Халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:55, реферат

Описание работы

Мақсаты: бүкіл әлемде соғыс қауіпін болдыртпау, және мемлекетаралық қатынастың дамуы болып табылады. Халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан – Иосиф Сталин, АҚШ тан – Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан – Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон – Оксе (АҚШ).

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Ұсыныстар.
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары

3. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы
күрес

4. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста

5. Қырып жоятын қару-жарақ қауіпі

6. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Халықаралық қатынастар реферат.docx

— 87.06 Кб (Скачать)

Тұрақты даму мәселелері жөніндегі дүние жүзілік саммит он жылда бір рет өткізілетін беделді басқосу. Кезінде «Бразилия кереметі» бой көрсеткен тұста таңдаудың Рио-де-Жанейроға түсуінің себебі де сол болатын. Сонда 1992 жылы қабылданған тұрақты дамуға қол жеткізу бағдарламасы — XXI ғасыр бағдарламасы деп аталған құжатты ойдағыдай жүзеге асырудың нақты міндеттері көрсетілген болатын.

2002 жылдың 2-4 қыркүйегінде Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка Республикасы) дүние жүзінің 110 елінен келген ресми делегациялар, бейресми ұйымдар, кәсіподақтар, іскер топтар өкілдері «Тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбург міндеттемелері» атты саяси декларация қабылдады. Саммитке қатысушылар үш блокқа бөлінуге бейім болғанын атауға болады, олар Америка Құрама Штаттары, Еуропа Одағының өкілдері және дамушы елдердің делегаттары. Декларацияда әлемдік кездесуде бас косқан мемлекеттер мен үкіметтер басшылары адамгершілікке және қамқорлық ниетке негізделген жаһандық қоғам құру ісіне адал екенімізді айғақтаймыз, ондай коғамның басты мақсаты барша адам баласының адам атына лайықты өмір сүруіне қол жеткізу болып табылатынын мәлімдейміз, — деп жариялады.

Жердің  табиғи ресурстарын шектен тыс пайдаланбай-ақ әлемдегі барлық халықтардың әл-ауқатын арттыру көзделді. Бұл үшін ең басты үш салада - экономикалық даму, табиғи ресурстар мен айналадағы ортаны сақтауда және әлеуметтік өркендеуде іс-кимылды өзара ықпалдастық жолымен жүргізу шарт. Сонымен саммит басты екі мәсеелені — кедейшілікпен күрес және экология жағдайын талқылады. Сонымен бірге зиянды заттармен атмосфераны ластау, планетадағы демографиялық жағдай, табиғат ресурстарын тиімді және ысырапсыз пайдалану мәселелері күн тәртібіне енгізілді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  әлемдік саммиттің мінберінен былай деді: «Мен осыдан 10 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында барлық мемлекеттердін әскери шығындарын 1 пайыз қысқарту және үнемделген акшаны аса кедей елдердің дамуына аудару жөнінде жасаған ұсынысымды кайталап айтқым келеді". Сонымен бірге Президент Н. Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымын жаһандық экологиялық проблемалардың тізімін жасай бастауға шақырды. "Біздің ойымызша, айналадағы ортаға келгірілетін зиянды күн тәртібіне барынша өткір қоймай болмайды» деді Елбасы.

Үшінші  проблема - қоршаған ортаны қорғау. 2001 жылғ ақпан айында Кения астанасы Найробиде Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) басқарушылар кеңесінің мәжілісі өтті. Онда қазіргі кезде қалыптасып отырған жағдайда атмосфераға түрлі газдардың ұшуынан пайда болатын парник әсерінен келетін зиянның мөлшері орасан екендігі аталды. Әлемнің жүздей елінен келген лауазымды шенеуніктер, ғалымдар, мамандар ғаламдық жылудың салдарын азайтудың жолдарына тоқталды.

Бұрын атмосфераға парник әсері тудыратын көміркышқыл газының жіберілуін азайтуға көбірек назар аударылса, бүгінде сол газдардан пайда болған ғаламдық жылудың салдарына ұшыраған аймаққа көмек көрсету мәселесі де айрықша маңыз алып отыр.

Бүкіл жер  шарында температураның бір градусқа артуы орасан өзгерістер әкеледі. Барлық жерде су деңгейі көтеріліп, көп аймақ су астында калады, XXI ғасырдың аяғына дейін қоршаған ортаның температурасы 1,4 градустан 5,8 градусқа дейін артуы мүмкін. Антрактикада да, мәңгі мұз болып қатып жатқан жерде әлемдік көмір қышқыл газының 14 пайызы сақталады деген ғылыми қорытынды жасалып отыр. Климат өзгеріп, ғаламдық жылу басталған кезде сол мәңгі мұздақ жер өзіндегі көмір қышқыл газын босатады. Қоршаған ортадағы температураның артуы Гренландия және Солтүстік мұзды мұхит мұздық-тарының еруіне әкелуі мүмкін. Ол Гольфстрим жылы ағысын бұза алады. Нәтижесінде, әлемдік мұхиттың су деңгейі 1990 жылмен салыстырғанда           9-98 см - ге көтеріледі. Бангладеш және Вьетнамның бір бөлігі су астында қалу қаупі бар. Климаттың өзгеруіне байланысты бір аймақтарда құрғақшылық болса, оның есесіне екінші бір аймақта нөсер жауын болып, егіс алқаптарын су астында қалдыруы мүмкін.

2001 жылғы  желтоқсан айында Боннда адамзатты ауыз сумен қам-тамасыз ету мәселесіне арналған халықаралық конференция болып өтті. Онда мынадай мәліметтер аталды: әлемде 1,1 миллиард адам ауыз суға зәру, 2,4 миллиард адам қанып су іше алмайды.

Жер бетіндегі  әр адам орташа есеппен күніне 2 литрден 5 литрге дейін су ішеді, тағы да 20-50 литр жеке тұтынуға (жуыну т. б.) кетеді.

Экология  тұрғысынан алғанда, мұнайлы аймақтарда жүргізілген жұмыстардың салдары — жер бетінің кұнарлы қыртысының біржола жойылуына, оның қойнауына орасан зор зиянын тигізіп, ауыз су тапшылығына апарып соқтыратыны белгілі.

Тағы  бір қатер — мұнай, газ өндірісі орналасқан аудандардағы жер астындағы жасанды бос кеңістіктердің пайда болуы. Ол шектеулі жер сілкіністерінің шақыртқысы. Мысалы, Өзбекстандағы Газли, Түрікмениядағы Кұм-Даги, Татарстан, Башкұртстандағы, әлемдегі басқа да мұнайлы елдерде болған осы тектес күшті жер дүмпулері соған дәлел.

«Қара дақ» Атлант мұхитының үстіне сәйкес келгендіктен Батыс Еуропа мен Америка Кұрама Штаттарындағы ауа райы бұзылып, тосын кұбылыстар көбеюде. Озон қабатында «кара дақтың» пайда болуы өндіріс орындарынан шығатын көмір кышқыл газдың әсерінен деп ғалымдар дәлелдеп отыр.

Казакстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш  кемелері ұшырылған сайын да озон кабаты тесілуде. Нәтижесінде сол  аймақтың ауа райы бұзылып, желдің жылдамдығы артып, кейбір уакытта шілде айында бұршақ жауа бастады.

Демек, барлық мемлекеттер XXI ғасырдын күрделі проблемаларын шешу үшін БҰҰ көрсеткен міндеттерді нақты орындау жолында қызмет етуге тиіс.

 

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАҢКЕСТІККЕ, ЭКСТРЕМИЗМГЕ  ЖӘНЕ ЕСІРТКІ       САУДАСЫНА  ҚАРСЫ КҮРЕС

 

Егер  XX ғсырдың бірінші жартысында лаңкестік кұрылымдар әлемнің әртүрлі жерлерінде жеке-дара, бірікпеген қимыл жасаған болса және олар көбінесе ұлт-азаттық қозғалысы туының астында жүргізілген болса, бүгінде олардың көпшілігі ірі ұлтаралық ұйымдарға біріккен. Қазіргі кездегі коммуникация құралдары, әлемдік шаруашылықтың жаһандасуы, бір елден екінші елге өтудің жеңілдігі, жаппай көші-қонның (көбінесе жасырын) көбеюі осының бәрі ірі ұлтаралық лаңкестік ұйымдардың кұрылуына алып келді. Іске басшылықта олар идеологиялық, діни, этникалык негіздерге сүйенді.

Лаңкестік қимылдардың жиынтығы «халықаралық лаңкестік» деген терминмен аталып, XXI ғасырдағы адамзаттың негізгі проблемасына айнала бастады. Көптеген эксперттің көрсетуінше, бұл проблема — жаһандастырудың теріс жақтарының бірі.

Лаңкестіктің  негізгі себептері: әртүрлі елдердің экономикалык дамуының әркелкілігі, әлеуметтік жіктелудің өршуі, байлар мен кедейлер арасындағы қарама-қайшылықтын шиеленісуі (әлемдегі халықтың 20 пайызы дүниежүзілік табыстың 83 пайызына ие болып, ал қалған халықтың 80 пайызы тек қана әлемдік табыстың 17 пайызына ғана қанағат жасауға мәжбүр болып отыр), көптеген дамушы елдерде жұмыссыздықтын көбеюі, заңсыз көші-қон, ұлтаралық қақтығыстардың кең етек алуы, халықтардың өмір сүру салт-дәстүрлеріне Батыстың үлгісін енгізу әрекеті тағы басқа факторлар.

Сонымен қатар, дамыған елдер жасырын қару-жарақ сатумен ай-налысуда. Соңғы он жылда бүкіл әлемде жеңіл атыс қаруын заңсыз сату үш есе өскен. Бірсыпыра дамушы елдерде жастар жұмыссыздықтың қасіретінен шығудың жолы етіп, қолдарына кару алуға мәжбүр болыл отыр.

Біріккен  Ұлттар Ұйымы ұлтаралык ұйымдаскан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі конвенциясының шеңберінде әзірленген оқ ату қаруы жөнінде хаттама, Ныо-Йоркте 2001 жылғы шілдеде өткен жеңіл және атыс қаруының заңсыз саудасы жөніндегі конференциясы іс-қимыл бағдарламасын кабылдады.

Казіргі кезенде лаңкестіктің адамзатқа каупінің аса көлемді болғаның дәлелдеу үшін төмендегі мәліметті келтіреміз. 1970 жылдан  1985 жылды қоса есептегенде, Еуропада үш мыңға таяу лаңкестік актілер жасалды, Латын Америкасында — 1573, Таяу Шығыста — 1330, Солтүстік Америкада — 448.

Азияда 1993 жылдан бастап 1999 жылғы дейін 158 лаңкестік  акт жасалды, осы кезеңде Таяу Шығыста ол 374-ке жетті. Қатігездік лаңкестік кең етек алуда. Егер 70-жылдарда террорлық актінің 80 пайызы меншікке қарсы жасалған болса, 90-жылдарда террорлық актінің 70 пайызы адамдарға қарсы жасалды.

Халықаралық құқық және барлық елдердің заңдары — лаңкестердің кимылын, атап айтқанда, адамдар ұрлау, өлтіру, ұшақтарды немесе көліктерді айдап әкету, адамдарды кепілдікте ұстап ақша талап ету, жарылыс пен өрттер жасауды, тағы басқаларды қоғамға және мемлекетке қауіпті деп жариялады.

Кейбір  көзқарас бойынша, лаңкестік деген әскери қимыл ретінде саналып отыр.

Лаңкестіктің  басты мақсаты — адамдарды  түңілушілік жағдайға келтіру, «террор» деген сөз латынша — «страх»  деген мағынаға келеді. Этно-саяси лаңкестіктің мақсаты — өзінің этникалық топтарына арналған жеке мемлекет ұйымдастыру, олар өздерін «өз халқының азаттығы жолындағы күрескерлер» деп жариялады. Оған мысал ретінде Испаниядағы «Отан және азаттық» деп аталатын бакс ұйымын атауға болады, олар 40 жылдан аса уақыт қимыл жасап отыр. Ирландия республикалық армиясы - біріккен Ирландия құруды жоспар етіп алған, Күрдистан еңбекшілер партиясы — Түркия аймағында өз мемлекетін құруды талап етіп жария салды.

Діни  лаңкестік — географиялық, этникалық және әлеуметтік шекараны мойындамайды. 90-жылдарда бүкіл лаңкестік ұйымдардың жартысы — діни негізде құрылды. Олардың ірілері: "Әл-Каида", Ливанның шиит топтарын ұйымдастырған «Хез болла», «Хамас», «Әл-Джихад — аль-ислами» тағы басқалар...

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халыктары Ассамблеясының сегізінші сессиясында (2001 жыл) сөйлеген сөзінде, ислам дінін лаңкестіктен айыра білудің қажеттігін атап көрсетті. Американ Президенті Дж. Буш 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиға кезінде, лаңкестіктің ислам дініне еш қатысы жоқ екендігін мойындады.

2002 жылдың қаңтарында Біріккен Ұлттар ¥йымы Қауіпсіздік Кеңесі өзінің № 1373 шешімімен Кеңестің терроризммен күрес  жөніндегі комитетін құрды. Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сай БҰҰ-ға мүше елдер лаңкестік әрекеттердің бәрін де қылмыстық іс санауға тиіс, терроршылар мен оларды қолдаушылардың қаржылық құралдары мен активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тыйым салады. Терроршыларға баспана беруден бас тартуға міндетті. Комитет осы талаптардың орындалуын бақылауға алады.

2003 жылдың  ақпанында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сыртқы істер министрлері деңгейінде болып өткен лаңкестікпен күрес мәселелері жөніндегі мәжіліс қорытындысы бойынша арнайы Декларация қабылданды. Онда лаңкестік іс-кимылдар, әсіресе бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған жағдайда ерекше анықталатыны, сондай-ақ лаңкестіктердің ядролық, биологиялық және басқа кауіпті материалдарға қол жеткізу катерінің артып келе жатқандығы, оған қарсы күрес шаралары аталды.

Шанхай  Ынтымақтастық Ұйымы 2002 жылы 18 сәуірде «Лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы» Шанхай конвенциясын жариялады. Сол жылдың 22-23 мамырында Астана каласында «Бішкек тобының» мүшелері арнайы қызметтері басшыларының кезекті отырысы болды. ТМД елдерінің Ланкестікке қарсы күрес орталығы кұрылды.

Қазакстан Республикасында 1999 ж. «Лаңкестікке қарсы күрес туралы» Заң, «Лаңкестік пен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» Президент жарлығы жарияланды. Қазақстан лаңкестікке қарсы бірлесіп әрекет ету мақсатында 12 мемлекетпен келісім жасасты.

Экстремизм (французша «крайний») өте қатал  қимылдарға сүйенеді. Соңғы онжылдықтағы оның ерекшелігі — діни экстремизмді саяси экстремизмнен бөліп алудың қиын екендігі. Діни фундаментализмнің негізі тек қана исламмен байланысты деген кейбір саясатшылардың көз қарасы қате. Діни экстремизм тобына АҚШ-тағы ультра оңшыл христиандарды қосуға болады, олар антисемитизм мен расизмді өршітуде. Ирландия республикалық армиясы құрамындағы католиктік экстремистердің кызметі, Израилдегі иудей фун-даментализмін едәуір саяси партиялар мен экстремистік ұйымдар қолдап отыр.

«Хизб-ут-Тахрир-аль-Ислами» («Ислам азат ету») діни партиясы 1953 жылы «Мұсылман бауырлар» («Братья мусульмане») ұйымының Палестинадагы бөлімінде құрылған болатын. Оның негізін салушы Иерусалим судьясы Такиуддин ан-Набхади болды, ал ол 1977 жылы қайтыс болғаннан кейін партия басшысы болып палестиналық Абдул Кадим Заллум Келді. Жарты ғасырдан аса қызметінде бұл партиянын Египетте, Иранда, Иракта, Алжирде, Суданда, Иеменде, Пәкістанда, Ауғанстанда, Еуропада, Солтүстік Америкада көптеген бөлімшелері қалыптасты. Олар өздерінің стратегиялық міндеті етіп мұсылман әлемінде біріккен діни мемлекет кұруды кажет деп санайды. Қазіргі кезде «Хизб-ут-Тахрир» Азияда американдық әскери күштердің күшеюіне қарсылық білдіруде.

80-жылдардың ортасында тахрирліктердің әдебиеттері Өзбекстанда пайда бола бастады. Әсіресе 1992 жылдан бастап мұнда аталған партияның жасырын бастауыш ұйымдары кұрылып, ол кейіннен күрделі саяси күшке айналды.

2001 жылғы  қазан айында Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларында (Кентау, Түркістан) «Хизб-ут-Тахрир» атынан үндеу хаттар таратылды, сол жылы қараша айында Алматыда аталған ұйымның үш мүшесі ұсталды.

«Тахрир»  басшыларының көрсетуінше, олардың  ұйымы Орталық Азия аймағындағы елдердегі мемлекеттік құрылысты күшпен құлатуды мақсат етпейді, партия қызметі тек кана бейбіт жолмен жүргізіледі, әдебиеттердің бұқара арасында кең тарауына күш жұмсап, насихат пен үгітке ерекше маңыз беріледі деп жариялап отыр.

Дегенмен, іс жүзінде олай емес. Аталған партия мүшелері тарапынан 2001 жылдың қазан-қараша айларында және 2002 жылдың сәуірінде антиамерикалық және антисемиттік мазмұндағы паракшалар тарату фактілері болды.

Осы шаралар  кезінде аталған ұйымның төрт мүшесі заңға қайшы әрекеттері үстінде ұсталды. Олардан қару-жарақ, жарылғыш құрылғылар мен антиконституциялық мазмұндағы парақшалар тәркіленді.

Информация о работе Халықаралық қатынастар