Халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:55, реферат

Описание работы

Мақсаты: бүкіл әлемде соғыс қауіпін болдыртпау, және мемлекетаралық қатынастың дамуы болып табылады. Халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан – Иосиф Сталин, АҚШ тан – Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан – Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон – Оксе (АҚШ).

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Ұсыныстар.
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары

3. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы
күрес

4. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста

5. Қырып жоятын қару-жарақ қауіпі

6. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Халықаралық қатынастар реферат.docx

— 87.06 Кб (Скачать)

Мазмұны:

 

 Кіріспе

 

 Негізгі  бөлім:

 

  1. Ұсыныстар.
  2. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары

 

 3. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы

     күрес

 

4. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста

 

5. Қырып жоятын қару-жарақ қауіпі

 

6. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мақсаты: бүкіл әлемде соғыс қауіпін болдыртпау, және мемлекетаралық қатынастың дамуы болып табылады. Халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан – Иосиф Сталин, АҚШ тан – Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан – Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон – Оксе (АҚШ). Әсіресе осы конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) басты принциптерін, оның функциялары мен құрылымын анықтады. Ялта (Крым) конференциясында Рузвельт және Черчилль БҰҰ ның негізін қалаушылардың бірі ретінде өз келісімдерін берді. Антигитлерлік коалация басшылары 1945 ж 25 сәуірде Сан-Франциско конференциясында БҰҰ ны құру жөнінде шешім қабылдады.Бұл халықаралық қатынастарды реттеудің маңызды қадамы болды.

Ал БҰҰ ның ең басты мақсаты әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. 1945 ж болған конференцияда 50 мемлекет делегациясы қатысты. Конференцияның ашылуына антигитлерлік коалацияның дамыған елдерінің министрлері – В Молотов (СССР), Э Иден (Ұлыбритания), Г Стеттиниус (АҚШ) қатысты.БҰҰ қазіргі күнде де әлемде маңызды орын алып отырған ұйым.

1945 ж  24 қазанында БҰҰ жарғысы ресми  түрде өз күшіне енді. Бұл күн  БҰҰ ның құрылған күні болып  есептеледі. БҰҰ жарғысы бойынша  негізгі ұйымдар болып :

1. БҰҰ  ның Бас Ассамблеясы

2. Қауіпсіздік  Кеңесі

3. Экономикалық  Кеңес

4. Қоғамдық  Кеңес

5. Опекунский  Кеңес

6. Халықаралық  Сот және

7. Хатшылық

Хатшылық  қызметін БҰҰ ның Бас Хатшысы  атқарады. БҰҰ ның құрылған күніне қазіргі күнге дейін 7 Бас хатшы  ауысты.

  1. Трюгве Ли (Норвегия)
  2. Даг Хаммершельд (Швеция)
  3. У Тон (Бирма)
  4. Курт Вальдхайм (Австрия)
  5. Хавьер Перес де Куэльяр (Перу)
  6. Бутрос Бутрос Гали (Египет)
  7. Кофи Атта Аннан (Гана)

БҰҰ ның  Бас хатшысы Қауіпсіздік Кеңесінің  ұсынылуымен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында тағайындалады. Бас хатшы  Халықаралық Соттан басқа, БҰҰ ның  барлық жұмысына араласа алады. БҰҰ  ның Бас Ассамблеясынан кейінгі маңызды орынды Қауіпсіздік Кеңесі алады. БҰҰ жарғысы бойынша жер бетіндегі адамдар арасындағы бейбітшілікті сақтау жауапкершілігі осында жатады. Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүшеден тұрады : оның 5 тұрақты (СССР 1991 ге дейін, содан кейін Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, 1949 жылдан 1971 жылға дейін Тайвань, ал одан кейін КХР) және БҰҰ Бас Ассамблеясында 2 жыл мерзімге сайланатын 10 уақытша. Тұрақты мүше болып тек БҰҰ ны құру кезінде әлемнің ірі державалары болған мемлекеттер бола алады. БҰҰ ның әрбір тұрақты мүшесі өэі келіспейтін шешімге тиым сала алады. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі барлық тұрақты мүшелерінің келісімімен шешіледі және бұл шешімді БҰҰ ның барлық бейбітшілікті сақтау жолдарын қарастырады.

1948 ж  желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы  адам құқығы жөнінде Әлемдік  Декларация қабылдады. Бұл декларацияға  әлемнің барлық мемлекеттері  ұмтылып орындау керек деген  мақсат қойылды. 

БҰҰ тек  қана жаңа дүние жүзілік соғысты  болдыртпау мәселесімен ған емес, сонымен қатар жер бетіндегі  қоғамдық, экономикалық, мәдениет және экологиялық жағдайды жақсартумен  айналысады.  

  

 

 

 

 

                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ұсыныстарым

 

Халықаралық қатынастардағы басты мәселе ол ұлтаралық  қауіпсіздік болып отыр. Ядролық, биологиялық және химиялық қаруды, сондай-ақ оларды жеткізу кұралдарын (зымырандарды) тарату - ғаламдық және аймактық деңгейде зор қауіп-қатер тудырып отырғаны баршаға мәлім. Халықаралық лаңкестердің жаппай қырып-жою қаруын пайдалану мүмкіндігі де қосымша кауіп төндіретіні сөзсіз.

Халықаралық қатынастарды реттеуге мынадай ұсыныстар  білдіргім келеді

- жеңіл қару-жарақпен және атыс қаруымен заңсыз сауда-саттыққа жол бермеу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын кабылдау.

- Қазіргі заманның қауіпті қатерлері — халықаралық лаңкестік (терроризм), ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм мен діни экстремизм, этностык қақтығыстар, кару-жарақтың заңсыз айналымы, есірткі саудасы, тағы басқалар екпіндеп ене түсуде.Осы мәселелерді болдырмау шараларын ұйымдастыру.

      - Дүние жүзінде өндірілетін аса күшті есірткі түрлерінің 75-80 пайызы Ауғанстанда өндіріледі. Ауғанстандағы ланкестерге қарсы операциялар жүргізу кезінде есірткі заттарын  жою керек.

Екінші проблема — кедейшілікпен күрес.Бұл мәселеге ұсыныстар білдіре кетсем:

 - бүкіләлемдік аштықпен күрес туралы халықаралық конференция өткізу.

 - Жердің табиғи ресурстарын шектен тыс пайдаланбай-ақ әлемдегі барлық халықтардың әл-ауқатын арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

Біріккен  Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені қозғады. Олар — әлемдегі кауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау. Бұлар XXI ғасырдың ең басты проблемалары ретінде айрыкша аталып өтті.

Бірінші проблема — қауіпсіздік мәселесі..

1972 жылғы  26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы  ракетаға қарсы корғаныс жүйесін  шектеу туралы (РҚҚ) шарт әлемдегі стратегиялық тұрақтылыктың негізі болып келіп еді. АҚШ-тың 2001 жылғы желтоксандағы РҚҚ туралы шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесі Ресей, Қытай т. б. елдер тарапынан наразылық тудырды. Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойған 187 мемлекет делегаттарына өзінің арнауында К. Аннан АҚШ-тың Ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін ядролық карусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚШ-тың бұл әрекеті ядролық карусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана коймай, оны таратуға ықпал ететін болады.

Азия  кұрлығының ерекшелігі — мұнда ядролық мемлекеттер және осындай мәртебе алуға жақын, яғни, ядролық қару табалдырығындағы елдер шоғырланған, ядролық қарулану процесі барынша қауырт жүріп жатыр.

2001 жылғы  кыркүйектің 11-күні АҚШ-қа өзінің катыгездігі жағынан жойқын соққы болып тиген оқиғалар бүкіл әлемге адамзаттың басына төнген кауіптің ауқымын айқын көрсетіп берді.

Бұдан бұрын  да ылаңкестік болды, олардың ең ірілері: 1998 жылы 7 тамызда Найроби (Кения) мен Дар-Эс-Саламдағы (Танзания) жарылыстан АҚШ елшілігі қиратылып, 250 адам қаза тапты, 1999 жылғы 9 және 13 қыркүйекте Мәскеуде екі ірі жарылыстан екі тұрғын үй қиратылып, 212 адам қаза тапты, 300-і жараланды.

Осы заманғы  халықаралық ылаңкестік өзінің сипаты жағынан ұлтаралық болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі өзінің № 1373 шешімімен (қаңтар, 2002 ж.) Терроризммен күрес жөніндегі комитетін құрды. Бұған осы ұйымға мүше 189 мемлекеттің бәрі катысады, олар ланкестік әрекеттің бәрін де қылмыстық іс санауға тиіс, ылаңкестер мен оларды қолдаушылардың қаржылық кұралдары мен активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тыйым салады. Ылаңкестерге баспана беруден бас тартуға міндетті. Барлық елдер бұл талаптарға байланысты есептер беріп отыруға жауапты екендігі көрсетілді.

Шанхай  Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімдемесінде  былай деп атап көрсетілді: «Бір жыл бойы әлем мемлекеттері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 қарарының және баска да тиісті қарарларының негізінде лаңкестікке жан-жақты қарсы тұрудың екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын түбегейлі нығайтып, кеңейтті. Осынау ортақ серпінді күш-жігердің арқасында ылаңкестікке қарсы күрес шын мәнінде жаһандық сипат алды. Ылаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясын бекіту рәсімін аяктады, ШЫҰ-ның Аймақтық ыланкестікке қарсы құрылымы туралы келісімге қол қойылды».

2002 жылғы  4 маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті болып, онда Алматы актісі, ылаңкестікті аластау және өркениеттер арасындағы үн катысуға жәрдемдесу туралы декларация қабылданды. Онда былай деп көрсетілді: «Біз қайда, қашан және кімнің жасағанына қарамастан, ылаңкестіктің барлық түрлері мен көріністерін жазықсыз жандардың өмірі мен игілігіне алалаусыз кез-келген тағылық қол сұғушылық пен қылмыстық әрекет ретінде бағалап, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне қатер төндіретін әрекет ретінде айыптаймыз.

Лаңкестіктің қатері оның есірткінің заңсыз айналысымен, женіл атыс қаруын астыртын сатумен және оны кез-келген пошымда ылаңкестік                                                                                  топтарға берумен, нәсілшілдік идеологиямен және сепаратистік үйымдармен ылаңкестік қызметті қаржыландырудың және адам күшімен толықтырудың негізгі қайнары болып табылатын экстремизмнің барлық көріністерімен тығыз байланыста болуы салдарынан ұлғая түседі. Сепаратизм - мемлекеттердің қауіпсіздігіне, түрақтылығына, егемендігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына төнген негізгі қатер мен қауіптің бірі... Біз дінді ылаңкестік және сепаратистік қозғалыстар мен топтардың өз мақсатына жету үшін сылтау ретінде пайдала-нуын жоққа шығарамыз».

Американ  ғалымы Самуэль Хантингтон: «XXI ғасыр «өркениеттер тоғысуы» емес, «өркениеттер кақтығысы» ғасыры болады, мұсылман және христиан өркениеттері арасындағы кайшылық тек күшпен шешіледі» деп болжады. Ондаған жылдар бойы АҚШ пен көптеген араб елдері арасындағы шиеленістер қордаланған. 1980 жылдан бері АҚШ ислам елдеріне қарсы 19 рет қару жұмсаған, әскери интервенциялар ұйымдастырған. 11 қыркүйектегі террордың себебін араб елдерінен іздеудің де негізі бар. Дегенмен, Ислам конференциясы ұйымына кіретін 54 мемлекет исламды желеу етуге тырысқан ылаңкестікті өздерінің қатаң айыптайтынын әрі ыланкестіктің кез-келген пошымының исламға қатысы жок екенін батыл мәлімдеді.

1999 жылғы  қарашада Ыстамбұлда өткен Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының бас қосуына Ислам конференциясы ұйымы да шақырылып, олардың арасында үндесу форумы өткізілді.

Біріккен  Ұлттар Ұйымы Таяу Шығыстағы қақтығыс мәселесіне айрықша назар аударып, № 1397 шешімді қабылдап, «күш колдану мен ыланды тоқтатып, екі мемлекетті (Израилъ және Палестина) танылған шекара шегінде қатар өмір сүруге» шақырған болатын. Бұл шешімде Палестинаның мемлекеттігі айтылады.

Қазір ұйымдасқан қылмыс жеке елдердің ауқымынан асып, ұлтаралық сипат алып отыр. 2001 жылғы ақпан айында Италияның Палермо қаласында әлемнің 124 елінен үкімет басшылары қатысқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қол қойылды. Мұнда қылмыстың бір түрі — адам саудасының кең етек ала бастағандығы атап көрсетілді. Қазір жыл сайын миллиондай әйел мен бала бір елден екінші елге сатылатындығы, тіпті 1999 жылы Қырғызстаннан төрт мың адам басқа елге сатылғаны хабарланды. Қазақстанда 1999-2001 жыл-дар арасында 1797 жетім бала шетелге шығарылғаны, олардың болашағы туралы мәселе Парламент мәжілісінде каралуда.

2002 жылғы  маусым айында БҰҰ Бас Ассамблеясының арнаулы сессиясы болып, онда «Бала еңбегін пайдаланбайтын болашақ» деген баяндама талқыланды. Дүние жүзінде 246 миллион бала жұмысқа жегіліп, олардың еңбегі қаналып отыр. Жоғарыдағы баяндаманы Халықаралық еңбек ұйымы даярлаған.

Балалардың  тағы бір тобы — 8,4 миллион бала құлдық бұғауда. Оларды кепілдікте ұстайды, жыныстық ләззаттың нысандарына айналдырады. Бала еңбегін пайдалану дамушы елдерде, экономикасы күйзелген елдерде кең етек алған. Азия-Тынық мұхит аймағында 127 миллион, Африканың Сахарадан төменгі жағында 48 миллион, Латын Америкасында 17,4 миллион жетім балалар жұмыс істейді.

Қазіргі кезде әлемде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі, есірткі саудасының айналымы жылына 300-500 миллиард долларға жеткен. Әлемде нашақорлар саны 180 миллион адамға жетті. 2002 жылғы қыркүйек айындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 46.800-ден астам адам есірткі заттарын пайдаланады. 2002 жылы 24 қыркүйекте қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы осы мәселені қарап, арнаулы қарар қабылдады.

Дүние жүзіндегі 6 миллиард халықтың 3 миллиардқа жуығы кедейшілік жағдайда өмір сүруде, 100 миллиондай бала баспанасыздар санатында. Қазіргі кезде әлемде 800 миллион адам аштық азабын тартып отыр.

2002 жылғы  маусым айында Римде 182 ел өкілдері "Бес жыл өткен соң" деп  аталатын азық-түлік бас қосуында декларация қабылдап, 2015 жылға дейін ашаршылыққа ұшырағандар санын екі есе қысқарту жөніндегі өз міндеттемелерін мәлімдеді.

Информация о работе Халықаралық қатынастар