Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 08:33, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көп¬теген жаңа түсініктер еніп, оның заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі – сақтандыру халықтың түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда.
Кіріспе 3
1 Сақтандыру және сақтандыру нарығы жайлы жалпы мағлұмат.
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығы 4
1.1 Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары
1.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы 7
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесін қалыптастыру 12
2 ҚР сақтандыру компанияларына жалпы сипаттама
2.1. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жұмысы жайлы 21
2.2. Ерікті сақтандыру. Ерікті мүліктік сақтандыру 24
2.3. «БТА Сақтандыру» компаниясы 26
2.4 ҚР сақтандыру компанияларының қаржылық және
өзге де есеп беруі. ҚР сақтандыру нарығы дағдарыстан кейін 28
Қорытынды 35
Әдебиеттер тізімі 38
Қорытынды
Сақтандыру нарығының эволюциясы инвестициялық белсенділіктің қалыптасуына тікелей әсерін тигізуі керек. Мәселен, дамыған елдерде сақтандырудың үлесіне экономикаға инвестицияланған жинақ ақшаның 50%-ына дейін тиеді. Сақтандыру компаниялары өзінің уақытша бос қаржылық ресурстарын бағалы қағаздарға салып, инвестициялық және инновациялық қызметтің шапшаң дамуына көп әсерін тигізеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ЖІӨ-дегі сақтандыру сыйақысы үлесінің төмен болуы қаржылық ресурстардың қайта бөлінуіне тиісті дөрежеде өз әсерін тигізуге мүмкіндік бермей отыр. Сақтандыру нарығын жылдам қалыптастыру үшін сақтандырушыға деген сенімнің деңгейін көтеріп, олардың жарғылық капиталының ең аз шамадағы мөлшерін заңды түрде арттыру керек. Сонымен бірге, өнімнің өзіндік құндарына олардың жекелеген түрлері бойынша шығынды сақтандыруға жатқызудың жеңілдетілген жағдайын жасау керек.
Аталған шаралар сақтандыру нарығын іштей қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ел экономикасына жағымды әсерін тигізеді. Сақтандыру нарығының сәтті дамуы Қазақстан банк жүйесінің дамуына өз ықпалын тигізеді.
Осылайша, сақтандыру елдегі инвестициялық ресурстардың маңызды көзі болып табылады. Онда өмірді сақтандырудың резерві айрықша орынды иеленеді. Өйткені бұл салаға ең алдымен келісімшарт мерзімінің ұзақ болуы тән болса, екіншіден, сақтандырудың төлемдері бойынша міндеттемелерінің көп бөлігі келісімшарттың қолданылатын мерзімі біткенде ғана немесе әдетте сақтандыру жарнасының төленген сәтінен біршама уақытқа шегерілетіні бұрын айтылған мерзімде төленеді. Бұл өмірді сақтандыру бойынша резервтің көп бөлігін салыстырмалы түрде ұзақ мерзімді жобаларға инвестициялауға мүмкіндік береді.
Нарық
жағдайында қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуына тәуекелдіктердің сан алуандығы
және көптігі тән. Және де мүмкін болатын
ысырап ықтималдығы артады, бірінші кезекте,
жағымсыздықтарды ұлттық экономиканың
түрлі сатылы деңгейлерінде, тәуекелдіктерді
реттей отырып басқару арқылы, мейлінше
азайту қажеттілігі туады. Алайда, мемлекеттік
сақтандыру әлеуметтік, қоғамдық тәуекелдіктерді
реттей отырып басқарумен, сақтандыру
қатынастарының тәртібін, түрлерін және
шарттары зандық негіз арқылы реттеумен
шектеледі. Сондықтан тәуекелдіктерді
басқару проблемасы - шаруашылық жүргізетін
субъектілердің бірінші кезектегі міндеттері.
Мұндай жағдайда кәсіпқой сақтандырушылар
арқылы сақтандырудың мәні арта түседі.
Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңдерінде
сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер
болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі
жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына
әкелді. Көптеген компаниялар сақтандыру
қызметтің көп түрінің бірі ғана деп есептеді.
1994 жылдан 1998 ж. дейін олардың саны 22-ден
71-ге дейін өсті. Одан кейін бес жыл ішінде
құлдырау жүрді. 2004 жылдың басында барлығы
34 компания жұмыс істеді. Сөйтіп, әлеуетті
сақтандырушылар тараптарынан мүдделілік
танытқан кезде сақтандыру қызметтерінің
нарығы Қазақстанда өзін-өзі реттеді.
Әлі де ол әрі республикалық, әрі аймақтық
деңгейлерде ұйымдастырудың осы заманғы
түрлерін, аймақтық деңгейлерін іздестіруде.
Бұл - қоғамдық бірлестіктер, әлеуметтік-қаржы
топтары, аймақтық одақтар т.б. болуы мүмкін.
Әдебиеттер
тізімі:
1 Ілиясов Қ. Қ., Құппыбаев С. Қаржы: жоғары оқу
орындарына арналған оқулық.- Алматы: LEM,
2005.- 552 б.
2. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: оқу
құралы.
Т. 7 / О. Баймұратов.- 2007
3. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы:
Ерекше бөлім.- Алматы: Заң әдебиеті - Т.
1.-2003.-264 б.-729.00 тен.
4. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық
құқығы: Ерекше бөлім.- Алматы: Заң әдебиеті
- Т. 1. - 2004 - 264 б.
5. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық: ерекше бөлім ;
оқулық / Ғ. А. Жайлин.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 264
б. - Т. 1. - 2006. - 264 б.
6. Жұмабекұлы С. Барлық қажеттілікке сақтандыру қызметін
көрсете аламыз/ С. Жұмабекұлы// Президент және
халық.- 2007. - 13 сәуір. - Б. 4.
7. Исахова П. Б. Қазақстан Республикасында халықты
әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
: экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / П. Б.
Исахова.- Алматы: [б. ж.], 2008.- 44 б.
8. Искаков Ұ. М. ж.б. Қаржы нарығы және делдалдары:
оқулық / Искаков Ұ. М., Бохаев Д. Т., Рузиева Э.
А.; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі,
Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті.-
Алматы: Экономика, 2008.- 296 б.
9. Камали Қ. М. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік
басқару: оқу құралы / Камали Қ. М. ; Қазақстан
Республикасы білім және ғылым министрлігі, Т. Рысқұлов
атындағы қазақ экономикалық университеті.- Алматы:
Экономика, 2005.- 103 б.
10. Қазақстан Республикасының Заңы: Сақтандыру қызметі
туралы.- Алматы: Юрист, 2003.- 43 б.
11. Құлпыбаев С. Қаржы: жоғары оқу орындарына
арналған оқулық / С. Құлпыбаев.- Алматы: [LEM], 2007.- 668 б.
12. Лер О. Жаңаша сақтандыру жолдары: [Сақтандыру нарығы
туралы]// Қаржы-қаражат.- 1997.-N11.-Б.7-15
13. Мұқан Ш. Қазақтың сақтандыру жүйесі немесе тұлға мен
заңның өркениетке әсері// Жас алаш.-
2003. - 3 шілде. - Б.2
14. Нұрғалиева Р., Сигарев М.И. Сақтандыру жүйесі және
оның Қазақстан ауыл
ерекшеліктері// Жаршы.- 2002.-N1.-Б.7-9
15. Смағұлова Р. О. Қаржы, ақша айналысы және несие:
оқу құралы / Р. О. Смағұлова , Қ. Ә. Мәдіханова,
Қ. Ә. Тұсаева , Ж. Ш. Сатыбалдиева.- Алматы: Экономика,
2008.- 462 б.
16. www.afn.kz
17. www.zan.zanmedia.kz
18. www.raexport.kz
19. www.fingramota.kz