Атқарушы органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 20:09, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі.

Работа содержит 1 файл

ҚР Атқарушы органдары.docx

— 99.74 Кб (Скачать)

        Муниципалдық кеңестің сандық құрамы және өкіллетік мерзімі/төрт жыл/ағымдық шақырыс  аралығында өзгермейді. Кеңестің жеке меншік қаржысы болады және ол заңды тұлға болып табылады.

     Нақтылы басқару обьектісінің сипатына байланысты атқаратын қызметтерді екі топқа  бөлуге болады. Бірінші қызмет тобының  түрі аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару, реттуді бір шаруашылық оганизмі ретінде орындауға бағытталған. Екінщі топтың обьектісі-женелеген салалар,кәсіпорындар,экономика және әлеуметтік саланың ұйымдары .Бірінші топтық қызметін аумақтық басқарудың жоғары деңгейдегі муниципалдық қызметкерлер атқарады. Олар әкімшілік басшылары және олардың орынбасарлары..

     Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес республикадағы өзін-өзі басқару  әртүрлі ұйымдастырушылық түрде  жүзеге асады.Заңда көрсетілгендей,муниципалдық құрылым өі жеке жарғы дайындап оны  қабылдайды.Онда жергілікті өзін-өзі  басқаруды нақтылы ұйымдастыру  түрлері, жергілікті маңызы бар мәлелелерді  халықтың тікелей шешуге қатысу тәртібі  мен кепілдіктері; сайланатын органдардың  өкілеттілігі және т.б. мәселелер көрсетілген.

      Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың үш түрлі ұйымдық түрлерін атауға болады:

  • референдумдар;
  • сайлау;
  • жиналыс.

     Қазақстан Республикасының ондаған жылдар бойы референдумдар не жергілікті,не республикалық деңгейде өткізілмеді. Алғашқы рет «жергілікті референдум»  ұғымы 1992 жылы қабылданған Қазақстан  Республикасының “ҚР жергілікті өзін өзі басқару туралы” Заңында  қолданылады. Ал бұрынғы Кеңестер Одағында тұнғыш референдум 1991 жылы 17 наурызда –өткізілген. 
 

 1.2. Жергілікті атқарушы органдар жүйесі және басқару өкілеттілігі.

      ҚР  Конституциясының 89 бабына сәйкес жергілікті өзін өзі басқару тұрғындардың тікелей  сайлаулары, сондай-ақ халық топтары  бір біріне жақын тұратын аумақтарды қамтитын ауылдық және қалалық қоғамдастықтардағы жергілікті өзін өзі басқарудың сайланған  және басқа да органдары арқылы жүзеге асырылады.

      Жергілікті  өзін өзі басқарудың әлемдік тәжірибесін  талдай келе Е.С. Шугрин мынадай үлгілерді  бөліп көрсетеді: 1) «үшті кеңес- әлсіз  мэр» формасы атқарушы органдардың  қызметтерін үйлестіру мәселелерінде  кеңестер тарапынан мэрдің құқысының  шектелетіндігімен сипатталады; 2) «күшті мэр - әлсіз кеңес» мэрді тұрғындардың тікелей сайлауларына саяды; 3) «кеңес –менеджер (басқарушы)» формасы  муниципалды істерді басқарысуға  бейтарап саяси көзқарастағы кәсіби маманды шақыру; 4) комиссиондық форма: мәні жағына алқалық орган, мүшелері бір мезгілде қалалық үкіметтің  қандай да бір өндірістік бөлімін  басқрады; 5) құрамалы форма: сайлаушылардың мүдделерін қорғай отырып, мэр бас  әкімшілікті сайлайды.

      Осыған  байланысты өзіне мына жағдай назар  аудартады, көрсетілген ұйымдық-құқықтық формалармен қатар авторлар сақталып қалған дәстүрлерге орай мыналарды  да жатқызады:

  • жергілікті мемлекеттік басқаруды;
  • жергілікті басқаруды.

        Бұл заң жүзінде осылай деп танылған ба, жоқ па, алайда аталған көзқарас өтпелі кезеңнің ерекшелігін, яғни жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару қатар қызмет ете бертіндігін немесе жергілікті өзін өзі басқару оған мемлекеттік өкілеттіктердің бір бөлігін беру негізінде пайда болады.

      Қазақстанда Ресей Федерацмясына қарағанда  бұл өтпелі кезеңнен өтіп алу ерекшелігі тұр, өзгешелік тек мынада: ресейде  жергілікті өзін өзі басқару органдары  мемлекеттік үкімет жүйесінен тыс тұр. Сондықтан кейбір мамандар әлгі мәселелерден қашқақтап, өздерінің назарларын жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастырудың аумақтық аспектілеріне аударады.

      Жергілікті  өзін өзі басқару аумақтық принциптер бойынша ұйымдастырылады, алайда тиісті шекаралар, мунициалдық үкімет  шектері мемлекетік органдармен анықталдады. Қазақстан Республикасы Конституциясы (61-бап) әкімшілік-аумақтық құрылымның мәселелерін реттейтін заңдарды шығаруға Парламент құқылы деп таныған. Демек, заң шығарушы бұл туралы ашық айтпаса да әкімшілік пен жергілікті өзін өзі басқарудың шектерін ажыратпайды. Ресейде мәселен, жергілікті өзін өзі басқарудың алғашқы базалық территориялық деңгейі жоқ. Алайда тиісті 12-бап (жергілікті өзін өзі басқарудың аумағы) жергілікті өзін өзі басқару Ресейдің барлық аумағындағы қалалық, селолық жерлерде және басқа да аумақтарда жүргізілетіндігі тұжырымдалған. Демек, аумақ мемлекеттің белгісі ретінде көрінеді және жергілікті өзін өзі басқарудың кепілі ретінде болып табылады, сондықтан ол құықтық режимдерді анықтап қана қоймайды. Яғни, аумақ заң жүзінде өмір сүрудің міндетті бір шарты ғана емес (жер, табиғат, ресурстар барлығы) сонымен қатар өзін өзі басқару статусы бар заңды тұлға да болып табылады. Жергілікті құрылымдарды бекіту және шекараларын орнату, оның ішінде құрылу, бірлесу, қайта құрылу немесе жергілікті өзін өзі басқаруды тарату тарихы, мәдени және басқа да дәстүрлерді ескере отырып, тек жұртшылықтың ынталары бойынша жүзеге асырылуы керек. Осылардың негізінде бір-біріне жақын тұрғындар ғана мыналарды жүзеге асыруға құқылы:

    • жергілікті өзін өзі басқару органдарының құрылымын белгілеуге;
    • өкілетті органның сандық құрамын белгілеуге;
    • жергілікті өзін өзі басқарудың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
    • мемлекеттік үкімет тарапынан неғұрлым күшті бақылау жасалатын шекаралық аудандардағы жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызметін айрықша реттеуге;
    • жергілікті өзін өзі басқару органдарының нормативті-құқықтық актлерін қабылдаудың және күшіне енгізудің тәртібі;
    • муниципалдық қызметті ұйымдастырудың шарттары мен тәртіптері;
    • жергілікті өзін өзі басқарудың экономикалық және қаржылық негіздері;
    • қолданбалы органдарының, жергілікті өзін өзі басқарудың лауазымды тұлғаларын қайта шақырып алудың немесе жергілікті тұрғындардың сенім көрсетпеулерін реттеуді;
    • жергілікті өзін өзі басқару органдарының жаупкершіліктерінің негіздері мен түрлері;
    • муниципалдық құрылымның Жарғысын тіркеу тәртібі.

    Жергілікті  өзін өзі басқару органдарының пәндерін жүргізуге сипаттама

бермес  бұрын мынаны атап көрсетеміз:

    • жергілікті өзін өзі басқару органдары сол жердегі халықтың үкіметтік институты, бірақ ол жүйе емес, яғни әр аймақтың өзінің ерекшеліктері (экономикалық, мәдени, территориялық және басқа да) болатындықтан жергілікті өзін өзі басқару органдарына өзгешеліктер тән. Бұған Ресейде жүргізілген (ХІХ ғасырада) реформасында өзін өзі басқарудың 26-моделі болғанын айтсақ тажеткілікті;
    • жергілікті өзін өзі басқару және муниципалдық органдардағы  мемлекетік құрылымының элементтері болып табылады және жалпымемлекеттік жүйеде өзіне тән орынын алады.

 

             1.3. Аймақтық басқару негізі.

      Кез келген аймақтық органның қызметінде жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілеттілігін шектейтін объективті жағдайлар болады. Сондай жағдайға жергілікті өзін өзі басқару басқарудың территориясы да жатады.

      ҚР аумағын әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы күшіндегі заңдылықтарға сәйкес екі негізгі категорияға – аймаққа және елді мекендерге бөлінеді. Аймаққа Республика аумағының бірнеше мекендері кіретін, Республиканың мүддесі үшін құрылған және басқарылатын аумақтар жатады.

      Міне  осылайша аймақтық шекаралар аумақтарда мемлекеттік органдардың тарапынан  басқаруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Өз кезегінде елді мекендер Республика аумағында шағын орналасқандықтарымен сипатталады, олар азаматтардың шаруашылық және басқадай қоғамдық қызметтеріне қарай құрылған. Бұл орайда елді мекендердің санының елеулі маңызы бар, оның ең азында 50 адамнан кем тұрмауы керек, сол аймақта тіркеу мен басқаруды жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүргізеді. Заң жүзінде сол елді мекеннің сипаттамасы сонда муниципалдық құрылым ашуға мүмкіндік береді. Бұл жерде мемлекеттің басшысы елді мекендердің статусын анықтауда шешуші роль атқаратынын естен шығаруға болмайды.

      Муниципалдық  құрылымның аумағын ( ауылдық немесе қалалық жергілікті өзін өзі басқару) қалалар, ауылдық жерлерге жататын, көпшілік пайдаланатын және муниципалдық құрылымның шегіндегі жерлер жатады, әр бұлардағы меншіктің түрлері және жердің пайдалану мақсаты есепке алынбайды.

      Мамандардың атап көрсеткендеріндей, жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастырудың әкімшілік  аумақтық принциптері әлемдік муниципалдық теорияларда және тәжітибелерде  түбегейлі қалыптасқан деп танылған. Бұл жерде бұрын орын алған сословиялық-коорпоративтік принцип түбегейлі жойылды және орнын әкімшілік-аумақтық құрылымдарға бергенін ескеру керек. Алайда авторлар (М.А. Краснов, В.И. Фадеев) жергілікті өзін өзі басқару органдары әкімшілі-аумақтық бірліктердің негізінде емес елді мекендерге қарай құрылуы керек.

      ҚР-дағы жергілікті өзін өзі басқарудың конституциялық жайттарын талдау қалалық және ауылдық  өзін өзі басқарулар қаланың аумағында  немесе бір әкімшілік аумақтарда бір біріне жақын орналасқан бірнеше елді мекендерді қамититындай болып құрылуы мүмкін.

      Әдебиеттерде  жергілікті өзін өзі басқару жүйесінде  қаланың ауданына немесе ауылдық  жерлерде елді мекендердің орналасуларына қарай болжамды бағалар айтылып жүр, олар: 1) аудан деңгейінде жергілікті өзін өзі басқару бола ма?; 2) аудандық үкімет органдары мен елді мекендердің үкіметі органдарының өзара қатынастары мәселелерін қалай шешуге болады?

  Бұл мәселелерді шешу әр түрлі субъектілерінің өзара қатынастарының формаларын ғана анықтауға емес, сонымен қатар заңды шешім алу арқылы да, яғни аймақтық саясатпен жергілікті өзін өзі басқарудың құқықтық негіздерін құру арқылы да жүзеге асады.

      Жергілікті  өзін өзі басқарудың аумақтық негіздерін заңды түрде бекіте отырып, мынадай мәселелерді шешуге тура келеді:

  • бір біріне жақын тұратын жұртшылықтың жергілікті өзін өзі басқаруға айрықша құқылары барлығы туралы;
  • муниципалдық шекаралар туралы, бұл жерде муниципалдық құрылымның заңды тұлға ретінде құқы барлығын;
  • өзін өзі басқарудың көп деңгейлі құрылымы, мысалы қалалық және қоғамдастық (мөлтек аудандар, қаладағы аудандар, поселке).

      Жергілікті  өзін өзі басқару органдарымен қатар  муниципалдық құқық өзін өзі басқарудың аумақтық-қоғамдық органдардың қызметінің негіздерін бекітеді. Бұл құрылымдардың  қызметі жеткілікті белгілі, оларға бірінші кезекте мыналарды жатқызады:

    • өндірістік-салалық принциптері және тұрған жерлері бойынша құрылған қоғамдық дербестік органдары;
    • шаруашылық-қоғамдық дербестік органдары ( қорлар, КСК және тұрғындарға қызмет ететін басқа да формалар).

    Аталған органдарды сипаттайтын белгілерге жататындар:

    • өкілеттілі сипаты;
    • қызметтер ұйымдастырудың аумақтық принципі;
    • қоғамдық формасы;
    • өзін өзі басқарушылық қасиеті.

    Қоғамдық  өзін өзі басқарудың кейбір комитеттерінің жұмыс тәжірибесі,

 мысалы  Қостанай қаласында ( қала аумағы  ведомстволық 12 қызметке бөлінген) аталған орандар атқарушылық-нұсқаушылық функцияларды орындаған. Қостанай қаласында өзін өзі басқарудың аумақтық комитетіне (БАК) мемлекеттік органдардың қызметтері тартылған, ал «Южный» ТКС мен Қостанай ГОВД (ҚІ ІБ) арасында қылмыс жасау мен заң бұзушылықтар жол бермеу мақсатында әкіммен және мәжіліс хатшысымен келісе отырып, келісім жасалған. Осы құжатқа сәцкес қызмет көрсетілетін аумақтардың шектері белгіленген. Мұндай анықтамаларға сын тұрғысынан қарай келе қоғамдық ынталар мен жергілікті әкімшіліктің механизімін біріктіруге ұмтылудың ешқандай құқықтық негізі жоқ. Жергілікті өзін өзі басқару қызметінде мәндері әр түрлі азаматтық ынталардың маңызы үлкен, мәселен жергілікті проблемаларды шешугу ұжым болып қатысудың, бұл жағдайда жергілікті өзін өзі басқарудың жаң тұжырымдамасын қолдану тиімді, оларға мыналар тән:

  • келіспей әрекет жасаудан көрі ықпал еткен дұрыс;
  • кейбір адамдардың немесе топтардың өз қажеттерін өздері өтеулеріне көмектесуі керек, ал оларға тек қызмет көрсету қажетсіз;
  • өзін қызмет көрсеткеннен де басқа да ұйымдар мен мекемелер арқылы солармен әріптес болып қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде кепілдік беру тиімді;
  • қаржыландырудың көздерін басқа ұйымдар менмекемелерден іздестірген жөн. Азаматтық ынталар өзін өзі басқарудың сол қоғамдық немесе аумақтық органдардың өздеріне тән ерекшеліктері болып табылатындығын мойындаған жөн.

Айтылғандарды түсіндіре отырып, жергілікті қоғамдастықтың аумағы ҚР-ның заңдарымен белгіленген  мемлекеттік аумақ болып табылады және бұл да жергілікті қоғамдастықты  ұйымдастырудың негізгі шарттарының  бірі болып саналады. Демек, жергілікті өзін өзі басқару – бұл жұртшылықтың және олардың сайланатын, атқарушы органдарының, жергілікті қоғамдастықтардың шекаралары шебінде.

ІІ.Жергілікті өзін өзі басқару және аймақтық басқару органдары

   

2.1 Жергілікті өзін  өзі басқарудың  принциптері мен қызметтері.

Жергілікті  өзін өзі басқарудың принциптері –  бұл негізгі саналатын идеялар, доктриналар.

Олар  мыналарды қамтамасыз етеді:

  • жергілікті мемлекеттік  басқарудың және өзін өзі басқарудың өзара әрекет жасаулары;
  • өзін өзі басқаруды дамытудың институционалдық параметрлерді мемлекеттің тануы;
  • адамның және азаматтың құқығы мен еркіндігі, азаматтардың өзін өзі басқаруға кеңінен қатысулары;
  • өздерінің ынталарын жүзеге асыру үшін заңмен бекітілген шегі толық еркін әрекет жасаулары.

    ҚР-ның  Конституциясы (89 бап) жергілікті жерлерге қатысы бар 

мәселелерді шешуді жергілікті өзін өзі басқару  органдары шеше алады деп тұжырымдаған.

      ҚР-ның  Конституциясында халық мемлекеттік  үкіметтің бірден бір қайнар көзі болып табылады деген идея қалыптасқан. (1п. 3-бап). Конституциялық ережелерге логикалық талдау үкіметтің мемлекеттік институтарымен қатар мемлекеттік үкіметтің жүйесінде одан тыс та көрінетін салықтың құзырының орны ерекше.

Информация о работе Атқарушы органдары