Халықаралық құқық
доктринасында дипломатиялық өкілдіктер
мен олардың персоналдарының
мәртебелерін халықаралық құқықтық
реттеу үрдістері бар.
Халықаралық-құқықтық реттеуге екі үрдіс тән;
біріншісі,имунитеттер мен артықшылықтарды
шектеуге бағытталса, екіншісі;оларды
дамытуға бағытталған. Олар дипломатиялық
өкілдік орналасқан мемлекеттің мүдделері
мен оларды жіберген мемлекеттердің мүдделері
арасындағы объективті қайшылықтарға
негізделген. Былай қарағанда, мұндай
қайшылықтары болмауы керек, өйткені әрбір
бір мезгілде жіберуші де дипломатиялық
өкілдік орналасқан мемлекетте де бола
алады. Дегенмен мемлекеттер арасында
саяси жүйелерде,халық саны мен географиялық
жағдайларда,қаржылық және басқа да мүмкіндіктердің
сипатында,халықаралық аренадағы нақты
мемлекеттердің әсер етуінде өзгешеліктері
болмай қалуы мүмкін емес.
Дипломатиялық
имунитеттер мен артықшылықтарды
шектеу үрдісіне негізінен егеменді
болған мемлекеттер жақын келеді. Мұны олардың
көбіне-көп тіркеуші мемлекет ретінде
емес,дипломатиялық қатынасқа келген
мемлекет ретінде мәжбүрлі түрде қатысумен
түсіндіруге болады.Өйткені олардың алдында
тұрған қаржылық және кадр проблемалары
дамыған мемлекеттермен қатар шетелде
дипломатиялық өкілдікті ұстап тұруға
мүмкіндік бермейді, Мысалы,егеменді бірқатар
мемлекеттер бір тарапты тәртіпке шетелдің
дипломатиялық өкілдіктерінің персонал
санына квоталық шектеулер бекіткен жергілікті
лауазымды адамдармен дипломаттардың
байланыс жасауына шектеулер енгізілген,шетелдік
дипломаттардың жүріп-тұруына рұқсат
беру немесе хабарлау тәртібі көзделген
шетелдің дипломатиялық поштасын қарау
Имунитеттер мен
артықшылықтарға байланысты күрделірек
мәселелердің бірі, олардың беру қажеттігін
теориялық негіздеу болып табылады.
Осы заманғы заң әдебиеттерінде үш теория
қрастырылады:эксаумақтық,қызметтік қажеттілік
және өкілдік теориясы.
Дипломатиялық
өкілдіктің негізгі имунитеттері мен
артықшылықтары жүйесі:
- Ғимараттың қол сұғылмайтындығы;
- Мұрағаттарға,құжаттарға,хат-хабарларға қол сұғылмайтындығы;
- Дипломатиялық қатынас құралдары имунитеттерінің проблемалары;
- Тіркеуші мемлекетпен қатынасу бостандығы.
Дипломатиялық
өкілдік басшысы дипломатиялық
агентке берілген артықшылықтар
мен имунитеттерді толық иеленеді.Сонымен қатар
ол өз мемлекетінің жалауын көтеруге,
діни дәстүр жасау үшін кішкентай шіркеу
иеленуге,баспаларды алуға,мемлекетің
өкілі ретінде өзіне қызмет көрсетілуге
құқылы.
Имунитетттер
мен артықшылықтарды иеленуге құқығы
бар әрбір тұлға оларды мекендік мемлекеттің
аумағына келген кезден бастап иеленеді,яғни
шекарадан өткен кезден бастап,егер тұлға
мекендеуші мемлекеттің Сыртқы істер
министрлігіне оның тағайындалуы туралы
ескеткен кезден бастап аталған құқықтарға
ие болады. Егер дипломатиялық агент үшінші
мемлекетің аумағына алдын-ала келісіп
өтетін болса,үшінші мемлекет оны тағайындалған
орнына жету үшін немесе одан қайту үшін
қажетті қол сұқпаушылық және басқа да
қамтамасыз етеді.
Имунитеттер
мен артықшылықтардың күші оны
пайдаланатын тұлға өз қызметін тоқтатқанда
және сол тұлға мекендеуші мемлекеттен
кеткенде немесе белгіленген қызмет мерзімі
аяқталғанда тоқтатылады. Артықшылықтар
мен имунитеттер дипломатиялық агентке
лауазымды тұлға ретінде беріледі,сондықтан
да ол олардан өз мемлекетінің үкіметінің
рұқсатынсыз бас тарта алмайды.Өзінің
дипломатиялық агентінің артықшылықтары
мен имунитеттерінен тек аккредиттелінген
мемлекет бас тарта алады.
Мекендік мемлекетке қатысты
дипломатиялық агенттің міндеттері
1961 жылғы Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық агенттер:
- мекендік мемлекеттердің заңдары мен үкімдерін құрметтеуге;
- мекендік мемлекеттің ішкі істеріне араласпауға;
- мекендік мемлекеттегі барлық ресми оның Сыртқы істер министрлігі арқылы немесе аккредиттелген мемлекет пен мекендік мемлекеттің арасындағы тиісті келісім бойынша басқа министрліктер арқылы жүргізуге;
- өкілдіктің үй-жайын өкілдіктің міндетіне сәйкес келмейтін мақсаттарда қолданбауға(мысалы,қылмыскерге баспана беру);
- радиохабарларды мекендік мемлекеттегі өкілетті органдардың келісімімен ғана таратуға және пайдалануға міндетті.
БҰҰ және басқа ұйымдардың
жанындағы мемлекеттердің тұрақты
өкілдіктері. Мемлекеттің сыртқы қатынас орнатудағы
шетелдік органдарына БҰҰ-ныңжәне басқа
халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттің
тұрақты өкілдіктері жатады.Осы органның
құқықтық мәртебесін 1975жылғы 14-наурыздағы
мемлекеттің әмбебептық сипаттағы халықаралық
ұйымдар мен қатынастардағы өкілдіктер
туралы Вена конвенциясы реттейді. Мемлекеттің
тұрақты өкілдіктері – бұл халықаралық
ұйымдарда өз мемлекетін таныстыратын
және белгілі-бір қызметтерді атқаратын
мемлекеттік органдар.
Дипломаттың
жеке басына қол сұқпаушылық имунитеті
Дипломатиялық
және консулдық құқықта жеке
басқа қол сұқпаушылық имунитеті
дипломаттарға берілетін негізгі
имунитет ретінде танылады.Өйткені
жеке басқа қол сұқпаушылықтың
негізінде дипломаттар мен консулдарға
басқа да имунитеттер мен артықшылықтарды беру қамтамасыз етіледі.
Халықаралық
құқықтың қазіргі доктринасы
жеке басқа қол сұқпаушылықтың
мазмұнын қабылдаушы мемлекеттің
билік рогандары мен азаматтары
тарапынан туындайтын қандай
да болмасын мәжбүрлеу шараларының
әсерінен босату деп түсіндіреді.Соның негізінде жеке басқа
қол сұқпаушылық имунитеті дипломатқа
қатысты заңдық мәжбүрлеу шаралрын қолданбауға
кепілдік береді және оларды мемлекеттік
органдар мен жеке тұлғалардан төнетін
кез-келген қол сұғушылықтардан қорғауға
міндеттейді. Дипломатиялық өкілдерді
қабылдайтын мемлекеттің мынадай міндетті
екі түрлі сипатқа ие: біріншісі «бәсең»
немесе «белсенді емес» міндет. Бұл белгілі-бір
әрекеттерді мәселен, қамау немесе ұстауды,
дипломат пен консулға қатысты қолданудан
тартыну; екінші белгісі, «белсенді» міндет
дегеніміз, дпиломатты жергілікті лауазымды
және жеке тұлғалардың тарапынан болатын
кез-келген күштеу әрекеттерінен қорғау.
Осы тұста ең алдымен, дипломаттарға имунитеттер
мен артықшылықтарды,соның ішінде, жеке
басқа қол сұқпаушылық имунитетін беруді
құқықтық тұрғыдан қамтамасыз еткен маңызды
құқықтық құжатты атап өту керек.1961 жылғы
«Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена
конвенциясы. Оның 29-бабында «дипломатиялық
агенттің жеке басына қол сұғылмайды,
ол қандай да болмасын нысанда қамауға
немесе ұсталуға жатпайды, қабылдаушы
мемлекет оған тиісті құрметпен қарауға
және оның жеке басына ,бостандығы мен
қадір қасиетіне нұқсан келтіріп,қол сұғуын
кез-келген әрекеттердің алдын-алу жөніндегі
барлық шараларды қолдануға міндетті»
дпе көрсетілген. Аталған конвенциядағы
мұндай нормалар дипломаттардың жеке
басына қол сұқпау имунитеті туралы мынадай
алғашқы қорытындылар жасауға мүмкіндік
береді.Біріншіден; қабылдаушы мемлекеттің
дипломаты жергілікті лауазымды және
жеке тұлғалардың тарапынан төнетін заңсыз
іс әрекеттерден қорғауы туралы «белсенді»
міндеті орындалады. Яғни,дипломаттың
жеке басын,бостандығы мен қадір-қасиетін
қорғауда мемлекет тарапынан қамтамасыз
етіледі. Екіншіден;дипломаттың жеке басына
қол сұқпау имунитеті абсолютті болып
табылады.Қабылдаушы мемлекет дипломатты
қылмыстық жауапкершілікке мүлдем тарта
алмайды,бірақ бұл жерде қабылдаушы мемлекеттің
немесе жекелеген азаматтардың арыздары
бойынша қылмыс жасаған дипломатты өз
елінде жауапқа тарту жоққа шығарылмайтынын
айта кеткен жөн. Дипломаттар жеке тұлғалардың
қол сұғуынан қорғауды қамтамасыз ету
міндеті теорияда да,іс жүзінде де дипломатиялық
өкілдіктің қалыпты қызметін қамтамасыз
етудің аса маңызды шарты ретінде қарастырылады.
Шынында да,дипломатиялық лауазымды тұлғалардың
тиімді әрі қалыпты жұмыс істеуі олардың
жеке қауіпсіздігінің қадір-қасиеті мен
ар-намысын қорғаудықамтамасыз етпейінше
мүмкін болмайды.Соңғы ширек ғасырда өкінішке
орай,терроризмнің өршуіне байланысты
дипломаттар өміріне,қадір-қасиеті,ар-намысына
қол сұғу тұрақты үрдіске айналып келеді.
Шетелдік
дипломаттар терррористік актілер
үшін оңтайлы нысанға айналып
отыр,өйткені олар өз мемлекеттерінің
ресми өкілдері болып табылады
жәнесоған орай олардың қауіпсіздігіне
қуіп төндіріп,қол сұғылса,олар
бірден көпшілік назарына ілігеді.Бұған қоса,мұндай террористік актілер
мемлекетаралық қарым-қатынастарды нашарлату,екі
мемлекетарасына жік салу мақсатында
да жиі жасалады. Терроризмнің өршуі БҰҰ
жүйесінде дипломаттардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру
қажеттілігіне түрткі болды. Тұңғыш рет
бұл мәселе БҰҰ Бас Ассамблеясының XXII
сессиясында қарастырылған еді.Осының
нәтижесі ретінде БҰҰ-ның халықаралық
құқық комиссиясының 1973-жылғы 14-желтоқсандағы
халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға,соның
ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы
қылмыстардың алдын алу және солар үшін
жазалау туралы конвенцияның жобасын
жасап шығарып,оны мемлекеттердің мақұлдап,қатысуына
жол ашып берді.Конвенцияда қылмыстардың
заңдық құрылымы толық ашылған,оған мүше
мемлекеттерге дипломаттардың жеке басына
қол сұққан тұлғаларға қатысты тиісті
жаза көздеу міндеті жүктелген,сондай-ақ
қылмыскерлерді ұстап беру мәселелері
көрініс тапқан.
Сонымен
қабылдаушы мемлекеттің дипломаттар
мен консулдарының жеке басын
жеке тұлғалардың қол сұғуларынан
қорғау міндеті үш көп жақты халықаралық конвенциялармен,атап
айтқанда,1961 жылғы және1963 жылғы дипломатиялық
жәнеконсулдық қатынастар туралы Вена
конвенцияларымен,сондай-ақ жоғарыда
аталған 1973 жылғы конвенциямен белгіленген.
Қабылдаушы мемлекет тарапынан шет мемлеметтердің
дипломатиялық және консулдық өкілдерін
арнайы қорғауға алу шаралары мыналардан
көрініс табады:
- халықаралық құқық бойынша арнайы қорғауға ие,басқа мемлекеттердің өкілдерінің қауіпсіздігіне қол сұғатын тұлғаларға қатысты ішкі заңнама құқығындағы санкция көздейтін нормаларды көбейту мен қаталдандыру;
- халықаралық келісімдер мен конвенцияларға сәйкес жасалған қылмыс үшін жазаның болмай қоймйтындығына кепілдік беретін жүйені құру;
- қылмыстық құқық аясындағы заңнамаларды унификациялау,бұл өз кезегінде әртүрлі елдерде көзделген қылмыстардың салдары тұрғысынан алып қарағанда «жекелеген артықшылықтарды» жоюға мүмкіндік береді.
Жеке
басқа қол сұқпаушылық имунитеті
белгілі бір дәрежеде қабылдаушы
мемлекеттің аумғында заңсыз
іс-әрекетпен дегеніміз дипломатиялық функцияларға мүлдем жатпайтын
және олардың табиғатына мүлдем қайшы
келмейтін әртүрлі қылмыстық әрекеттер.Оларға
шпионаж,қару-жарақ,есірткі саудасын т.б.
қылмыстарды жатқызуға болады.Халықаралық
тәжірибеде осындай қылмыстарға бой алдырған
дипломатиялық қызметкерлер жиі кездеседі.
Белгілі фрацуз ғалымы Джон
Вуд пен Жан Серре атап өткендей,
«дипломатиялық агенттің жеке
басына қол сұқпаушылық кез-келген
уақытта оны қорғауға кепілдік
береді...Егерде ол өзін жіберген
мемлекет басшысының қадір-қасиетін,беделін түсіретін қызметпен айналысса
да,оған өзінің жеке басына зиян келтіретін
шаралар қолдана алмайды.Бірақ қабылдаушы
мемлекеттің иелігінде өз мүдделерін
қорғау қаралмайды.Бірақ, оларға дипломатиялық
агентті кері шақырып алуды немесе шақырып
жіберу жатады.»
Шетелдік
дипломатиялық агенттердің жеке
қауіпсіздігіне қол сұғушылықты
алдын алу мен ескерту ішкі
тұрақсыздық пн азаматтық соғыс
жағдайында да қабылдаушы мемлекеттің
құзіретіне жататындығы белгілі.Осы
мәселеде әлемдік тәжірибеде
орын алып отырған жағдайлар көрсеткендей,жергілікті
мүмкіндіктерге қарай дипломатиялық өкілдіктерлің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
мыналардан тұруы мүмкін:Дипломатиялық
мекеме,тұрғын үй-жайларыдың маңайларында
полицейлік бақылау орнату,дипломаттарға
қару ұстауға және оны өзімен бірге алып
жүруге рұқсат беру, дипломаттардың аттарына
жіберілетін пошта жөнелтілімдеріне бақылау
жасау және т.б.
Қабылдаушы
мемлекет дипломатиялық өкілдікке
қарсы қандай да бір қол
сұғушылықтың дайындалып жатқандығы
туралы ақпарат алғанда,олардың қауіпсіздігі үшін
ерекше жауаптылықта болады.Осындай жағдайларда
шетелдік дипломатиялық немесе консулдық
агенттердің жеке бастарына қол сұқпаушылықты
қамтамасыз етпеу қабылдаушы мемлекеттің
халықаралық құқықтық жауапкершілігін
туындатады,өйткені оның жауапты органдары
қол сұғушылықтың алдын-алу жөінде тиісті
қырағылық танытылған немесе өз міндеттеріне
жуапсыз болып табылады. Шетелдік дипломатиялық
агенттерге қол сұққандығы үшін кінәлі
адамдарды жазалау,жауапқа тарту,қабылдаушы
мемлекеттердің ұлттық қылмыстық заңнамаларының
нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстандық заңнамада мұндай
норма 1997 жылдың16-шілдесінде қабылданған
Қазақстан Респудликасының қылмыстық
кодексінде көзделген Атап айтқанда,163-бап
халықаралық қорғауға ие тлғаларға
немесе ұйымдарға шабуыл жасау
деп аталады.Бұл нормада қылмыстық әрекеттің субъективтік
жағына көңіл аударылуы қажет. Дәлірек
айтқанда мемлекеттің өкіліне немесе
халықаралық ұйымның қызметкеріне және
онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне
шабуыл жасау,сондай-ақ осы тұлғаларды
ұрлау немесе олардың бас бостандығынан
күшпен айырутек,соғыс өтін тұтандыру,яғни
халықаралық қатынастарды әдейі шиеленістіру
мақсатында жасалғанда ғана қылмыскердің
ерекше жауаптылығын белгілейді.Егер,халықаралық
қорғаудағы тұлғаларға қол сұққан адамда
ондай мақсаттар болмаса,онда ол қылмыстық
кодексте көзделген жалпы санкциялар
бойынша жауапқа тартылады. Бірақ,тәжірибе
жүзінде сол бір немесе өзге тұлғаны дипломатиялық
агентке қол сұғудағы мақсаты нақты соғыс
өртін тұтандыру немесе халықаралық қатынастарды
қасақана шиеленістіру болғандықтан,дәлелдеу
оңай емес екендігін айта кеткен жөн.Тәжірибеде
дипломатиялық өкілдіктердің жәбірленген
немесе зақым көрген қызметкерлеріне
қабылдаушы мемлекетпен материалдық өтемақы
талап етуі жиі кездеседі.Дипломатқа келтірілген
залалдың орнын толтыру жөніндегі қабылдаушы
мемлекеттің міндетін,жауаптылығын көздейтін
нақты нормалар халықаралық құқықты жоқ.Ал
мұндай қиын мәселенің шешімін дипломатиялық
өкілдікке келтірілген залалды өтеу жөніндегі
жағдаймен байланыстыра қарау қажет.Әрине,егер
қабылдаушы мемлекет дипломатты немесе
консулды жеке тұлғалардың қорғау жөніндегі
міндетін орындамаған болса,онда ол келтірілген
залалды өтеуге тиіс.Дипломатиялық тәжірибеде
дипломаттарға немесе консулдарға келтірілген
залалдардың шығынын өтеу сирек кездеседі,әдетте
оны жіберген мемлекет арасындағы достық
қарым-атынастың қаншалықты тереңдігінде,өзара
мүдделігіне байланысты кейде мүлде өтелмей,ал
кейде сөзсіз өтелуі мүмкін.
Қазақстандағы
шетелдік дипломатиялық және
консулдық өкілдіктер негізінде
Алматы және Астана қалаларында орналасқан.Олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету,әсірісе 2001 жылғы 11-қыркүйектегі
АҚШ-та орын алған террорлық актіден кейін,сондай-ақ,2003
жылдың сәуірінде,АҚШ-тың Иракқа қарсы
соғыс ашу қарсаңында өте күшейеді және
бірінші кезектегі мәселелердің бірі
болып табылады.Өйткені,АҚШ-тың бұл әрекеті
дүние жүзінің көптеген елдерінде де басқыншылық
әрекет дептанылып,жер-жерде қарапайым
халықтардың наразылық шерулері өтіп
жатты.Шетелдік өкілдіктер орналасқан
ғимараттарды ішкі істер министрлігінің
екі бөлімшесі:Алматыда полиция полкы
мен Астанада полиция ротасы күзетуде.Алматыдағы
полк 68 дипломатиялық өкілдіктің қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.Жалпы Алматыдағы дипломатиялық
корпустың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бір мыңға жуық полиция қызметкерлерін
жұмылдыру қажет екен.
Қазақстан
шетелдік дипломатиялық және
консулдық өкілдіктерінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық
міндетін іс жүзінде ойдағыдай
орындауда.Алайда,елшілік және консулдық
өкілдіктердің қызметкерлерін өлтіру
немесе жәбірлеу сияқты фактілер сирек болса да орын
алып отыр.Дипломатиялық және консулдық
имунитеттер,соның ішінде жеке басқа қол
сұғумаушылық имунитеті репрессалий тәртібінде
де бұзылуы мүмкін. Дипломатиялық және
консулдық өкілдердің жеке басына қол
сұғумаушылығын көп мемлекеттер тарапынан
репрессалий тәртібінде бұзу бұрыннан
келе жатқан «дәстүр».Репрессалий дегеніміз
бір мемлекетпен екінші мемлекеттің заңсыз
әрекетттеріне жауап ретінде қолданылатын
мәжбурлеу шаралары.Бұл жерде мынадай
мәселеге көңіл аударған жөн,репрессалий
тәртібінде дипломатиялық және консулдық
имунитеттерді бұзу кез-келген халықаралық
құқықтық бұзушылықтарға қолданыла ма,әлде
тек өзөкілдерінің бұзылған имунитеттеріне
ғана жауап ретінде қолданылады ма деген
сұрақ туындайды.Дипломатиялық имунитеттерді
репрессалий тәртібінде бұзу құқығы доктринада
ешкімнің тарапынан жоққа шығарылмайды.Жалпы,дипломатиялық
имуниттерді репрессалий тәртібінде бұзу
іс жүзінде,тәжірибеде бар және ол қажет
болған жағдайда мойындалуға тиіс.
Дипломатиялық агенттің жеке
басына қол сұқпау имунитетін қамтамасыз
ету ең алдымен оның өзінің қоғамдық тәртіп
пен қаупсіздікті қорғауға бағытталған
қабылдаушы мемлекеттердің заңдары
мен ережелеріне тиісті түрде құрметтеуін.оның
басқа адамдарға зиян келтіруінің алдын-алу
үшін оған мәжбүрлеу шараларын қолдану
қажеттілігін тудыратын барлық барлық
іс-әрекеттерден тартылуын қажет етеді.Теория
жүзінде дипломатиялық тұлғалардың жеке
басына қол сұқпау имунитеті оларға ешқандай
мәжбүрлеу немесе куштеу шараларын қолданбауды
көздесе,ал іс жүзінде,кей жағдайларда
белгілі-бір дәрежеде оларға күш көрсетілуі
де мүмкін.Бұл алдымен,жеке тұлғалар тарапынан
туындауы мүмкін.Оған жеке тұлғалардың
өзін-өзі қорғау мақсатында дипломатиялық
тұлғаға көрсететін қарсылығын жатқызуға
болады.Демек, егер дипломат жеке тұлғаға
қарсы дене күшін қолданатын болса,жәбір
көруші тұлғаның тарапынан көрсетілген
қарсылық және соның барыснда дипломатқа
көрсетілген дене жарақаты,яғни басқа
да зиян жеке басқа қол сұқпаушылық имунитеті
бұзылды деуге негіз бермейді.Ендігі жерде
дипломаттар жеке басының қол сұқпаушылығы
соғыс уақытында қалай және қандай шекте
сақталатындығына тоқтала кетейік.Егер
соғыс басталған уақытта өзара жауласушы
мемлекеттердің дипломаттары қабылдаушы
мемлекеттен шығып үлгермесе, оларға тиісті
құжаттар беріле отырып жергілікті азаматтарды
қоспағанда,бүкіл персоналды тез арада
қабылдаушы мемлекеттің аумағынан кетудің
бағыттары мен қажетті уақыт беріледі.1961жылғы
Вена конференциясының 44-бабына сәйкес
«қабылдаушы мемлекет қарулы қақтығыс
жағдайында да,қабылдаушы мемлекеттің
азаматтары болып табылмайтын ,имунитеттері
мен артықшылықтарды пайдаланатын тұлғалардың
азаматтығына қарамастан,осында тұлғалардың
отбасы мүшелерінің тез арада кетуіне
жәрдемдесуі тиіс».Вена конвенциясының
бұл нормасында қабылдаушы мемлекетінен
тез арада кетуге үлгермеген дипломаттардың
жағдайы туралы айтылмаған.Бұл орайда
осы мәселеге қатысты доктринада айтылған
ойларға жүгінгенді жөн көрдік.Кеңестік
заңгер Д.Б.Ливеннің айтуынша «Егер
дипломатиялық өкіл және өкілдік қызметкерлерінің
мүшелері өз кінәлары бойынша белгіленген
мерзімнен артық уақыт кідіретін болса,олар
соғыс тұтқындары ретінде жариялануы
мүмкін».Бірақ бұл мерзім өткенге дейін
қабылдаушы мемлекет олардың барлық имунитеттерін
және соның ішінде,бірінші кезекте,жеке
басқа қол сұқпаушылықты қорғауға тиіс.Бұл
халықаралық құқықтың жалпыға танылған
ережесі.Біз дипломатиялық агенттіктердің
имунитеттері,соның ішінде,олардың басына
қол сұқпаушылықтың соғыс уақытында да
сақталуға тиіс екндігімен толық келісеміз.Бірақ
олар белгіленген мерзім ішінде қабылдаушы
мемлекеттен кетпеген жағдайда соғыс
тұтқындары ретінде ұсталуы мүмкін деген
пікірмен келісе алмаймыз.Себебі,дипломатиялық
агенттер бір мемлекеттің өкілдері болғанымен.олар
сол мемлекеттің ғана емес,халықаралық
қорғауда блатын тұлғалар.Дәлірек айтсақ,олардың
құқықтық жағдайы,имунитеттері мен артықшылықтары
халықаралық құқықтың нормалары негізінде
беріледі.Сондықтан,екі мемлекеттің арасында
соғыс туындаған жағдайдың өзінде де,лоардың
аумағында орналасқан бір-бірінің және
үшінші мемлекеттердің дипломатиялық
өкілдері халықаралық қорғаудағы азаматтар
ретінде танылып,кез-келген жағдайда олардың
бостандығын шектемеуге тиісті деп ойлаймыз.