Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:31, курсовая работа
Біріккен Ұлттар Ұымының мәліметтері бойынша осы бүгінгі күнде Жер ғаламшарында 2030-ға тарта мемлекет бар көрінеді.Алуан түрлі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеу зерделеу үшін заң ғылымында құқықтық жүйе ұғымы қолданылады.Құқықтық жүйе нақты мемлекеттің тұтастай алынған құқытық болмысының бәрі.Құқықтық жүйе ұғымына құқықтық құбылыстардың мол тобы норматывтік,ұғымдық, мәдени-әлеуметтік аспектілер,құқытық феноменінің жақтары кіреді.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының түсінігі және тарихы...................................................................................................................5
1.2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің түрлері...............................................................................................................9
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР
2.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының халықаралық құжаттармен реттелуі...........................................................................................13
2.2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының ұлттық деңгейде реттелуі.................................................................................................................22
2.3. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының артықщылықтары мен иммунитттерінің қазіргі кездегі алғышарттары....................26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................31
Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894). Халықаралық Олимпиада комитеті (қыс. ХОК) — халықаралық ұйым, Олимпиада ойындарын қайта дамыту және олимпиадалық қозғалысын насихаттауға құрылған ұйым. Комитеттің штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан. ХОК 1894 жылдың 23 маусымында барон Пьер де Кубертенмен және Деметриус Викеласпен Париж қаласында құрылған. Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні тойланады. Қазіргі кезде оған 205 ұлттық олимпиада комитеті мүшелік етеді (бірақ, Кувейт 2010 жылы мүшелік етуді уақытша тоқтатты).
ХОК әр төрт жылда
бір рет жазғы және қысқы қазіргі
Олимпиада ойындары мен жасөспірімдер
үшін Олимпиада ойындарын
3. Азиядағы Өзара
Ықпалдастық және Сенім
Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады. Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
1.2. Халықаралық
ұйымдар мен олардың лауазымды
Иммунитеттің халықаралық құқықта мемлекет иммунитеті және дипломатиялық иммунитет деп аталатын түрлері де бар.
Мемлекет иммунитеті – дербес мемлекетті шет ел сотының соттамайтындығын білдіреді. Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі БҰҰ Жарғысымен баянды етілген мемлекет егемендігі болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар:
а) шетел заңнамасының қолданысынан қорғалу иммунитеті, бұл иммунитет бойынша өзінің қатысуымен жасалған келісімшартта мемлекеттің айқын көрсетілген келісімінсіз келісімшарт қатынастарын басқа мемлекеттің құқығына бағындыруға болмайды. Сондықтан бір тарабы шет мемлекет болып табылатын қайсыбір азаматтық-құқықтық келісімшартта қолданыстағы құқық туралы ереже болмайды, мұндай келісімшарттың осы мемлекеттің құқығына бағынуының анық-қанығын анықтау (презумпция) қолданылады;
ә) сот иммунитеті немесе тар мағынада алғанда заңи хұкімдік иммунитет, яғни шет мемлекет сотының соттамайтындығы. Сот иммунитеті негізінде мемлекетті шет ел сотында немесе оның төрелік сотында жауапкер ретінде тарту мүмкін емес. Егер мемлекет қайсыбір нақты жағдайда сот талқылауында талапкер болса, бұл мән-жай оған қарсы талап қою үшін құқықтық негіз болып есептеле алмайды. Мұндай жағдайда да оның арнаулы келісімі қажет етіледі;
б) талапты алдын ала қамтамасыз ету иммунитетінің мәні мынада: сот талабы болған және оны шет ел сотында қарауға мемлекет келісім берген жағдайда шет ел соты мемлекеттің мүлкін қамауға алу және басқа осындай шаралар түрінде қамтамасыз етуге тіпті де құқылы емес;
в) сот актісінің күштеп атқарылуынан қорғалу иммунитетінің мазмұны жоғарыда айтылғанмен ұқсас, оның айырмашылығы тек мынада ғана: алғашқысы соттың қайсыбір әрекетін алдын-ала тәртіппен қамтамасыз етуге, ал екіншісі түпкілікті шараларды қамтамасыз етуге бағытталған;
г) мемлекет меншігінің иммунитеті бұрын аталған екі иммунитеттің арасындағы жанама иммунитет, өйткені ол талапты немесе сот шешімін алдын ала немесе мәжбүрлеу тәртібімен тек нақты мемлекеттің мүлкіне (меншігіне) шара қолдануға назар аударту арқылы ғана қамтамасыз ете алады.
Дипломатиялық иммунитет – шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, олардың келген еліндегі басшыларына және қызметкерлеріне берілетін ерекше құқықтар мен пұрсаттылықтар. Бұл иммунитеттің мақсаты – дипломатиялық өкілдіктердің міндеттерін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Оның заңи табиғаты мынаған негізделеді: бір егеменді мемлекет екінші егеменді мемлекеттің билігіне бағына алмайды, ал дипломатиялық өкілдіктер мен оның дипломатиялық қызметкерлері сол мемлекеттің бет-бейнесі болып табылады. Дипломатиялық иммунитетті беру тәртібі мен көлемі “Дипломатиялық қатынастар туралы” Вена конвенциясында (1961) айқындалған. Бұл Конвенцияда дипломатиялық иммунитеттер дипломатиялық өкілдіктердің иммунитеттері мен дипломатиялық қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жеке иммунитеттеріне бөлінеді. Алғашқысына мыналар жатады:
дипломатиялық
өкілдіктің үй-жайларына қол
қазыналық (салықтық) иммунитет;
өкілдіктің өз орталығымен және өз мемлекетінің басқа да өкілдіктерімен қарым-қатынас жасау құқығы.
Өкілдіктің үй-жайларына, олардың жиһаз-мүліктеріне, сондай-ақ өкілдіктің жүріп-тұру көлігін тінтуден, реквизициялаудан, қамауға алудан, т.б. қорғалу иммунитеті қолданылады. Қабылдаушы мемлекеттің өкімет орындары дипломатиялық өкілдік басшысының келісімінсіз осы өкілдік аумағына кіре алмайды. Дипломатиялық пошта шексіз тиіспеушілікті пайдаланады және оның салмағына немесе орын санына шек қойылмаған. Дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жеке иммунитетне мыналар жатады:
жеке басқа, тұрғын-жайға тиіспеушілік;
келген мемлекетінің қылмыстық заңи хұкімінен, сондай-ақ атқарушылық әрекетке қатысты тұрғыда азаматтық және әкімшілік заңи хұкімінен толық қорғалу иммунитеті;
қазыналық (салықтық) иммунитет.
Бұл орайда азаматтық заңи хұкіметтен қорғалу иммунитеті туралы ережеден үш нәрсеге айрықшалық белгіленген: дипломат немесе оның отбасы мүшесі жеке иеленетін жылжымайтын мүлік жөнінде сот тәртібімен талап қоюына, осы адамдар мұрагерлер болып табылатын мұралану ісі жөнінде талап қоюына, сондай-ақ олар жеке бастың пайдасын көздеп айналысып жүрген кәсіптік немесе коммерциялық қызмет жөнінде талап қоюына болады. Дипломатиялық қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің жеке қолжүгіне тиіспеушілік қолданылады. Алайда онда әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған заттар бар деп жорамалдауға елеулі негіз болса, Вена конвенциясында (2-бөлім, 36-бап) мүдделі тұлғалардың немесе оның өкілінің қатысуымен оның тексерілуі мүмкін екендігі көзделген.
Әкімшілік-техникалық
қызметкерлер де, егер олар келген
мемлекетінің азаматтары
Дипломатиялық
өкілдікке және оның
Дипломатиялық өкілдік иммунитеті мен артықшылықтарының негізгілеріне төмендегілерді атап көрсетуге болады:
Дипломатиялық өкілдік
Дипломатиялық агенттердің жеке артықшылықтары мен иммунитеттеріне мыналар жатады:
а) жеке басқа қол сұқпаушылық. Дипломатиялық агент қандай жағдайда болсын, қамауға алуға жатпайды. Мекендеуші мемлекет оған лайықты құрметпен қарауы және оның жеке басныа, еркіне, ар-лжданына қарсы мекендуші мемлекеттің мемлекеттік билік органдарынан болсын, сонымен қатар басқа тұлғалардан болсын озбырлықты болдырмау үшін тиісті шаралар қолдануы керек.
б) резенденциясына, мүлкіне және хат-хабарларға қол сұқпаушылыққа ие.
Дипломатиялық агенттердің жеке меншік резинденцияларды дипломаттық өкілдіктің үй-жайы сияқты қол сұқпаушылыққа орналасқан жеріне қарамастан ие: өкілдіктің ғимарантында, жалға алған жағдайда немесе қонақ үйдің нөмірі. Оның қағаздары, хат хабарлары мүлкі, сонымен қатар көліктері қол сұқпаушылыққа ие. Оларға тінту және басқа мәжбүрлеу әрекеттерін қолануға болмайды.
в) қылмыстық, азаматтық
және әкімшілік юрисдикциядан
Дипломатиялық агенттің үстінен тергеу органдары қылмыстық іс қозғамайды, ол жауапқа тартылмайды, оны сот органдары соттамайды, ол куәгер ретінде сотқа жауап бермеуі керек; ол айыпқа немесе өзге де әкімшілік шараларға тартылмайды.
Дипломатиялық агент, сонымен қатар азаматтық юрисдикциядан иммунитетке ие. Мекендік мемлекетте азаматық юрисдикция дипломатиялық агентке тек 1961 ж. Вена конвенциясының 31-бабында көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады, мысалы мұрагерлік туралы талап-арызды бергенде және дипломат мұраны орындаушы немесе мұрагер болған жағдайда, мекендеуші мемлекеттегі дипломаттың ресми қызметіне байланыссыз кәсіби немесе коммерциялық қызметіне қатысты талап-арыз берілгенде;
г) салық иммунитеті. Дипломатиялық агент жанама салықтарды, жеке табысқа салынатын салымдардан босатылады; нақты қызмет түрлеріне салынатын салымдарды қоспағанда, барлық салықтардын, алымдардан және баж салықтарынан, соның ішінде жеке және мүліктік салықтардан босатылады.
д) міндеттерге иммунитет. Мекендуші мемлекет дипломатиялық агентті барлық мемлекеттік және еңбектік міндеттерден олардың сипатныа қарамастан және әскери міндеттерден меншіктен айыпу контрибуция және әскери орналастырулардан босатуға міндетті.
е) кедендік артықшылықтар. Мекендік мемлекет дипломатиялық агентке өкілдіктің қажеттігіне арналған, сонымен қатар дипломаттың жеке қолдануына арналған заттарды алып келуге рұқсат етеді. Осы заттар тасымалдау, сақтау және осыған ұқсас қызметтерден басқа кедендік салықтардан, алымдардардан және баж салымынан босатылады.
Дипломатиялық агенттің жеке жүгі, мемлекеттің заңымен немесе карантиндік ережемен алып кіру және алып шығуға тыйым салынған заттардың барына түйінді негіз болмаса, тексеруден босатылады.
Әкімшілік-техникалық
құрамның және оның отбасы мүшелерінің
иммунитеттері мен
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР
2.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының халықаралық құжаттармен реттелуі
Дипломатиялық қатынастардың дамуы барысында қоғам дипломаттардың өз міндеттемелерін дұрыс орындауы үшін бір артықшылықтар мен имунитеттерге ие болуы қажет екендігін түсінді, мемлекетаралық қатынастардың тарихи барысндағы дипломатиялық қызметтегі әдет-ғұрыптар негізінде реттеу хаостық түрде болды.Әртүрлі аймақтарда елшілік әдет-ғұрыптардың нормалары әрқилы көрініс тапты.Тіпті,елшілерді қабылдамақ түгілі,қуғынға ұшыратқан кездерде болды, бұл кезеңде елші қызметін атқару қауіп туғызатын.Ал ортағасырлық Еуропада керісінше «елшілік квартал» нормасы қалыптасқан. Бұл кейіннен жойылған норма,кез-келген адам тіпті қылмыскер «елшілік кварталға» кірген сәтінен бастап жазалау қатаерінен босатылатындығын білдіреді.Қазіргі кезде дипломаттар мен олардың жұмыс орны мен олардың тұрғылықты қол сұғылмаушылық артықшылықтарына ие болады.
Имунитет ұғымы
дипломатиялық және консулдық құқықтағы
негізгі ұғымдардың біреуі, «имунитас»
деген латын сөзі тәуелсіз, тартылмайды
деген мағынаны білдіреді. Халықаралық
келісім,конвенциялардағы имунитет және
артықшылық ұғымдарын айыра білу қажет.
Артықшылықтар деп мемлекет басшылары
мен олардың өкілдерінің артықшылықтарының
ең елеулілері ретінде қол сұғылмаушылық
пен кемсітушіліктен қорғау құқығын, белгілі-бір
жағдайларда арнайы эмблемалар мен белгілерді
пайдалану құқығын шетелдерде өзінің
арнайы байланыс құралының болуына деген
құқықты және басқаларды айтуға болады.
Имунитет деп мемелекет басшыларының,үкімет
басшылары мен мүшелерінің,шетел мемлекеттерінің
парламент мүшелері мен өкілдерін,сондай-ақ
шетелдегі мүліктер мен мемлекеттік кемелердің
дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің
сотының қаупсіздік қызметінің, қаржылық
аппаратының мәжбүрлі әрекеттерінен қорғалуын,
оның ішінде талап арыздан,қамаудан,тінтуден,
Информация о работе Халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларына жалпы сипаттама