Атқарушы органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 20:09, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі.

Работа содержит 1 файл

ҚР Атқарушы органдары.docx

— 99.74 Кб (Скачать)

    Сонымен, билікті  орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі Қазақстан жағдайында, бірінші жағынан, азаматтық қоғам дамуының тетігі болса, екінші жағынан, ол - сол азаматтық қоғамның жетілу дәрежесінің көрінісі.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару туралы мақаласында  К.Шәріпбаев осы мәселенің Казақстанда дамуына әсер етіп отырған кедергілерді көрсеткен екен. Соның ішінде мыналарды айтып өту қажет деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасы аумақтар мен жергілікті тұрғындардың даму үстіндегі мүдделері мен сұраныстардын жалпымемлекеттік саясатпен үйлесуіне жауап бермейді. ҚР Конституциясының 85-бабы бойынша тиісті аймақтардағы іс жағдайы үшін жергілікті өкілді және атқаруы органдар жауапты болып табылады. Ойткені атқарушы орган жалпымемлекеттік саясатты жүргізу үшін жауапты болса, онда азаматтардың мүддесі формальды түрде өкілі органмен атқарылады.  Басқаша айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару органының функциялары әлсіз заңдық және нормативтік негізде құрылған жағдайда, олар шындығында биліктің өкілді органдарымен жүзеге асырылады.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару жүйесі жергілікті мәдениет пен дәстүрлерге, экономикалық жағдайларға және де көптеген   сот сияқты жергілікті қауымдастықтың өміріне әсер ететін мәселелерге тікелей байланысты. Кейбір жағдайлар өзгеріп тұрады, соган орай жүйе де сәйкес болуы тиіс, ол жергілікті жағдайларға үйлесімді болуы қажет. Осыған байланысты жүйе үнемі реформаланып тұруы керек. Сондықтан да жүйені құруда ол кейін өзгеретіні белгілі мерзімнен кейін жаңа реформа қажет болатындығын ескерген абзал. Оған дәлел, кейбір озық мемлекеттердің (Ұлыбритания, Франция секілді мемлекеттер) вертикальды басқару жүйесі осы күнге дейін өзгерісгерге ұшырап келеді.

    Басқарудың  нәтижелі болуы үшін тұрақтылық қажет, ал реформа жүргізу үшін керегі - өзгерістер. Осыны тепе-тең жолмен, қоғамда тұрақсыздық туғызбай жүргізуі — алғышарт.

    Орталықсыздандыруды тек ұйымдастыру және кұқықтық шаралар етінде қабылдау – қателік.  Оны саяси процесс ретінде қабылдау қажет.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру тек демократиялық процедуралардың жай әшейін түрде енуін емес, ең алдымен, ол жергілікті адамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы қажет. Ал жалпы мемлекеттік деңгейде әлеуметтік мемлекет құруға және оны дамытуға барынша ат салысуы ләзім. Сондықтан да бұл жаңадан құрылған орган жергілікті тұрғындардың салығына күш салатын тағы бір орган емес, оның жеке басының байлығы көбеюіне қызмет етуі керек.

    Сөйтіп, елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды  нығайту процесі бірнеше кезеңге  бөлінуі қажет деп есептейміз. Бір кезеңнен екінші кезеңге өту  қажеттілігі сол орган жұмысының  нәтижелігі мен жалпы азаматтық  қоғамның дамуымен негізделеді

    Бірінші кезең. Бастапқы,  яғни  қазіргі  уақытта, жергілікті өзін-өзі басқару  органы атқарушы биліктің өкілі — әлемді тежейтін тетік қызметін атқаруы қажет деп есептейміз. Бұл (оны Кеңес деп атауға болады) елді мекеннің калаулы беделді азаматтарынан тұратын қоғамдық, яғни ақысыз қызмет ететін,  2-3 жылға сайланған орган. Аталмыш орган жергілікті көкейкесті мәселелерді көтеріп оны әкімнің алдына койып шешуді талап етеді. Егер де атқарушы билік өкілінің жұмысы көпшілікті қанағаттандырмаған жағдайда оны Кеңес дауыс беру процедурасы арқылы қызметтен босатуды жоғарғы атқарушы органдардан талап етеді. Және де бұл жерде ауыл,  қала  әкімін  сайлау  мүлде  қажет  емес.

    Екінші  кезең. Халықтың демократиялық мәдениеті қалыптасып, оның экономикалық ахуалының жақсаруымен қатар өзін-өзі басқару жүйесі де белгілі өзгерістерге ұшырауы тиіс. Дәлірек айтқанда аталған орган белгілі мәселелерді өзі дара шешуге құқық алуы қажет.  Ол үшін заң жүзінде жергілікті өзін-өзі басқару органына нақты құзырлар беру керек. Оның ішінде қаржылай және кейбір шаруашылық мәселелерін шешетін құзыр. Айтылған жергілікті өзін-өзі басқару органы кейбір атқарушы өкілеттіктерді беруді талап етеді. Осы ретте жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне өз алдына жеке сайланатын атқарушы органды (оны 2000 жьпы үсынылған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасында аталғандай) ендіруге болады. Бұндай органның пайда болуы осы деңгейдегі әкім өкілеттіктерін бөлуді қажет етеді.

    Үшінші  кезең. Ол осы деңгейден шаруаларды шешуге толық дайын болған кезде жергілікті елді мекендерде (төменгі деңгейде ғана) Әкім институты жойылады,  оның орнына Уәкіл институты енгізіледі.   Уәкіл — бұл Президент пен Үкіметтің, яғни мемлекеттің жергілікті орындағы өкілі.

    Бұндай  реформа аудан, облыс деңгейінде жүрмейді, ол тек ауыл поселко қала деңгейлерінде ғана іске асырылады. Ал республикалық бағынудағы қалаларда шағын аудан деңгейінде іске асырылады.

    Мемлекет  өз тарапынан уәкіл арқылы әкімшілік  және қаржылық бақылауын жүзеге асырады.

    әкімшілік бақылау:

   · қабылданған шешімдер мен оның іске асырылуын және дұрыстығын бақылау;

    · жергілікті өзін-өзі  басқару органы қабылдаған шешімдердің заңға сәйкестігін бақылау.

   Жергілікті  өзін-өзі басқару кұрамына кіретін  екі органның біреуі ғана ақылы түрде қызмет етеді, ал Кеңес — ақысыз қызмет ететін қоғамдық орган.

    Уәкіл институтын кіргізу неге қажет?  Аты басқа болғанымен, заты сол әкімнің құзыретіндегі істер емес пе деген сауал туындауы мүмкін. Бүған жауап ретінде біз жоғарыда аталған реформалар кезінде психологиялық, басқаша айтқанда,  сана-сезімдік қабылдау мәселесін басып айтқымыз келеді. Әкім институты құрылғаннан бері тұрғылықгы халықта ол жөнінде белгілі ой-пікір қалыптасып қалған. Көп жағдайларда, әсіресе, жергілікті халық әр мәселенің басын шешу үшін әкімге жүгінеді.  Себебі, бұл институт халықтың көзінде нағыз билікпен ассоцияцияланады. Ал біздің ұсынымыздың мақсаты — бұндай психологияны сындыру, биліктің бастауы өз қолында екенін, және де өздері сайлаған жергілікті езін-өзі басқару органы арқылы сол билікті жүргізуге болатындығын халықтың түсінуі, яғни адамның саяси еркін қалыптастыру. Сондықтан да бұл мәселеде осындай технологияны қолдану дұрыс деп ойлаймыз.

    Осылайша, қоғамда демократиялық үрдістердің  және мемлекеттілігіміздің нығаюымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі де пісіп-жетіледі деп ұстанымдамыз.

    Баса  назар аударып айтатьн жайт, осы  кезеңдер аралығын ешқандай нақты мерзіммен белгілеуге болмайды. Ол жоғарыда айтылган факторларға тікелей байланысты.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару органы мемлекеттің  тұрақты және маңызды саяси институтына айналуы тиіс деп есептейміз.

    Ұсынылған жол жүзеге асу үшін, мемлекеттік  органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арақсатынастарын анықтап алу кажет. Осы ретте облыс, аудан жетекшілері — әкімдердің өкілеттіктері тек әкімшілік- аумақтық мәселелер аясында жүргізуі тиіс деп есептейміз.  Және де олар тағайындалу процсеурасы арқылы тағайындалуы қажет.

    Сонымен қатар осы деңгейлердегі өкілді органдардың — мәслихаттардың (әртүрлі комиссия құру арқылы)     атқарушы     тармақты     бақылау өкілеттіктерін заң жүзінде күшейту қажет.  Мәслихат — бұл халықтың билігін әртүріі   деңгейлерде іске асыруға мүмкіндік беретін құрал. Оны тек осылай ғана қабылдау қажет. Қандай да болмасын, құрылған билік органы өзін-өзі мақсат тұтпайды, ол елдің мұң-мұқтажын шешуге арналған. Осы тарихи ақиқатты түсінген абзал.

    Ал  бұлай болған жағдайда болған жағдайда, мәслихаттар жергілікті саясатты анықтайтын органға айналуы тиіс.  Ол үшін өкілді орган аумақтық бюджетті қалай процесіне белсенді қатысуына жол беру керек. Нақты айтқанда, аймақтық өкілді органның күшеюі атқарушы биліктің құзырларын шектеуге алып келу қажет.

    Мәслихат  тұрғылықты халықтың ерік-жігерін іске асыратын орган ретінде өзінің аумағындағы барлық салаларды қамтитын саясатты анықтауы керек, ал атқарушы орган өзінің атына сай заты да ие болуы, яғни қабылданған шешімдерді орындауы тиіс. Тек осыны үғыну және іске асыру арқылы ғана біз биліктің жергілікті органдары арасында тепе-теңдік сақтай алуымыз мүмкін. 

    3.2 Семей қаласындағы өзін өзі басқаруды даму шаралары.

     Семей қаласының өзін-өзі басқарудың дамуын  оның орындалып жатқан іс шараларынан көруге болады. 

     2011 жылдың 1 қазанына Семей қаласының бюджетіне 16 288,9 млн. теңге, оның ішінде өзіндік кіріс көздері бойынша 6 840,1 млн. теңге түсті.

Жоғарғы тұрған бюджеттен қаланың жылу жүйесін  жетілдіру мен қайта іске қосуға, инженерлік-коммунакациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға, білім мектепке дейінгі мекемелерінде мемлекеттік  тапсырысты жүзеге асыруға және басқа  да әлеуметтік маңызды іс-шараларға  трансферттер түрінде 9 073,8 млн. теңге бөлінді.

     Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша 15 364,2 млн. теңге игеріліп, оның ішінде білім саласының шығындары 4 491,4 млн. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 739,5 млн. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 392,4млн. теңгені құрайды.

     Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша халықты  жұмыспен қамту бағдарламасының  іс-шараларын жүзеге асыруға бюджеттен 111 млн. теңге, тұрғын үй көмегіне 30,5 млн. теңге, үйде оқытылатын мүгедек балаларға  материалдық көмекке – 31млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке – 70млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға –  21,7 млн. теңге жұмсалды.

     Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2011 жылдың 1 қазанына

 

  Биылғы 2011 жылы 752 га дәнді-дақылдар,  80 га бақша, 3260 га картоп, 1380 га көкөніс және азықтық дақылдар егілді. Жалпы егілген  егіс көлемі 6688 га құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық.

     Ауыл  шаруашылығы дақылдарын жинауға  техникалардың  барлық түрі бойынша 100 пайызға дайын болып, егін алқаптарына дәнді дақылдар жинауға 21 комбайн, азықтық дақылдарды жинайтын комбайн 6 дана, қызылша жинайтын комбайн 6 дана, 18 дана картоп жинайтын техникалар.    

     Қазіргі уақытта дәнді дақылдар толықтай орылып, түсімі 10 цн/га болып 752 тонна  өнім жиналды. Сонымен қатар шаруашылықтар  картоп және көкөніс дақылдарында жинауда. Бүгінгі күні 3260 га картоп дақылынан 2720 га жиналды, түсімі 160 ц/га, алынған  өнім 43520 тонна, 1380 га егілген көкөніс  дақылдарынан 1300 га жиналып, 23400 тонна  өнім жиналды. Түсімі  180 ц/га. 80 га егілген бақша дақылдарынан бүгінгі күні 80 га жиналып, 2080 тонна өнім алынды, түсімі 260 ц/га құрап отыр.

     Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары көктемгі дала жұмыстарына пайдалануға 853 тонна  субсидияланған минералдық тыңайтқыштар алып пайдаланды.Субсидия көлемі 30,1 млн. теңгені құрайды.

     2011 жылдың көктемгі егіс және  егін жинау жұмыстарын жүргізуге  қажетті жанар-жағар май материалдары  мен басқа да тауарлық-материалдық  құндылықтардың құнын арзандатуға  облыстық бюджеттен субсидиялар  төлеу мақсатында құрылған ведмствоаралық  комиссия 22 шаруашылықтың 2582 га егістік  алқабын қабылдады және бүгінгі  күні 15,7 млн. теңге субсидия төленді.

     Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын  субсидиялауға өңірдің шаруашылықтарына өткен 8 айға 25,0 млн. теңге төленді.

     Ауыл  шаруашылық техникаларын жаңарту үшін Семей өңірінде қаржыландыру көздерінің барлығы пайдалануда.

     2011 жылы «Мұздыбай-» ШҚ-ы «ҚазАгроҚаржы»  АҚ-ы арқылы 141,1 млн. теңге көлемінде көкөніс және картоп дақылдарын егетін, қызмет көрсететін және жинайтын ауыл шаруашылығы техникаларына лизинг арқылы жеткізуге тапсырыс берді. Бүгінгі күні шаруашылық құны 105,8 млн. теңге болатын  техникаларын алды.

     Ағымдағы  жылы «Мұздыбай-» ШҚ-ы 6,0 мың тонналық  типтік үлгідегі көкөніс қоймасының құрлысын бастады, бұл картоп пен көкөністі сақтауға қоюға мүмкіндік береді.

     Республикалық бюджеттен 2011 жылы мал шаруашылығы  өнімінің өнімділігі мен сапасын  арттыруды субсидиялауға мақсатты ағымдағы трансферттерді пайдалану  Ережесі 2011 жылдың 11 наурызындағы Үкіметтің  № 252 қаулысымен бекітілген.

     Өңір  бойынша субсидия алуға 8 шаруашылық кіргізілді. Барлық бекітілген квота 559,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 9 айда игерілгені 410,0 млн. теңге немесе 73,3 пайыз.

     Аумақта қаражаттың өтімділігі мен тиімділігін  жоғарылату мақсатында, «Семей» несие  серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, оның құрамына 27 ауыл шаруашылық тауар өндірушілер  кірген. 71,8 млн. тенге құрайтын жарғылық капитал жасалып, 462,3 млн. теңгеге  көлемінде несие желісі ашылды. Құрылған уақыттан бастап серіктестік өз мүшелеріне қайтарымды 383,7 млн теңге несие берді, оның ішінде биылғы жылы 12,0 млн. теңге.

Информация о работе Атқарушы органдары