Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:55, реферат
Мақсаты: бүкіл әлемде соғыс қауіпін болдыртпау, және мемлекетаралық қатынастың дамуы болып табылады. Халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан – Иосиф Сталин, АҚШ тан – Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан – Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон – Оксе (АҚШ).
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Ұсыныстар.
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
3. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы
күрес
4. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста
5. Қырып жоятын қару-жарақ қауіпі
6. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1999 жылдың
акпанында «Өзбекстан ислам
Тек исламда
ғана емес, басқа діндерде де, фундаментализмнің
ұстанымдары мен қағидаларының
негізінде саяси партиялар мен
қозғалы-стардың
Қазақстан Республикасы Конституциясында: «Республиканың конституциялыкқ құрылысын күшпен өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет кауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді», — деп көрсетілген.
Әлемде солшыл экстремистер капиталистік құрылыстың негізіне қарсы күресуді мақсат етіп қойып, азаматтар капиталистік қанаудың құрбанына айналып отыр дегенді дәлелдеуге тырысуда. Олардың қатарына Италиядағы «Қызыл бригадаларды» жатқызуға болады. Соңғы кезде бұл ұйымның қызметі тоқтатылды.
Оңшыл экстремистерге Батыс Еуропадағы неонацистік топтарды қосуға болады, олардың мақсаты — демократиялық үкіметтерді құлатып, фашистік мемлекеттер құру, идеологиясы нәсілдік жеккөрушілікке және антисемитизмге негізделген. Сондықтан да неонацистер ұйымдаспаған топтардың ғана жиынтығы.
Әлемде есірткі саудасы адамзатқа аса зор қауіп төндірді. БҰҰ мәліметі бойынша қазіргі кезде (2002 ж.) бүкіл әлемде нашақорлар саны 200 миллион адамға жеткен (тек тіркелгендері ғана). Есірткі саудасымен айналысушылар жылына 500 миллиард доллар пайда тауып отыр, мақта өсіру бидай өсіруден отыз есе пайдалы екендігі анықталды. Әлемдік есірткі саудасы әлемдік көлемде сататын темір, болат, автомобильді қоса есептегендегіден жоғары тұр.
Есірткі
саудасының өршуінің себептері, алдымен,
әртүрлі елдердегі соңғы
Есірткі заттарын (героин) өндіру Оңтүстік Батыс Азияның, «Алтын жарты ай» — Ауғанстанның оңтүстігі, Пәкістанның солтүстігі, Иранның шығысы — ауданында мықтап қолға алынған.
Ауғанстаннан Еуропа елдеріне есірткі апару үш бағытта (жолмен) жүргізіледі: бірінші жол — Пәкістан теңіз порттары арқылы тасылады, мұнда есірткінің тен жартысынан көбі кетеді, екінші жол - Орталык Азия, Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия арқылы өтеді, мұнда есірткінің үштен бірі тасылады, үшінші жол — Иран арқылы салынған.
Наркобизнеспен айналысушылар жас кыздарды пайдаланады. Егер Тәжікстанда оларға героині бар капсулды жұткызып асқазан арқылы тасымалдайтын болса, ал Қырғызстанда мұндай тәсілден гөрі жыныс жолдарын пайдалануға мәжбүрлейді. Ал бұл өз кезегінде қыздарды бала туу кабілеттерінен біржола айырады. Мұндай соракылыктар ис-ламның ешкандай кағидасымен жанаспайды.
Онтүстік Шығыс Азияда «Алтын ұшбұрыш» аймағы (ауданы) - Лаос, Таиланд, Мьянма (Бирма) мак өндіруді кең жолға қойған. 2002 жылы мұнда өндірілген 2500 тонна апиынның 90 пайыздайы Бирманың үлесінде. Ал аталмыш ел Жапония, Австралия, Солтүстік Америка рыноктарына героин жеткізіп отырады. Латын Америкасында Мексика мен Колумбия есірткі саудасын дамыта отырып, көрші елдердің тұрғындарына ақ өлім апарып тұрады.
Есірткі саудасының өсуін тек қана адамдардың материалдық әл-ауқатының нашарлауына байланысты деп қарауға да негіз жоқ. Оған дәлел Америка Құрама Штаттарында жан басына шаққанда нашақорлар саны Қытай, Иран, Қазақстанға қарағанда көп.
Әлемдегі елдер есірткі саудасына қарсы күрес жүргізуде үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа Нидерланды, Бельгия, Германия, Португалия, Испания, Швейцария енеді. Бұларда есірткі заттарын сату жартылай жариялылық дәрежесінде, яғни әр адамның 30 грамға дейін гашиш, марихуана сақтауына рұксат берілген. Нәтижесінде, соңғы жылда Нидерланды Батыс Еуропаның «есірткі астанасына» айналды, сөйтіп, көрші елдеріне қауіп төндіріп отыр.
Екінші топқа Түркия, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Бан-гладеш, Индонезия, Малайзия, Таиланд, Египет, Сауд Арабиясы енеді. Бұл елдерде есірткі саудасына қатаң жаза колданады, есірткі таратканы және балаларды нашакорлыққа үйреткені үшін кез келген адам өлім жазасына дейін кесіледі.
Қытайда 1950 жылдан бастап есірткі саудасына қарсы мемлекеттік саясат жүргізіліп, ол жақсы нәтижелерін берді. 1995 жылдан бастап нашақорларды күштеп емдеу ережесі енгізілді, ол бойынша алғашқы курс — 6 ай, егер ол мерзімде ауру жазылмаса, ол адамды сот шешімі бойынша үш жылға еңбек лагеріне немесе түрмеге жібереді. Дегенмен осыған қарамастан Қытайда нашақорлар саны 900 мыңға жетеді деген мәліметтер бар.
Үшінші топқа Америка Құрама Штаттары, Үлыбритания, Франция енеді. Бұл елдерде есірткіні заңсыз сатумен айналысқандарға қатаң бақылау жасалған. Ұлыбритания мен Францияда нашақорларды күштеп емдеу жолға қойылған. Америка Құрама Штаттарында есірткі саудасымен айналысқандарға қылмыстық іс қозғалады, жазаның көлемі — өмір бойы түрмеде отыруға кесіледі, ал Еуропада, мұндай жаза мерзімі — 20-25 жыл. Қазақстан осы үшінші топқа енеді, мұнда жазаның мерзімі — 15 жыл бас бостандығынан айыру. Қазақстанда арнаулы мекеме — нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес Агенттігі құрылды, ол Интерполмен қатынасты дамытып келеді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Декларациясында (маусым 2002 жыл) былай көрсетілген: «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың, сондай-ақ қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымактастықты жандандыруға бекем бел буған. Олар бұл құбылыстарды трансұлттық қатерлер ретінде қарастырды, бұларға қарсы тиімді әрекет халықаралық қауымдастықтың ұжымдық күш-жігерімен ғана ұйымдастырыла алады».
Сонымен, халықаралык лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы әлемдік мемлекеттердің күресі өз нәтижесін береді деген сенім жоғары.
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ ДАҒДАРЫСТА
Соңғы жылдары халықаралық кауіпсіздік жүйесі терең дағдарысқа ұшырап отыр. Ал оның себептері кандай?
XX ғасырдын соңына қарай дүниежүзілік дамуда жаһандану үрдісі басталып, тез қарқын алды. Дамыған елдер үстемдік жүргізу әрекеттеріне қарай (АҚШ және оның ең жақын әріптестері), географиялық орналасуына қарай (Батыс Еуропадағы мемлекеттер, Шығыс Азия ел-дері), көмірсутегі шикізатын шығару мүмкіндігіне қарай (ОПЕК елдері) топтасып алып, ықпал жүргізу аймақтары үшін, тауар шығару елдері үшін нағыз талас басталды.
АҚШ жаһанданудың көш бастаушысына айналды. «Кырғи кабақ соғыс» аяқталғаннан кейін Кеңес Одағы құлап, күштердің ара салмағы өзгергеннен кейін тепе-тендік бұзылды. АҚШ бұрынғы карсыластары - ТМД және Шығыс Еуропа елдерін кредит және инвестиция беру арқылы өзіне тәуелді етті. Сонымен қатар, ол аймақтардағы шиеленістер мен жанжалдарға байланысты әскери қимылдарға еркін кірісе бастады. Бұл мәселеде АҚШ тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мойындамады. Оған дәлел ретінде Ирактағы соғыс қалай басталды, соған қысқаша тоқтала кетейік.
2002 жылдын 30 каңтары күні АҚШ Президенті Джордж Буш конгресс мүшелерімен кездесуінде жаппай қырып-жоятын қарулар иеленуге ұмтылып отырған Солтүстік Корея, Иран және Ирак режимдері уакыт өткен сайын үлкен қатер төндіре бастағанын баяндады. Атап айтқанда, Ирак он жылдан астам уақыттан бері химиялық, биологиялық және ядролық қару-жарақ өндіруге ұмтылып отыр деді.
Сол жылғы
10 қазанда АҚШ конгресінің
2003 жылдың 9 қаңтарында инспекторлар басшысы Ханс Бликс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдерін Иракта жаппай қырып-жоятын қару шығаратын өндіріс орындары бар екендігін дәлелдейтін айғақ табылмағанынан хабардар етті. 23 қаңтарда Германия мен Франция басшылары өздерінің Берлиндегі кездесулерінде Ирак төңірегіндегі жанжалды бейбіт шешуге болатынына сенімді екендіктерін қуаттады. 10 акпанда Ресей, Франция және Германия Ирак жөнінде біріккен мәлімдеме қабылдады. Онда 1441-ші қарар талаптарын орындау мүмкіндіктері толық пайдаланылмағаны айтылды.
19 акпанда БҰҰ мүшелерініц 90 пайызы Ирак дағдарысын бейбіт реттеу жөніндегі күш-жігерді жалғастыруға қолдау білдірді. 10 наурызда БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Гаагадағы баспасөз мәслихатында соғысты проблеманы шешудің соңғы жолы екенін, сондықтан Иракты басқа жолмен қарусыздандыру жөн болып табылатынын мәлімдеді.
12 наурызда
Пентагон басшысы Дональд
Одақтастар армиясының қолбасшысы, Америка генералы Томми Фрэнкс Иракта химиялық кару табылды деген ақпарды теріске шығарды. 24 наурызда Араб мемлекеттері лигасына мүше елдер сыртқы істер министрлері Каирде бас қосқан мәжілісінде Иракқа қарсы американ-британ шабуылын айыптаған мәлімдеме таратты, одақтастардан Ирак аумағынан шұғыл түрде өз әскерін алып шығуды талап етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің мемлекетіміз Ирак төңірегіндегі оқиғаларды бейбіт жолмен, келісімдер арқылы реттеу жөнін-дегі халықаралық қауымдастықтың ұйғарымын қолдады» деп атап көрсетті. Дегенмен ТМД-нын төрт елі: Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Украина Иракқа қарсы каолицияға кіріп, АҚШ-ты қолдады.
Сонымен, халықаралық қауіпсіздік жүйесінін дағдарысқа ұшырауының бірінші себебі - Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның Қауіпсіздік Кеңесінің әлемдік қақтығыстарды реттеудегі рөлінің төмендеуі болып табылады. Бұл туралы Президент Н. Назарбаев: «Соңғы кездері көптеген мемлекеттер қақтығыстарды реттеуде Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін көтеру қажеттігін айтуда. Бәріміз үшін саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылатын БҰҰ үдей түскен қақтығысты оқиғаларды тоқтатуда кейде әлсіздік танытып отырғанын көріп отырмыз... Осының бәрі бізді БҰҰ-ны, сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесін, оның рөлі мен бейбітшілікті, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі дәрежесін нығайта отырып, қайта кұрудың қажеттігі ойландырмай кой-майды. БҰҰ адамзаттың көптеген проблемаларын шешуде, бірінші кезекте бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласында бәрімізге ортақ айтулы форум болып қалуы керек. Сондықтан да БҰҰ өзінің дәрежесін сақтай отырып, қақтығыстар болған елдердегі қалпына келтіру процестерінде негізгі рөлді атқаруы керек» деп атап көрсетті. Сонымен қатар ол: «Соңғы он жылға талдау жасайтын болсақ, онда қақтығыстарды шешуде барлық жауапкершілікті аймақтық ұйымдар ала бастады деген қорытынды жасауға болады» — деді.
10 жыл бойы
Қазақстан Азияда өзара
Шанхай ынтымақтастық ұйымының да қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі зор. 2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттер үкімет басшыларының бірінші кездесуінде жарияланған мәлімдемесінде: «Терроризмге, экстремизм мен сепаратизмге қарсы іс-әрекет — біздің ұйымның аса маңызды міндеттерінің бірі. Оның аясында терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы қабылданды. Аймақтық антитеррорлык құрылым жасақтауды жеделдету жөнінде қадамдар жасалуда» деп атап көрсетілген.
2003 жылғы 28 сәуірде ұжымдық қауіпсіздік шартына қатысушы мемлекетгер (Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан) Кеңесінің кезекті сессиясы болып, оған мемлекет басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі ең негізгі мәселе — 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа кірісетін ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының біріккен штабын құру болып табылды. 2002 жылдың мамыр айында ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты Халықаралык өңірлік ұйымға айналдыру туралы шешім қабылданған болатын. Онын басты мақсаты — әскери-саяси қарым-қатынастың тетіктерін қалыптас-тыру. Күн тәртібіндегі ең негізгі мәселе қатысушы мемлекетке әскери көмекті қосканда, қажетті көмек көрсетуді үйлестіру және тереңдету, Орталық Азиядағы ұжымдық ұтқыр күштерді қалыптастыру, әскери кадрларды бірлесіп окыту т. б.
Орталық Азиядағы ұжымдық ұтқыр күштер Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттері басшыларының Еревандағы шешімі бойынша 2001 жылы 25 мамырда құрылған болатын. 2003 жылғы сәуірде оның құрамында 1500 адам болды. Олар Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан жасақталып, төрт батальонда топтастырылды. 2002 жылғы 7 қазанда қатысушы-мемлекеттер басшылары Ұйымның Жарғысы мен құқықтық мәртебесі туралы келісімге қол қойды.