Халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:55, реферат

Описание работы

Мақсаты: бүкіл әлемде соғыс қауіпін болдыртпау, және мемлекетаралық қатынастың дамуы болып табылады. Халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан – Иосиф Сталин, АҚШ тан – Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан – Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон – Оксе (АҚШ).

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Ұсыныстар.
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары

3. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы
күрес

4. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста

5. Қырып жоятын қару-жарақ қауіпі

6. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Халықаралық қатынастар реферат.docx

— 87.06 Кб (Скачать)

Жаһандану — замана талабы. Дегенмен казіргі кезенде оның жемістері халықтар арасында тең бөлініп отырған жоқ. Президент Н. Назарбаев бұл туралы өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында былай жазды: «Дамыған елдердегі халықтың 20 пайызы өзінің жоғары тұрмыс  деңгейін қалпында ұстау үшін әлемдік ресурстардың 80 пайызына дейін пайдаланатынын қашанғы айта береміз... Өздерін қайыршыланғандар қатарында санап, жағдайды түзетудің ешкандай жолын таппағандар не істеуі керек? Олар ешқашан жөнге келмейді. Өздерінің лаңкестері үшін олар ақшаны қайдан алады? Қару-жарақ, есірткі сатудан, бір сөзбен айтқанда, қылмыстық әрекеттен. Сондықтан да, меніңше, қатер «белдеуі» туралы емес, осы заманғы өркениеттің іргелі келеңсіздіктеріне барып тірелетін қатер «спиралі» туралы айтқан жөн секілді. Мемлекетаралық, ұлтаралык қатынастарда күштілер өз үстемдігін жүргізе берсе, жапа шеккен қауымдастықтың өшігетіні де белгілі».

Халықаралық қауіпсіздік жүйесінің дағдарысқа ұшырауының екінші себебі — Батыс елдерінде пайда болған теория — социализм мен капитализм арасындағы күрес енді христиан мен ислам арасыңдағы күреске ауысады деген тұжырым. Американ ғалымы Самуэль Хантингтон: XXI ғасыр «өркениеттер тоғысуы» емес, «өркениеттер қақтығысы» ғасыры болады, мұсылман және христиан өркениеттері арасындағы қайшылық тек күшпен шешіледі деді. Католиктік АҚШ пен Батыс Еуропа, православиелік Ресей, мұсылмандық Пәкістан, буддалық Үндістан, конфуциандык Қытай, иудейлік Израиль, коммунистік Солтүстік Корея, сионистік Жапония, яғни әлемдегі ірі мемлекеттер «өркениеттер қақтығысына» дайын отыр. Президент Н. Назарбаев: «Қазір халықаралық ахуалдан айқын байқалып отырғанындай, ...«исламдық қауіп-қатер», «ислам фундаментализмі», «жиһат» сияқты терминдік-категориялық ұғымға ұласып, ислам дінін қайдағы бір үрей шақыратын құбыжық құбылысқа айналдырып барады. Бұл теорияны негіздеушілердің түпкі мақсаты — миллиондардың санасын адастырып, қауіп-қатердің қайнар көзі исламның өзінде деген жаңсақ ұғымды қалыптастыру» деп атап көрсетті.

2003 жылғы  ақпанда Алматыда бейбітшілік  пен келісімге арналған халықаралық  конференция болды. Оған өңірдегі  бірқатар мұсылман елдерінің  лидерлері, аса ірі америкалық  және халықаралық еврей ұйымдарының жетекшілері, бірқатар христиан шіркеулерінің өкілдері негізгі әлемдік діндердің конфессия аралық форумы идеясын талқылау үшін кездесті. Олардың мұсылмандар мен католиктер, православиеліктер мен иудейлер, протестанттар мен буддалыктар өркениеттер қақтығысының емес, үн қатысудың жолдарын табу үшін Қазақстан жерінде бас қосады деген үміттеміз деген сөздері бар. 2003 жылғы 24-26 сәуірде Алматыда Екінші Еуразиялық медиа-форум болып өтті. Президент Н. Назарбаев Екінші Еуразиялық медиа-форумға қатысушылар мен оның меймандарын құттықтай келіп, былай деді: «Бұл жолғы форумның өңірлік қауіпсіздікке және сол процестегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне байланысты тақырыбы қай кездегіге қарағанда да өзекті болып отыр».

Форумның  төрағасы америкалық белгілі журналист Риза Хан форумның мақсаты — пікір-сайыс ұйымдастыру. Мысалы, мен Таяу Шығыс елдерін аралап, олардың тұрмысымен, салт-дәстүрімен танысып шыққаннан кейін АҚШ-тың олар туралы беріп жатқан ақпараттарына көңілім толмады. Рас, Саддамның құлауын мақұлдау бар да, басымшылыққа қарсы болу бар. Осы көңіл-күй Батыстық ақпарат құралдарынан жете көрініс таппағанының куәсі болдым. Ал енді осы Ирак соғысы әлемдік экономикаға қалай әсер етеді? Батыс пен Шығыс арасы алшақтана түспей ме деген сауалдар бұрынғыдан да тереңдей беруі мүмкін» — деді.

«Әл-Жазира»  телеарнасының Мәскеудегі бюросының  жетекшісі Акрам Хазам: «Ирак  соғысы өмірден біраз журналистерді  алып кеткені қайғылы оқиға. «Әл-Жазира» телеарнасы тек Ирактағы жағдайды ғана емес, барлық қақтығыстар нүктелерінен нақты, шынайы фактілерге құрылған ақпараттар беруге тырысады. «Әл-Жазира» тәуелсіз арна. Ал енді Екінші Еуразиялық медиа форумда көтеріліп жатқан тақырыптарға келетін болсақ, ол нағыз бүгінгі өткір мәселелерге құрылып отыр. Күткеніміз де осындай тақырыптар еді. Әсіресе, Ирак соғысынан кейін айтылар ойлар көп. Ислам мемлекеттері мен Батыстың арасы алшақтап бара ма деген қауіп те жоқ емес» — деді.

Атақты жазушы Шыңғыс Айтматов өзінің сұхбатында: «Екінші  Еуразиялық медиа-форум Ирактағы соғыстан кейін іле-шала дерлік өткізіліп  отырғаны оның мән-маңызын анағұрлым  арттыра түседі... Ирак қақтығысының үш фазасында - соғысқа дейіңгі, соғыс күндеріндегі, соғыстың негізгі операциясы біткеннен кейіңгі кезендерде бұқаралық ақпарат құралдарының сөз саптауы қалай құбылғанынан біз көп нәрсе шынында да интерпретацияға тәуелді екенін тағы да көрдік.

Ұрыс жүріп жатқан күндерде Бағдад кітапханасының өртенуі, Бағдад музейінің тоналуы Ирак соғысындағы сұмдық оқиға болды. Бес мың жылдық тарихы бар Шумер өркениетінің ескерткіштерін жою —адамзат тарихы алдындағы кешірілмес күнә. Әдейі өртелген болса да, кейіннен сату үшін тоналған болса да — тағылық.

Ирак соғысының  басты қасіреті гуманизм доктринасына соққы берілгендігі. Бұқаралык ақпарат құралдарынын арасында саясаттың сойылын соғып, соғысты ақтап алуға тырысқандардың табылғаны өте өкінішті. 11 қыркүйектен кейінгі кекшілдік, астамшылдық әлемдік жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыруға әлі де мүмкіндік бермей тұр.

Ирактағы  Вавилон жазбалары, Құранның алғашқы басылымы т. б. адамзат үшін ортақ құндылықтар болып есептелетін баға жетпес мұралар талқандалғанын тілге тиек етпеу мүмкін емес еді.

Өкініштісі  сол — адамзат мәдениетінің ежелгі бесігі, байырғы ескерткіштер мен  кітапханалар сақталған әсем кала Бағдад оқ астында қалды. Бағдадта бүкіл  адамзат үшін құндылықтар санатындағы жәдігерлер қатарында бабамыз әл-Фарабидің бағалы қолжазбалары сақталып келген», — деді.

Соғыстан  кейінгі кезенде кейбір сарапшылардың  пікірі бойынша, Ирак соғысы араб әлемінде АҚШ-ка қарсы саясаттың өршуіне  алып келуі мүмкін. Егер 1991 жылы сегіз  дамушы ел қазіргі заманға сәйкес келетін жауынгерлік тікұшактар мен танкілер шығарған болса, 2002 жылы ракета өндірісіне қажетті күш-қуаты (потенциал) бар елдердің саны екі есе өсті. Алты дамушы ел жаңа қарудың 43 түрін өндіріп отыр. Араб әлеміндегі елдер өздерінің әскери қуатын дамытуға ерекше маңыз беріп, ядролык клуб мүшелері санының ұлғаюына алып келуі мүмкін.

Сонымен, халықаралық қауіпсіздік жүйесінің дағдарысынан шығу үшін: біріншіден, БҰҰ және оның Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікті сақтаудағы және қақтығыстарды бейбіт жолдармен реттеудегі рөлін қалпына келтіріп, жоғары көтеру; екіншіден, христиан және ислам өркениеттері арасындағы үн қатысуды дамыта отырып, олардың арасында бір-біріне сенімді нығайту, «өркениеттер қақтығысына» жол бермеу.

 

 

 

 

 

4. ҚЫРЫП-ЖОЯТЫН ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚАУПІІ

 

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема - әлемде қауіпсіздікті сақтау болып табылады. 2002 жылғы маусым айында Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің бірінші саммитінде қабылданған Алматы Актісінде былай деп көрсетілді: «Ядролық қару-жарақтың, нақ сондай, химиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару-жарақты (ЖҚҚ) толығымен жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға уағда береді».

КСРО ыдырағаннан кейін Қазакстан Республикасы аумағында калып қойған ядролық, химиялық және биологиялык қарулардың инфра құрылымын жою, оны азаматтық мақсаттарға қайта бағдарлау, экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені жүргізілуде. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет болуы үшін үш шартты орындауды ұсынды, олар: ядролық қаруы бар мемлекеттер тарапынан Қазақстанға болашақта ядролық қарумен шабуыл жасамау туралы кепілдіктің берілуі. Бұл талап орындалды: 1994 жылғы 2 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, 1995 жылғы 8 ақпанда Қытай, сол жылғы мамырда Франция тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы меморандумға кол қойылды. Екінші Шарт - ракеталардағы уран құнының Қазақстанға қайтарылуы. 1992 жылғы мамырда ядролық ракеталық қаруды біртіндеп бұзып, Ресейге көшіріп әкету, олардың оқшантайларына салынған уранның құнын Қазакстанға ақшалай қайыру жөніндегі Лиссабон хаттамасына қол қойылды. АҚШ-қа аса жоғары байытылған 600 килограмм уран сату «Сапфир» операциясы арқылы жүзеге асырылды. Үшінші шарт — Қазақстан экономикасына қаржы жұмсау жөніндегі келісімнің болуы.

1995 жылғы  сәуір айында Қазақстан аумағынан континентаралык баллистикалық ракеталардың 1200 ядролық оқтұмсықтарының Ресейге әкетілуі аяқталып, сол жылы 25 мамырда Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. Елімізде баллистикалық ракеталардың ұшыру қондырғылары жойылды. Степногордағы биологиялык қару-жарақ өндірісіне арналған инфрақұрылымды бұзу 1996 жылдан бері жүргізілуде, Павлодар химия зауытындағы бұрынғы химия қаруын жасау тоқтатылды.

Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі бірінші мемлекет. 1991 жылғы 29 тамыздан бастап Семей полигоны жабылды. Бұдан кейін әлемдегі ірі төрт полигонда: АҚШ-тағы — Нева-да, Ресейдегі — Новая Земля, Франциядағы — Муруроа, Қытайдағы — Лобнорда мораторий жарияланды.

2002 жылғы  шілде айында «Үлкен сегіздік»  басшыларының бас қосуында Ресейге және басқа елдерге өзінің жаппай қырып-жоятын қарулары арсеналын жоюға көмек үшін 20 миллиард доллар қаржы беру туралы қарар қабылдады. Ресейде 200-дей сүңгуір қайықты, 40 мың тоннадай қарулық материалды, 40 мың тонна химиялық қаруды және одан басқа биологиялық қаруды жою қажеттігі атап көрсетілді.

1972 жылғы  26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы  ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін  шектеу туралы шарт әлемдегі  стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып келді. Ал АҚШ 2001 жылғы

Желтоқсанда бұл шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесін жариялады. «2002 жылғы 13 маусымда аталған шарт күшін жойды» деп жарияланды. БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін ядролық қарусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚЩ-тың бұл әрекеті ядролық қарусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, оны таратуға ықпал ететін болады. Дональд Рамсфельд Пентагоң басшылығына келген кезден бастап американ әскери стратегиясы коңцепциясына «шектелген ядролық соғыс» жоспарын енгізіп отыр.

Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт 1996 жылғы 10 қыркүйекте қабылданып, оған 51 мемлекет қол қойғаң болатын. АҚШ Конгресі бұл шартты бекіткен жоқ, нәтижесінде ол әлі күнге дейін (2003) күшіне енбей отыр.

2002 жылғы  мамыр айында АҚШ пен Ресей  арасында стратегиялық шабуылдаушы  қару-жарақты қысқарту жөніндегі шартқа (СНВ-3) қол қойылды, онда ядролық қаруды үш есеге жуық (әр тарап 1700-2200) қысқарту жөніндегі екіжақты келісімді бекітті.

Енді  биологиялық қаруды жою бағытында  әлемде нендей іс-шаралар жүргізілуде - сол мәселеге тоқталайық. Биологиялық (бакте-риологиялык) қаруды сақтау, өндіруді тоқтату және оларды жою Конвенциясына 1972 жылы 143 мемлекет қол қойып, енді ешқашан биологиялық қару жасауға талпынбайтындықтарын білдірген болатын. Алайда, КСРО-ның Киров, Загорск, Свердловск және Степногорск (Қазақстан) қалаларындағы кәсіпорындарда биологиялық қару компоненттері Сібір жарасы, оба, сүзек сияқты ауруларды қоздырушы вирустардан құралды. Тек Степногорскінің өзінде ғана «Сібір жарасының» негізінде жыл сайын 300 тонна биологиялык бомба жасап шығару мүмкін болған.

«Аральск-7»  аталған биологиялық қаруға сынақ алаңы болған «Возрождение» аралында 1961 жылғы қыркүйек-караша айларында ядролық жарылыстардың салдарынан теңіздің түбіндегі балықтың қырылуы, Аралдың солтүстік қапталындағы кұмды далада киіктердің кенеттен жаппай қырылуы кең етек алған. Мұндай апаттар 1978 жылы болып, 300 мың киік, 1989 жылы 540 мың киік қырылғаны анықгалып отыр. Сон-ғы оң жылда олардың саны бір миллионнан 20 мыңға дейін қысқарған.

1988 жылы  Ресейден Возрожденияға «Сібір жарасы» тиелген 24 вагон цистерналар әкелінген. Қазіргі зерттеулер бойынша, теңіздіңтартылуына байланысты Арал мен құрлықтың арасы қосылып, зиянды жәндіктер жағаға шығып, үлкен эпидемиялык апат туғызуы мүмкін. 1992 жылғы 11 сәуірдегі Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен «Возрождениедегі» полигон жабылды. Қазіргі кезде бұл мекен Өзбекстан (75 пайызы) мен Қазақстанға қарайды. «Сібір жарасы» қалбырларынын осы аралдың астында көмілгені айтарлықтай қауіп  төндіріп отыр.

Арал  өнірінің экологиялық зардабы туралы Иоханнесбургте өткен жаһандануға арналған дүниежүзілік саммитте Президент Н. Назарбаев дүниежүзілік экологиялық тізілім жасау керек және соның ең басында Арал проблемасы тұру керек деп қадап айтқан болатын.

Қазакстан РеспубликасыныңСыртқы  істер министрі Қасымжомарт Токаев өзінін «Беласу» атты кітабында: «Бактериологиялық  қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияның бакылау жасау тетіктерін әзірлеу төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға аландаушылық  білдіреміз, өйткені, осы қару түрлерінің террористер үшін үлкен қызығушылық туғызатыны құпия емес» деп жазды.

Химиялық  қаруды өндіруді тоқтату және оны  жою жөніндегі Кон-венцияға 1993 жылғы 13 қантарда Парижде 100-ге жуық елдер қол қойып, ол 1999 жылғы маусымда бекітілді, Қасымжомарт Токаев: «Химиялық қаруды жою туралы Конвенцияға қатысты жағдай көңілге қуаныш ұялатады... Қолда бар қорларды жою жүзеге асырылуда» деп жазды.

Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қол  қою 1968 жылы басталып, ол 1995 жылы мәңгілікке ұзартылды. Ол құжат бойынша ядролық қаруы бар мемлекеттер басқа елдерге бұл қаруды және оның құрылымдарын (ядерные устройства) бермеуге міндеттеме алды. Алайда оған 182 мемлекет қол қойғанымен, 2001 жылғы мәлімет бойынша, тек 24 мемлекетте ғана құжат күшіне енген. 1988 жылғы мамырда Үндістан мен Пәкістан ядролық қаруды иеленді.

Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымына мүше мемлекеттер: «Барлық елдердің ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа тезірек қосылуы, сондай-ақ ядролық сынақтарды жан-жақты тыю туралы Шартқа қол қойып, бекітпеген мемлекеттердің соларды істеуі түрлі деңгейдегі стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесетін болады» деп атап көрсетті.

Информация о работе Халықаралық қатынастар