарды өлтірмеу оларға белгілі-бір топтың  өкілі ретінде қарау ,соның негізінде жеке басына қол сұғылмауын қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған. Мұндай қажеттіліксіз келіссөздер жүргізудің де мүмкіндігі жоққа шығатын. Осылайша адамдардың сана-сезіміне ресми түрде келіссөз жүргізуге келген өкілдерге құрмет көрсету, олардың жеке басына қол сұқпау дәстүрі қалыптасады. Бұл дәстүр қазіргі тілмен айтсақ, шетелдік өкілдіктерге имунитеттермен артықшылықтар беру деп аталады.

Имунитет пен  артықшылық ұғымдары мемлекеттер пайда болғаннан кейін әр тарихи формациялық кезеңде мазмұны жағынан толыға отырып, халықаралық қатынастардың күрделенуімен етене байланысып дамыды. Ерте замандағы халықаралық қатынастар, ең алдымен географиялық жағынан жақын орналасқан,ортақ экономикалық,мәдени,рухани құндылықтар мен діни наным-сенімдері бар мемлекеттер арасында қалыптасты. Мысалы, Ежелгі Грецияда,сондай-ақ Парсы патшалығы,Рим мен Карфаген сияқты мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар дипломатияның дамуына да зор әсер етті. Бұл мемлекеттердің елшілері әскери жәнесаяси одақтар құру, бірлесе қорғану және шабуыл жасау шарттарын бекіту сияқты мәселелермен айналысты. Бастапқы кезеңде бұл мемлекеттерде елші функцияларын «қасиетті» жаушылар жүзеге асырған. Олар негізінен діни тұлғалар болғандықтан, олардың жеке басына қол сұқпау, діни сенімге, құдайдың құдіретіне негізделеді. Оларды өлтіру немесе жарақаттау құдайды қорлау деп есептеледі. Былайша айтқанда олар діннің қорғауында болады. Бірте-бірте елші функцияларын зайырлы сипаттағы елшілер жүзеге асыратын болды.Грецияда оларды саясаткерлер, әскери қолбасшылар, ораторлар арасынан халықаралық жиналысында сайлайтын болған және пресбейс деп атаған. Ал Римде елшілерді сенат өз мүшелері арасынан сайлап,оларды легаттар немесе нунушілер деп атайтын болған. Тағы бір айта кететін жайт, Рим империясы тұсында елшілерге қол сұқпау жөніндегі ережелерді қамтыған «халықтар құқығы» пайда болды. Бұл халықтар құқығы институты бойынша елшілерді қорламау қасиетті парыз деп саналынады. Осындай жолдармен ежелгі халықтарда кеңінен таралған түрлі қоғамдық нанымдардың , мемлекеттік заңдар мен әдет-ғұрып нормаларының және діни сенімдердің негізінде елшілердің қасиеттілігі мен оларға қол сұғылмайтындығы жайлы ортақ көзқарас пен пікір қалыптасты.

Орта ғасырлардағы (5-7ғ.ғ.) халықаралық қатынастардың негізгі орталықтарын Византия,Каролинг монархиясы, араб халифаты, Киев русьі, Батыс және Шығыс Еуропаның басқа да ірілі-ұсақты феодалды мемлекеттері құрады. Бұл мемлекеттердің қарым-қатынастарында елшілік миссиялар жіберу дәстүрі берік қалыптасады. Әсіресе елшілерді құрметпен қарсы алу, оларға ерекше ықылас бөлу, сый-сыяпат көрсету және оларды ерекше қорғауға алу әдет, рәсім ретінде кеңінен танылады.Орта ғасырлық мемлекеттердің дипломатиялық тәжірибесінде елшілерге тек жеке басына қол сұқпау имунитетін ғана емес,сонымен қатар оларды жол бойында тегін баспанамен,тамақпен қамтамасыз ету дәстүрі пайда болды. Кейбір патшалар бұған қатысты арнайы заңдар да шығарып отырған. Патша сарайына бара жатқан немесе патша сарайынан шығып өз мемлекетіне қайтып бара жатқан елшілерді жол бойындағы елдімекендер тиісті құрметпен қарсы алмайтын болса, оларға арнайы жазалар да қолданылатын болған. Орта ғасырлық мемлекеттердің жиі түрде қалыптасқан дипломатиялық қатынасының желісі ретінде “елшінің өкілдік сипаты” идеясы өмірге келді. Бұл идеяның бастапқы мазмұны: “әрбір елшінің жағдайы өз әміршісінің билігі мен құдіреттілігінің айнасы” деп сипатталады. Жалпы орта ғасырлардағы дипломатиялық қатынастар негізінен эпизодтық сипатта дамып келді. Басқа сөзбен айтар болсақ, шетелдік мемлекеттерге тек ad hoc миссиялары жіберіліп тұрды. Осыған сәйкес дипломатиялық имунитеттің де мазмұны шектеулі болды.  Оның мазмұны тек елшінің жеке басына қол сұқпау, яғни оның қауіпсіздігін жол бойында және уақытша тұрағында қамтамасыз ету, қабылдаушы мемлекет есебінен қажетті шығындарын өтеу мен құрметке бөлену сияқты бірқатар рәсімді артықшылықтардан құрылды. Ал елшілердің сотталмауы,оларды жергілікті биліктің мәжбүрлеу шараларынан босату сияқты имунитеттер ортағасырлық халықаралық құқықтың әдет-ғұрыптық сипаты бар нормаларынан нақты көрініс таппады. Оның себебі, бұл имунитеттердің өмірлік қажеттілігі әлі де сол кезеңдегі болса тәжірибеде немесе нақты өмірде талап етілмегенінде деп айтуға болады. Елшілік миссиялар неғұрлым жиі әрі ұзақсипатқа ие бола бастаған сайын, соғұрлым елшілердің құқықтық жағдайы туралы жаңа,тың мәселелер туындай бастайды.Әсіресе,XY-ғасырдың екінші жартысынан бастап Италия мемлекеттері арасында (Венеция,Флоренция,Милан т.б.) тұрақтыелшіліктер ашу үрдісі бастау алғаннан кейін олардың халықаралық-құқықтық мәртебесін анықтайтын тиісті нормалар қажет екендігі айқын сезіле береді. Италия мемлекетінде бастау алған тұрақты елшіліктер ашу дәстүрі XYI-XYII ғасырларда Батыс Еуропаның басқа да мемлекеттерінде кең қанат жайды. Осыған байланысты дипломатиялық тәжірибеде  қабылдаушы мемлекет тарапынан өздеріне қарсы қылмыс жасаған елшілерді жауапқа тарту мәселесі пайда болды. Оның себебі,Батыс Еуропаның абсолютті монархиялы мемлекеттері өз елшілерін қабылдаушы мемлекетте саяси,әскери  төңкерістер жасау үшін тыңшылықпен айналысу, құпия түрде келіссөздер жүргізу, қабылдаушы монархтың жеке басына қарсы әрекеттер ұйымдастыру сияқты заңсыз әрекеттерге пайдаланатын болған.Тіпті соның салдарынан кейбір монархтар басқа мемлекеттердің тұрақты елшілерін қабылдаудан бас тартуға дейін баруға мәжбүр болған,яғни қылмыс жасаған шетелдік елшіні қабылдаушы мемлекет тарапынан жуапқа тарту жөніндегі мәселе аяқ астынан пайда болмаған.Осыған байланысты XYI-XYII ғасырларда халықаралық тәжірибеде елшіні қамауға алу немесе түрмеге жабу әрекеттері жиі қолданылады,алайда көп ұзамай мұндай әрекеттер мемлекеттер арасында тиімді қарым-қатынастар орнатуға негіз болмақ түгілі, қауіпті кесірін тигізетінін түсінген халықаралық қауымдастық осы мәселеге қатысты халықаралық құқықтық әдет нормаларын қалыптастыруға және оларды іс жүзінде пайдалануға кіріседі. Бастапқы кезде қылмыс жасаған елшілерді қамауға алып ,сотқа беру және олардың кінәсі дәлелденгеннің өзінде тікелей жазаламай, мемлекет аумағынан шығарып жіберу сияқты нормаларға сүйенген шаралар қолданылады. Бірте-бірте қылмыс жасады деп айыпталған елшілерді “persona non grata” (латын тілінен –жағымсыз тұлға дегенді білдіреді) деп жариялау дәстүрі пайда болды. Дипломатиялық тәжірибеде тұрақты елшіліктердің ашылуына байланысты олардың басшыларының имунитеті,дәлірек айтсақ, елші резиденциясының немесе елші тұрағының имунитеті жөніндегі мәселе көтеріліп, ол елшінің жеке басына қол сұқпау имунитетіне қажетті қосымша күшейту элементі ретінде халықаралық әдет нормаларына енеді.

 

 

 

 

 

                                           Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының  тәуелсіздік алуы және оны жариялауы  шетел мемлекеттерімен саяси,экономикалық,ғылыми-техникалық,мәдени және басқа да қатынастарын дамытты.Сондықтан  халықаралық қауымдастықпен ықпалдасу нысандары мен тәсілдерін жаңарту қажеттілігі пайда болды.Халықаралық қатынастардың ұлғаюы,шетелдерде қазақстандық азаматтар санының артуы дипломатиялық және консулдық қызметінің мазмұнына сапалық өзгерістер енгізді.1993ж.Қазақстан сыртқы саясатты жүзеге асыру саласындағы халықаралық стандарттарға қосылды.Дипломатиялық қатынас туралы 1961ж.Вена конвенциясына және 1963ж.Консулдық қатынас туралы Вена конвенциясына орай Қазақстан Республикасы елшілік,миссия немесе консулдық аймақ деңгейіндегі қатынастар орнатады.Қазір дипломатиялық қатынастарда бір түрлі нысанды қолданамыз.

Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүниежүзілік сауда, сондай-ақ, діни конфессиялар да әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар  өздерінің қазіргі мағынасында  бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделенуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты

  Шетел мемлекеттерінің  тәжірибелері мен бағыттарын  ескере отырып,Қазақстан дипломатиялық  және консулдық қызметтерді ұйымдастыру жөнінде өз заңдарын қабылдауда,сыртқы саяси ведомствалық Сыртқы Істер Министрлігінің жұмысын жетілдіруде,консулдық заңдастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын жасауда,ҚР азаматтарының,шетел адамдарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарды Сыртқы Істер Министрлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі туралы,ҚР азаматтарының шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат беруді рәсімдеу туралы,ҚР азаматтарының шетелде есепке алыну және тіркеу туралы және т.б. жөнінде арнайы нұсқаулық материалдар дайындайды.

Қазақстан Республикасындағы  дипломатиялық қызмет ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын меелекеттік органдарға азаматтардың кәсіби қызметі.біздің мелекетіміздегі дипломатиялық лауазымдарға тағайындау тәртібі халықарлық стандарттарға сай.Мәселен,дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар,шет тілдерін жақсы меңгеретін,өзіне жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін тиісті қабілеті зор және еліміздің абыройына нұқсан келтірмейтін азаматтар тағайындалады.

Қазіргі таңда  Қазақстан 1961ж.әмбебап дипломатиялық  қатынастар туралы Вена конвенциясының мүшесі бола отырып халықаралық дипломатиялық  құқықтың бүгінгі кейпін анықтайтын анықтайтын мемлекеттер құрамына кірді. Қазақстан жеке,дара,тәуелсіз мемлекет болып,халықаралық құқықтың егеменді субъектісі ретінде дипломатиялық құқықтың бірнеше мәселелері жөнінде келісімдерге қол қойды және өзінің сыртқы саясатының бағытын қамтамасыз ету мақстында өзінің заңнамалық базасын құруда.

   Халықаралық  құқықтың қазіргі доктринасы  жеке басқа қол сұқпаушылықтың  мазмұнын қабылдаушы мемлекеттің  билік рогандары мен азаматтары  тарапынан туындайтын қандай  да болмасын мәжбүрлеу шараларының  әсерінен босату деп түсіндіреді.Соның  негізінде жеке басқа қол сұқпаушылық имунитеті дипломатқа қатысты заңдық мәжбүрлеу шаралрын қолданбауға кепілдік береді және оларды мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардан төнетін кез-келген қол сұғушылықтардан қорғауға міндеттейді.

Тарихи тұрғыдан алып қарастырсақ, имунитеттермен артықшылықтар халықаралық қатынастардың дамуымен бірге қатар қалыптасып,жетіліп келеді.Олар рулық қоғам заманынан бастау алып, әуел баста әдет-ғұрып нормаларына негізделген болатын. Оның қарапайым көріністерін ру аралық қатынастардан көруге болады. Рулар арасындағы соғыс, бітімгершілік ,жер,т.с.с. мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу үшін жіберілетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші «міндет» қабылдаушы тараптың мойнына жүктелгенді. Бұл тәртіп қатаң ереже ретінде әдет-ғұрып нормаларына берік енгенімен, олардың үнемі сақтала бермегендігі рас. Ерте заманнан-ақ түрлі ру тайпалар арасында бір-біріне жіберілетін адамдарды өлтірмеу оларға белгілі-бір топтың  өкілі ретінде қарау ,соның негізінде жеке басына қол сұғылмауын қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған. Мұндай қажеттіліксіз келіссөздер жүргізудің де мүмкіндігі жоққа шығатын. Осылайша адамдардың сана-сезіміне ресми түрде келіссөз жүргізуге келген өкілдерге құрмет көрсету, олардың жеке басына қол сұқпау дәстүрі қалыптасады. Бұл дәстүр қазіргі тілмен айтсақ, шетелдік өкілдіктерге имунитеттермен артықшылықтар беру деп аталады.

            Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар мәселелеріне қатысты мемлекеттердің ұлттық заңдарында көп көңіл бөлінуде.Бұл салада негізгі заң ретінде халықаралық құқықтың барлық салалары үшін маңызды ережелерді қамтамасыз ететін 2002ж.Дипломатиялық қызмет туралы ҚР заңы үлкен орын алады.

Өз іргеміздің бекемдігі -өте нәзік мәселе.Ішкі және сыртқы алып-ұшпа пиғылдарға оқам бой алдырған елдердің қандай күй кешіп жатқандығы белгілі.Ортақ шаңырағымыздың үзігі мен жабығын қалай болса солай ашып-шашып тастамай, бекім отырғанымыз дипломатиямыздың дұрыс жолға қойылғандығынан.Күнбе-күн көзіміз жеткен ақиқат:жаппай іске жұмылсақ қана, хағдайды тез жақсарта аламыз.Әлемдік тәжірибеде оғпн жұрттың бәрі жүгінеді. Әр ел өз керегін алады.Өйткені бір-бірімен терезесін тең ұстап,келісімге келіп, ықпалды әрекет ету мемлекеттің орнықтылығы үшін тиімді екеніне көзіміз жетті. Олай блоса тәуелсіз еліміздің көгеріп-көркейюі жолында күш жігерін аямай, тарихтың қатал сынына төтеп берген Қазақстан дипломатиясының болашығы кемел, атқаратын істері мол. 

Информация о работе Халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларына жалпы сипаттама