Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 08:33, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көп¬теген жаңа түсініктер еніп, оның заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі – сақтандыру халықтың түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда.
Кіріспе 3
1 Сақтандыру және сақтандыру нарығы жайлы жалпы мағлұмат.
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығы 4
1.1 Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары
1.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы 7
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесін қалыптастыру 12
2 ҚР сақтандыру компанияларына жалпы сипаттама
2.1. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жұмысы жайлы 21
2.2. Ерікті сақтандыру. Ерікті мүліктік сақтандыру 24
2.3. «БТА Сақтандыру» компаниясы 26
2.4 ҚР сақтандыру компанияларының қаржылық және
өзге де есеп беруі. ҚР сақтандыру нарығы дағдарыстан кейін 28
Қорытынды 35
Әдебиеттер тізімі 38
Сақтандыру агенті - өзіне берілген өкілдікке сәйкес сақтандыру ұйымының атынан жөне оның тапсыруы бойынша сақтандыру келісімшарттарын жасауға делдалдық ететін жеке немесе занды тұлға. Сақтандыру ұйымы сақтандыру келісімі бойынша қабылданған міндеттемелерді сақтандыру агенті сол сақтандыру ұйымынан алынған өкілдіктің шегінде жасаса, егер өзі тікелей қабылдап алған болса, сақтандыру ұйымы орындауы керек.
Сақтандыру брокері - сақтандыру мен қайта сақгандыру мәселелері бойынша кеңес беруді өз атынан және сақтандырушының тапсыруы бойынша немесе өз атынан, цеденттің тапсыруы бойынша келісімшарттар жасауды жүзеге асыруға делдалдық ететін заңды тұлға.
Кез келген мемлекеттің заңында брокерлік қызметтің лицензиялануы көрсетілген, осы қызметтің тәртібі мен шарттары, брокердің атқаратын ісі, құқығы мен міндеті анықталған. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері бір мезгілде сақтандыру ұйымының лауазымдық қызметін атқара алмайды. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша сақтандыру брокері болып саналмайтын сақтаңдыру ұйымына немесе оның қызметкерлеріне, сондай-ақ резидент емес ұйымдарға сақтандыру брокерлігін құруға және қызмет етуге қатысуына рұқсат етілмейді. Оның үстіне Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокеріне республика аумағында филиалдар мен өкілдіктер ашуға да рұқсат жоқ.
Қазақстанның заңдық тәжірибесінде тұңғыш рет актуарийлік қызмет деген түсінік ендіріліп отыр. Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен сақтандыру және қайта сақтандырудың келісімшарты бойынша міндеттемелердің мөлшерін экономикалық-математикалық есептеулермен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. Актуарийдің негізгі міндеті компанияның өзіне алған міндеттемесін орындауды жеткілікті түрде қамтамасыз ете алатын төлем қабілеттігі деңгейін бір қалыпта ұстауға арналған ұсыныстар дайындау болып табылады.
Актуарий болып қызмет атқаруға ҚР Ұлттық банкі берген лицензиясы бар жеке тұлға құқылы. Оған ие болу үшін «Сақтандыру туралы» Занда көрсетілмеген, құқықтық-нормативтік актілерге сілтеме жасалынатын біршама шарттар қажет. Актуарийдің қызметі сақтандыруды қамтамасыз ету процесінің барлық құрастырушыларының мониторингісі мен сақтанушының алдындағы міндеттерге байланысты резервтердің жеткіліктігі үшін сақтандыру ұйымдарын үнемі тексеріп отыруды қарастырады.
Өкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясының негізінде сақтандырушы және қайта сақтандырушы ұйымның аудиті бойынша қызмет ететін аудитор немесе аудиторлық ұйым сақтандырушы нарығының кәсіпқой қатысушысы бола алады. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша сақтандыру ұйымдары әр жыл сайын өзінің жұмысына аудит жүргізіп, оның қорытындысын шығарып отыруға және көшірмесін ҚР Ұлттық банкіне тапсырып отыруға тиіс. Міндетті сыртқы аудитпен қатар сақтандыру компаниясының заң бойынша өзінің құрылымында лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі де болуы тиіс. Ішкі аудит компанияның ішкі саясаты бойынша анықталады, бірақ бұл жағдайда өкілетті мемлекеттік органның талаптары да ескеріледі.
Өзара сақтандыру қоғамы - Қазақстанның қаржы нарығына жаңадан қатысушы сақтанушылар бірлестігі. Оның қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Заңмен және ҚР Азаматтық кодексінің «Өзара сақтандыруының» 845-бабымен реттеліп отырады. Ол өзінің мүшелерінің мүліктері мен мүліктік мүдделерін сақтандырады, бірақ жұмыс істеу тәртібі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілетін коммерциялық ұйым емес.
Сақтандыру пулы - белгілі тәуекелдіктерді бірлесе отырып сақтандыратын сақтандыру компанияларының бірлестігі. Оның жұмысы бірлесе сақтану қағидасы бойынша құрылады. Әрбір компания пулға сақтандырылған тәуекелдіктерін қосады, пулда жинақталған жарналардан (сыйлықтардан) белгілі үлесін алады, ал шығындар болатын болса, соншалықгы көлемдегі үлесін де төлеп отыруға жауапты. Пулдар шетелдерде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдіктерді, жауапкершіліктерді т.б. сақтандыруларда кеңінен тараған.
«Қазақстан» сақтандыру пулі энергетикалық, инвестициялық, жауапкершілік және т.б. ірі тәуекелдерді сақтандыру үшін сақтандыру индустриясының бастапқы кезеңінде құрылған болатын. «XXI ғасырдың тұрғын үй қоры» деп аталатын пул тұрғын үйлердің иелері болып табылатын азаматтардың шығындарын, қозғалмайтын мүліктердің, зақымдануы мен жойылып кетуін, табиғи және техногендік аппаттардың салдарынан адам өліміне байланысты өтемдерді жүзеге асыру мақсатымен құрылған.
Қазақстан Реепубликасында нарықтың негізгі екі түрі орын алған. Олар: өмірді сақтандыру мен жалпы сақтандыру. Мұнымен қатар міндетті және ерікті сақтандыру топтары ерекшеленіп отыр. Бізің елімізде «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға сәйкес міндетті сақтандырудың сыныптары айтылмайды. Бұл ретте әрбір түр сақтандырудың жеке тобы болып табылады. Сақтандырудың міндетті түріндегі әрбір сыныптың мазмұны және оны өткізу шарты жөніндегі қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттеуші заң актілерімен бекітіледі. Бүгінгі күнге дейін міндетгі түрде сақтандырудың төмендегідей 5 қаулысы бар: автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (АҚЖ) (1996 ж. 31-қазанынан); тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ-сы (1996 жылдың 14-қазанынан); ауыл шаруашылығы өндірісін міндетті түрде сақтандыру (1996 жылдың 10-желтоқсанынан, енгізілген өзгерістер мен қосымшалар 1997 жылдың 2-сәуірінен); жеке нотариустардың АҚЖ-сы (1998 жылдың 29-мамырынан); соттар мен олардың мүліктерін, медициналық қызмет пен санаторий-курорттық елдерді міндетті түрде мемлекеттік сақтандыру (1997 жылдың 19-наурызынан).
Бұдан
басқа көпшілігінің жүзеге асырылуының
нақты шарттары заң жүзінде анықтала
қоймаған міндетті түрде сақтандырудың
15-ке жақын түрлері бар. Мысалы, еңбек ету
міндеттерін атқару кезінде қызметкерлердің
өміріне төнген қауіптің алдын алу жауапкершілігі
(«ҚР еңбек туралы» Заңы 10.12.99 ж. N 493-1), мұнай
операцияларын жүзеге асыруға байланысты
тәуекелдер («Мұнай туралы» Заң, 28.06.95 ж.
N 2350), міндетті түрдегі экологиялық сақтандыру
(«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң,
15.06.97 ж. N 160-1) және т.б. міндетті сақтандыруға
жатады.
1.3. Қазақстанда
сақтандыру жүйесін қалыптастыру
Марк
Твеннен бақытсыздықты
Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі. Берілген проблемаға бір қалыпсыз тәсілмен келу келесі аксиоманы қалыптастырады: дарынды, денсаулығы мықты, әрі қорғалған адамсыз тұрақты және дамушы экономика құрылмайды, күшті экономикасыз егеменді мемлекет болмайды. Қазақстан дербестік алғаннан кейін бұл маңызды сегментті ақша-қаржы кеңістігінде реформалауы табиғи нәрсе.
Ұлттық сақтандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы, оның негізгі кезендерін анықтау керек. Нарық жағдайында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуекелдіктердің сан алуандығы және көптігі тән. Және де мүмкін болатын ысырап ықтималдығы артады, бірінші кезекте, жағымсыздықтарды ұлттық экономиканың түрлі сатылы деңгейлерінде, тәуекелдіктерді реттей отырып басқару арқылы, мейлінше азайту қажеттілігі туады. Алайда, мемлекеттік сақтандыру әлеуметтік, қоғамдық тәуекелдіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары зандық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Сондықтан тәуекелдіктерді басқару проблемасы - шаруашылық жүргізетін субъектілердің бірінші кезектегі міндеттері. Мұндай жағдайда кәсіпқой сақтандырушылар арқылы сақтандырудың мәні арта түседі. Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына әкелді. Көптеген компаниялар сақтандыру қызметтің көп түрінің бірі ғана деп есептеді. 1994 жылдан 1998 ж. дейін олардың саны 22-ден 71-ге дейін өсті. Одан кейін бес жыл ішінде құлдырау жүрді. 2004 жылдың басында барлығы 34 компания жұмыс істеді. Сөйтіп, әлеуетті сақтандырушылар тараптарынан мүдделілік танытқан кезде сақтандыру қызметтерінің нарығы Қазақстанда өзін-өзі реттеді. Әлі де ол әрі республикалық, әрі аймақтық деңгейлерде ұйымдастырудың осы заманғы түрлерін, аймақтық деңгейлерін іздестіруде. Бұл - қоғамдық бірлестіктер, әлеуметтік-қаржы топтары, аймақтық одақтар т.б. болуы мүмкін.
Ұлттық нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатынасушыларға бейімделген зандық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру нарығының ауқымдарына байланысты, оны қосалқы жүйе мен сегменттерге бөлуде қатысушылар қызметін реттеуде түрлі тәсілдер қолданылады. Нарықта сақтандыру қызметтері дамыған елдерде, әдеттегідей, әрбір қатысушының әрекетіне айқын анықтама беріледі. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған мемлекеттердің заңдарында сақдандыру қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірілулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» заңда сақтандыру нарығы құрылымдық-атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. Тек қана сақтандыру қызметіне қатысты заңды және жеке тұлғалардың құрылымдалмаған тізімі ұсынылады. 2003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:
Бұл инстиуттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақттндыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін, бірақ өкінішке қарай, заңда жоқ. Біздің пікірімізше, сақгандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу сияқты бағытгарда көрінуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жөніндегі» Қазақстан Республикасы заңын қабылдауға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 1993 жылғы қайта құру заңында қазір ешқандай да ерекше мемлекеттік сақтандырудың жоқ екендігі ескертілген. Ол барлық жағдайларда кәсіпқойлық қызмет түрі ретінде қарастырылуы керек делінген. Айтылған заңды пайдалану тәжірибесі, бұл жақсы шешім болмағанын көрсетті және 1995 ж. 30-қазандағы (жэне келесілерінде) «Сақтандыру туралы» заңында сақтандыру қызметіндегі мемлекет рөліне қатысты баптар қарастырылды. Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау мекемесі құрылып, оның құқықтары мен міндеттері анықталды, лицензиялау тәртібі нақтыланды. Яғни ішкі нарықты мемлекеттік бақылау мен біркелкі протекционистік (тамыр-таныстық) қорғау кезінде сақтандыру қатынасында өркениетті реттеудің жаңаруы басталды.
Мемлекеттің қатысуы оның орындайтын міндеттерінен айқындалады: қазыналық, экономикалық, кепілдік, бақылау-мониторингілік және т.б. Бірте-бірте бұл міндеттердің мәні өзгереді. Қоғамдық-экономикалық міндетті іске асыру үшін, мемлекет бюджет қорын қалыптастыруы тиіс. Оған, ең алдымен қаржы ресурстарын толықтыру үшін қазынашылық міндет тән. Мемлекет, өзара ережелерін занда белгілеп, сақтандыру үдерісінің тәртібін реттей отырып, сақтандыру қатынастарына жанама түрде араласады. Ол мемлекеттік бюджетке, өзінің сақтандыру қорлары мен резервтеріне аударымдарды белгілейді. Яғни, сақтандыру саясатын жүргізу, сақтандыру жүйесін құру және сақтандыру қызметін біртұтас нормативті-әдістемелікпен қамтамасыз ету, сақтандыру заңдарының орындалуына бақылау, қазынашылықпен тығыз байланысты басқа да міндеттерді және белгілі бір әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізудегі реттеулер мемлекет құзырына жатады. Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан телеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Оның әлеуметтік қорғанысын арттыру мақсатында міндетті сақтандыру тізбесіне әлеуметтік және медициналық сақтандыруды енгізу ұсынылады. Жарналар әлеуметтік салыққа енетін түсім бөлігінің есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттің міндетті ісі - кепілділік. Сақтандандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылардың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары - сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлык сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларга (сақтандырылған) мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.
Жеке
сақтандырудың мемлекеттік