Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 08:33, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көп¬теген жаңа түсініктер еніп, оның заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі – сақтандыру халықтың түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда.
Кіріспе 3
1 Сақтандыру және сақтандыру нарығы жайлы жалпы мағлұмат.
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығы 4
1.1 Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары
1.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы 7
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесін қалыптастыру 12
2 ҚР сақтандыру компанияларына жалпы сипаттама
2.1. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жұмысы жайлы 21
2.2. Ерікті сақтандыру. Ерікті мүліктік сақтандыру 24
2.3. «БТА Сақтандыру» компаниясы 26
2.4 ҚР сақтандыру компанияларының қаржылық және
өзге де есеп беруі. ҚР сақтандыру нарығы дағдарыстан кейін 28
Қорытынды 35
Әдебиеттер тізімі 38
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі - әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық-уақытша еркін ақша қаражаттарын мемлекеттік қағаздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебінен сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу - сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған.
Мемлекеттік сақтандыру саласына жеке сақтандыру фирмалары шұғылданбайтын сақтандыру түрлері енгізілуі тиіс. Бұл әдетте, үлкен сақтандыру төлемдерін керек ететін, су тасқыны, жер сілкіиу және ауыр табиғи-климаттық жағдайларға байланысты ірі мемлекеттік міндеттерді шешу үшін әскери тәуекелдіктерді, сыртқы қарыздар мен кредиттерді сақтандыру. Сенімсіз тәуекелдіктерге қызмет көрсету үшін, біздің пікірімізше, міндетті сақтандырудың берілген түрлері бойынша қаржыларын шоғырландыру орынды.
Одан
басқа, мемлекет жеке сақтандыру бизнесін
реттеуді жүзеге асырады, және де: сақтандыру
қызметінің дамуына мүмкіндік жасайтын
заңдармен қамтамасыз етеді; сақтандырушылар
мен қайта сақтандырушылардың
бәсекеге қабілеттігінің
артуын бағдарлайды, ұлттық
сақтандыру бизнесі мен сақтанушылардың
мүдделерін қорғайды; ұлттық сақтандыру
компанияларының қаржы тұрақтылығы үдерісін
қамтамасыз етеді және сақтандыру сыйақыларын
қайта бөлу тәртібін әзірлейді; қаржы
ресурстарын қаржы секторының даму тұжырымдамасына,
оның ішінде сақтандыру бизнесіне
сәйкес қайта бөлу арқылы сақтандыру бизнесінің
құрылымын оңтайландырады.
Мемлекетке сақтандыру қызметін сақтандыру мен реттеу саласында лицензиялау, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының бірегей тізілімін жүргізу, сақтандыру нарығы инфрақұрылымының сақгандыру делдалдары мен басқа өкілде-рін тіркеу заңдардың талабының орындалуын қадағалау міндеттері жүктелген.
Мемлекеттің сақтандыру бизнесімен байланысының көп жақты жүйесі олардың өзара тәуелділігінен туған объективті шарттарының нәтижесі болады. Біріншіден, сақтандыру компанияларының қызметі мемлекеттік қаржы органдарымен реттеледі, екіншіден, сақтандыру компаниялары сақтандыру саласындағы қарым-қатынастарды тәртіпке келтіруге мүдделі. Сақтандыру қызметін басқару мен реттеуде мемлекетгік органдардың күш салу бағыттарын бөліп көрсетуге болады. Бұл сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушылар мүдделерін қорғауға бағытталған сақтандыру қатынастарын ұйымдастыру нысанын таңдап алудың әлеуметтік мәнді тәуекелдіктерін анықтау; сақтанушыларға сақтандыруды қорғауды ұсынатын сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын ынталандыру арқылы ұдайы өндіру үдерісінің үздіксіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін сақтандыру қызметін ұйымдастыру; міндетті әлеуметтік сақтандыруда сақтандыру қатынастарын ұйымдастыру нысандарын анықтау жэне сақтанушылардың тікелей қатысуын орнату; ұлттық сақтандыру нарығы жэне сақтандыру жүйесінің қызметі инфрақұрылымының қалыптасуы және қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы сақтандыру заңдарын сақтау үшін мемлекеттік қадағалауды дамыту; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат беру; сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және тарататын ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін пруденциялық нормативтерден басқа, сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді белгілеу; сақтандыру қызметі саудасын реттейтін халықаралық шамаларға сәйкес болатын сақтандыру ісінің стандарттарын жасау; сақтандыру операцияларын жүргізу кезіндегі сақтандыру ұйымдары мен басқа да мүдделі тұлғалардың қызметіне монополияға қарсы бақылау жүргізу.
Сақтандыру қызметін реттейтін және мемлекеттік басқару органдарын нығайтуға бағытталуға тиісті ережелер, бір жағынан сақтандыру компания-ларының қаржылық тұрақтылығының және төлем қабілеттілігінің өсуіне, екінші жағынан - сақтандыру нарығына қатынасушылардың сатып алу мүдделігі жиынтығының кеңеюіне мүмкіндік туғызады. Экономикалық еңбектерде бұл нарықтың түрліше түсінігі беріледі. Мысалы, Ф.П. Котлер, К.Р. Макконнел, С.Л. Брю, К.Е. Турбина, Л.Н. Клоченко және басқалар нарықты тауарды әлеуетті сатып алушылармен, ал сақтандыруда - түрлі қауіп-қатер және тәуекелдіктерден сақтандыруды қорғауды сатып алушылармен байланыстырады. Сақтандыруды қорғауға сұраным К.Е. Турбина мен Л.Н. Клоченко көрсеткендей, сақтанушылар сұранымы мен сақтандырушылар ұсыныстары арақатынасымен басқарылатын экономикалық кеңістік ретінде, анықталатын нарық болып табылады. Жалпы нарықтың анықтамасына және оның ішінде сақтандыруға сәйкес, оның құрамына сақтандыру ұйымдары мен компаниялар, серіктестер, бәсекелестер, қайта сақтандыру қоғамдары, сақтандыру делдалдары, сюрвейерлер (сарапшылар), актуарийлер (сақтандыру жарнасын есептеуші мамандар), аудиторлар, кеңес берушілер енеді. Сақтандыру өнімдері мен көрсетілетін қызметтер өндірістік сақтандыру қызметі шеңберінде жасалады, оның үдерісінде сақтанушыға әлеуетті қауіптіліктен сақтандыру қорғауын беру жүзеге асырылады.
Қызметтерді ұсынудың ойдағыдай жұмыс істеуі сақтанушының қаржы жағдайына, қалыптасқан конъюнктураны нақты бағалауын, сақтандыру компаниясының болашағын анықтауға бағытталған әдістер мен құралдарды пайдалану сипатына байланысты сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары жүзеге асырады. Сақтандыру ұйымының күй-жайын анықтаған кезде басқарудың алдын алу әдістерін пайдаланған және объектінің даму баламаларын бағалаған жөн, себебі, бұл ең алдымен күтпеген жағдайлардан құтылуға және жағымсыз жағдайларды азайтуға, яғни жағдайдың белгілерін анықтау, оның ішінде бір қалыпсыз әдістерді жүргізу дамуды болжауды әзірлеудің негізі болады. Бұл қиындық нышандарын, жағымсыз құбылыстарды табуға және бар мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды.
Сақтандыру бизнесі ісінің тәжірибесінде басқарушылық сақтандыру шешімін қабылдаған кезде тәуекелдік жағдайларға бағдарлану, белгісіз ысыраптан құтылуға тырысу, сақтандыру тәуекелдігінің кез келген түрін жүйелі бағалау қажет. Сақтандырушылар, бәсекелестер жэне басқа сақтандыру қызметтері нарығына қатысушыларымен бұрынғы оңтайлыларын сақтап, әрі жаңа байланысты дамьпу қажет.
Сақтандыру компаниялары істерінде мына қатерлер жиі кездеседі:
-
сақтандыру компаниясы қаржы-
-
сақтандыру компаниясы
-
сақтандыру ұйымының ғылыми
- Сапасыз жүргізу нарық үлесін жоғалтуға, сақтандыру сыйақысының көлемі мен сақтандыру пайдасы мөлшерінің төмендеуіне әкелетін фирманың дамуын маркетингілік зерттеулеріне байланысты;
-
Тәуекел менеджмент
-
сақтандыру компаниясының сақтанушыларға
қызмет көрсету бойынша нормативтік параметрлермен
салыстырғанда немесе күтпеген
жағдайлардан немесе кәсіпорындағы
басқару ұйымы деңгейінің төмендеуінен
ағымдағы шығындардың артуымен анықталатын
өндірістік-сақтандыру тәуекелдіктері.
2. ҚР сақтандыру компанияларына жалпы сипаттама
2.1.
Қазақстандағы сақтандыру
Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, сонымен жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.
Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады.
Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады.
Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар,ҚР заңды тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.
ҚР сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы керек.
Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған – коммерциялық ұйым.
Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде, құрылтайшыларды таңдау бойынша құрылады.
Мемлекеттік сақтандыру ұйымдару шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Ұйымдастыру-құқылық және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агенттігі ақшалай қаражатын белгілейді. Мемлекеттік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының жарғылық қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50%-нанастам емес ақша түрінде қалыптасуы тиіс, сондай-ақ, тиісті банкінің берген құжаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың алған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек.
Сақтандыру компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша сипатта болады да, банктердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу болып көрінеді.
Сақтандыру компанияларының пассивтері заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.
Өзге пассивті бап үлесі шамалы, оған пайда есебінен қалыптасқан акционерлік капитал жатады.
Сақтандыру
компанияларының активті
Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының нәтижесіне операциялық шығындарды қосса инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.
Сақтандыру мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативті міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгілеген норма мен лимиттерді сақтау болып табылады.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.
Сақтандыру резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады.
Компания меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер мен сақтандыру резервтеріне оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде анықталады.
Компания
міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан
сақтандырылуда немесе қайта сақтандырушының
сақтандырудың жекелеген
ҚР Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау мен реттеу бойынша агентігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру туралы» заңымен реттеледі.
Қазақстанда 36 сақтандыру компаниялары жұмыс істеді. Олардағы меншік капиталының тұтастай жиынтығы – 29,6 млрд теңге, жарғылық капиталы – 17,7 млрд теңге, сақтандыру төлемінің шығыстары – 6,7 млрд және сақтандыру сыйақысы - 40,0 млрд теңге шамасында, олардың ішінде міндетті сақтандыру – 4,4 млрд, ерікті жеке басын сақтандыру - 4,5 млрд, ерікті мүлікті сақтандыру – 31,0 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйақысының халықтың жан басына шаққандағы қатынасы небәрі АҚШ-тың – 20,0 долларын құрайды. Белгияда – 3283, Австралияда – 2039, Чехияда – 364, Сербияда – 41 доллардан келеді.
Қазақстандағы сақтандыру компаниялары қаржы нарығындағы тиімді бизнес көзінің бірі болып есептеледі. Бұл сала елдің инвестициялық саясатына байланысты тиімді болып қала бермек. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердің таза табысы 15 млрд теңгені құраған болса, сақтандыру саласынан түскен пайда 42 млрд-қа жеткен.
Қаржы
нарығын қадағалау агенттігінің
мәліметі бойынша, міндетті сақтандырудың
сыйақы көлемі өткен жылмен салыстырғанда
биыл 7,5% артып отыр. Ерікті жеке 45, ал мүлікті
сақтандыру бойынша 57% төмендеу тіркелген.
2.3. Ерікті сақтандыру
Дағдарыстан кейінгі дамуға сәйкес ерікті сақтандырудың даму мәселелері өзекті. Сақтандырушылар, сақтандырудың тек міндетті түрлері есебінен тіршілік ететінін хабарлаған. Бүгінде нарықта қандай проблемалардың болатыны мен олармен күресу жолдары туралы бізге «Коммеск-Өмiр» СҚ мәлімдемесіне тоқталсақ.