Халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларына жалпы сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Біріккен Ұлттар Ұымының мәліметтері бойынша осы бүгінгі күнде Жер ғаламшарында 2030-ға тарта мемлекет бар көрінеді.Алуан түрлі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеу зерделеу үшін заң ғылымында құқықтық жүйе ұғымы қолданылады.Құқықтық жүйе нақты мемлекеттің тұтастай алынған құқытық болмысының бәрі.Құқықтық жүйе ұғымына құқықтық құбылыстардың мол тобы норматывтік,ұғымдық, мәдени-әлеуметтік аспектілер,құқытық феноменінің жақтары кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының түсінігі және тарихы...................................................................................................................5
1.2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің түрлері...............................................................................................................9
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР
2.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының халықаралық құжаттармен реттелуі...........................................................................................13
2.2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының ұлттық деңгейде реттелуі.................................................................................................................22
2.3. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының артықщылықтары мен иммунитттерінің қазіргі кездегі алғышарттары....................26

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................31

Работа содержит 1 файл

Курсовой ШУГА..doc

— 209.50 Кб (Скачать)

                                             МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ................................................................................................................3

 

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҰЙЫМДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ  ТҰЛҒАЛАРЫНА  ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының түсінігі және тарихы...................................................................................................................5

1.2. Халықаралық  ұйымдар мен олардың лауазымды  тұлғаларына берілетін  негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің түрлері...............................................................................................................9

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР

2.1. Халықаралық  ұйымдар мен олардың лауазымды  тұлғаларының халықаралық құжаттармен   реттелуі...........................................................................................13

2.2. Халықаралық  ұйымдар мен олардың лауазымды  тұлғаларының ұлттық деңгейде реттелуі.................................................................................................................22

2.3. Халықаралық  ұйымдар мен олардың лауазымды  тұлғаларының артықщылықтары мен  иммунитттерінің қазіргі кездегі  алғышарттары....................26

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     КІРІСПЕ

 

Біріккен Ұлттар Ұымының мәліметтері бойынша  осы бүгінгі күнде Жер ғаламшарында 2030-ға тарта мемлекет бар көрінеді.Алуан  түрлі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеу зерделеу үшін заң ғылымында  құқықтық жүйе ұғымы қолданылады.Құқықтық жүйе нақты мемлекеттің тұтастай алынған құқытық болмысының бәрі.Құқықтық жүйе ұғымына құқықтық құбылыстардың мол тобы норматывтік,ұғымдық, мәдени-әлеуметтік аспектілер,құқытық феноменінің жақтары кіреді.

Әрбір мемлекеттің  құқықтық жуйесі қоғам дамуының заңдылықтарын,оныңы тарихи,ұлттықмәдени ерекшеліктерін бейнелейді.Әрбір мемлекеттің өзінің құқықтық жүйесі болады.Оның басқа мемлекеттердің құқықтық жүйелерімен ортақ болып келетін ерекшеліктерімен қатар айырмашылықтары да, яғни өзгешеліктері де болады.Құқықтық жүйелердің дамуында сабақтастық байқалады.Мысалы, дәстүрлі құқықтық құндылықтар  жаңа құндылықтармен өзара ықпалдасады.Ал, бұл жаңа құндылықтарды басқаруға құқықтық жүйеден немесе жүйелерден дәстүрлі құқықтық жүйе қабылдап алып жатады.

Құқықытық жүйелер өздерінің  элементтерінің ұқсастығы,тұтастығы бойынша топтарға «құқытық отбасыларға бөлінеді» бірігеді.Осы құқықтық отбасыларды роман-гермендық, англо-саксондық, мұсылмандық құқықытық  отбасы, социолистік құқықтық отбасы және діни-дәстүрлік деп бөліп қарастырылады.Әрбір құқықтық отбасының өз даму тарихы, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын көруге болады.

Өзектілігі: біз үшін  басқа мемлекеттердің  құқық құрамын тым болмаса жалпы сипатта елестетуі тиіс, ал қандай да бір болмасын құқықтық жүйе туралы мағлұмат алу үшін құқықтық отбасы сияқты  түсінік туралы білуі қажет.Әр құқытық отбасының  ерекшеліктерін білу біз қызығушылық білдірген  мемлекеттердің құқығы туралы қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың  объетісі: қоғамның құқықтық жүйелерінің олардың ішінде:роман-германдық, англо-саксондық және мұсылмандық құқықтық отбасыларына жалпы тоқаталып, әрбір құқықтық отбасының өз даму тарихы, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қарастырамын.

   Мысалы: роман-германдық құқықтық отбасы  бар елдерінде жазбаша конституциялар бар. Роман-германдық құқықтық отбасының барлық елдерінде

құқықтық норманы  бірдей түсінеді, бағалайды және талдайды.Ғылым  құқығының еңбектерінің көмегімен  құқық нормасы жоғары деңгейге котерілді. Роман-германдық құқық отбасында  қабылданған құқықтық  норма түсінігі оны континенталды Еуропада қалай түсінеді, сол түрде кодификация түрі болып табылады.Бұлардың нормаларында ең жоғарғы заң күші бар деп танылады. Ал,  англо-саксондық құқықтық отбасында сот құқық жасаушы болады және оның шешімдері заңдармен қатарлас  қолданылып, құқықытың қайнар көздері болып табылады.Мұсылмандық құқықытық отбасында ислам діні бойынша барлық әдет-ғұрып Алланың әмірімен жаратылған деп айтады.Өзінің мемлекетінің ғана құқығын білу заңгерді заңды нормаларды барабар бағалауға қабілетсіз қылады, өйткені оған өзінің мемлекетінің құқығын салыстыратындай түк те жоқ.Заңтануға аз ғана қатысы бар қарапайым қызметші деңгейінде білу ол аса үлкен күнә емес, ал құқықты қалыптастыруға, өзгертуге қандай да бір әдіспен әсер етуге қабілеті бар адам үшін бұл үлкен бір жіберілген қателік, өйткені адам шетелдің құқығын білмесе, басқа бір мемлекетте бұрындағы құрылған велосипедті қайтадан ойлап шығуға тура келеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне жалпы сипаттама беріп,құқытық отбасылардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, ерекшеліктерін ажырата отырып сол жүйелердің өмірге келу тарихынан қазыргы қоғам өміріне дейінге өзгерістерді талдап зерттеу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне жалпы сипаттама беру;
  • Қазақстан Республикасының құықтық жүйесі басқа құықытық жүйелерден айырмашылығын, ерекшеліктерін аңғару;

 

Тақырыптың  зерттелу деңгейі: Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі құқықтық жүйелердің түрлері мен құрылымы жағынан және тақырыпты толық ашып берумен сипатталады.

Теориялық және тәжірибелік маңызы: Бұл курстық жұмыстың зерттеу принциптілігімен, жан-жақты қарастырылуымен құнды.

         Жұмыс құрылымы: кіріспеден басталып, сегіз тараушаны қамтитын үш бөлімнен және қорытындыдан аяқталады.

 

 

 

 

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ  ТҰЛҒАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

 

1.1. Халықаралық  ұйымдар мен олардың лауазымды  тұлғаларының түсінігі және тарихы

 

     Халықаралық  ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы  – шаруашылық өмірді интернационализациялауға көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі.

     Халықаралық ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары – конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органда құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.

     Халықаралық  ұйымдардың пайда болып дамуына  дүниежүзілік сауда, сондай-ақ, діни  конфессиялар да әсер етті. Ал  халықаралық ұйымдар өздерінің  қазіргі мағынасында бұдан жүз  жылдай бұрын қалыптаса бастады.  Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделенуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты

     Халықаралық  ұйымдарды құрудағы жеңілдіктер  қатарына сол уақыттың өзінде  халықаралық құқықтың бірқатар  нормалары мен институттары қызметінің қалыптаса бастағаны да әсер етті. Ең алғашқы ірі халықаралық ұйымдардың қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864ж.), халықаралық телеграф одағы (1865ж.), Дүниежүзілік почта Одағы (1874ж.), Халықаралық өлшем және салмақ Комитеті (1875ж.), әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886ж.), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890ж.), Халықаралық Темір жолы, тауар қатынасы Одағы (1890ж.) жатады.

     Кейінгі  жылдары халықаралық ұйымдардың  саны жедел қарқынмен арта  түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 20000 мыңға жуықтады.

     Соңғы  уақыттағы Халықаралық ұйымдар  санының күрт өсуі халықаралық  қатынастардың орасан жандануымен  және олардың күрделене түсуімен  түсіндіріледі. Саяси, экономикалық  қатынастардың қарқынды дамуына ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді. Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды.

     Жекелеген  елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық ұйымдардың  бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мұндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісіедер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.

     Халықаралық  жағдайдың өзгеруіне байланысты  халықаралық ұйымдар да өзгерістерге  ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын  қайта құруға ұмтылса, басқа  біреулері өз қызметтерін доғарады.

     Халықаралық  ұйымдар халықаралық қатынастар  жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты және негізгі элементі – мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Сондықтан халықаралық ұйымдары халықаралық қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру қажет. Халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре береді.

     Енді  халықаралық ұйымдар түсінігінің  негізгі бес белгісін қарастыруға  болады.

  1. Келісімдік негіз. Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі.
  2. Белгілі мақсаттардың болуы. Белгілі бір мақсатта құрылуы олардың заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын анықтайды.
  3. Өзіне сай ұйымдық құрылымы, яғни ынтымақтастық механизмін құрайтын тұрақты органдар жүйесінің болуы.
  4. Ұйымдардың дербес халықаралық құқықтары және міндеттері болуы, олардың құқықтық еркі бар заңды тұлға ретінде қалыптасуы.
  5. Халықаралық құқық талаптарына сай құрылуы, яғни өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормалары шеңберінде жүргізуі.

     Халықаралық  ұйым дегеніміз – халықаралық  құқық субъектісі болуға мүмкіндігі  және тұрақты түрде қызмет  атқаратын мекемелері бар, халықаралық  құқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы  қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық ұйымдар ХIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықаралық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 жылы швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 жылы Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жүмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 жылы құрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған 1 –ші және 2- ші дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін құруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 жылы Ұлттар Лигасы құрылды. 1945 жылы Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. ХХ ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. ХХI ғасырдың басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді

Олар:

1. Біріккен Ұлттар  Ұйымы (1945). Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.

Көзі қарақты  көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас  Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ.

2. Халықаралық  валюта қоры (1945). Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.

ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.

ХВҚ-ның негізгі  міндеттері:

халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;

халықаралық сауда  өсімін теңестіру және кеңейтуді  жеңілдету;

Ммүше мемлекеттер  арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;

көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу

мүше мемлекеттерге  төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну;

халықаралық төлем  баланстар теңсіздігін бұзушылықты  қалпына келтіру.

Бүкіләлемдік  сауда ұйымы (1995),

Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949),

'Мұнай экспорттаушыелдер  ұйымы (ОПЕК, 1960) және т.б.

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді, үкіметаралық ұйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: *Парламентаралық одақ (1889),

Информация о работе Халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларына жалпы сипаттама