Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:55, реферат
Мақсаты: бүкіл әлемде соғыс қауіпін болдыртпау, және мемлекетаралық қатынастың дамуы болып табылады. Халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан – Иосиф Сталин, АҚШ тан – Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан – Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон – Оксе (АҚШ).
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Ұсыныстар.
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
3. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы
күрес
4. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста
5. Қырып жоятын қару-жарақ қауіпі
6. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Корея Халық Демократиялык Республикасы 2003 жылғы қаңтарда елдің ұлттық қауіпсіздік мүддесін негізге ала отырып, ядролық қаруды таратпау туралы Шарттан шығатындығын жариялады. Енді соның себептеріне тоқталайық. Біріншіден, АКДІ Президенті Джордж Буш 2002 жылдың 30 қаңтар күні Конгресс мүшелерімен кездесуінде жаппай кырып-жоятын карулар иеленуге ұмтылып отырған Солтүстік Корея, Иран және Ирак режимдерін «Зұлымдық орындары» («Оси зла») деп атады. Оның үстіне Ирактағы соғыс елдің қауіпсіздігін сақтау үшін басқыншыны тоқтататын қуатты күш қажет деп көрсетті КХДР-ның сыртқы істер министрлігі. Екіншіден, 1994 жылы АҚШ Солтүстік Кореямен Ионбендегі атом электрстансасын жауып, 2003 жылға таяу осы елде жаңадан екі реактордан тұратын станса жасау жөнінде және олар тек бейбіт мақсатта пайдаланатындығы туралы келісімге қол қойылды. Жабылатын атом электр стансасының компенсациясы (қайтарымы) ретінде АКШ жыл сайын 500 мың тоннаға жуық отын беретіндігі жөнінде атап көрсетілді. 2002 жылдың күзінен бастап АҚШ Солтүстік Кореяға отын беруді тоқтатты. Нәтижесінде КХДР Оңтүстік Корея мен Жапонияға жетіп баратын ядролық оқтұмсыктармен жарақталған зымырандарға ие. Онда Аляска мен Гавайға түсіретін ядролық қару жасалуда.
Әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке жеңіл атыс қаруын заңсыз тарату да зор катер төндіріп отыр. Кофи Аннанның айтуынша, ол «жаппай қырып жоятын каруға» айналды. Женева халықаралық зерттеу институтының мәліметі бойынша 2004 жылдың басында әлемде 550 миллионнан астам атыс қарулары бар, оның 200 миллионы АҚШ-та. 1990 жылдан бері сол қаруларды қолдану нәтижесінде әлемде 5 миллион адам қаза тапты.
2001 жылғы
шілдеде Нью-Йоркте Біріккен
Сонымен, адамзаттың алдындағы ең кезек күттірмейтін міндеттін бірі — жаппай кырып-жоятын қару-жарақты толығымен жою, сөйтіп қазіргі және болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сүруге жағдай жасау болып табылады.
5.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: халықаралық байланыстарымызды дамыту үшін бірнеше мәселені қатар шешуге тура келді, атап айтқанда, Қазақстанды халықаралык дәрежеде мойындатып, онын қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экононикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды, — деп атап көрсетті. Бұл аса қиын да күрделі міндеттерді орындау үшін дүниежүзі мемлекеттері басшыларымен, жетекші экономикалық алыптармен, халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізілді, шетелдермен және халықаралық ұйымдармен 800-ден аса құжаттарға қол қойылды.
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы алатын орны мен рөлін анықтау үшін еліміздің географиялык, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы мен мүмкіндігі ерекше маңызды болып отыр. Ең бастысы — Қа-зақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен аймағындағы жолдардың торабында орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Таяу көршілер — Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдері маңызды әлемдік орталыкқтар болып табылады.
Қазақстанның дүниежүзілік теңіз сауда арналарынан жырақ жатқанына қарамастан, біздің транзит әлеуетімізді пайдаланушы салалар болашақ дамуымызға зор көмегін беретіндігі аныкталып отыр. Оған дәлел, Онтүстік Шығыс Азия, Қытай, Үндістан мен Ежелгі Құрлық елдерінің дүииежүзілік сауда алмасу барысында көлік шығындарын төмендету қажеттігінен туындап отырғандығында.
Қазақстан өзінің географиялық жағдайын ескере отырып, халық-аралық аренада көп векторлық, яғни көп қырлы бағдар ұсынды. Оның мәнісі - таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бағытта стратегиялық міндет — еліміздің тәуелсіздігі, оның аумақтық тұтастығы мен шекарасының бұзылмайтындығы орындалды.
Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына сәйкес Еуразия пішіміндегі саяси және қауіпсіздікті сақтау бағытында ынтымақтастықты ұлғайтуға ерекше маңыз беріп отыр. Президент Н. Назарбаев өзінің Еуразия одағын құру бағдарламасын ұсынды.
Еліміздің геоэкономиқалық жағдайына талдау жасағанда дүниежүзілік қоғамдастықтың елімізді ХХІ-ғасырдағы негізгі энергия көздерін берушілердің бірі деп білуі есепке алынады, біздің мемлекетіміз мұнайдың, газдың, көмір мен уран кендерінің дүниежүзілік қорларын иеленушілер ішінде алдыңғылардың бірі екендігі белгілі.
Отандык
өнеркәсіпті дамыту үшін шетел инвестициялары
керек. 1997 жылдың бас кезінде елімізде
Инвестициялар жөніндегі
«Каспий шельфі» мен «Қарашығанақ» кен орындарын игеруге АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа мемлекеттердің ірі компаниялары мен капиталы тартылды..
Қазақстанның ТМД елдері арасында алатын орны да ерекше. 1997 жылы көктемде ТМД елдері Экономикалық Интеграциялық Ынтымақтастық Тұжырымдамасын қабылдады. Ал қазан айында Бішкекте ТМД елдері үкіметтері басшыларының кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды. Мұнда экономикалық құжаттардан басқа, ТМД елдерінің қорғаныс қабілетін арттырудағы ынтымақтастықты, олардың ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпорациясының пәрменділігін арттыру, ортақ шекара қауіпсіздігін күшейту мәселелері бар. Коллективтік қауіпсіздік туралы келісімге ТМД-нің тоғыз мемлекеті қол қойды; оған Украина, Молдово, Түрікменстан қатыспайды. Қазан айында Кишиневте ТМД елдері мемлекет басшыларының кеңесі өтті.
Қазақстан мен Ресей арасында 200-ден аса маңызды құжаттарға қол қойылды. Әскери саладағы мәселеде Қазақстан аумағындағы 240 қанатты ядролық ракетамен қаруланған «ТУ-95» МС сериялы40 стратегиялық бомба тастағыш ұшақты Ресейге алып кетуге байланысты оған компенсация ретінде 1995 жылдың шілде айынан бастап 41 авиациялық техника алынды, Балқаш көлі жағасындағы Сарышаған полигонынан жоғары уланған ракета отынын алып кетуге келісім жасалды. Қазакстан—Ресей арасындағы оңайлатылған азаматтық туралы келісімді Ресейдің Мемлекеттік Думасы 1997 жылы 17-тамызда ратификациялады, сөйтіп, бұл құжат күшіне енді.
Болашақта Каспий теңізін пайдалану жөніндегі мәселеде Қазақстан мен Ресей арасында бір-біріне тиімді келісімге келу міндеті тұр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Менің ойымша,
халықаралық қатынастардың
халықаралық қауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау
әлемдегі мемлекеттердің сыртқы саясатының негізі болып табылады.
Халықаралық
қатынастар жүйесіндегі Америка
Құрама Штаттарының алатын орны ерекше.
Сонымен қатар Германия, Жапония,
Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада,
Ресейдің әлемдік саясаттағы дипломатиясы
мен іс-әрекеттері маңызды орынға
ие. Қытай, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің
халықаралық қауіпсіздікті
Және тағыда бір проблемалардың бірі деп ғаламдастыру кезеңіндегі технология саласында мемлекеттер арасындағы табыстарымен қатар, оның кейбір теріс ықпалдарының бар екендігі анықталып отыр. Таяу Шығыс дағдарысы күрделі күйінде қалуда. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау қазіргі кезеңнің күн тәртібіне қойылып, бұл мәселеге әлемнің барлық мемлекеттері аса зор маңыз беруде деп ойлаймын.
Енді өз елімімізге келсек,Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігінің он алты жылында халықаралық қауымдастық және индустриялы дамыған елдер тарапынан тарихи бағалар алды. Ең алдымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты, Семей полигонын жабу, жалпыға бірдей ядролық сынақтарға тиым салу туралы шартқа қосыла отырып және Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің бірінші саммитін өткізу, әлемдік діндер лидерлерінің бірінші съезін шақыру нәтижесінде халықаралық қауіпсіздікке өз үлесін қосып отыр.
ХХІ-ғасырдың ғаламдық қатерлері – халықаралық лаңкестік, экстремизм, сепаратизм, есірткі саудасы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың іс-шараларын жүзеге асыруда ерекше белсенділік танытып отыр.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Москва, 1999