Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 08:33, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көп¬теген жаңа түсініктер еніп, оның заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі – сақтандыру халықтың түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда.
Кіріспе 3
1 Сақтандыру және сақтандыру нарығы жайлы жалпы мағлұмат.
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығы 4
1.1 Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары
1.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы 7
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесін қалыптастыру 12
2 ҚР сақтандыру компанияларына жалпы сипаттама
2.1. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жұмысы жайлы 21
2.2. Ерікті сақтандыру. Ерікті мүліктік сақтандыру 24
2.3. «БТА Сақтандыру» компаниясы 26
2.4 ҚР сақтандыру компанияларының қаржылық және
өзге де есеп беруі. ҚР сақтандыру нарығы дағдарыстан кейін 28
Қорытынды 35
Әдебиеттер тізімі 38
«Коммеск-Өмiр» СҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Акентьевтың айтуынша, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру сыйақыларын жинау жеңіл. Мәнісінде, олар сақтандыру мәдениетін қалыптастыруға, сақтандырушылар жұмысының тиімділігін көрсетуі және халықты ерікті түрлеріне тартуы тиіс. «Алайда біз кеңес дәуіріндегі деңгейден қалыс келеміз. Егер бұрын әрбір төртінші азамат ерікті сақтандыру полисін иемдеген болса, бүгінде ол туралы тіпті қырқыншы да айта алмас», - деді Акентьев.
Қазақстандағы сақтандыру ісі Көлік құралдары иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтау және нарықта автонесиенің кеңінен шығуымен байланысты дамыды. Автонесие беретін ұйымдар үшін «АвтоКАСКО» сақтандыруы міндетті шарт болды, өйткені ол банк үшін машинаның жоғалуы немесе бұзылуы жағдайында ақшаның қайтарылуының кепілі болады. Осылайша «АвтоКАСКО» нарығының қарқынды даму автонесиенің берілу көлеміне тікелей тәуелді. Әлемдік дағдарысқа дейін несиеге барлық машинаның 1/3 алынатын. Несиелеу көлемінің азайғандығымен байланысты сақтандыру нарығы да құлдырады.
Жауапкершілікті сақтандыру департаментінің директоры Татьяна Колчинаның айтуынша, мүлікті сақтандыру бүгінде де кең таралмаған. Кезінде миллиондаған адамдар жинақтарынсыз қалған «Госстрах» жағымсыз тәжірибесінен соң көптеген адамдар сақтандыру компанияларына сенімсіздік білдіреді. Оның үстіне қызметтердің кең таралмауы, халықтың төлеуге қабілетті сұранысының төмендеуі, азаматтардың сақтандыру мәдениеті деңгейінің жеткіліксіздігі, сақтандыру компанияларына деген сенімсіздік пен компания тарифтерінің жоғарылығы мүлікті сақтандырудың негізгі проблемасы болып отыр.
2010
жылдың 9 айының қорытындысы бойынша
Қазақстанның сақтандыру
«ЕМС нарығының дамуын тежеп отырған
негізгі факторлар ретінде келесілерді
атауға болады: бәсекелестіктің төмен
деңгейі, кэптивті сақтандырудың жоғары
үлесі. Сақтандыру нарығының еліміздің
корпоративтік секторына, оның ішінде
ірі қаржылық–өнеркәсіптік топтардың
қызметіне аса тәуелді болуы соңғы екі
жыл ішінде ЕМС нарығының құлдырауының
негізгі себебіне айналды», – дейді «Эксперт
РА Қазақстан» рейтингтік агенттігінің
сарапшысы Даданбаев Ерболат.
Әйтсе де, алдыңғы жылдардағы айтарлықтай
шығындарына қарамастан, ЕМС нарығы Қазақстанның
нарығында басымдық көрсетіп отыр. 2009
жылы жиналған барлық сыйақылардың 50%
астамы ЕМС тиесілі болып табылады. Бұл
салада негізгі сақтанушылар заңды тұлғалар
болып келеді (корпоративтік сектор), бұл
жылы жиналған сыйақылардың 90% дерлік
осылардың үлесіне жатады.
Сақтандырушыларға
салық салудың қолданыстағы тәртібін
жоюмен қатар кэптивті және псевдосақтандыру
операцияларының көлемдері
2.4.
«БТА Сақтандыру» компаниясы
«БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1998 жылы тіркелген, ал 2003 жылы заңнама талаптарына сәйкес қайта тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта компания акционерлік қоғам нысанында қызмет атқаруда.
Компанияның сақтандыру бизнесіндегі ұзақ жылдық тәжірибесі - клиентпен жоғары сапалы сервистік қызмет көрсетуге құрылатын өзара қарым-қатынастардың тұрақты механизмдерін құруға бағытталған белсенді әрі кәсіби жұмыс.
«БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ – автомобильдерді, пәтерлерді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкін сақтандыру сияқты сақтандыру түрлеріне маманданған Қазақстандағы алғашқы компания.
«БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ іскерлік беделі
- «БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ 2009 жыл қорытындылары бойынша сақтандыру нарығында 4-орын алды, нарықтағы үлесі - 9%.
- Компания – автосақтандыру нарығында көшбасшы, нарықтағы үлесі - 15%.
- Компанияның ерікті сақтандырудың 14 класы бойынша және міндетті сақтандырудың 7 класы бойынша сақтандыру қызметін атқаруға лицензиялары бар.
- Компанияның сақтандыру қызметтері – Қазақстан Республикасының 30 негізгі аймағында қол жетімді.
- Компанияның негізгі акционері – Қазақстан мен ТМД ірі банк – «БТА Банкі».
- Компанияның жарғылық капиталы - 1 364,0 млн. теңге.
- «БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ – Қазақстан Республикасындағы сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорының №1 қатысушысы.
- Автосақтандыру бойынша клиенттеріміз Алматыда тәулік бойы авариялық комиссарлардың білікті көмегін пайдалануда.
- Төлем материалының мониторинг жүйесі – «Мөлдір төлем» енгізілген. Аталған жүйе клиентке төлем материалының жай-күйі туралы тұрақты ақпарат беріп отыруға бағытталған.
- Компанияда қабылданатын тәуекелдерді сапалы міндетті қайта сақтандыру қорғауы енгізілген. Компанияның қайта сақтандыру бойынша әріптестері – Hannover Re мен Swiss Re.
- «БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ табиғи апаттармен (жер сілкінісі, көшкін, нөсер, сел, т.б.) байланысты CatXL апат тәуекелдерінен меншікті портфелін қайта сақтандыру шарты бар.
- ISO 9001/2000 халықаралық стандарттарына сәйкес енгізілген дамыған сапа менеджменті жүйесі.
Сақтандыру саласында әріптес болу туралы ұсынысымызды қабылдай отырып, кездейсоқ келеңсіздіктер шешімін біздің тұрақты міндетімізге айналдырасыз!
Міндеті:
Автосақтандыру, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру саласында қол жетімді және қажеттіліктерге жауап беретін қызметтер ұсыну арқылы Қазақстандағы азаматтар мен корпорациялардың қаржылық жағдайын қорғау.
- Компания күтпеген оқиғалар басталғанда клиентке қаржы шығындарын қысқартуға көмектеседі.
- Компания еліміздегі өркениетті сақтандыру нарығының дамуына өз үлесін қосуда.
- Компания сақтандыру мәдениетін дамыту бойынша шаралар өткізуде.
Компаниян келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
- Сақтандырудың мәні мен болашағына берік сену.
- Кәсіби болу – нарықта жұмыс істеу кезіндегі негізгі фактор.
- Әрбір Клиентпен ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болуға ұмтылу.
- Жоғары сапалы қызметтер ұсыну.
- Бизнесте ілгерінді, ең тиімді технологияларды қолдану.
- Компанияның жоғары дамыған корпоративтік мәдениетін және қызметкерлердің біліктілігін тұрақты жоғарылатып отыру.
- Компания беделінің тұрақты болуын қолдау.
Мақсаты:
Қазақстанда бөлшек сақтандыру нарығында көшбасшы болу, әрбір клиенттің, іскер әріптестің алдында міндеттерін орындайтын сенімді әрі салиқалы сақтандырушының беделін растау.
Компанияның
бар күші клиенттерге жан тыныштығы
мен ертеңгі күнге деген
2.4.
Сақтандыру компанияларының
1.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
мен сақтандыру брокерi өздерi
жүргiзген операциялардың
2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық есептiлігі тiзбесін, нысандарын, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.
2-1. Шоғырландырылған негiздегi қаржылық есептiлiктi қоса алғанда (қаржылық және статистикалық есептiлiкті қоспағанда), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi есептiлiгiнiң тiзбесiн, нысандарын, оларды беру мерзімі мен тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкiлеттi органның сұратуы бойынша оған өзiнiң мүлкi туралы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi мүлкi туралы, қабылданған тәуекелдердiң мөлшерi, берiлген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу туралы мәлiметтердi, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері өз қызметiне жыл сайын мiндеттi аудит жүргiзiп отырады.
ҚР сақтандыру нарыңы дағдарыстан кейін.
2010
жылдың 10 айы ішінде сақтандыру
ұйымдарының жиынтық активтері
12,88% көбейіп, 1қарашаға қарай 335,5
млрд теңгені құрады. Есеп беру күніне
қарай меншікті капиталдың жиынтығы 202,15
млрд теңгені құрады, осылайша жыл басынан
бері 12% көбейді. Нарықтың қатысушылары
жылдың соңына дейін сыйақылар 10-25% өседі
деп болжауда. «Еуразия» СК, «Қазкоммерц–Полис»
СК және «Халық–Қазақинстрах» СК қазіргі
уақытта көшбасшы болып отыр.
1 қарашаға қарай тікелей сақтандыру шарттары
бойынша қабылданған сақтандыру сыйақыларының
көлемі 113,9 млрд теңгені құрады, бұл 2009
жылдың дәл осындай мерзімде көрсеткен
көрсеткішінен 27,86% көп болып табылады.
1 қарашаға қарай қайта сақтандыруға берілген
сақтандыру сыйақыларының сомасы 48,2 млрд
теңгені, немесе сақтандыру сыйақыларының
жалпы көлемінің 42,3% құрады, ал ҚР резидент
емес тұлғаларына сақтандыру сыйақыларының
жалпы көлемінің 37,9% қайта сақтандыруға
берілді.
2010 жылдың 10 айы ішінде тікелей сақтандыру
шарттары бойынша жасалған сақтандыру
төлемдерінің көлемі 20,8 млрд теңгені құрады,
бұл өткен жылдың көрсеткішінен 11,6% аз.
Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша
сақтандыру төлемдерінің көлемі 7,9 млрд
теңгені құрады, ерікті жеке сақтандыру
бойынша - 10,5 млрд теңгені, және ерікті
мүліктік сақтандыру бойынша 2,3 млрд теңгені
құрады.
«Еуразия» СК орындаушы директоры Қуаныш
Даутовтың жасаған мәлімдемесі бойынша
қаңтар–қазан айлары үшін компанияның
сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасы
15,937 млрд теңгені құрады. Міндеті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі
- 1,948 млрд теңге (сыйақылардың жалпы көлемінің
12,2%). Ерікті сақтандыру бойынша - 13,989 млрд
теңге. 2010 жылы «Еуразия» 10 млрд теңге
көлемінде салық салынғаннан кейін таза
табыс алуды жоспарлап отыр. Компанияның
үлесі шамамен 10-15% құрайды. Ал жалпы нарыққа
келер болсақ, компания өткен жылға қарағанда
шамамен 10% өсуді болжайды.
Жақында міндетті сақтандыру мен өмірді
сақтандыру саласы, ал бірінші кезекте
– аннуитетті сақтандырудың өсуі жалғаса
береді.
Дегенмен, сақтандыру нарығында жиналған
сыйақылардың 50% астамы ерікті мүлікті
сақтандыру түрлеріне жатады. Болашақта
нарықтағы мұндай басымдылық әлсіреуі
мүмкін екендігін ескеру керек. Нарықтың
қатысушыларының сөздеріне жүгінетін
болсақ, жуырдағы уақытта міндетті сақтандыру
мен өмірді сақтандыру салаларының өсуі
әрі қарай жалғасын табады, ең алдымен,
аннуитетті сақтандыру өсе түседі. Мемлекет
шығаны және орта бизнеске белсенді көмектескен
жағдайда, сонымен қатар несиелендіру
көлемі өсетін болса, ерікті мүліктік
сақтандыру саласында да оң тенденциялар
күтілуде.
Сондай–ақ, «Қазкоммерц–Полис» СК басқарма
төрағасы Сергазин Мейрам ескерткендей,
отандық сақтандыру бизнесі әлі күнге
дейін экономиканың банктік және шикізат
секторларына аса тәуелді болып келеді.
Дегенмен, ағымдағы жылдың тенденциялары
сақтандыру нарығының бағыты бөлшек бизнес
қатарына өтіп бара жатқанын көрсетті.
Осылайша, компанияның брутто сыйақысы
2010 жылдың 1 қазанына қарсы 14 120 741 теңгені
құрады, нетто сыйақысы - 3 060 596 теңге. Міндетті
сақтандыру түрлері бойынша брутто сыйақылары
1 821 041 мың теңгені құрады, міндетті сақтандыру
түрлері бойынша нетто сыйақылары 1 477
696 мың теңгені құрады. Ал ерікті жеке сақтандыру
бойынша брутто сыйақылары – 376 918 теңгені,
ерікті мүліктік сақтандыру бойынша 11
922 782 теңгені құрады. Ерікті жеке сақтандыру
бойынша нетто сыйақылары 363 324 теңгені
құрады, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша
1 219 576 теңгені құрады. Серғазин М. айтуынша,
2010 жыл 15% шегінде өсіммен аяқталады. Ағымдағы
жылдыің соңына дейін компания 15 млрд
теңге мөлшерінде жинақ жинауды жоспарлап
отыр.
2010 жылдың ішінде 6 компания нарықтан
шығып қалғанын айта кету керек. Өткен
жылдың дәл осындай мерзімімен салыстырғанда
7 компания теріс динамика көрсетті, Несиелендіру
нарығының жалпы төмендеуі банктермен
айрықша қарым–қатынастағы сақтандыру
компанияларының сыйақыларының көлеміне
айтарлықтай әсерін тигізді. Оның ішінде
автосақтандырудың ерікті түрлерінің
сатылымына қатысты нарық бойынша құлдиылдау
26% құрады. «НСК» АҚ басқарма төрағасының
орынбасары Қылышбай Мұраттың сөзіне
жүгінсек, компания екінші деңгейлі банктермен
аффиляцияда болмағандықтан, банктік
сектор компанияға аса көп әсерін тигізген
жоқ. Негізгі көрсеткіштер бұрынғы қалпында
қалды. Ал кейбір көрсеткіштер өсті. Оның
ішінде ОГПО ВТС бойынша - 15% көбейді, КАСКО
бойынша - 13% өсті. 1 қарашаға қарсы компанияның
сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасы
6 843 755 мың теңгеге тең болды, міндетті
сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларының
көлемі - 3 163 894 мың теңгеге , ерікті сақтандыру
бойынша - 3 679 861 мың теңгеге.
Отандық сақтандыру бизнесі әлі күнге
дейін экономиканың банктік және шикізат
секторларына аса тәуелді болып келеді.
Дегенмен, ағымдағы жылдың тенденциялары
сақтандыру нарығының бағыты бөлшек бизнес
қатарына өтіп бара жатқанын көрсетті.
«Қазақинстрах»
АҚ–ның қаңтар–қазан айлары арасында
жинаған сақтандыру сыйақыларының
жалпы сомасы 13 440 млн теңгеге
тең. Міндетті сақтандыру бойынша сыйақылар
көлемі 3 062 947 мың теңгені құрады, ерікті
сақтандыру бойынша – 7 314 271 мың теңгеге
тең. Көптеген компаниялар сақтандыру
шарттарын алда келе жатқан жылға жылдың
соңында қайта жасайтынына байланысты
компания жылдың соңына қарай сақтандыру
сыйақыларының көлемі кем дегенде 25% көбейетінін
болжап отыр.
«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ–ның 2010 жылдың
10 айы ішінде жиналған сақтандыру сыйақыларының
жалпы көлемі 4 292 118 мың теңгені құрады,
бұл 2009 жылдың осындай меозімде көрсеткен
көрсеткішінен 47% жоғары болып табылады.
Сыйақының барлық жиналған көлемінен
40,45%, немесе 1 736 219 мың теңге міндетті сақтандыру
түрлеріне тиесілі болып келеді, ал 59,55%,
немесе 2 555 899 тмың теңге, - ерікті сақтандыру
бойынша сыйақылар. Компанияның басқарма
төрағасы Усенов Талғаттың сөзіне назар
аударсақ, егер 9 айдың қорытындысы бойынша
кірісті қайта сақтандырусыз жинақтарға
қарайтын болсақ, сақтандырудың барлық
үш тобы бойынша өсім болғаны көрінеді.
Осылайша, міндетті сақтандыру бойынша
өсім 20% құрады, жеке сақтандыру бойынша
- 60%, ал мүліктік сақтандыру бойынша –
18% тең. Компанияның клиенттерінің арасында
автокөлікті пайдалануға байланысты тәуекелдерді
сақтандыру ең көп сұранысқа ие.
«Көммеск–Өмір» СК» АҚ–ның 2010 жылдың
қаңтар–қазан айлары арасында жинаған
сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасы
2 406 млн теңгені құрады. Міндетті сақтандыру
бойынша - 1 289 млн теңге, ерікті жеке сақтандыру
бойынша - 265 млн теңге, ерікті мүліктік
сақтандыру бойынша - 852 млн теңге. Сақтандыру
заңнамасына енгізілген өзгерістеге байланысты
жұмыскерді ол еңбекке қатысты міндеттерін
орындау кезінде болуы мүмкін қайғылы
жағдайдан міндетті түрде сақтандыру
бойынша сыйақылардың өмірді сақтандырумен
айналысатын компанияларға өткенін айта
кету керек. Оған қоса, ерікті ерікті жеке
сақтандру бойынша сыйақылардың өскені
байқалады - 60%, міндетті сақтандыру бойынша
сыйақылардың өсуі - 18%, сонымен қатар ерікті
мүліктік сақтандыру бойынша сыйақылар
жинағының төмендеуі - 3%. Компанияның бағалауы
бойынша сақтандыру нарығы бойынша бір
жыл ішінде түсетін сақтандыру сыйақыларының
сомасы жалпы 150 млрд теңгеге тең болады,
ал «Көммеск-Өмір» АҚ-да –2 800 млн теңге.
Сақтандыру жыл бойы қалыпты өсімді көрсетті,
осы тенденция Сақтандыру жыл бойы қалыпты
өсімді көрсетті, осы тенденция 2011 жылда
да сақталады деген болжам бар. Келесі
жылдың соңына дейін сақтандыру нарығы
толығымен қалпына келіп, дағдарысқа дейінгі
деңгейіне жетеді деп күтуге болады.
«БТА Сақтандыру» компаниясында 10 ай
ішінде түскен барлық түсімдердің жалпы
сомасы 2 223 млн теңгеге тең болды, міндетті
сақтандыру бойынша - 1 274 млн теңге, ерікті
сақтандыру бойынша - 884 млн теңге. Автокөлікті
міндетті және өз еркімен сақтандыру,
жұмыскерді қайғылы жағдайдан сақтандыру,
жауапкершілікті сақтандыру ең көп сұранысқа
ие болып отыр. Сонымен қатар, «БТА Қамқор»
мен «БТА Сақтандыру» қосылу үрдісі басталғаннан
бері ерікті медициналық сақтандыру, шетелге
шығушы азаматтарды сақтандыру, балаларды
қайғылы жағдайдан сақтандыру сияқты
өнімдер сұранысқа кіре бастады. Компанияның
деректері бойынша сыйақылар жылдың соңына
дейін шамамен 20-25% өседі. Былтырғы жылмен
салыстырғанда сыйақының өсімі көп дегенде
18% құрайды.
Жалпы айтсақ, сақтандыру нарығы жыл бойы
қалыпты өсімді көрсетті, осы тенденция
Сақтандыру жыл бойы қалыпты өсімді көрсетті,
осы тенденция 2011 жылда да сақталады деген
болжам бар. Келесі жылдың соңына дейін
сақтандыру нарығы толығымен қалпына
келіп, дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетеді
деп күтуге болады.