Халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларына жалпы сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Біріккен Ұлттар Ұымының мәліметтері бойынша осы бүгінгі күнде Жер ғаламшарында 2030-ға тарта мемлекет бар көрінеді.Алуан түрлі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеу зерделеу үшін заң ғылымында құқықтық жүйе ұғымы қолданылады.Құқықтық жүйе нақты мемлекеттің тұтастай алынған құқытық болмысының бәрі.Құқықтық жүйе ұғымына құқықтық құбылыстардың мол тобы норматывтік,ұғымдық, мәдени-әлеуметтік аспектілер,құқытық феноменінің жақтары кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының түсінігі және тарихы...................................................................................................................5
1.2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің түрлері...............................................................................................................9
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР
2.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының халықаралық құжаттармен реттелуі...........................................................................................13
2.2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының ұлттық деңгейде реттелуі.................................................................................................................22
2.3. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының артықщылықтары мен иммунитттерінің қазіргі кездегі алғышарттары....................26

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................31

Работа содержит 1 файл

Курсовой ШУГА..doc

— 209.50 Кб (Скачать)

     Халықаралық  қатынастар тәжірибесінде соғыс  уақытындағы дипломатиялық өкілдердің  жеке бастарына қол сұқпаушылық  имунитеті агрессивті мемлекеттер тарапынан бір намесе бірнеше рет бұзылып отырған.Бұған мысал ретінде,әсіресе,бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германияның соғыс жариялағаннан кейін өз елдеріне қайтуға талпынған Англия,Франция,Ресей,АҚШ-тың дипломатиялық өкілдеріне қатысты іс-әрекеттерін келтіруге болады.Бұл мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің мүшелеріне германдық билік өкілдерінің қолдауна сүйенген адамдар тобының шабуылдарына,бұзақылық іс-әрекеттеріне ұшыраған.Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда да Германиядағы шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарына жергілікті билік тарапынан қысым жасалған.Мемлекеттер тәжірибесінде дипломатиялық құқықтың негізгі қағидалары мен нормаларына сәкес қабылдаушы мемлекеттің аумағында шетелдік өкілдерінің дипломатиялық функцияларды жүзеге асыру режимінбекітетін ішкі заңдарды қабылдау дәстүрі кеңінен тараған.Бұл режим дипломатиялық құқықтың жалпы танылған нормалары мен қағидаларына негізделе отырып,имунитеттер мен артықшылықтардың аясын халықаралық шарттарда көзделген көлемнен анағұрлым кең мазмұнда бекітуі мүмкін.Осы жерде дипломатиялық құқыққа,соның ішінде имунитеттер мен артықшылықтарға қатысты Қазақстан тәжірибесінде қандай заңдар қабылданды деген сұрақ туындайды.Қазақстанда дипломатиялық құқықтың нормалары көрініс тапқан негізгі нормативтік құқықтық актілер мынадай: 2002 жылдың 7-наурызында қабылданған Дипломатиялық қызмет туралы заң.1999 жылдың 27-қыркүйегінде бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысы,1992 жылдың 2-шілдесіндегі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге жіберген төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы ереже және консулдық функциялардың жекелеген түрлеріне қатысты қабылданған бірқатар ішкі ведомствалық нұсқаулар.Аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметтің соның ішінде олардың атақтарын,функцияларын,міндеттері мен құқықтарын,шетелде Қазақстанның өуілдіктерін ашу тәртібін олардың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін реттейді.

     Дипломатиялық  қызмет мәселелеріне мемлекеттердің ұлттық заңында көп көңіл бөлінеді.Бұл салада негізгі заң ретінде құқықтың барлық салалары үшін маңызды ережелерді қамтамасыз ететін ҚР Конституциясы үлкен орын алады.Сыртқы саясат мәселелері Қазақстанның тәуелсіздік алған және оның халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қалыптаса бастаған сәттен бастап ҚР Конституциясынан өз орнын алды.Конституция ҚР-сы мемлекеттік құрылым мәселелерін,оның сыртқы саясатының мемлекеттік органдары болып табылатын Президенттің және Үкіметтің мемлекеттік билік органдарының құрылымы мен құзіретіне арналған.Қазақстан Республикасында 2002 жылдың 7-наурыздағы «Дипломатиялық қызмет туралы» заңы сияқты маңызды нормативтік актілер қабылданған.

     Консулдық  лауазымды тұлғаның жеке басына  қол сұқпаушылық имунитеті оны қабылдаушы мемлекетте ауыр қылмыстық әрекеттерде бой алдыруына байланысты шектелетіндігі 1963 жылғы Вена конвенциясының нормаларында бекітілмеген,олар бүгінгі объективтік жағдайға сай келмейді деуге болады.Бұл жердегі объективтік жағдай дегеніміз консулдың жеке басына қол сұқпаушылық имунитетімен теңестіру.Бұл соңғы он жылдықта дипломатиялық және консулдық құқықта белең ала бастаған үрдіс.Бұған біз Қазақстанның бірқатар екі жақты консулдық келісім-шарттарын салыстырмалы талдау негізінде де көз жеткіздік.Сол сбептен,консулдың жеке басына қол сұқпаушылық иммунитетіне қарағанда теория жүзінде тар көлемде болғанымен қазіргі консулдық қарым-қатынастардың тәжірибесі олардың теңестірілгенін айғақтап отырғаны даусыз.

Дипломаттың қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен   босату иммунитеті

Дипломатиялық лауазымды тұлғаларға берілетін  жеке имуниттердің ішінде қылмыстық,азаматтық  және әкімшілік жуапкершіліктен  босату иммунитеті белгілі-бір дәрежеде олардың жеке басына қол сұқпау имммунитетінен туындайтыны сөзсіз.Халықаралық құқық доктринасында қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен  босатудан сот иммунитеті деп те атайды.Бұл иммунитет дипломатиялық лауазымды тұлғалардың қабылдаушы мемлекеттің аумағында сотталмайтындығын және оның құқық қорғау органдарымен құқықтық жауапкершілікке тартылмайтындығын білдіреді. Халықаралық құқықтық нормалар ,оның ішінде,1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциялары көрсеткендей, қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен  босату немесе сот иммунитеті дипломатқа қатысты бірдей көлемде қолданылмайды.

    Қылмыстық,азаматтық  және әкімшілік жуапкершіліктен   босату иммунитетін қабылдаушы  мемлекеттің юрисдикциясынан босату  иммунитеті деген атау да кездеседі. Қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясынан босатуды көздейтін иммунитет кең мағынада мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

  • жергілікті билік органдары тарапынан болатын мәжбүрлеу шараларынан  кепілдік;
  • қылмыстық істер бойынша соттылыққа жатпау;
  • ішінара шектеулермен азаматтық істер бойынша соттылыққа жатпау;
  • сотқа шақыру мен куәгерлік жауаптар беруден босату;
  • әкімшілік юрисдикциядан босату.

  Дипломатиялық  агенттерді қабылдаушы мемлекеттің  қылмыстық,азаматтық және әкімшілік  жуапкершіліктен  босату ,олар әртүрлі құқықбұзушылықтар жасаған жағдайлардың барлығында да жазаланбайды дегенді білдірмейді.Қабылдаушы мемлекеттің аумағында жасаған қылмыстық әрекет үшін дипломат өз мемлекеттерінде жауапқа тартылынуы мүмкін.Оны 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы конвенцияның 31-бабының 4-тармағына сүйене отырып,белгілеуге болады.Осыған сәйкес,қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясын дипломатиялық агентті босататын иммунитет өзін жіберген мемлекеттің юрисдикциясынан босатпайды.Басқаша айтсақ,қабылдаушы мемлекеттің құқық бұзушылығы үшін дипломатиялық немесе консулдық агентті қабылдаушы мемлекеттің шағымы бойынша өзін жіберген мемлекетте жауапқа тартуға болады.Бұл дипломатиялық лауазымды тұлғаларды жауапқа тартудың бірінші жолы.Екінші жолы,дипломатиялық қатынастар туралы конвенцияның 32-бабында мынадай ережелермен көзделген:

    1. Дипломатиялық агенттерді қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясынан босататын иммунитеттен жіберген мемлекеттің бас тартуы;
    2. Бас тарту әрқашан анық болуға тиіс;
    3. Дипломатиялық агенттің сотта іс қозғауы оны қарсы талап арыздарға қатысты өз иммунитеттіне жүгіну құқығынан айырады;
    4. Азаматтық немесе әкімшілік іске қатысты юрисдикция иммунитетінен бас тарту шешімді орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуды білдірмейді,ол үшін ерекше бас тарту тлап етіледі.

 Дипломат  әкімшілік юрисдикциядан иммунитеті-оларды  қабылдаушы мемлекетте әкімшілік  ережелерді бұзғаны үшін белгіленген  айыппұл немесе өзге де сол  сияқты әкімшілік жазалау шараларынан  босатады.Дипломат пен консулдың  қылмыстық,азаматтық және әкімшілік  жуапкершіліктен  иммуниттерін салыстырмалы құқықтық тұрғыдан талдай отырып.олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар екендігін анықтадық.Атап айтқанда консулдық лауазымды тұлғаның қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен  босату иммнитеті функционалдық қажеттілікпен ғана байланыстырылған,яғни, ол тек,өз функцияларынорындауға қатысты,ішінара ескертпелерді оспағанда,ондай шектеу жоқ. Қазақстандық дипломатиялық тәжірибеде қалыптасқан қазіргі үрдісті ескере отырып,іс жүзінде олардың дипломат пен консулға қатысты бірдей көлемде қолданылатындығы орынды деп ойлаймыз.

 

 

2.2. Халықаралық  ұйымдар мен олардың лауазымды  тұлғаларының ұлттық деңгейде  реттелуі

 

Халықаралық ұйымдар  мен олардың лауазымды тұлғаларының ұлттық деңгейде реттелуі  1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, 2005 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделеді.

Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуге шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомствосының, халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені ашу туралы нотасы негіз болып табылады.

       Қазақстан Республикасының құзыретті  органдарымен келісілгеннен кейін  Қазақстан Республикасының Сыртқы  істер министрлігі (бұдан әрі  – Сыртқы істер министрлігі)  дипломатиялық өкілдікке, халықаралық ұйымдарға және/немесе оның өкілдігіне, консулдық мекемеге Сыртқы істер министрлігінің жанынан дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені нотада көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын нота жібереді.

       Растауды алғаннан кейін келген  жіберуші мемлекеттің дипломатиялық  өкілдігі персоналының мүшесі, халықаралық  ұйымның және/немесе оның өкілдігінің  қызметкері, өзі өкілдік ететін  мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің  консулдық мекемесі консулдық персоналының, халықаралық ұйымның және/немесе оның өкілдігінің, консулдық мекеменің қызметкері алғашқы аккредиттеу күнінен бастап Сыртқы істер министрлігі жанында аккредиттелген болып саналады.

 Жіберуші  мемлекеттің Төтенше және Өкілетті  Елшісін, Нунцияны (Бұдан әрі - Елші) аккредиттеуге жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының Сыртқы істер министрлігіне Елші лауазымына ұсынылған кандидатураның өмірбаяндық деректері қоса берілген келісім беру (агреман) туралы өтініш нотасы негіз болып табылады

Қазақстан Республикасының  құзыретті мемлекеттік органдарының келісімінен кейін Сыртқы істер  министрлігі жіберуші мемлекеттің  сыртқы саяси ведомствосына ұсынылған  кандидатураға арналған келісімді  беру немесе бас тартуды жібереді.

Резиденциясы  Қазақстан Республикасында орналасқан жаңадан тағайындалған Елші сенім грамоталарын Қазақстан Республикасының Президентіне, ал міндетін қоса атқаруға тағайындалған (резиденциясы басқа елде орналасқан) Елші – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына тапсырады. Оның Қазақстан Республикасында болу мерзімі сенім грамоталарын тапсырған күнінен бастап саналады.

Қазақстан Республикасының  басшылығына Сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін Сыртқы істер  министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Қазақстан Республикасының  Сыртқы істер министрімен Елшінің кездесуін ұйымдастырады.

Сенімді өкілдерді  аккредиттеуге жіберуші мемлекеттің  сыртқы саяси ведомствосының Сенімді  өкілді тағайындау туралы нотасы негіз  болып табылады.

Жіберуші мемлекеттің  сыртқы саяси ведомствосы басшысының Сенімді өкілді тағайындау туралы жолдауын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына тапсырған күннен бастап Сенімді өкіл өз функцияларын атқаруға кірісті деп саналады.

Консулдық мекеме басшысын аккредиттеуге өзі өкілдік  етуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының Сыртқы істер министрлігіне консулдық мекеме басшысы лауазымына ұсынылған кандидатураның өмірбаяндық мәліметтері қоса берілген нотасы негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының  құзыретті мемлекеттік органдарымен келісілгеннен кейін Сыртқы істер министрлігі консулдық мекеме басшысына ұсынылған кандидатураға қатысты өз шешімі жөнінде нотамен хабарлайды және де оң жауап болған жағдайда, келісім (экзекватура) береді, содан кейін оны Сыртқы істер министрлігі жанынан аккредиттеу жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының  құзыретті органдарымен келісілгеннен  кейін, Сыртқы істер министрлігі  ұсынылған әскери, теңіз немесе әуе  атташелігі кандидаттурасына қатысты  өз шешімі туралы хабарлайды және де оң жауап болған жағдайда, оны Сыртқы істер министрлігі жанынан аккредиттеу жүргізіледі.

Дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар  және/немесе олардын өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелері, консулдық мекемелердің қызметкерлері, әскери, теңіз немесе әуе атташелері (бұдан әрі - өкілдіктердің қызметкерлері), өкілдіктер қызметкерлерінің отбасы мүшелері (олармен бірге тұратын жұбайлары, тұрмыс құрмаған 18 жасқа дейінгі балалары) өз мәртебелеріне сәйкес аккредиттеу куәліктерін (бұдан әрі – куәлік) алады.

       Өкілдіктер қызметкерімен бірге тұратын басқа тұлғаларды отбасы мүшелеріне жатқызу және оларға куәліктер беру жіберуші/өзі өкілеттік ететін мемлекетпен өзара қағидаттық негізде жүзеге асырылады.

Өкілдік қызметкерін  аккредиттеу және куәлік алу үшін дипломатиялық өкілдік, консулдық  мекеме, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі өкілдік қызметкерінің келген күнінен бастап үш күн мерзім ішінде Сыртқы істер министрлігіне келесі құжаттарды қоса беру арқылы нота (хат) жібереді:

       1) тиісті үлгіде толтырылған тіркеу  сауалнамасының бір нұсқасы;

       2) көлемі 3x4 см. түрлі-түсті бірдей  екі фотосурет;

       3) дипломатиялық өкілдіктің, консулдық  мекеменің, халықаралық ұйымның  немесе оның өкілдігінің мөрімен  куәландырылған паспорттың және  визаның (талап етілуіне орай) көшірмелері;

       4) құжаттардың электронды көшірмесі.

Сыртқы істер  министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі құжаттарды берген күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде өкілдік  қызметкеріне алғашқы алу кезінде  үш жылға дейінгі мерзімге, ұзарту кезінде (тек бұрын берілген куәлікті қайтарған соң) екі жылға дейінгі мерзімге, бірақ үш айдан кем емес мерзімге (егер паспорттың мерзімі мүмкіндік берген жағдайда) куәлік ресімдейді.

Отбасы мүшесін  тіркеуге алу мерзімі өкілдік  қызметкердің өзінің тіркелу мерзімінен аспауы тиіс.

Мәртебесіне байланысты өкілдік қызметкеріне, отбасы мүшелеріне тиісінше, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттармен белгіленген артықшылықтары мен имунитеттеріне сәйкес "D", "C", "HC", "T", "S" және "М" сериялы куәліктер ресімделеді.

"D" сериялы  куәліктер дипломаттық паспорты (оларды иеленбейтін мемлекеттерді  қоспағанда) немесе Біріккен Ұлттар  Ұйымының паспорты болған жағдайда  мынадай тиісті санаттағыларға:

1) дипломатиялық  өкілдіктердің басшыларына;

Информация о работе Халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларына жалпы сипаттама