Сақтандыру нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 08:33, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көп¬теген жаңа түсініктер еніп, оның заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі – сақтандыру халықтың түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда.

Содержание

Кіріспе 3
1 Сақтандыру және сақтандыру нарығы жайлы жалпы мағлұмат.
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығы 4
1.1 Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары
1.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы 7
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесін қалыптастыру 12

2 ҚР сақтандыру компанияларына жалпы сипаттама
2.1. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жұмысы жайлы 21
2.2. Ерікті сақтандыру. Ерікті мүліктік сақтандыру 24
2.3. «БТА Сақтандыру» компаниясы 26
2.4 ҚР сақтандыру компанияларының қаржылық және
өзге де есеп беруі. ҚР сақтандыру нарығы дағдарыстан кейін 28
Қорытынды 35
Әдебиеттер тізімі 38

Работа содержит 1 файл

Сактандыру_нарыгы_Эльвира.doc

— 219.00 Кб (Скачать)

      ЖОСПАР 

Кіріспе 3

1    Сақтандыру және сақтандыру нарығы жайлы жалпы мағлұмат.

Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығы 4

1.1  Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары 

1.2   Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы 7

1.3   Қазақстанда сақтандыру жүйесін қалыптастыру                                12 

2     ҚР сақтандыру компанияларына жалпы сипаттама 

2.1.  Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жұмысы жайлы 21

2.2.  Ерікті  сақтандыру. Ерікті мүліктік сақтандыру 24

2.3. «БТА Сақтандыру» компаниясы        26

2.4  ҚР сақтандыру компанияларының қаржылық және

     өзге де есеп беруі. ҚР сақтандыру нарығы дағдарыстан кейін             28                                                  

    Қорытынды                                       35

   Әдебиеттер тізімі                                                                                            38

                                                                                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе 

      Тақырыптың  өзектілігі: Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көптеген жаңа түсініктер еніп, оның заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі – сақтандыру халықтың түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда.

      Қаржы нарығының ең маңызды салаларының  бірі сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз - екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтаңдыру адамдарды әр түрлі қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. XVIII ғасырдың ортасында-ақ мүліктер мен жеке бастарды сақтандырудың 100-ден аса түрін жүзеге асырып үлгірген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар пайда болды.

     Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін қажет ететін сақтандырушылар, олардың талаптарын қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниясы), сақтандырушы делдалдар мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингтік фирмалар және т.б.) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларда қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайылылығын үздіксіз қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.

      Мақсаты: Сақтандыру нарығы оның мәні мен мақсатын, сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланысты, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын көрсету.

      Міндеті: Қазақстандағы сақтандыру нарығы жайлы толық мағлұмат бере отырып, қазақстандық сақтандыру компанияларының жұмысын көрсету.  

        1. Сақтандыру және сақтандыру нарығы жайлы жалпы мағлұмат

1.1.Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары 

      Сақтандыру дегеніміз - қарапайым тілмен айтқанда ол – халықтың жеке және шаруашылық өміріндегі мүліктік мүдделерін табиғи апаттар немесе басқа да белгісіз төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындардан арнайы мақсатты қорлар құру арқылы қорғау. Сақтандыру қорларын құрудың негізгі қайнар көзі – сақтандырушылардың сақтандыруға төлеген ақылары болып табылады.

      Сақтандырудың мән-мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс:

  • реттеуші - нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;
  • коммерциялық - сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;
  • бағалық - компанияның сақгандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;
  • сенімділік функциясы - сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.

      Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар:

      1. Салалық белгісі бойынша:

  • өмірді сақтандыру нарығы (бұған сондай-ақ ұзақ мерзімді сақтандырудың барлық түрлері: зейнетақы, денсаулық сақтау,  некелесу,  аннуитет және басқалар да жатады);
  • мүліктерді сақтандыру нарығы;
  • жауапкершілікті сақтандыру нарығы;
  • бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;

      2.Ауқымы жағынан:

  • ұлттық;
  • аймақтық;
  • халықаралық.

      3. Сақтандыру   индустриясының   ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланысты:

  • мемлекеттік сақтандыру;
  • акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру;
  • сақтандыру қорларын сәйкесінше құрайтын өзара сақтандыру.

4. Жүзеге асырылу түрлері бойынша:

  • міндетті;
  • ерікті.

      5. Объектілері бойынша:

  • жеке;
  • мүліктік.

      Міндетті  түрде - заңдық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру. Азаматтың өмірін немесе денсаулығын ешқандай заңдық актілерімен, келіссөздермен сақтандыруға күштеп мәжбүр етуте жол жоқ. Міндетті түрдегі сақтандыру ерікті түрдегі сияқты келісім негізінде жүзеге асырылады. Міндетті түрдегі сақтандыру келісімі сақтандырушымен сақтандырудың нақты осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана жасалады.

      Ерікті  түрде - екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру. Заңға қайшы келмейтін кез келген азаматтық мүдде немесе заңды тұлғаның мүддесі сақтандырудың объектісі болып табылады. Міндетті түрдегі сақтандырудың ерікті түрдегі сақтандырудан айырмашылығы - келісімнің мерзімі шектеулі болып келетіндігінде, сақтандыру жарналарын төлегенде ғана жүзеге асырылатындығында.

      Міндетті түрдегі мен ерікті түрдегі сақтандырудың үйлесімділік табуы қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтану жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе құруға мүмкіндік береді. Өйткені сақтандыру әрекеті қандай болған жағдайда да көптеген жандардың мүддесін қорғайды.

      Жеке  сақтандыру. Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы жеке сақтандырудың объектілері болып табылады. Мүліктік сақтандыруды өздеріне тиесілі немесе жалға алған меншіктеріне тікелей немесе жанамалай зиян келтірмеу мақсатымен жекелеген адамдар мен шаруашылық субъектілері жүргізеді. Мүліктік сақтандырудың объектілері болып жер бетіндеп, әуедегі және су көлігі, жүктер мен басқа да мүліктер, сондай-ақ қаржылық тәуелділік саналады.

      Мемлекеттік сақтандыру жағдайында сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады. Ол сақтандырудың барлық түрлеріне мемлекеттің үстемділігі болғанда, мемлекеттік сақтандырудың тек жекелеген түрлеріне үстемдігі болғанда немесе сақтандырылуға ешқандай да мемлекеттік үстемділік болмаған жағдайларда жүзеге асырыла береді. Қазір ТМД елдерінде сақтандырудың дамуы өзінің шегіне жетуге жақын. Мысалы, Ресейде бюджет тарапынан әскерлерді, милиция қызметкерлерін, салық инспекциясы мен полицияны, прокурорларды, соттарды апаттан құтқарушыларды, ядролық қондырғылардың қызметкерлерін, ғарышкерлерді, депутаттарды, донорлар мен басқа да санаттардың қызметкерлерін міндетті түрде мемлекеттік тұрғыдан сақтандыру жүзеге асырылуда. Ресей Федерациясының 1991 жылдың 28 маусымдағы N1499-1 «РФ азаматтарын медициналық сақтандыру» Заңы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жататын міндетті түрде медициналық сақтандырылу енгізілген.

      Акционерлік сақтандыру - жеке байлығы аз құрылтайшыларға ақшалай ресурстарды өздеріне тарту арқылы сақгандыру операцияларын жүргізуді тездетуге мүмкіндік беретін акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын құрайтын акционерлік қоғамдар сақтандыру қызметінің сақтандырушылары ретінде танылатын түрі. Бұл жағдайда ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік бастапқы капиталды құраудың тәртібіне сәйкес өзгешеленеді. АҚ-ның мұндай түрлері бүкіл әлемдік іс-тәжірибиеде бар. Қазақстанда акционерлік қоғам түрінде сақтандыру ұйымын құру заңмен анықталған.

      Өзара сақтандыру - өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын қауіпсіздікті сақтаудың түрі. Бұл ретте сақтандырылушы сақтандыру қоғамының мүшесі де болып табылады.

      Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі  туралы» Заңында сақтандырудың трансшетаралық деп аталатын түрі де қарастырылған. Трансшетаралық сақтандыруда сақтандыру сыйақысы республикада да, одан тыс жерлерде де жүргізіле береді. Сақтандырудың мұндай түрін жүргізудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен және республикамызда бекітілген халықаралық келісімдермен анықталады. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдық-резидентінің өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелін қайтадан сақтандыру үшін елден тыс жерлерге беру - қайта сақтандыру ұйымының ҚР резиденті еместерге тікелей немесе ҚР сақтандыру брокер-резиденті арқылы, егер осы ұйымдардың рейтингісі болған жағдайларда берілуі жүзеге асырылуы мүмкін. 

    1.2.Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы 

      Қазақстандық  сақтандыру нарығының құрылымы оған қатысушылар мен сақтандыру салалары арқылы көрсетілген.

      Аталған нарықтың қызметі ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға негізделген нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.

      Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі  туралы» Заңына сәйкес сақтандыру (қайта сақгандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар аудиторлық ұйым (өкілеттігі бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды тұдғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып саналады.

      ҚР-дың  сақтандыру нарығында сақтандыру қарым-қатынасының мына төмендегідей қатысушылары бөлініп шығады:

  • сақтандыру нарығының қызметіне сұранысты жасаушы сақтандырушылар;
  • осы сұранысты қанағаттандырушы тікелей сақтандыру (сақтандырушылар) компаниялары;
  • келтірілген зиянды сақгандыру операцияларына таратып отыруды, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын жалпы түрде қамтамасыз етуші қайта сақтандыру компаниялары;
  • сақтандыру қызметтерін сақтандырушы мен сақтандырылушының арасында ретке келтіріп отыратын сақтандыру сарапшылары;

      • сақтандыру инфрақұрылымының ұйымдары.

      Сақтандыруға  бақылау жүргізуші өкілетті мемлекеттік  орган ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі болып та5ылады. (ары кдрай агенттік). Оның сақгандыруды реттеп отыру саласындағы негізгі міндеттері:

  • елде тұрақты сақтандыру жүйесін құрып, оған қолдау  көрсету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнықгыру;
  • сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметін қадағалау;
  • сақтандырудың негізін занды түрде бекіту, міндетті түрде сақтандыру түрлерін, республиканың сақтандырудың халықаралық жүйесіне қатысты қағвдаларын белгілеу;
  • сақтандырушылардың, сақтандырылғандардың және пайда табушылардың  құқығы  мен   занды   мүдделерін қорғау.

      Агенттікке ҚР заң актілерінде тікелей қарастырылғандардан басқа жағдайларда сақтандырушы ұйымдар мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне араласуға тыйым салынады.

      Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру келісімін жасайтын тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, шағын және орта бизнес, ірі өндіріс кәсіпорындары, қаржы институттары және басқалар сақтанушылар бола алады. Сақтанушыға сақтандырушыны өз еркімен де, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша да таңдауға ерік беріледі. Оған өзіндік ерекшелігі бар қызметке ұқсас сақтандыру компаниясының қызметі ұсынылады. Сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтатдырушы сақтану жағдайы туындағанда сақтанушыға жәрдем көрсетудің кепілі болып саналады. Келісімшарт сақтанушының қажетті шарты ретінде есептеледі. Өйткені сақтандырушының қорында шоғырланған көптеген тәуекел жарналарды сақтандырушы бизнесте игеру оңай.

      Сақтандыру  агенттері мен брокерлер дамыған  сақтандыру нарығына белсенді түрде қатысушылар болып саналды.

Информация о работе Сақтандыру нарығы